Дәріс № 3 Бос уақытты ұйымдастыру теориясы
1. Бос уақыт теориялары мен демалыс философиясы
2. Б.У.Ұ- кезіндегі іс-әрекет
3. Шығармашылық дамуы
Қазіргі кезде адамның іс-әрекеттік белсенділігі әлі де болса тіршіліккке аса қажетті заттарды жайында уайымдаудан және әлеуметтік міндеттерден арылмаған. Еркін іс-әрекет осы күге дейін қоғамдық идеал күйінде қалуда. Сондықтан да БУДП кезіндегі іс-әрекет жұмыстан қол бос кездің бір бөлігі ретінде БУДП – ның іс-әрекеті деп саналады.
БУҰП-ның іс-әрекетінің спецификалық (өзіне тән) ерекшеліктері: біріншіден, оның нақты себеп- салдары сол іс-әрекет барысында тұлғаның одан қанағат алуы(рахаттануы); Екіншіден, ол іс-әрекет алуан түрлі болуы мүмкін;үшіншіден, мақсаттары мен мазмұндары өздеріне туа біткен басқа әрекеттерден айырмашылығы БУДП іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұны адамның өзі мәдениеттілік деңгейі мен дамуына байланысты таңдалады; төртіншіден, БУДП іс-әрекеті әлеуметтік пайдалы қырымен де, шағын топтың байлық жүйесінде тұйықталған болуы да , әлеуметтік теріс қырынан көрінуі мүмкін.
Баланың бос уақыт мәдениетін пайдалануы – оның шығармашылық күші мен қабілетін тиімді қолдануы.Бос уақыт құрылымын іс-әрекет шаралары арқылы ұйымдастыру, уақыт шегін сақтауы, әлеуметтік ағымға сәйкес тұрақты мәдени ережелерді игеру мәдени-тынығу әрекеттерін қалыптастырудың басты көзі болып табылады.
Мәдени-тынығу әрекеттерін мектепке дейінгі шақта дамыту баланың бос уақытқа деген дүниетанымын кеңейтеді.
Мәдени-тынығу дегеніміз адамның бос уақытында өзін-өзі рухани байытуға арналған іс-әрекет.Ол әр адамның ішкі дүниесімен, талғам тәрбиесімен тығыз байланысты.Сондықтан балада мәдени-тынығу әрекеті арқылы халықтың ұлттық мәдениетін, әлеуметтік, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру оның рухани өмірін жылдан жылға биіктеуге мүмкіндік береді.
Оқушыны бос уақытын дұрыс пайдалануға үйретудің мәні зор.Бос уақыт тынықтыратын әрі дене, ақыл-ой қарым-қуатын жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн.
Бос уақытты ұйымдастыруға терең анықтама беруге болады.Бос уақытты ұйымдастыра білмеу және оның өзіне пайдалы мазмұнын білмеу адамның мәдениетінің төменгі көрсеткіші.Бос уақыттың қызықты өтуі адам тұлғасының жан жақты дамуына ықпалын тигізеді.К.Д.Ушинский: «Егер адам бос уақытында не істерін білмесе, онда оның басы да, жүрегі де, адамгершілігі де жойылады,»- деп жазған.Бос уақытты ұйымдастыру қызметін бір-бірімен байланысты шартты топтарға бөлуге болады.Олардың біріншісіне кең мағынадағы оқу және өзіндік білім алу жатады.Ол әртүрлі мәдениетті ұжымда және жеке жерде меңгеру мұражайларға, көрмелерге, театрларға, көріністілік, мерекелік кештер, кітап оқылымы, телехабарларды көру және т.б. Бос уақытты ұйымдастырудың басқа тобы болып әр түрлі жанкүйерлік және қоғамдық қызмет көрсетіледі дербестік және ұйымдасқан (мәдени мерекелер және спорттық ұйымдар) оқу және хобби (әуестік) жатады.Олардың тізімі өте кең және ғылымның, техниканың, мәдениеттің толық даму деңгейіне тәуелді.Ол – дәстүрлік, сол сияқты осы замандық бағдар, мысалы: компьтерлік клубтар, роллерлік бірлестік және т.б.
Ірі орыс тілінің зерттеушісі В.И.Даль «бос уақыт» ұғымы жайында былай деп жазады: «Бос уақыт – қыдырыс, қыдыру уақыты, көңіл көтеру, дем алу, жұмыстан бос болу».
В.И.Даль «бос уақыт» терминінің бірнеше кезеңін сипаттап жазған: а) уақыттың сипаттамасы (бос немесе жұмыс уақыты), оны өткізу тәсілдері (қыдырыс, қыдыру уақыты және т.б.); б) әрекет сфералары (бос уақытты өткізушінің мезгілі); в) әрекеттің өзін (іскерлік, ептілік, іске жарамдылық, шеберлік), белгілі бір мақсатқа жеткізу.
Қазіргі заманның педагогикалық зерттеулерінде (А.В.Даринский және т.б.) бос уақыт «адамның өз талғамы бойынша бос уақытында әртүрлі әрекетпен айналысу мүмкіндігі» ретінде қаралады.Солай келе, А.В.Даринский бос уақыт әрекетінің әртүрлі түрлерін бес топқа классификациялайды: демалыс, көңіл көтеру, мейрам, өз-өзін біліммен қамтамасыз ету, шығармашылық.
Демалысты белсенді және белсенді емес деп екі топқа бөледі.Белсенді емес демалыс кезінде адам өмір туралы ойланып, тынығады және т.б. Белсенді демалыс – бұл денеге аса ауырлық көрсетпейтін, шаршатпайтын дене және мәдени әрекет: дене тәрбиесі, бау-бақшада жұмыс істеу, кітап оқу, музыка тыңдау және т.б.
А.В.Даринский көңіл көтерудің компенсациялық сипатын ерекше атаған. «Көңіл көтере отырып адам дене және рухани дағдыларын игеріп, еңбекте, не басқада орындай алмай жүргенін осы бос уақытында орындайды».Көңіл көтеруге түрлі концерттерге, театрларға бару, саяхатқа шығу, серуендеу және т.б. жатады.Мейрам адамға күнделікті өмірден демалып, көңіл көтеруіне көмектеседі.
Өз-өзін біліммен қамтамасыз ету адамды мәдени құндылықтарды білуіне бағыттайды.Бұған түрлі кітаптар оқу, түрлі диспуттар мен семинарларға қатысу, экскурсиялар, музыка,лекция тыңдау, ғылыми-атақты және документалды кинофильмдер көру.
Қазіргі заман бос уақытының теориясын даму кезеңін сипаттай келе, Л.А.Затуливетер оның болашақтағы өңдеулерінің аса қажет екенін белгілеген.
Шетел зерттеулерінде (Шиллер, Спенсер, К.Гросс, С.Холл және т.б.) «бос уақыт» термині ойын табиғатына байланысты қарастырылады. «Ойын» сөзінің шығу тегін қарасақ, ағылшын тілінде түрлі синонимдері бар, оның негізгісі болып «бос уақыт», «бос уақыт әрекеті», «көңіл көтеру» саналады. Бұл түсініктердің өзіндік байланысы теориялардың бірлігін анықтады, бұл олардың табиғатын, ойын мен бос уақыт мақсатын, демалыс философиясының бір бірімен байланысты екенін көрсеттті.
Жоғарыда айтылған шетел теориялары толығымен И.А.Новикованың жұмыстарында қарастырылған.
«Деэнергизация теориясы», бұл артық энергиядан арылу болып табылады.Шиллер, Спенсер деген авторлар бос уақыт негізінде адам ағзасынан физиологиялық жағынан «артық» энергия кетеді деп жазған.Бұл өмір бойына қажетті энергия емес, ал оның артығы.
«Өмірге дайындық теориясы».Бұл теорияның қолдаушысы К.Гросс және т.б. Ол бос уақытта, индивид өміріне қажетті тәжірибені игереді және де болашақта өмірінде қолданады деп қарастырған.
Холлдың «суммирлеу» теориясында, индивид ойын кезінде өз ата-тегінің әрекеттерін қайталайтыны туралы жазылған.Бұл жағдайда тұқымқуалаушылық факторына үлкен мағына беріледі.
«Интеллект» теориясы.Оның авторы Джеймс, Макдугол және тағы басқалары, ойынды толығымен инстинктивті және автоматты импульстерде негізделеді деп есептеген.
Г.Т.Патриктың «релаксация» теориясында бос уақыт жұмыстан, өмір үшін күрестен босаған уақыт болып саналады. Бос уақыт және ойын стресстен және т.б. босатып, жағымды эмоциялардың пайда болуына көмектеседі.
«Рекреация» теориясында (Кеймс, Мате) – бос уақыт адамның жұмыстан кейін күш жинау уақыты деп жазылған.
И.А.Новикова бос уақытты анықтау және сипаттау үшін шетел педагогикасынан көптеген мысалдар келтіреді.
Зерттеушілер (Ч.Брайтбилл, С.де Гразила, Л.Гулик, Дж.Каттен, А.Пэк және т.б.) бос уақытты адам өмірінің ерекше бөлігі деп қарастырып, бос уақыт пен білім алудың арасындағы байланысты атап өткен.
Зерттеуші-бихевиористтер адамның жүріс-тұрысы бір затты құру және тудыруға түрткі болады деп есептеді.Бос уақыт түрлі қажеттіліктерді өтеуге көмек көрсетеді деген.
Француз әлеуметтанушысы Ж.Дюмазедье бос уақытты «жаттығулардың өзара жинақталып, тұлғаның өз еркімен демалуына, көңіл көтеруіне көмектеседі» деп анықтаған.
Профессор Онашевский (Германия) адамдардың бос уақытты өмірдің сапалы өлшемі ретінде бөліп шығарып, әлеуметтік престиж - жұмыс орны ғана емес, бос уақыттағы тұлғалық сапалары деген тұжырым жасаған.
И.А.Новикованың зерттеулерінің нәтижесінде, бос уақыт проблемасының негізіне мынадай жолдарын анықтап, шығарған:
1) Бос уақыт негізінде дене әрекеті, эмоционалды және ақыл-ой әрекеті болу керек;
2) Бос уақытты өткізу үшін адам белгілі бір әрекет түрін түрткі арқылы таңдап алады;
3) Бос уақытты өткізудің әртүрлілігі көптүрлі;
4) Бос уақыт, тіршілік әрекетінен тыс уақытта ұйымдастырылады;
5) Бос уақыт әрекетін таңдау ерікті түрде өтеді;
6) Бос уақыт барлығына бірдей, ол адамдардың мінезіне, жүріс-тұрысына байланысты өтеді;
7) Бос уақыт – арнайы мақсаты бар, байыпты іс;
8) Бос уақыт арнайы ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған, жекелей және топтық болып бөлінеді;
9) Бос уақыт өткізудің кейбір түрлері тұлғаны жалықтырып жіберуі де мүмкін.
Әлеуметтік зерттеулер бойынша, қалалық жерде тәуліктік форма бос уақытты ұйымдастыру уақыты 1 адамға 4-5 сағатқа жуық 1 күнде ( 1 аптада 28-35 сағат), ауылда бұдан өте төмен болып табылады.Дегенмен, орта көрсеткіштер бойынша әр халықтың дәрежесі бірдей емес.
Бос уақытты ұйымдастыру өзгешелігі жас шамасымен, отбасы жағдайы, кәсібімен т.б. анықталады. Л.С.Жарковадан алған ақырғы мәліметтері (1998), бос уақытты өткізу 3 жас шамалық категория бойынша өтетінін көрсеткен: 30 жасқа дейін, 31-50 жас, 51 жас және одан жоғары:
Бос уақыт өткізу түрі | Респонденттер жасы және олардың саны (% бойынша) | ||
30 ж.дейін | 31-50ж | 51ж ж/е жоғары | |
Телебағд.көру | 60,0 | 67,8 | 68,4 |
Кинофильм көру | 65,9 | 65,3 | 61,6 |
Спектакль,концерт | 34,4 | 38,2 | 38,0 |
Қызықты ад.кезд | 20,8 | 25,2 | 30,5 |
Қала сыртына бару | 16,5 | 16,2 | 11,5 |
Формальді емес ж.кездесу | 73,4 | 68,2 | 18,6 |
Дискотека,би кеші | 23,0 | 7,1 | 4,3 |
Қонақ шақыру | 12,3 | 15,4 | 9,0 |
Кітап оқу | 37,6 | 28,8 | 29,7 |
Тематикалық кеш | 5,5 | 5,2 | 7,9 |
Дене ж/е спорт | 17,6 | 4,7 | 1,8 |
Туыс,достарға бар | 27,1 | 25,5 | 18,7 |
Көркем өз.әр.қат | 5,8 | 7,4 | 1,3 |
Техник.творч.қат. | 4,1 | 2,2 | 0,5 |
Осы кесте арқылы біз барлық 3 жас топтарына телебағдарламалар көру бос уақыт өткізу формасының бастысы болып табылатынын байқаймыз.Одан кейін кинофильмдер көру, кітап оқу, спектакль және концертке бару.Жастар әрине дискотекалар, би кештеріне барады.
Бос уақытты ұйымдастыру мәнділігін сапалы бағалауда 2 негізгі деңгейлер пайдаланылады.Бірінші – бос уақыт көлемі, екіншісі – бос уақытты ұйымдастыру мазмұны.Екі көрсеткіште ата-аналардың рухани даму деңгейімен, отбасының қаржы мүмкіндігімен, сол сияқты барлық өмірлік қалаумен анықталады.
Қазақстандағы мәдени-бос уақытты үйымдастыру қызметтері. Казақстандағы мәдени-бос уақытты ұйымдастыру іс-әрекеттерінің құрылу кезеңдері. МБІ даму этаптары және байланысы:
1 кезең - 20-шы жылдарға дейін («мектептен тыс білім беру»);
2 кезең - 20 - 40-шы жылдары («саяси-ағартушылық жұмыс»);
3 кезең - 40-шы-90-шы жылдары («мәдени-ағартушылык жұмыс»);
4 кезең- 90-шы жылдардың басында («мәдени-бос уақытша іс-әрекет»).