Лекция. Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні, құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің обьектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихы.Қазіргі педагогикалық процесс түсінігі бірден қалыптасқан жоқ. М.А.Данилов “Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның обьектісі” деген еңбегінде, ең бастысы, әр түрлі құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика теориясын одан әрі жетілдіруі айқындалатынын көрсетті.
Ғалымдардың зерттеулеріне байланысты педагогикалық процестің түрлі қырлары мен заңдылықтары айқындалды.
Педагогикалық процестің мәнін әлеуметтік-педагогикалық жағынан түсіну бағыты Э.И. Моносзон мен З. Филонов еңбектерінде көрсетілді.
Кеңестер одағы мен бұрынғы социалистік бағыттағы елдерде, ГДР-де шыққан еңбектерде “педагогикалық процесс” оқу мен тәрбиенің бірлігі ретінде қарастырылады.
Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде (АҚШ, Англия, Австралия) “педагогикалық процее” деген ұғым “оқыту” деген сөздің баламасы ретінде қолданылады.
“Педагогикалық процесс” анықтамасын ең алғаш Каптерев П.В. анықтады. Ол оны “білім беру процесі” ретінде қолданды. Ондағы өзіндік іс-әрекет сөзсіз болатын құбылыс. Каптерев ұсынып отырған анықтамада “педагогикалық процес” ұғымы біртұтас үлкен бір құбылысты көрсететіні, оның оқыту, білім беру, үйрету, тәрбиелеу, даму, нұсқау, иландыру, жазалау, т.б. сияқты кезеңдері болатынын көрсетуімен маңызды. Түйіндей келе, П.Ф. Каптерев педагогикалық процестегі оқыту мен тәрбие бірұтастықтың кейбір бөлшегі ретінде өмір сүреді деген пікірде болуы. Сонымен бірге, бұнда кейбір бөлшектердің күрделі қатынастары туралы ой байқалады.
Кеңестік педагогикада ”педагогикалық процесс” ұғымын Н.К Крупская., С.Т.Щацкий, А.П.Пинкеевич, А.С.Выготский, А.Г Калашников толықтырып зерттеді.
Н.К. Крупская өзінің алғаш жазған еңбектерінің бірінде “болашақ мектебі ерікті оқушылар ассоцияциясынан болуы қажет, олар өз алдына мақсат етіп бірлескен әрекеттері арқасында ойлар патшалығына жол салуды қояды. Бұндай мектепте мұғалім тек қана бай тәжірибесі мен білімдері бар жасы үлкен жолдас, ол оқушылардың өз бетімен оқып білім алуға көмектеседі.” Осы айтылған пікірде мұғалімнің рөлі мен оқушылардың өзара қатынастарына назар аударылады.
С.Т.Щацкий пікірінше, педагогикалық процесс бірқатар көптеген элементтердің нәтижесі болып саналады, оның ішіндегі негізгілері әлеуметтік-экономикалық орта, іс-әрекеттер мен ықпал ететін обьектінің психо-физиологиялық ерекшеліктері және ұстаздардың іс-әрекеті.
А.П.Пинкеевич педагогикалық процестің мектептің қоғамдық өмірдегі рөлінен туатын әлеуметтік және педагогикалық, психологиялық аспектілерінің бірлігінен тұратынын көрсетеді.
А.С. Выготский педагогикалық процестің жағдайын білу деген идеяның болашағы өте зор, оны зерттеуге көңіл қою керек дейді.
А.С.Макаренко, М.А.Данилов, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев, т.б. педагогикалық және тәрбиелік процесті бір мағынада түсіндіреді.
В.А. Сухомлинский “педагогикалық процестің тұтастығын мұғалім мен оқушының рухани бірлестігі және үлкен адамның басшылығы” деген ойы маңызды.
Л.Ф.Спирин, М.А.Степенский т.б. пікірі бойынша “педагогикалық жүйедегі тәрбиенің обьектілері мен субьектілерінің іс-әрекеттері бөлінбейтін біртұтас тәрбие процесі болып есептеледі”.
Біртұтас обьектінің теориясын жасау диалектикалық материализмнің белгілі бір методологиялық мақсаты құбылыстардың өзара байланыстылығы туралы күрделі құбылыстарды жүйе ретінде қарастырумен және нақтылы жағдайда жүйелі тәсілді практикалық жүзеге асырумен тікелей байланысты.
Дидактика саласында, оқыту процесінің элементарлық бірлігі “кереге көзі” ретінде Лернер әрекетті негіздесе, Е.Н. Тонконогая сабақты, П.М. Эрдниев жаттығуды, В.И. Загвязинский - тапсырмаларды, Т.И. Шамова танымдық әрекетті көрсетеді.
Педагогикалық процеске қатысты элементарлық бірлікті Л.А. Левшин педагогикалық әсер етуді (1964), педагогикалық қатынасты (1968), педагогикалық құбылысты (1980) көрсетеді.
Жоғарыдағы авторлар педагогика теориясындағы кереге көзді негіздеуге ұмтылыстарын бағалай отырып, М.А. Данилов олардың толық нәтижеге жетпегенін көрсетеді.
Педагогикалық процестің түпкі мақсаты – ол “қоғамдық қатынастардың жиынтығы” жеке тұлғаны қалыптастыруы керек. Әрбір жаңа ұрпақ өткен ұрпақ тәжірибесін меңгеруі керек, жеке тұлғаның қалыптасу шарты осындай. Өзіне тән әрекетсіз тәжірибені игеру мүмкін емес.
Педагогикалық процестегі элементарлық бірліктің орны – алғашқы педагогикалық ситуацияның “кереге көз” қалыптасу сәті, оқушының қатысында, сынып ұжымында, паралельдік сыныптарда, жалпы мектеп ұжымында көрінеді. Микрожүйе “ұстаз – оқушы” іс-әрекетке баулиды. Әлеуметтік іс-әрекет түрлері түрлі жүйелердің барысында іске асады.
Педагогикалық процестің “ұстаздар – оқушылар “ қатынасындағы мақсат, міндеттер, мазмұн, құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер, тапсырмалар айналымы үнемі жүріп отырады. Басқаша айтатын болсақ, педагогикалық процесс оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және қоғамдық өмір мен еңбекке дайындаудағы бірлескен іс-әрекеттері, бұл ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүзеге асады.
Оқушы өзінің даму барысында әлеуметтік тәжірибені меңгеруі керек, ал ол іс-әрекетсіз мүмкін емес. Бірақта ол, іс-әрекеттер жүйесін өздігінен игере алмайды. Оқушы іс-әрекет субьектісі болып, мұғалімнің басшылығымен әлеуметтік тәжірибені игереді.
Педагогикада педагогикалық ситуация тәрбиелілікті зерттеу әдісі ретінде және оқытудың әдісі ретінде кеңінен қолданылады. Ситуацияны талдау мен модельдеу, педагогикалық ойлауды қалыптастыру тәжірибесінде жүзеге асырылады. Қалыптасудың қас қағым сәті, элементарлық бірлігі педагогикалық ситуация. Педагогика пәні педагогикалық процесс қызметінің заңдылықтарын зерттейді, оның нәтижелері педагогикалық процесті ұйымдастыруда қолданылады.
Педагогикалық процестің мәні.Диалектикалық материализм ұстанымы бойынша мән – аттың ең басты, ішкі біршама тұрақты жағы. Мән заттың табиғатын анықтайды. Элементарлық бірлік “кереге көзді” талдау негізінде педагогикалық процестің мәні екі жақты сипатталынады: әлеуметтік жүйе ретінде; өзіндік ерекшелігі бар жүйе ретінде. Әлеуметтік жүйе ретіндегі оның белгілері мынадай: жүйенің жалпы мақсаты және оның өзара байланысты бөліктері немесе элементтері болады, жүйе белгілі ортада жұмыс істейді, ол сыртқы ортамен байланысты түрлі деңгейде жұмыс жүргізеді, өзінің ішкі қайшылықтары арқылы дамиды, ұйымдастыру орталығы арқылы басқарылады.
Педагогикалық процестегі жалпы мақсат жеке тұлғаны қалыптастыруға байланысты әлеуметтік тапсырысты орындайды. Ал оның нәтижесі мұғалім-оқушылар жүйесіне байланысты болады.
“Мұғалім-оқушылар” жүйесі біртұтастығы қойылған мақсат пен онан алатын нәтижеге байланысты жүйелердің өзара әрекеттері арқылы анықта лады. Педагогикалық процестің интегративтік сапасы оның қарым-қатынас сапасынан көрінеді.
Педагогикалық процестің мәнін талдаудың қажеттілігі мұғалім оның барысына қалай ықпал ете алатындығын білуі тиіс. “Процесс” латын тілінен аударғанда алға басу дегенді білдіреді. Белгілі бір нәтижеге жету мақсатындағы бірізді әрекеттердің жиынтығы.
Педагогикалық процестің мақсаты қойылған идеалға жету үшін педагогикалық процесті кейбір шартты бөліктерге бөлу арқылы, нақты бір кезеңнін міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді.
Педагогикалық процестің заңдылықтарына мыналарды жатқызуға болады: педагогикалық процес әлеуметтік-экономикалық жағдайға сай болуы; нақты мақсатқа бағыттылығы; педагогикалық процестің екі жақты сипаты; оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалімнің іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы мен ойластыруы; оқушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру арқылы, педагогикалық процестің тиімділігін арттыру; оқушылардың даму деңгейінне лайықты ұйымдастыру; педагогикалық процестің уақыт бірлігінің ұзақтығы.
Педагогикалық процесс бөліктерінің өзара байланыстылығын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің басшылық рөлін ескеру қажет Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процестің деңгейі оған қатысушылардың құрамымен ғана емес олардың өзара қатынастарының ерекшеліктерімен анықталады.
Әлеуметтік тапсырысты орындау: мақсат, міндеттер мен мазмұын – негізгі мектептегі қоғамдық мүдденің мағынасын жасайды.
Құралдар мен формалар, әдістер мен тәсілдер, тапсырмалар – мұғалімнің оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мүмкіншілігін көрсетеді, яғни педагогикалық процестің қозғаушы тетігі болады.
Жоспар
1. Педагогикалық үрдістің заңдылықтары туралы түсінік.
2. Педагогикалық процестің компоненттері.
3. Педагогикалық процестегі тұлға аралық қатынастар.
Негізгі ұғымдар:біртұтас педагогикалық процесс бөліктер, заңдар, заңдылықтар құрылымы, принциптер, жобалау, моделдеу.
Педагогика ғылым ретінде өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту – тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым ( категория) ,заңдар,заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту – тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.
Педагогикалық ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс - әрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс - әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады.
Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибенің өсіп келе жатқан мұрагерлердің меңгеруіне байланысты. Тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады әлеуметтік тәжірибенің меңгеру процесі барысында қалыптасатын қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары болып саналады.
Жоғарыдағы педагогикалық процестің төмендегідей заңдары болатындығын айтуға болады.
1. Бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері – тек қана өзінің белсенді творчестволық шығармашылық іс - әрекетінің арқасында ғана бола алады;
2. Индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын белгілі бір әлеуметтік – азаматтық дәрежесі бар тұлға.
3. Мұғалімдер мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс - әрекеттері.
Педагогикалық процестің заңдылықтары ол оның мәндік ерекшеліктері болады. Ол, ең алдымен, педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымының ерекшеліктері неде деген ұғымды түсіну керек.
Қандай да болмасын қиыншылықтарды кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып,оның жалпы құрылымын көре алады. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы біртұтас педагогикалық процестің жүйелі - құрылымдық сипаттау алда болатын іс - әрекеттің ойша моделін жасауға нақтылы жағдайды ескере отырып, “ұстаздар – оқушылар” жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады. Педагогикалық процестің белгілері болады. Оған жататындар:
1. Жүйенің жалпы мақсаты ,оның қызметі атқаруы тиімділік сипат әкелді;
2. Өзара тәуелді компонентерден бөліктерден тұрады;
3. Жүйенің белгілі бір қоры.
4. Жүйенің ішкі құрылымы
5. Ішкі қайшылықтар есебінен жүйенің дамуы.
6. Басқару орталығы
Педагогикалық процесстің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарымен көрінеді. Процесс ( латынның processus - қозғалыс) алға басу, жағдай, белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген “процесс”деген ұғымның мағынасы “ұстаздар – оқушылар” жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуі керек.
Педагогикалық процестің педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады.
Қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнын іс - әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамгершілік факторы болады. Олардың іс - әрекеттерінің бөліктерін ( мақсат,міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі, маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтанда процестің бөліктері “ұстаздар мен оқушылар” жүйесінің құрамы және олардың іс - әрекетінің бөліктері болады.
Мақсат –идеал немесе іс - әрекеттің нәтижесінің өте оңды тамаша моделі аралық мақсаттарға жету арқылы қол жетеді, оларды мақсат- міндеттер деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда, педагогикалық процеске сай мақсат идеалға жету осы нақтылы бөлікке шешуге көздейтін кейбір шартты сатыларға бөлумен байланысты.
Мақсат – міндеттер арасындағы айырмашылықтарына қарамастан міндеттер қойылған мақсат бағытында жасалған ерекше қадам болады және белгіленген нәтиже алу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Ұстаз үшін оқушылармен бірге тек қана қандай нәтижелерге жетудегі қозғалыс қайтып ұйымдастыру ғана емес,сонымен бірге алда істелінетін жұмыстың ( не істеу керек) міндеттерін мұқият үйілестіру арқылы қойылған мақсатқа саналы қозғалысын қамтамасыз ету өте маңызды.
Педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған іс - әрекет олардың творчестволық белсенділігін қалыптастыру жағдайы. Әдеттегі іс - әрекеттер түрлері қарым - қатынас; ойын, еңбек ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондықтан педагогикалық ықпал деңгейінің қалыптасу барысындағы тұлғаның ортамен ( тек қана әлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғаттық, материалдық , рухани ) алдын – ала қойылған мақсатқа байланысты өзара әрекетін реттеу. Бізге тұлғаның қалыптасуы іс - әрекет барысында қалыптасуындағы , іс - әрекет қандай болса тұлға да сондай. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бірғана іс - әрекет маңызды болып қалмайды, іс - әрекеттің маңызын барлық адамның саналы өмір кезеңдерінде байқауға болады.
Бұл айтылғандардан мынадай қорытынды жасаймыз:
- қандайда болмасын аяқталған салыстырмалы мектеп жұмысының формасы болатын уақыт жағынан шектелген педагогикалық процесте ( сабақ, экскурсия , мектеп кештері және т.б.) жұмыс міндеттерінен туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлі құралдарының қарым - қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т.б. объективтік алғы шарттарын көруге болады;
- комплексті түрде педагогикалық ықпал ету құралын қолдану мақсатпен міндеттерді мұқият үйлестіруді жұмыстың барлық ауыртпалығының ортасын негіздеуді, демек жетекші, негізгі, өзекті іс - әрекетті анықтауды талап етеді;
Педагогикалық процесс компонентерінің ерекшеліктерін талдау олардың арасында ішкі бірліктері мен өзара байланыстылығының бар екендігі көрсетіледі, оны ескерілмейінше педагогикалық процестің жүйе ретіндегі құрылымы туралы мәселені шешу мүмкін емес. Бұл әрине бөліктер арасындағы байланыстар анықтаумен бірге, белгілі бір нәтижеге әкелетін, яғни процеске тән заңдылықтарды ақылы білім жағдайларды да анықтауды шамалайды.
Педагогикалық процестің заңдылықтары дегеніміз “ұстаздар – оқушылар” жүйе байланысын көрсету болады: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер ( мектепті қоршаған әлеуметтік орта , қоғам ). Көрсетілген себеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін жағдай ,байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын, заңдылықтары анықталады.
Педагогикалық процестің негізгі мынадай заңдылықтары болады:
1. оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады;
2. педагогикалық процестің мақсатқа бағытылығы қоғамның мақсатын көрсетеді ,ол әлеуметтік тапсырыс ретіндегі,білім беру заңдары арқылы талап етіледі;
3. педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздармен оқушылардың өзара тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты , міндетті түрдегі екі жақты іс - әрекет;
4. оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс - әрекетінің нәтижесі;
5. педагогикалық процестің қызметі оның жасалуымен ұйымдастырудың оқушылар коллективі, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты ;
6. педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі , олардың бір – біріне бағыныштылығы ( иерархия) мен бір – біріне әсері бар;
7. педагогикалық процесс бір қас қағым сәттік емес,ұзақ мерзімге уақытқа бағытталған;
8. педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады.
Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді,олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық процесс негізгі жағдайда заңдар мен заңдылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу- тәрбие жұмысының сапасынан бағалауына әкеледі.
Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарын айқындалғандарды ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік – экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін мұғалімнің басшылыққа алуға тиісті сол анықтамаларды принциптері.
Принциптер мұғалімнің іс- әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде творчестволық ықпал көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады:
- педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық бағыттылығы;
- іс - әрекеттің санамен мінез - құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;
- педагогикалық процестегі іс - әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;
- педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны адамдарға , құбылыстарға, процестерге қарым - қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру;
- оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты (индивидуалдық ) психологиялық физиологиялықты жас ерекшелік пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру;
- педагогикалық басшылықты оқушылардың инциативасымен, қайраткерлігімен ұластыру;
- оқушылардың іс- әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектеседі;
- ұстаздардың, оқушылар ұжымыныңжәне отбасыларының оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі;
- әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау.
Заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері өзара байланыста болады. Бұл өзара байланыстылықты процестің мәнінен оған қатысушылардың практикалық әрекеттерінен көрінеді.
Жалпы практикада мұғалімнің екі тәуелсіз оқыту және тәрбиелеу іс - әрекеттер саласы бар деп есептелінеді. Осыған сай мұғалім екі роль атқарады : пән мұғалімі және сынып жетекшісі. Оқытудың тәрбиелік мүмкіншілігін жоспарда қарастыру әрекеті көбінесе оқылатын материалдың мазмұнымен байланыстырады,немесе оқушыларда қайсарлықты, мақсаттылықты, жауапкершілікті және т.б. қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Бұл екі мәселемен байланысты : біріншіден меңгерілетін пәннің мазмұны қаншалықты қоғамның даму деңгейіне,оның мүддесіне сай келетіндегіне; екіншіден бұл мазмұнның оқушыларды қаншалықты табиғаттың, қоғамның және адам ойлауының , дамуының объективтік заңдылықтарын түсінуімен қаруландырады, яғни көзқарастарының қалыптасуына ықпал етуімен байланысты.
А.С. Макаренко, тұлға кемшілігін оның қоғамдағы қатынастарындағы кемшіліктерімен байланысты деген болатын. Демек процестің негізгі тәрбиелік тетіктерін оқушылардың қалыптасқан қатынастары кеңестерінен іздестірген жөн. Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесінде оқушы үшін екі маңызды қатынастың маңызы бар. Ол мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара қатынастар және оқушылардың бір – бірімен өзара қарым - қатынастары. Сондықтанда жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесіне сәйкес екі бір – бірін өзара толықтыратын және өзара әрекетте болатын тәрбиелеуші тетіктері туралы айтуға болады.
Тіпті бірінші сыныптың өзінде бала үшін оның мектеп мұғалімдерімен, әсіресе өз мұғалімімен қатынасы тартымды және маңызды болады. Бастауыш мектептерде мұғалімнің оқушыларға қатынасының маңыздылығының арта түсуі кездейсоқ емес : себебі кішкентай оқушы өмірінде мұғалімнің маңызы зор,ол үшін мұғалім білімінің беделінің, оның тәжірибесінің, даналығының маңызы зор,оның жетістіктері қандай мұғаліммен кездескендігінен қатты байланысты оқушыларды бірте – бірте өзінің білім көлемі, тәжірибесі жинақталады,тұрақты қатынас өрісі қалыптасады, мұғаліммен қатынасының маңыздылығы төмендемейді. Бірақ жоғары кластардың өзінде де толық жойылмайды.
Бірақта зерттеулердің мұғалімнің оқушылармен іскерлік ынтымақтастығында балаларға еркіндік берумен іс - әрекет тәсілдерін оқу барысында тактикалық көмек көрсету арасында тепе- теңдіктің керектігі анықталған. Онда балалар мұғалімнің біліміне, тәжірибесіне сенеді, алдымен ақылдауға келеді, себебі олар өздерінен үлкен адамдар тарапынан шексіз сыйластықты, қадыр құрмет ( тіпті олар қателесіп жақсылық жасаса да және шебер тактикалық көмегі болатындығына сенімді, бұл мұғалім мен оқушылардың өзара қатынастарының тәрбиелік әсерінің ықпалының негізгі мәнін құрайды, одан оқушының мектепке сол мұғалім беретін пәнге, оның өнегесі, тәрбиеге көзқарастарға, сенімдеріне, өмір принциптеріне қалайша қарайтындығы байланысты болады.
Оқушылар арасындағы өзара қарым - қатынастары Н.К. Крупская өзінің мақалаларында бірнеше рет балалар ұжымындығы қатынастардың тәрбиелік ролі туралы ойды айтқан болатын. Ал А.С. Макаренко нақтырақ болды ол : “ұстаздың жұмысы бастапқы ұжымға тым жақын жүруі керек. Оның жұмысының мәні ұжымның жеке тұлғаларға талабын тудыруға бағытталған болуы керек” дейді.
Оқушылардың бір – бірімен өзара әрекеттерімен байланысты тәрбиелеуші механизмінің мәні сол бұл тетік бірінші көрсетілген тетік сияқты тек қана іс – әрекет болғанда ғана пайда болады және қызмет атқарады. Сонымен қатар іс - әрекет ұжымдық және мұқият ұйымдастырылған болуы керек, сонда ғана іскерлік ынтымақтастықпен жауап керектігін қатынастарды қалыптастыру үшін алғы шарттар жасалынады.
Олай болса бірінші және екінші тәрбиелеуші тетіктері арасындағы жалпы ұқсастық ( іс - әрекетпен оның ерекшеліктері) өте маңызды қортынды жасауға мүмкіндік береді. Егер негізгі тәрбие сайманы болып балалар ұжымын қалыптастыру үшін ұстаз әртүрлі іс - әрекеттер арқылы балалардың айнала қоршаған ортамен белсенді өзара әрекетін ұйымдастыра алса онда оған ұжымдық іс - әрекетті ұйымдастыру барысында балалардың өз арасындағы қатынасты кәсіби сауатты қолдануы керек.