Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары. Базалық дайындық мектебі

Базалық дайындық мектебі

Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы

Тарих» секциясы

СИЛЛАБУС

(ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ)

SIK1101 Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша барлық мамандықтарға

Алматы, 2016

Пәннің толық атауы мен коды, циклі SIK 1101 – Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
Мамандықтың толық атауы мен коды Барлық мамандақтарға
Оқыту түрі Күндізгі
Пәнді ұсынушы кафедра Философия және тарих
Оқытушы жайлы мәліметтер Доцент Пірімбетова Е.Ө., аға оқытушы Дюсебаева Г.К., аға оқытушы Попова Т.М., аға оқытушы Болтаева С.Ж.
Кредиттер саны
Пәннің пререквизиті «Қазақстантарихы» мектеп курсы, Дүние жүзі тарихы
Пәннің постреквизиті Философия, Шет елдердің жаңа және қазіргі заманғы тарихы.
Пәнге сипаттама: Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Ұлы Далада ХХ ғасыр басынан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі.
1. Пәнді оқытудың мақсаты:отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру. 2. Пәнді оқытудағы міндеттер: • - Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • - Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру; • - Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу;
Күтілетін нәтижелер: • Өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; • Әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; • қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; • күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Апта Дәріс курсының тақырыптары Сағ. саны Тәжіриібелік сабақтар тақырыптары Сағ. саны
I. Кіріспе. Қазақстан тәуелсіздікке барар жолда: даму фазалары мен ұлттық құрылыс идеялары
Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар. Қазақстанды Кеңестендіру жолындағы тарихи бастаулар.
  1. ХХ ғ. басында Қазақстанда мемлекеттік құрылыс идеясының қалыптасу алғышарттары. Қазақ элитасының қалыптасуы. 2. 1916 ж. көтерілісті зерттеудегі жаңа көзқарастар. 3. Қазақстан ХХ ғ. басындағы революциялық қозғалыстар мен азаматтық қарсыластық кезеңінде (1917 ж. ақпан-қазаны, 1918-1920 жж.) 2 с. 1. XX ғ. басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайлар.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. 2. Қазақстан азамат соғысы жылдарында.Ұлттық сананың дамуы.   1 с.
Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары
  1. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономдық республикасының құрылуы. Тоталитарлық басқару жүйесі негізінің қалыптасуы. 2. Қазақстанда әскери коммунизмнен ЖЭС-қа өту. Кеңестік құрылыстың басталуы. 3. «Кіші Қазан» идеясы, сталинизм, ХХ ғ. 30-шы жж. аштық, қазақ зиялыларының саяси репрессияға ұшырауы. 2 с. 1. Қазақстандағы экономикалық саясат: Әскери коммунизм, ЖЭС және индустрияландыру. Міндеттері, әдістері, қорытындылары. 2. XXғ. 20-30 ж. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын реформалау 3. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің қалыптасуы. Сталиндік репрессия.   1 с.
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.)
  1.Кеңестік мемлекеттің екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы ішкі және сыртқы саясаты. 2. Қазақстан экономикасы мен мәдениетінің фашизмді жеңуге қосқан үлесі. 3. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі. Түркістан легионы. 2 с. 1. Қазақстан экономикасының жеңіске қосқан үлесі. 2.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерліктері. Қазақстандықтар партизан қозғалысында. 3.Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет, халық ағарту саласы. 1 с.
II. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайлар (1946-1953 гг.). Хрущевтік «жылымық»
  1. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. 2. Н.С. Хрущевтің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалары және олардың Қазақстанға ықпалы. 3. Қазақстан экономикасы өнеркәсібінде шикізаттық бағыттың тереңдетілуі.   2 с. 1. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайлар. «Жеке басқа табынушылық». 2. Н.С. Хрущев басқарған кезеңдегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. а) десталинизация; б) тың игеру; в) өнеркәсіп; г) әлеуметтік реформалар. 1 с.
Әлеуметтік-экономикалық және рухани «тоқырау». Қазақстандағы экологиялық дағдарыстар
  1. КСРО-да дамыған социализм кезеңіндегі Қазақстан (1964-1982 жж.). Басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістерінің етек жаюы және оның салдарлары. 2. Мәдени және рухани өмірде қайшылықтардың тереңдеуі. Ұлттық саясат. 3. Қазақстанда экологиялық дағдарыстың күшеюі себептері. 2 с. 1.1965 ж. қабылданған экономикалық реформа әкімшіл- әміршіл жолмен басқару әдісінен бас тартудың әрекеті. Қорытындылары, маңызы. 2. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық саладағы жағымсыз үрдістер. Экологиялық дағдарыс (XXғ.70-80 жж.) 3. Қазақстандағы ғылым мен мәдениет: жетістіктері мен қарама-қайшылықтары (XXғ.60-80 жж.) 1 с.
Қазақстан «қайта құру» жылдарында (1985-1991 жж.)
  1. Елдегі «Қайта құрудың» алғышарттары мен себептері. 2. Қазақстан «Қайта құру» жылдары: қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістер. 3. 1986 ж. көтеріліс: себептері, салдарлары және сабақтары. 4. КСРО-ның күйреуі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы. 2 с. 1. Қазақстан «Қайта құру» жылдарында: кезеңдері, экономикалық және әлеуметтік-саяси дамудың үрдісі. 2. 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы: себептері, салдары, маңызы. 3. 1985-1991 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. 1 с.
III. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік стратегиясы және әлеуметтік-экономикалық дамуы
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құрылысындағы демократиялық қайта құрулар мен өзгерістер
  1. Егеменді Қазақстан Республикасының жариялануы. «ҚР-ның мемлекеттік егемендігі туралы» Конституциялық заң. 2. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құрылысы. 3. Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері. 4. Президенттің Қазақстан халқына алғашқы жолдауы: «Қазақстан – 2030. Өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру», ҚР дамуының ұзақ мерзімді басымды мақсаттары. 2 с. 1. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық құрылысындағы өзгерістер. 2. «Қазақстан-2030» стратегиясы: әлеуметтік-саяси жәнеэкономикалық факторлары. 3. Қазақстанды жаңғыртудың жаңа саясаты мен жолдары «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы: қазақстандық арманға жол - ұлттық жоспары. 1 с.
Экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісі
  1. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы және қазақстандық экономиканың даму келешегі. Қазақстан – 2050. 2. Өтпелі кезеңнің қиындықтары: әлеуметтік-экономикалық мәселелер. Оларды еңсеру шаралары: жекешелендіру және бағаны ырықтандыру, инвестициялық саясат. 2 с. 1. Өтпелі кезеңнің қиындықтары оны еңсеру шаралары (1991-2001жж.). 2. Жекешелендіру – нарықтық экономикаға өтудің негізі. 3. ҚР индустриалдық-инновациялық дамуы. XXI ғасырдағы экономиканың Қазақстандық моделі. 1 с.
Әлеуметтік реформалар мен білім беру жүйесіндегі өзгерістер
  1. Елде адами капиталды және еңбек әлеуетін дамыту стратегиясы: кедейшілікті еңсеру, халықты жұмыспен қамтуды арттыру, жастарды қолдау, зейнетақы реформасы және халықты әлеуметтік қолдау. 2. ҚР-ның білім, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыру салаларындағы саясаты. 2 с. 1. Әлеуметтік реформалар оны жүзеге асыру мақсатындағы мемлекеттік бағдарламлар. 2.Елдегі адам капиталын және еңбек әлеуетіндамыту бағыты. 3.Қазіргі заманғы білім беру жүйесін жаңғырту. «Интеллектуальды ұлт - 2020» Президенттік бағдарламаның мәні. 1 с.
Этнодемографиялық үдерістер мен ұлтаралық келісімнің нығаюы
  1. Қазақстандағы миграциялық және демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрамындағы өзгерістер. «Нұрлы көш» бағдарламасы. 2. Егеменді Қазақстанның ұлттық саясаты. Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі орны. 2 с. 1. Қазақстандағы миграциялық және демографиялық үрдістер. 2. Қазақстанның ел бірлігі доктринасы. Қазақстан Халықтар Ассамблеясы: құрылуы, қызметі, маңызы. 3. Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласының маңызы. 1 с.
IV. Тәуелсіз Қазақстандағы демократиялық және рухани жаңарулар
Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуындағы алға басулар
  1. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру. Саяси партиялардың елдегі демократиялық үдерістерді дамытудағы орны. «Нұр Отан» партиясы. 2. ҚР-нда құқық қорғау және сот органдары қызметін жетілдіру. Республика заңдарына халықаралық құқық негізінде ізгілендіру сипатын арттыру. 2 с. 1 «Нұрлы Жол» бағдарламасы және бес институцианалды реформа - ҚР қоғамдық-саяси өмірін демократияландырушы фактор. 2. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстанды жеделдетілген экономикалық,әлеуметтік және саяси жаңғырту» оны іске асыру шаралары. 1 с.
ҚР жастар саясаты және рухани жаңару бағыты
  1. Жастар ісі бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары. «Нұр Отан» партиясы жастар қанатының қызметі. 2. Қазақстанда жаңа конфессиялық шынайылықтың қалыптасуы. ҚР «Діндер туралы» Заңы. 2 с. 1. Мемлекеттік жастар саясаты: міндеттері, іске асуы. «Қазақстан-2020» даму бағдарламасындағы жастар саясаты. 2. Қазақстанның конфессиялық саясаты - мемлекеттік қауіпсіздіктің негізі. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі онығ қорытындылары. 1 с.
Қазақстандық қоғамның жаңа тарихи танымын қалыптастыру саясаты. «Мәңгілік Ел» идеясы
  1. Қазақ хандығының қазақ ұлты мен қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы тарихи орны. 2. «Мәнгілік ел» идеясының стратегиялық негіздері. Елбасының мемлекеттілікті өркендетуде және халықты біріктірудегі рөлі. 2 с. 1. «Халық тарих толқынында» атты Президенттік бағдарламаның ұлттық жаңа тарихи дүниетанымды қалыптастырудағы маңызы. 2. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: мақсаты, орындалу бағыттары, маңызы. 3. «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы – қоғамдық бірігудің негізі. 1 с.
Қазақстандағы бірегейлік пен бірлік - азаматтық қоғамды қалыптастыру негізі
  1. Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру. Қазақстанда демократиялық үдерістердің дамуындағы саяси институттардың рөлі: саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар, МЕҰ, БАҚ. 2. Азаматтық сәйкестікті және қазақстандық қоғам бірлігін қалыптастыру тұжырымдамасы: мәдени, этникалық, тілдік және діни алуандылығы негіздегі жалпы ұлттық құндылықтар. 2 с. 1. Азаматтық қоғам мен оның институттарының дамуы. Үкіметтік емес ұйымдар. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестігін қалыптастыру тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттері. Тұжырымдаманы жүзеге асырудағы әлемдік тәжірибе мен тетіктері. 1 с.
Қазақстан - әлемдік қауымдастықта
  1. Қазақстанның халықаралық құқық субъектісі ретінде қалыптасуы. ҚР ның БҰҰ-на мүше болуы. 2. Қазақстанның сыртқы саясаты және оны сипаттайтын белгілері. 3. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық идеяны дамыту бойынша ұстанған бағыты. 3. Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі. 2 с. 1. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастықта интеграциялануы. 2. Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаты. 3. Әлемдегі бейбітшілікті сақтаудағы Қазақстанның үлесі. 1 с.
                   

СӨЖ кестесі

Тапсырма атаулары Тапсыру уақыты Баға критерийі
  № 1 тапсырма СӨЖ, САБ 1
1. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің ілімі мен тәжірибесі (XXғ.20-40жж.) (Презентация)   4-апта     50 балл
2. Қазақстандағы «қайта құру»: жариялылық пен демократия болмысы (Бейнеқұжаттар)   6- апта 50 балл
  № 2 тапсырма СӨЖ, САБ 2
1. 1) Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының эволюциясы: тарихи аспект (Эссе). 2) Қазақстанның экономикалық дамуы: басымдықтары мен болашағы (Талдамалық жазба) 10-апта 50 балл
2. Тарих арқылы тәрбиелену – студенттің жеке көзқарасы (Эссе) 13- апта 50 балл

Негізгі әдебиеттер

1. Қазақстантарихы (көне заманнан бүгінге дейін): Оқу құралы. Бес томдық.- Алматы: Атамұра, 1994-2010 жж.

2. Берденова К.А., Болтаева С.Ж. Қазақстанның экономикалық тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Экономика», 2016.

3. Прімбетова Е.Ө. Қазақ елі тарихы: Оқу құралы. Алматы: «Экономика», 2016.

4. Назарбаев Н.А. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2003.

5. Назарбаев Н.А. Сындарлы он жылдар. Алматы: Атамұра, 2003.

6. Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық мақаласы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам».10 шілде 2012 ж.

7. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы ««Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». 15 желтоқсан 2012 ж.

8. Қазақстанның сыртқы саясаты. Н. Назарбаевтың Нью-Иорктегі БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында сөйлеген сөзі (Егеменді Қазақстан. 29.09.2015 ж.).

9. Кан Г.В. , Шаяхметов Н.У Қазақстан тарихы. Оқулық. - Алматыкітап, 2007.

10. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы. Қ.С. Қаражан. – Алматы, 2012.

11. Ұлы Дала тарихы: Оқу құралы /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: ZhasylOrda, 2015.

Наши рекомендации