Пәннің мақсаты мен міндеттері. Философия және саясаттану кафедрасы

Заң факультеті

Философия және саясаттану кафедрасы

БЕКІТЕМІН

ҰЖӘжС сұрақтар бойынша проректор

____________ М.Ж. Мальтекбасов

«_____» ______________2016 ж.

Мәдениеттану пәнінің

ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандықтар: барлық мамандықтар үшін

Оқу формасы: күндізгі

Талдықорған 2016 ж.

Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС

негізінде университеттің барлық мамандықтарына филос.ғ.к., доцент К.Н. Аликенова кұрастырған.

__________________________

(оқытушының қолы)

Философия және саясаттану кафедрасының отырысында қарастырылды.

«____ »________ 2016 ж. №_______ хаттама

Кафедра меңгерушісі___________ т.ғ.к. А.Н.Калханова

«_____»__________ ___2016 жыл. №______ хаттама

Заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

Әдістемелік бюроның төрайымы __________________ Б. Амирова

 
  Пәннің мақсаты мен міндеттері. Философия және саясаттану кафедрасы - student2.ru

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Силлабус Ф.4.09-26
1.09.2015ж.

Заң факультеті

Философия және саясаттану кафедрасы

С И Л Л А Б У С

Мәдениеттану пәні бойынша

Барлық мамандықтар үшін

Оқыту түрі: күндізгі

Курс: 2

Семестр: 3

Кредит саны: 2

Барлық сағат саны: 90

Аудиториялық: 75

Дәрістер: 15

Практикалық сабақтар: 15

СӨЖ (с.і. СОӨЖ): 60

Аралық бақылаулар: 2

Емтихан: 3 семестр

Талдықорған 2016 ж

Пәні: Мәдениеттану

Оқытушының аты-жөні:

Аликенова Кульпан Нургазиевна философия ғылымдарының кандидаты, философия және саясаттану кафедрасының доценті, электрондық поштасы: [email protected], үй телефоны 21-90-70, ұялы тел. 8701 789 26 25

Сабақ беру уақыты кесте бойынша

Консультациялар уақыты сәрсенбі, 11-15, № 202 ауд, корп.1.

Мәдениеттану пәннің пререквизиті: Қазақстан тарихы.

Мәдениеттану пәннің постреквизиттері: әлеуметтану, саясаттану, психология, дінтану, философия.

Пәннің қысқаша сипаттамасы

Қазіргі таңдағы жедел даму үстіндегі ғылыми-техникалық прогресс пен технологиялар талабынан өз кәсіби мамандықтарын жете меңгерген, нарықтық замандағы өмір шындығына икемделген, қоғамдағы өз орнын түсіне білетін, ХХ1 ғасырдың көш басшылары жас инженер мамандарды даярлау қажеттілігі туындап отыр.

Жас мамандарды бір тұтас және жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыруда олардың өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін барынша дамытатын, өркениеттілік құндылықтарға негізделген білімді бойларына сіңіріп, заман ағымына байланысты материалдық және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін ой елегінен өткізе отырып, рухани-адамгершілік, мәдени-құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында “Мәдениеттану” пәнінің алатын орны ерекше.

Пән жалпы білімдік модульдерге кіреді. Кредит саны - 2.

Таңдау компоненті 1.1 «Ұйымдастыру-басқару» блогына жатады.

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты студенттерді адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға бағдарлау болып табылады.

Міндеттері:

· адамзат баласының мәдени-өркениеттілік тәжірибесін игеруді, тұтастығы мен өзара ерекшеліктерін сараптау;

· әлемдік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау;

· мәдениеттің этноаймақтық және ұлттық феномендерін зерттеу және олардың болмыстық ерекшеліктерін анықтау;

· түрлі мәдениеттанулық мектептердің идеяларын, олардың бағыттарын талдау;

· қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарына мәдениеттанулық тұрғыдан сипаттама беру;

· отандық мәдениет тарихын, оның қазіргі мәселелерін және даму болашағын зерделеу.

Негізгі біліктіліктер:

- Мәдениеттануды пән ретінде, мақсаты мен міндеттерін, мәдениеттану пәнінің негізгі шеңберін, дүниетанымның мәдениет контекстіндегі ерекшеліктері және оның адам өмірлік таңдауының стратегиясына әсерін меңгеруін үйренеді;

- кәсіби жағынан алғанда мәдениеттанулық зерттеулердің мәселелері бойынша білім алу маңызды болып табылады. Бұл пәнді оқып-үйренгенде оның жай-күйі және ең перспективті бағыттары туралы білім алады.

Пән оқытылып болғаннан кейін студенттердің алатын білімі:

· гуманитарлық пәндержүйесіндегі мәдениеттанудың орнын, оның объектісі мен спецификасын, неғұрлым өзекті проблемаларды айқындау;

· мәдениет феноменін, оның адамның өмірлік іс-әрекетіндегі рөлін түсіндіре білу;

· мәдениеттің базистік құндылықтарын қабылдау, сақтау, болашақ ұрпаққа бере білу жолдарын игеру:

· мәдениет формалары мен типтерін, дамуы заңдылықтарын, негізгі мәдени-тарихи региондарды білу, отандық мәдениет тарихын, оның әлемдік мәдениет пен өркениет жүйесіндегі орнын білу;

· әртүрлі мәдениеттердің көптүрлілігі және өзіндік құндылықтығы туралы түсінік алу;

· қазіргі қоғамның мәдени ортасында бағдар ала білу;

· ұлттық және мәдени мұраның сақталуы және артуы жөнінде қамқор бола білу.

· тұлғаның қалыптасу жағдайлары, оның бостандығы және тұлғаның өмірді сақтау, қоршаған табиғи ортаның мәдениеті үшін жауапкершілігі туралы түсініктің болуы;

· қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастарын реттеудің адамшылық нормаларын білу;

· интелектіні дамыту және таным көкжиегін кеңейту, шығармашылық қызметке, үздіксіз білімін көтеру қажеттілігіне қызығушылық тудыру.

Бұл үшін көптеген теоретикалық, практикалық, методологиялық мәселелерді шешумен қатар сабақ үстінде дискуссия ұйымдастыру, интеллектуалды ойындар, мәдениеттанушылық «Көңілді тапқыштар клубының ұйымдастыру арқылы, рефераттар қорғау, конференцияларда баяндамалар жасап, жарыссөздерге шығып білім аясын кеңейтеді.

Наши рекомендации