Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау
Білімді меңгеру дегеніміз - оқушылардың білімді қабылдай ғана қоймай, оны түсініп, бекітіп, тәжірибеде пайдаланатын деңгейге жеткізген таным әрекетінің нәтижесі.
Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау мемлекеттік маңызы бар және білім беру органдары мен мектеп әкімшілігінің мұғалім жұмысын бақылауының құралы болып табылады. Оқытудың барлық кезеңдерінде бақылау жұмыстары, байқау, оқушылар жұмысын талдау, бақылаудың басқа да формалары тексеру мақсатында пайдаланылады.
Білімді тексерудің білім берушілік мәні мұғалім үшін де, оқушы үшін де оқушының қандай білім мен білікті менгергенінің белгілі болуында. Білімді бағалау сол білімнің игерілуі сапасын анықтайды.
Тексеру мен бағалау оқушылар бойында оқудың орынды себептерін туғызады, қызығуын, білімге құштарын және бейімдігін, оқу жұмысындағы ұжымдық пен достық сезімдерін тәрбиелейді. Оқушылар жолдастары жақсы, өте жақсы баға алғанда қуанады, үлгірмеушілерге көмектесуге тырысады. Мұғалім білімді тексергенде баға сынып ұжымында қандай әсер қалдырғанын, оқушылар жолдастарының табысы мен сәтсіздігіне қалай қарайтынын үздіксіз бақылап отыруы қажет.
Арнайы мектепте оқушылардың білімін тексеру мен бағалау таным процестерін дамытады, түзету-дамыту амал-тәсілдерімен таныстырады.
Оқу материалын оқушылардың игеруін тексерудің түрлі тәсілдері мен формалары танымдық құштарлықты дамытуға көмектеседі, оқу материалын сапалы игеруге жетелейді. Оқушылар мұғалімге қалай жауап беру, тапсырманы қалай дұрыс орындауға ойланады, сол арқылы сөйлеу тілін, ойлауын дамытады.
Оқыту процесінде білімді тексерудің мәні мұғалімнің бұл жұмыс формасын ұйымдастыруына қойылатын талаптарды анықтайды.
1. Мұғалім оқу материалын игерілуінің сапасын тексеріп, оқушылардың білім деңгейін бағалайды. Бұл жұмыс арнайы білім беру бағдарламаларында бекітілген талаптарға сәйкес жүреді.
2. Білімді тексеру мен бағалау жүйелі және үздік:сіз болуы керек. Кейбір пәндерден оқушының білімін бағалау оның өмірінің бір көрінісі ғана болып қалмағаны жөн. Оқушы кез - келген сабақта жауап беруге дайын болуы керек. Бұл оқушының танымдық іс - әрекетінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
3. Білімді тексеру мен бағалау оқушылардың таным процестерін дамытуға, оқудың қиындықтарын жеңе білуге байланысты мінез-құлық пен еріктік сапаларын тәрбиелейді.
Арнайы мектептерде дәстүрлі білімді тексерудің төмендегідей түрлері қалыптасқан.
Күнделіқгі тексеру. Әр сабақта мұғалім окушылардың жаңа білімдерді игеруге даярлығын тексереді, бүкіл сабақ барысында оқу материалының мазмұнын балалардың игеруін бақылайды.
Қорытынды тексеру. Оқушылардың білімдерді игеруін мұғалім бірнеше апта, тоқсан, жарты немесе толық оқу жылы бойынша сегіз жылдық немесе орта мектеп көлемінде тексереді.
Тақырыптық тексеру. Мұның мақсаты жеке сабақтар мен тапсырмалар емес, оқушының бүкіл тақырыпты түсінуін тексеру. Бұл тексеріс тақырып бойынша білімдерді жүйеге келтіру және жинақтауға көмектеседі.
Тексерудің бұл көрсетілген түрлері ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Барлық тексерулерді өткізуде арнайы мектеп мұғалімдері оқушылардың бойындағы кемістіктің түрі және даму ерекшеліктерін ескеруі тиіс.
Балалардың оқу материал игеруінің сапасын бақылау мен тексерудің құралы мұғалім сұрақтарын жауап, өз бетінше және жаппай сұраулар болады. Жаппай сұрауда қысқаша жауап беруді талап ететін сұрақ бүкіл сыныпқа қойылады. Оқушы мұғалім рұқсатымен орнынан тұрып не отырып жауап береді. Бір сұраққа бірнеше жауап алып, мұғалім оқушыға оқу материалының белгілі бір бөлігін тұтас, жүйелі қайталайтындай мүмкіндік беретін келесі сұрақты қарастырады. Бұл жұмыста оқушылардын қабылдау, зейін және сөйлеу тілінің ерекшеліктерін аса қадағалау қажет. Сұрақтар оқушыларға түсінікті болуына мұғалім жауапты.
Жеке сұрау барысында да сұрақ бүкіл сыныптың зейінін аударатындай етіп қойылады. Сұрақты қоя салып оқушының жауап беруге шақырудың қажеті жоқ, әсересе арнайы мектеп оқушыларына ойлануға мүмкіндігін беру керек. Оқушылар өз жолдасының жауабын мұқият тыңдап, толықтырады және түзетулер енгізеді. Бір оқушыдан сұрай отырып бүкіл сыныппен жұмыс істеу мұғалім шеберлігі болып табылады.
Оқушылар білімін қорьпынды тексеруде ең қолайлысы бақылау жұмыстарын жүргізу (арнайы ауызша және жазбаша тапсырмалар арқылы). Бақылау жұмысы алдын ала ескертілмесе, оқушы бойыеда өте күшті сезімдік қобалжу туады. Жұмыстың оқушылар мүмкіндіктеріне сай және қол жетерлігіне сенімді болу үшін мұғалім оқушылардың даму деңгейін жақсы білу керек.
Қазіргі арнайы мектептерде білімді бағалаудың жаңа жүйесі енгізілген. Ол Білім алушыларды аттестаттау "әдістемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы «2» наурыз № 166 бұйрығымен бекітілген.
Білім алушыларды аттестаттау әдістемесінің ережесі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 - бабының 6 -тармағына сәйкес әзірленді. Негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың теориялық білімінің нақты деңгейін белгілеу және оқу жоспарының міндетті құрамдас бөлігінің негізгі пәндері бойынша олардың практикалық дағдыларын түсіну;
2) осы деңгейді білім стандартының тапаптарымен және оқушылардың нақты танымдық мүмкіншіліктерімен жақындастыру;
3) білім алушылардын жеке және типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу пәндерін зерделеудің оқу бағдарламалары мен күнтізбелік - тематикалық кестесін орындау;
4)білім алушыларды қорғауды, санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес оқу жүктемесін регламенттеу бөлігінде олардың құқыктары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етуді белгілейді.
Бұл ережелерде, төменгідей тарауларында білім алушылардың деңгейін, қандай бағытта тексеретілені бекітілген (толығымен қосымшада)
2.Ақыл - ойы кенжелеп қалған балалардың (дамуында интеллектуалдық бұзылушылықтар бар балалар) оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар
3.Ана тілі бойынша (грамматика, жазу және сөйлеу мәнерін дамыту)
көмекші мектептердің білім алушыларының білімін және дағдыларын
тексеру
4.Математика пәні бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын тексеру
5. Психикалық дамуы тежелген балалардың оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар
6. Көру қабілеті бұзылған білім алушылардың оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар
7. Құлағы естімейтін (саңырау) білім алушылардың оқу жетістіктеріне қойылатын талаптар
8. Нашар еститін оқушылардың оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар
9. Сөйлеуінде күрделі бұзылыстары бар білім алушылардың оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар
10. Сөйлеуінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзеу) ұйымдағы сыныптардың оқу техникасының нормативтері
11.Даярлық, 1 - 4 - сыныптардағы білім алушыларға арналған
диктанттарды бағалау нормасы
12. Грамматикалық тапсырмаларды бағалау
13. Мазмұндама мен шығарманы бағалау
14. Дыбыстап айту
Қазіргі уақытта арнайы білім беруде оқушылардың білімін тексеру, бағалау арнайы білім беру бағдарламаларда бекітілген талаптарға лайықты. Сонымен бірге, дәстүрлі бағалармен бірге, бастауыш сыныптарда "+"," —", түсті дөнгелек, төртбұрыштар пайдаланады. Баға қою кезінде арнайы мектеп мұғалімдері міндетті түрде, не үшін, қандай баға қойылғанын оқушыларға түсіндіруі тиіс.