Зін-өзі бағалау. оқушылардың бірін-бірі бағалауы.

Оқушылар білімдеріне қарай өздерін-өзі

Бағалай білуі қажет.

П.Блэк. Д. Уильям

Өзін-өзі бағалау – бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс.

Формативті бағалау оқушылар мен сыныптастардың өзін-өзі бағалау әдісін қолдануды қарастырады. Бұл әдістер формативті бағалаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар өзін-өзі және бірін-бірі бағалау әдісімен машықтанған болса, онда бағалаудың дәлдігімен сенімділігі жайлы сұрақ туындамайды. Оқушыларға өзін-өзі бағалау кезінде эмоцияға берілмей, сын тұрғыдан жүргізуді қалыптастыру керек. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау негізі мынада: оқушылар оқу процесінде алдына қойған мақсаты болғанда ғана өздерін бағалай алады.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.

Оқушылар үшін оның жетістіктерін бағалау ақпараты төмендегідей элементтерден тұрады:

· Алға қойған мақсаты.

· Берілген және қалыптасқан межелер (критерий).

· Қазіргі қол жеткізген жетістіктер деңгейінің сипаттамасы.

· Алдына қойған мақсаттары мен жеткен жетістіктерінің айырмашылығын түсіне білу.

Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі үшін:

· Оқушылар өз жұмыстары мен оның қабілеті қалай бағаланатыны жайлы түсінігі;

· Сын тұрғыдағы көзқарасты дамыту дағдысы;

· Әділдікті дамыту;

· Оқушылардың өз мақсаттарына зейіндерін шоғырландыруы.

Оқушылар өзін-өзі бағалау дағдыларын өз жұмыстарын сынау мақсатында қалыптастыру керек. ???????Бұл жағдайда ол өз жұмысының қиыншылықтарына қарамай, соны жеңгенін көре алады?????????. Осы арқылы оқушы өзінің жетістіктерін көре біледі.

Оқушының өзін-өзі бағалауы ұстаздың бағасымен сәйкес келуі керек. Өзін-өзі дәл бағалауға тәрбиелеу екі бағалауларды салыстыру арқылы қолданылады. Олар өткенді шолатын (орындалған жұмыстың бағасы) және болжамды (орындалатын жұмыстың бағасы) болып келеді.

Бұл маңызды!

· Ұстаз оқушыларға жұмыстарының бағасының өлшемі жайлы және мақсаттарын үнемі еске салып отыруы қажет.

· Өзін-өзі бағалаудың уақытын жоспарлау керек.

· Сабақтың мақсатын таныстырып, оқушылар өздерінің мақсаттары мен бағыттарын дәл және айқын көре алуы үшін тақтаға, қабырға көрнекіліктеріне баға өлшемдерін көрсетіп қою керек.

Төменде топтық жұмыстың өзін-өзі бағалауының үлгісі берілген. Бұл үлгіні қолданар алдында мұғалім оқушыларға топ ішіндегі өз жұмыстарын өз бетімен бағалауларын ұсынады (№13 кесте). Үлгі оқушының топтағы өз жұмысын нақтырақ бағалап және оны мұғалімнің қойған бағасымен салыстыруына мүмкіндік береді.

Кесте №13

Аты __________________________ Уақыты_____________________________ Сыныбы______________________ Қызметінің түрі________________________   Сен топпен жұмыс істегенде төмендегі іс-әрекеттерді қаншалықты жиі атқардың? (топтық жұмыста сенің деңгейіңді нақты анықтайтын сөзді белгіле) 1. Мен ақпарат алу немесе нақтылау үшін сұрақтар қойып отырдым. · Ешқашан · Кейде · Жиі 2. Мен өз пікірімді білдірдім. · Ешқашан · Кейде · Жиі 3. Мен өз тобымдағы басқа оқушылардың көзқарастарын (пікірлерін) тыңдадым. · Ешқашан · Кейде · Жиі 4. Мен өз тобымдағы басқа оқушылардың айтқан пікірлеріне түсініктеме беріп отырамын. · Ешқашан · Кейде · Жиі 5. Мен өз тобымның басқа мүшелерін талқыламаға қатыстыруға тарттым. · Ешқашан · Кейде · Жиі 6. Мен ұстазым немесе тобым тапсырған қызметті атқардым. · Ешқашан · Кейде · Жиі 7. Топтық жұмыста маған ең қатты ұнағаны_____________________________ _________________________________________________________________ 8. Бұл топтағы жұмыстың ең қиыны, бұл________________________________ __________________________________________________________________ 9. Келесі топтық жұмыстағы менің мақсатым____________________________ _________________________________________________________________    

Оқушы кестені толтырған соң топтағы өз қызметі жайлы қорытынды жасайды. Қажет болған жағдайда келесі жұмыстың мақсатын айқындайды.

№13 кестеде оқушының топтық жұмысы мен ондағы қызметі жайлы ортақ әсерлері белгіленеді. №14 кесте әрбір бөлімге сандық (цифрлық) белгі береді. Ұстаз «Болжаулы ұпайлар» бағанындағы ұпайларды өзі таңдайды. (мектептегі 5 ұпайлық бағалаумен шатастырмай, 10 ұпайлық жүйені қолдану тиімді). Егер оқушылар мен ұстаздың «Қорытынды» жолағында қойған бағалары 10 ұпайдан асса, онда қайшылық тудырмау үшін ұстаз қатысушылармен міндетті түрде әңгімелесіп, нәтижелерін талқылауы қажет.

Кесте №14

Қатысушылар _______________________ Болжаулы ұпайлар Алынған ұпайлар
Мен өзім Ұстаз
Топтағы барлық өз міндеттерімді уақытында және сапалы орындадым      
Топта берілген тапсырмаларды зейін қойып орындадым      
Берілген тапсырмаларды орындау барысында басқа қатысушыларға көмектестім және ынталандырдым.      
Басқаларды мұқият тыңдадым      
Дәлелді ойлар ұсындым      
Талқылау жүргіздім (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға келісім беруге тырыстым)      
Топтағы басқа оқушылардың айтқан ақпараттарын толықтырдым және түсініктеме бердім      
Қорытынды:      
         

Бұл үлгіні пайдаланған мұғалімдердің тәжірибесі бойынша осы үлгіні пайдалану арқылы біртіндеп ұстаздың қойған бағасы мен оқушылардың өздерін-өздері бағалауы сәйкестене түседі.

Өзін-өзі бағалау – бұл тек қана өз жұмысын бағалау ғана емес, сонымен қатар туындаған мәселелерді өз бетімен анықтап және оның шешу жолдарын табу. Төменде көрсетілген №15 кестенің көмегімен қатысушылардың оқылып жатқан материалындағы мәселелерін анықтап, оларға талдау жасап, оның шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.

Кесте №15

«Идея жазбасы»

Аты_________________________ Мерзімі_________________________________

Мәселенің белгіленуі
Мен нені білемін? Менің нені міндетті түрде түсінуім (білуім) керек
Шешім және ескерту
Түсініктеме және нақтылау

Бағалау және оқу процесі барысына оқушының белсенді қатысуы формативті бағалаудың маңызды құрылымы (компоненті) болып табылады. Сол себепті оқушы өзінің оқу нәтижелерін бағалау барысында міндетті түрде белсенді қатысушы болуы қажет, ол үшін өзін-өзі бағалап үйрену, сол сияқты өзінің нәтижелерін жақсарту жолдарын таба білуі керек.

Наши рекомендации