Технология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері

1. «Технология» кабинетіне тек қана мұғалімнің рұқсатымен кіруге болады.

2. Арнайы киімді киіп, қолынды сабынмен жу (егер сабақ ас дайындаумен байланысты).

3. Бекітілген орныңда жұмыс істе, мұғалімнің рұқсатынсыз орныңнан тұрма.

4. Жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен баста. Жұмыс кезінде сақ бол.

5. Қолдану ережелерін білмейтін құрал-саймандарды қолданба.

6. Құрал-саймандарды жұмыстың түріне сай пайдалану керек.

7. Дұрыс істемейтін немесе ұшталмаған құралдармен жұмыс жасама.

8. Жұмыс кезінде құралды мұғалім көрсеткендей қолдану керек.

9. Құрал-саймандарды өздеріне тиісті орында сақта.

10. Өз жұмыс орныңды тазалықта ұста.

11. Құралдарды мұғалім көрсеткен ретімен орналастыр.

12. Жұмыс кезінде сөйлеме.

13. Жұмысты мұқият орында, басқа істерге назарыңды аударма.

14. Қоңырау кезінде кабинеттен шығу керек.

15. Жұмыс аяқталғаннан соң өз жұмыс орныңды жинап кет.

Жұмыс орныңды дұрыс, таза ұста. Құралдарды ыңғайлы, өзіңе керек жерге қой. Жұмыс орныңды жұмыс аяғында арнаулы құралдармен, щеткамен немесе ылғал шүберекпен мұқият тазала. Шыққан қалдық пен қоқысты ерінбей сыртқа шығарып отыр. Киіміңді, бойыңды ластамауға бейімдел. Құрал-сайман, станоктар, жұмыс орның әр уақытта таза болсын.

Лгілік сабақ жоспары

Сынып

І тарау. Сәндік-қолданбалы өнер

Элементтері арқылы бұйымдарды

Көркемдеп өңдеу

Қазіргі кезде шығармашылық еңбекке, еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуде. Шығармашылық ойлау қабілеті кез келген адамда бар. Бұл әсіресе жасөспірімге тән қасиет. Психолог ғалымдар адамның бойындағы шығармашылық ойлау қабілетін бала кезінен қалыптастыру керек деп есептейді. Бұл талап ойдағыдай орындалмаған жағдайда оқушылардың ойлау қабілеті бұзылып, бұл қоғамның жалпы дамуына кедергісін келтіреді.

Технология пәні нақты мақсат пен міндеттерді көздей отырып кәсіптік бағдар береді. Қазір көптеген мектептерде ірілі-ұсақты темір, ағаш өңдейтін білдектер, құралдар бар. Оқушыларға тек оларды тиімді пайдалануға үйрету керек. Еңбек пәні өнімді еңбекпен ұштасқан жағдайда қоғамдық жұмыстың негізгі түрлерінің бірі болып есептеледі. Мұндай процесс материалдық құнды заттар шығаруға жәрдемдеседі.

Сабақ_____ Сыныбы ______ Күні ______

Сабақтың тақырыбы: Көркемдеп оюға арналған ағаш түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:оқушыларды ағашты көркемдеп оюдың түрлерімен, ағаш оюға қолданылатын материалдармен таныстыру.

Дамытушылық:ойлауды, танымдық қабілеттерді дамыту.

Тәрбиелік:жеке және топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу, көркемдік талғамды қалыптастыру, білім, икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Сабақтың типі:жаңа сабақ

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Көрнекіліктер:ою үлгісі,технологиялық карта, шеңберсызғы, сызғыш, қалам, тетіктердің дайындамасы, аспаптар салынған жұмыс қорабы.

Пәнаралық байланыстар:бейнелеу өнері, сызу, тарих.

Болжамдап отырған нәтиже:көркемдеп оюға арналған ағаш түрлерін меңгере алатын тұлға.

Сабақ жоспары:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Жаңа сабақ.

ІІІ Сарамандық жұмыс.

ІV Жаңа материалды бекіту.

V Қорытынды

VІ Бағалау

VІІ Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Жаңа сабақ.

Мұғалім ағаш ою туралы әңгімелейді. Ою түрлерімен таныстырады. Материалды түсіндіру көрсетумен қатар жүреді.

Ою – бұл ағашты көркемдеп өңдеудің бір түрі. Ою техникасын орындау орындаушыдан аса ұқыптылықты, кеңістік ойлауды, аспапты еркін меңгеруді және жоғары көркемдік талғамды талап етеді. Ағаш оюдың көптеген түрлері бар. Оларды мынадай негізгі топтарға бөлуге болады: жазықтық-қуыстап ою немесе тереңдете ою, жазықтық-бедерлі, бедерлі, айшықты ою, мүсіндік немесе көлемдік ою және үй оюлары.

Қазақ халқының жазықтық, көлемді, өтпелі және әшекейлермен толықтырылатын ағаш оюлары бірегей және қайталанбас. Киіз үйдің есіктері, қаңқасының жоғарғы цилиндрлік бөлігі, уықтардың төменгі жағы, шаңырағы, сондай-ақ сандықтар, керуеттер, ыдыс-аяқ сақтауға арналған құрастырмалы кебежелер, саз аспаптары ағаш оюлармен әшекейленді. Ағаш ою - –ұл ағаш бұйымдарда орындалған бейне, сурет немесе өрнек. Ағаш ою монументті – әсемдік өнер түрлерінің бірі болып табылады және қоғамдық ғимараттар мен сәулет өнері құрылыстары интерьерлерін өңдеу мен әшекейлеу үшін қолданылады. Оюды әсемдік қолданбалы өнер бұйымдары: жиһазды, саз аспаптарды, әшекейлеу үшін де пайдаланады.

Ағаш ою үшін ағаштың алуан түрлерін қолданады. Қандай да бір түрді таңдау әшекейленетін бұйымның дайындалуы мен формасына және ою түріне байланысты. Жапырақты ағаштардан ою үшін көбінесе жөкені пайдаланады. Жөке ағашы оңай және таза кесіледі. Қаттылығының төмендегінен жөкені жиһаз дайындауда пайдаланбайды, сондықтан оны қолдану тұрмыстық ұсақ бұйымдармен шектеледі.

Қандағаш та оңай кесіледі, формасын көп өзгертпейді, өңдеуге оңай көнеді және қызыл ағашқа ұқсас болады. Осының бәрі оны жұмыстардың барлық түрлері үшін жарамды етеді.

Ою үшін тамаша материал – қайың ағашы. Ол жөке мен қандағашқа қарағанда қаттырақ, кесілуі қиындау, бірақ ою сапасы жақсырақ болады. Қайың ағашы жақсы боялады және өңделеді Оның кемшіліктері – ылғалдылықты тез сіңіруі мен беруі, яғни тез кеуіп қалады, сондай-ақ шытынауға, формасын өзгертуге бейімділігі. Бұл оны көлемі үлкен бұйымдарда қолдануға мүмкіндік бермейді. Ұсақ бұйымдарды – ыдыс-аяқ, кәдесыйларды ою үшін көктерек пен терек ағашын пайдаланады.

Еменді көлемі ірі әсемдік ою жұмыстарына және оюлармен әшекейленетін жиһаз жасауда қолданады. Емен ағашы өте қаттылығы мен айырылуға бейімділігіне байланысты өте айшықты және әсем болып шығады.

Оюмен әшекейленетін ұсақ бұйымдар үшін ағаштың сирек тұқымдары: алма, шие ағашы және т.б. пайдаланылады. Ою үшін қылқан жапырақты тұқымдастардан қарағай, шырша, самырсынды қолданады. Қарағайдан ежелден қаптамалар, қақпалар, ернеулерге арналған әшекейлерді ойды.

Бұл ою ірі етіп жасалады, сондықтан қылқан жапырақты ағаштардың қабаттарының тығыздығының әркелкілігі жұмысқа қиындық келтірмейді.

Шырша қараға йдан гөрі оңайырақ кесіледі, бірақ оның бұтақтары көп және өте қатты, сондықтан оны ою үшін сирек қолданады. Ою үшін сапасы жоғары ағашты қолдану қажет.

Мұғалім ою түрлері, формалары мен өңдеудің алуан түрлілігі туралы әңгімелейді. Оқушыларды қатыстыра отырып, ағашпен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін қайталайды.

Кіріспе нұсқама. Оқушыларды сарамандық жұмысты орындауға бағыттау.

Наши рекомендации