Буын, тасымал, екпін, дауыс ырғағы
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың бір ерекшелігі олардың буын құрайтындығы болып саналады. Демек, сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, а-та, ша-ға-ла, ке-ре-мет, т.б. Буынның айтылудағы өлшемі мен жазылудығы түрі бірдей болып келе бермейді. Мәселен, метр, литр сөздері жазылуда бір буын болғанымен, айтылуда екі буынды сөздер. Сондай-ақ кооператив сөзі жазылуда бес буын, айтылуда төрт-ақ буын. Қазақ тілінде екі дауысты қатар келгенде айтылуда бірінің түсіп қалуы да осыған байланысты. Мысалы: келе алмайды, бара алмады дегендер ықшамдалып, келалмайды, баралмайды болып айтылады.
Қазақ тілінде буын ішіндегі дыбыс төрт түрлі болады:
1. Бір дыбысты буын, жалғыз дауыстыдан тұратын буын: а-ла, ә-ке, о-рақ, ұ-ран,; ат, ер, ін,
2. Екі дыбысты буын: ба-ла;
3.Үш дыбысты буын: көз, бал, ұлт, ант;
4. Төрт дыбысты буын: қант, тарс, жұрт.
Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішкелігімен байланысты буындар жуан және жіңішке болып та бөлінеді. Сөйтіп, айтылғанда үзіліп-үзіліп шығатын, құрамында дауысты дыбысы бар сөздің бөлшегін буын дейміз. Ішіндегі дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың алмасып отыруына байланысты буын: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын болып үшке бөлінеді.
Бір дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан (ол қатаң да, ұяң да, үнді де болуы мүмкін) басталып, дауыстыға аяқталатын буынды ашық буын дейміз.
Ашық буын | |
Бір дыбысты ашық буын | Екі дыбысты ашық буын |
Е, со-лай ма? А, не дей-сің? А-та, ә-ке, і-ні, а-та | Па, шіркін! Та-мақ же. Мә, мы-на-ны ал! Ба-ла, ша-ға-ла. |
Екі немесе үш дыбыстан құралып, дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған буын тұйық буын деп аталады.
Тұйық буын | |
Екі дыбысты тұйық буын | Үш дыбысты дыбысты тұйық буын |
Ат, өт, ор, ер, ұн, үн, ұн, ыс, іс | Ант, аңқ, өрт, ұлт |
Ортасы дауысты дыбыс болып, екі жағы дауыссызбен келген үш не төрт дыбысты буынды буынды бітеу буын дейміз.
Бітеу буын | |
Үш дыбысты бітеу буын | Төрт дыбысты бітеу |
Мал, сол, төс, құс, бұл, қыс, тіс, т.б. | Төрт, қалт, жалт, тарс, тырс, мырс т.б. |
Егер дауысты дыбысты А әрпімен, ал дауыссызды В әрпімен белгілесек, буынның түрлерін төмендегіше жинақтап көрсете аламыз:
1.Ашық буын – А, ВА, ВВА, ВВВА;
2.Тұйық буын – АВ, АВВ;
3.Бітеу буын –ВАВ, ВАВВ, ВАВВВ, ВАВВВ, ВВАВ, ВВАВВ, ВВВАВ;
Буын бойынша талдау белгісі:
Же - жіңішке ашық буын.
Ат – жуан, тұйық буын;
Өрт – жіңішке, тұйық буын;
Мал – жуан, бітеу буын;
Төрт – жіңішке, бітеу буын.
Тасымал
Жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір буынды немесе көп буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейміз.
Демек, сөздерді буын жігімен ғана тасымалдау керек. Тасымалдауға болмайтын жағдай төмендегіше:
1.Бір дыбысты ашық буын тасымалдауға келмейді: а-та, ә, солай ма?- дегендегі а мен ә-ні сол жолға жалғыз қалдыруға да, екінші жолға көшіруге да болмайды.
2. Екі, үш дыбысты тұйық буынды бөліп-жарып тасымалдауға болмайды. Мысалы, ат, ін, ант, өрт сияқты буындардың жігін ажыратуға болмайды.
3. Қысқасы, буын құрамындағы дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға болмайды.
4. Бас әріптен қысқарған сөздерді де бөліп тасымалдауға болмайды. ҚР, РТС дегендегі Қ-ны немесе Р-ді сол жолға қалдыруға да немесе екінші жолға көшіруге де болмайды.
5. Адам атының, әкесінің атының қысқартылып алынған әрпін фамилиядан айырып сол жолға қалдыруға да немесе екінші жолға көшіруге де болмайды. Мысалы, А.С. Пушкин, А. Құнанабаев дегендегі А.С. және А. дыбыстарын фамилиядан ажыратуға болмайды.
6. 15га, 25 см деген сияқты цифр арқылы таңбаланатын сандарды оларға қатысты атауларынан бөліп тасымалдауға болмайды.
Сонымен бірге, электр, станция, ансамбль, вольт сияқты буын құрай алмайтын дауыссыздар тіркесін де сол жолда қалдыруға немесе екінші жолға көшіруге болмайды.
Екпін.
Бірнеше буынды сөздердің бір буыны қалған буындардан күшті айтылып, айқынырақ естілді. Қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасы айқындап, саралап, дәлелдеп тұрады. Орыс тіліндегі екпіннің қасиеті басқаша. Мәселен, замок, замок немесе мука, мука деген сөздерде екпіннің орны ауысымен байланысты сөздердің мағыналары бірінде – қорған; екіншісінде – құлып немесе ұн, азап болып, бір-бірінен ажырап тұр.
Демек орыс тіліндегі екпіннің сөз мағынасын өзгертуге тікелей қатысы бар. Ал қазақ тілінде мұнай ерекшелік байқала бермейді. Сонымен бірге, орыс тіліндегі екпін жылжымалы болса, қазақ тіліндегі екпін тұрақты, сөздің көбіне соңғы буындарымен байланысты болады.
Қазақ тілінде екпіннің екі түрі бар: бірі – негізгі; екіншісі – көмекші екпін деп аталады.
Негізгі екпін сөздің соңғы буынына түссе, көмекші екпін қосымшалы сөздің түбірінің ең соңғы буынына түседі. Мәселен, шеге, кереге, орақ, балға, балта сөздеріне қосымшаларды негізгі екпін соңғы буынға көшеді де, түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметті атқарады.
Екпін түспейтін буындар:
1.Жіктік жалғауына – оқушымыз, барамыз, т.б.
2. Болымсыз етістіктің жұрнағына. Мысалы, ағашты жарма, сен оған айтпа.
3.Шылау сөздерге: мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпен келдім.