Логопедияның нәні, мақсат-міндеттері
Логопедия – сөйлеу тілі, оның дамуын, бұзылуын зерттейтін және оны арнайы оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін қолдану арқылы түзету мен болдырмауын қарастыратын ғылым. Логопедия өз дамуында неврология, нейропсихология, нейролингвистика, психология мен педагогика ғылымдарына негізделеді. Аталмыш ғылымдар логопедия үшін өз маңыздылығын білдіреді, өйткені сөйлеу тілдің бұзылыстарының пайда болу механизмін, кемістіктін құрамын ғылыми тұрғыдан зерттеп, сөйлеу тіліндегі кемістіктерді түзету әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Сөйлеу тіліндегі кемістіктерді зерттеу және оларды түзету саласы XIX ғасырдың ортасынан дами бастаған. А.Куссмауль, И.А.Сикорский атты ғалымдар бала жастағы сөйлеу тіліне назар аударып, нақты кемістіктерді олардың себептерін, клиникалық көріністерін зерттеген. Қазіргі логопедия сөйлеу тіліндегі түрлі ауытқушылықтарды ғылыми тұрғыдан зерттеу және оларды жою, азайту, түзету жолдарын әзірлеумен айналысады.
Қазіргі логопедияда мектеп жасына дейінгі, мектептегі, жеткіншектер мен ересектер тұлғаларға көмек көрсету салаларын ажыратуға болады.
Сөйлеу тілінің дамуы мен оның кемістіктерін түзету мен сақтандыру логопедиялық ықпал жасау логопедияның негізгі бағыты есептеледі. Логопедияның маңызы тілдің әлеуметтік маңызымен тығыз байланысты.
Тілдің белгілі екі қызметі бар, біріншісі - адам мен адамды өзара қатыстыру, байланыстыру құралы ретінде пайдалану болса, екіншісі - айтайын деген ойды жеткізу мен түсіндіру құрал ретінде. Онсыз адамдар ұйымдасқан түрде бірігіп тіршілік жасай алмас еді, табиғаттың күшіне қарсы күресе алмас еді, өзара түсінісіп, дегеніне жете алмас еді.
Тілдің сөйлегенде зақым алуы, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, кейбір дыбыстардың үндестік нақышымен дұрыс айтылмауы адамның өзіне немқұрайлы , салғырт қараған соң, сөзінің сұлулығы жойылады да, кісімен мәнерлеп сөйлесуіне кедергісін тигізеді. Күрделі тіл мүкістігі немесе тұтықпа сияқты сөйлеу тілінің кемістіктері мектепте баланың оқу үлгерімінің төмендеуіне себепті болса, есейгенде мамандықты таңдауына да қиын түседі.
Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты. Баланың тілін дамытумен біз оның ой қабілеттерін де дамытамыз. Тіл ойдын құралы деп айтылады, өйткені сөз арқылы ойлай аламыз. Адамның ойлау тек тілі арқылы ғана туып және сол арқылы қолданылады. Баланың дұрыс, таза сөйлеуіне, ойың дамыту аса маңызды құрал. Сөз қорының шектеулігі мен таязыдығы, тілдің толық жетілмеуі таным процестерінің жетілмеуіне де жағымсыз әсерін тигізеді.
Таза әдеби тілде сөйлеуге үйрету жұмысы мектеп жасына дейінгі баланы эстетикалық тәрбиесінің маңызды саласы. Баланың әдемілік сезімдерің дамыту тек дыбыс үндестігін дұрыс айтуды пайдалана біліумен шектестіріп қоймай,өз тілің әрі бейнелі түрде мәнерлеп оқып, сөйлеуге үйрету арқылы болады.
Сөйлеу тіліндегі кемістік ауру емес екенің ескерген жөн. Ал басқа бір аурумен сырттағанда, соның салдары пайда болуы мүмкін. Сондықтан сөйлеу тіліндегі ауытқушылығы бар тұлғаны науқас деуге болмайды.
Дыбысты дұрыс айтуға үйрету немесе фонематикалық естуін дамыту кезінде дыбысты талдау, жинақтау сияқты педагогикалық тәсілдер логопедияда жиі қолданылады.
Логопедиялық тәжірибеде дәрігер мамандардың қызметін пайдалану жиі кездесетін жағдай. Сол тәжірибеде келесі тәслдер жүзеге асады: операция жасау, протездеу, жақ сүйегін түзету және тістерді реттеу, дәрі дәрмекпен емдеу, физиотерапиялық, психотерапиялық емді қолдану.
Логопед-мұғалімі педагогика мен медицинаның ықпалына сүйене отырып кешенді түрде көмек көрсетеді - бұл логопедияның жетекші принципі.
Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінде ауықушылықтары бар балаларға арналған мекемелердегі мамандар жалпы білім беретін міндеттерден басқа сезіммен байланысты (сенсорикалық), долылық (аффективная) қайсарлығындағы, ой өрісіндегі, сөйлеу тілі мүкістігіне байланысты кемшіліктерді түзетуге бағытталған бірқатар жұмыстарды орындайды. Ол өз назарын ақыл ойымен жалпы дамуында ауытқуы бар балалардың кемістіктерін түзетуге және қоршаған орта түралы түсініктерін байытумен ғана шектемейді, сақтаулы анализаторларды жетілдіруге тырысады.
Баламен қарым-қатынас жақсы болған жағдайда сөйлеу тілі түсінігінің дәрежесі анықталғанда ықыласының орнықтылығы мен тапсырманы дұрыс ұққанда балалар дыбыстарды және жеңіл сөздерді еліктеп қайталайды. Практикалық әрекетте баланы жеңіл сөздерді немесе сөздің буындарын еліктеп қайталауға талаптандыру қажет.
Логопедия сабақтарында бір сөздің әр түрлі тұлғадағы салыстыруымен ескеріп бір тектес көп жаттығулар өткізіледі. Бір сөз әр түрлі сөз тіркестерінде неғұрлым жиі берілсе, соғұрлым балалар грамматикалық категорияларды тез меңгереді.
Сөйлеу тілінің негізгі кемістіктері:
Дислалия - есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған калпында сөйлеу тіліндегі дыбыс айтудың бұзылуы. Этиологиялық себептер негізінде дислалияның екі түрі бар: механикалық және функционалды дислалия. Механикалық дислалия дыбыстарды айтқан кездегі қажетті орнымен іс-қимылдары мен қызметті атқаратын сөйлеу тілі мүшелерінің ауытқушылықтарына тәуелді, ал функционалды дислалия қоршаған ортада сөйлеу тәртібіндегі жағымсыз әсерге байланысты пайда болады.
Дисфония-дыбыссыздык, дауыс шықпау. Дисфония көбіне жұтқыншақтың, тамақтың, созылмалы ауруларына байланысты пайда болады.
Ринолалия - немесе маңқа сөйлеу тілі аппаратының анатомиялық-физиологиялық ақауларына байланысты дауыстың әуезділігі мен дыбыстардың айтылуы бұзылады. Артикуляция және фонация, дауыс механизмдерінде елеулі ақаулықтары болады және осыған байланысты дыбыстардың мұрыннан және ауыз жұтқыншағынан естілу әуендерінің тазалығы, анықтығы бұзылады.
Дизартрия сөйлеу барысында көбінесе сал ауруына, түйілуге, гиперкинез бен атаксияға байланысты сөзді анықтап айта алмау, яғни артикуляцияның бұзылуы. Дизартрияда көп дыбыстар дұрыс айтылмайды,сол себепте сөздер түсініксіз, созылыңқы, бөлшектеліп айтылады. Дистрафия - жазу қабілетінің бұзылуы. Грамматикалық ережелерді білгенімен сөздерді, сөйлемді қате жазады. Дистрафия көбінесе ауызекі сөйлеу бұзылғанда (алалия, афазия, дизартрия, дислалия, нашар есту) пайда болады.
Тұтықпа - сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысу салдарынан сөйлеу тілінің жылдамдылығы мен ырғақтылығының бұзылуы.
Афазия - жартылай немесе толығынан сөйлеу қабілетінен айырылу. Мидың жарақаттануынан, мидағы абцесс, энцефалит ауруларының негізінде пайда болады (Логопедияның терминологиялық сөздігі, құрастырған Өмірбекова Қ.Қ).
Сөйлеу тілінде кемістіктері бар балалар көбінесе орта жүйке жүйесінде функционалды немесе органикалық ауытқушылақтармен ерекшеленеді.
Мидың органикалық зақымдалу салдарынан бұл топтағы балалар ыстықты, қапырықты, келікті көтере алмайды, бас ауру мен айналу байқалады. Сонымен бірге көбісінде тепетеңдікті сақтау мен қимыл-қозғалыстарында, әсіресе ұсақ моторикасында түрлі жетіспеушіліктер болады.
Бұл балалар тез шаршағыш, қозғыш болып сипат алады, бір орында отыра алмайды. Көңіл -күйлері құбылмалы, тез ашуланалып мазасызданады. Осы себептерге тәуелді оқу әрекеті де балаларға қиынға түседі. Зейіні тұрақсыз, есте сақтауы төмен, өз істерін бақылау қиын.
Функционалды зақымдыктары бар балалардың эмоциялық дамуы тұрақсыз, невротикалық көрсеткіштерді байқауға болады, әсіресе мінез-құлқысында ашулану немесе тұйықтану сияқты.