Арнайы педагогиканың пәні, мақсаты және міндеттері

I - ТАРАУ.

АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Дәріс № 1-4

Арнайы педягогиканың жалпы негіздері

Жоспары:

1. Арнайы педагогиканың пәні, мақсат-міндеттері.

2. Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері.

3. Дамудағы кемістіктердің статистикасы мен жіктеулері.

4. Арнайы педагогиканың пәндік салалары.

5. Арнайы педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістері.

Негізгі түсініктер: арнайы білім беру, кемтар бала, мүмкіндіктері шектеулі бала, түзету, толқықтыру, оңалту, қоғамға қосу.

Арнайы педагогиканың пәні, мақсаты және міндеттері

Арнайы педагогика – педагогикалық білімнің бір бөлігі, құрамдас болғанына қарамастан көлемді, көп аспектілі ғылым саласы /латын тілінен аударғанда specialis - туыс, түрі деген мағынаны білдіреді/. Нақты анықтамасын қарастырсақ, арнайы педагогика -жалпы педагогикалық жағдайда білім алуда қиналатын, немесе мүлде оқи алмайтын кемтар тұлғаларға арнайы білім берудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін ғылым.

Қазіргі халықаралық педагогикалық теория мен тәжірибеде «арнайы педагогика» және «арнайы білім беру» ұғымдары кең пайдалынады: мысалы, ағылшынша special education, французша – education speciale, испан тілінде – реdagogoica especial, немісше – sonderpadagogik деген анықтамалар дәстүрлі қолдануда. Өйткені «арнайы педагогика» ұғымы жалпыға түсінікті және адамгершілік бағытына сәйкес үйлеседі

Арнайы иедагогиканың нысаны - білім алуда ерекше қажеттіліктері бар, яғни кемтар тұлғаларға арнайы білім беру үрдісі, ол педагогикалық феномен ретінде қарастырылады.

Арнайы білім беруде зерттеу мен педагогикалық көмек көрсетудің субъектісі- даму мүмкіндіктерінің шектеулі болғандықтан білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлға. Бұл жерде арнайы окыту- нақты адамның білім алудағы күрделі мәселесін шешуге бағыталған.

Арнайы педагогиканың пәні - арнайы оқытудын теориясы мен тәжірибесі. Бүл үрдіс мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың дамуы мен білім алу ерекшеліктерін, тұлғалық қалыптасуы жэне элеуметтену заңдылықтарын зерттейді. Арнайы педагогиканың пәнін білу тұлга дамуындағы дене немесе психикалық кемістікті түзету мен оңалтуға жэне қоғамға біріктіруге тэуелсіз өмір суру деңгейіне қол жеткізу үшін өте маңызды.

Арнайы педагогика өз мәселелерін шешуде психолог, педагог ғалымдардың (П.П.Блонский, Л.С. Выготский, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, А.А.Люблинская, Д.Б.Эльконин т.б.) теориялық қағидалары мен ілімдеріне сүйенеді.

Арнайы педагогика дамушы тұлғаның әлеуметтенуін, өзіне-өзі қызмет көрсетуге үйретуді көздей отырып, бұл мақсаттың мүмкіндігі шектеулі тұлға үшін маңызды екенің көрсетеді, нақты тәуелсіз және еркін өмір сүру мен әлеуметтенудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізуді жетекші бағыт ретінде қарастырады. Ал сол мақсатқа жету үшін арнайы педагогика келесі міндеттерді орындайды:

- дамудағы кемістікті, ауытқуды түзету;

- педагогикалық құралдар арқылы дамудағы кемістікті, ауытқуды теңестіру;

- орның толықтыру (компенсациялау);

- абилитация (ерте жас кезеңі үшін)-әлеуметік ортаға әлі бейімделмеген ерте жас кезенінде пайда болатын патологиялық жағдайлардың алдын алу емдік-педагогикалық шаралар жүйесін асыру. Ол қоғамда енбектену және пайдалы мүше болу мүмкіндігін туғызады.

- сауықтыру жұмыстары (әлеуметтік және тұлғалық) – тұлғаны даярлау мақсатындағы медициналық, әлеуметтік, білімдік және кәсіби сипаттағы кешендерді қолдану.

Соңдықтан бұл міндеттер нақты тұлғаға көмек көрсетуге бағытталған деп айтуға болады, мысалы, көруінде ауытқуы бар тұлғаны арнайы тифлотехникалық құралдармен қолдануға үйрету және қоршаған кеңістікте бағыттау дағдыларын қалыптастыру болса, естуінде ауытқуы бар тұлға үшін қалдық естуіне сүйене отырып, сөйлеп тұрған адамның ерін қимылынан ауызша сөйлеуді қабылдау дағдыларын қалыптастыру болады.

Сонымен бірге, арнайы педагогиканың өзгеше міндеттер қатарына мүмкіндіктері шектеулі тұлғаны сауықтыру шараларды ұйымдастыру, нақты өзін-өзі қадірлеу сезімін тәрбиелеу, өз тұлғасын барабар бағалау, әлеуметтік мінез-құлықтың сәйкестік формаларын қалыптастыру жатады. Бұл жұмысты атқаруда психолог мамандар ата-аналармен бірлесіп белседі өз үлестерін қосу қажет.

Ал төмендегі міндетгер арнайы педагогиканың жетекші мақсатына қол жеткізу үшін аса маңызды болып табылады, олар:

- мүмкіндіктері шектеулі жағдайында тұлға дамуының педагогикалық заңдылықтарын зеттеу;

- нақты тұлға үшін кемістіктің құрамына сәйкес түзету және теңестіру (компенсация) орнын толықтыру мүмкіндіктерін анықтау;

- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды педагогикалық тұрғыдан топтастыру, жіктеулерді әзірлеу жағдайларын анықтау және негіздеу;

- арнайы білім берудің зандылыктарын, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған педагогикалық жүйелерін зерттеумен қатар жаңа педагогикалық жүйелердің пайда болуын болжау;

- арнайы білім беру мазмұны, принциптері, әдістері мен технологиялары және арнайы білімді ұйымдастырудың ғылыми негіздерін, жағдайларын әзірлеу;

- арнайы білім беруде педагогикалық - түзету, сауықтыру, оңалту бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;

- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қажетті әлеуметтік бейімделуі, оңалту, абилитациялау бағдарламалары мен оларды қолдану жағдайларын зерттеу, талдау және жүзеге асыру;

- дамуында кемістігі бар тұлғалар үшін әлеуметтік бейімдеу, кәсіби кеңес беру және кәсіби еңбекке даярлау мен әлеуметтік-еңбектік бейімдеу бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;

- әлеуметтік-мәдени стандарттан тыс мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың өмір сүрудің барлық мәселелерің шешу үшін әлеуметтік педагогикамен байланыста болу;

- дамудағы кемістіктердің алдын-алу үшін педагогикалық құралдар мен механизмдерін зерттеу, әзірлеу және жүзеге асыру;

- кемтар балалардың ата-анасына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, кеңес беру, үйрету

- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды қоғамға біріктіру (интеграциялау) беталысын жүзеге асыру, ғылыми зерттеулер жүргізу.

Наши рекомендации