Оқушының білімін бағалау критерилері

1. Оқушының бақылаудың барлық түрлеріндегі компетенция бойынша алған білімдері, жасай алуы, дағдылары балды-рейтингтік бағалаудың әріптік жүйесімен,яғни тікелей тепе –теңдік қатынасы анықталады.

2. «үздік» баға А әріпіне сәкес келеді, оның сандық эквиваленті 4,0 және пайыздық мөлшері 95-100% және А-, оның сандық эквиваленті 3,67 және пайыздық мөлшері 90-94%.

Бұл бағалар қойылады,егер оқушы бағдарлама материалдарын толық үлгергенін көрсеткен жағдайда..және ешбір қателікке жол бермесе,бақылау және лабораториялық жұмыстарды өз уақытында және дұрыс орындаса және олардың есебін берсе, коллоквиуымдарды өз уақытында және ешбір қатесіз тапсырса,үй тапсырмаларын орындаса,ғылыми – зерттеу жұмыстарымен, пәнді үйренумен қосымша ғылыми әдебиеттермен шұғылданса.,өзі бағдарламалық материалды жүйелей алса..

3 «жақсы» баға В+ -ке сәйкес келеді, оның сандық эквиваленті 3,33 және пайыздық мөлшері 85-89%, В, оның сандық эквиваленті 3,0 и пайыздық мөлшері 80-84% и В-, оның сандық эквиваленті 2,67 және пайыздық мөлшері 75-79%.

Бұл баға қойылады,егер, студент бағдарламалық материалды 75%- дан төмен үлгермесе,және бұл жауап беру барысында дөрекі қателіктер жібермесе, бақылау және лабораторлық жұмыстарды өз уақытында орындаса және оларды ешбір ескертулерсіз тапсырса,, коллоквиуымдарды және үй тапсырмаларын дұрыс орындап және өз уақытында ешбір ескертулерсіз тапсырса, қосымша әдебиеттерді оқытушының көрсетуімен қолданса,ғылыми – зерттеу жұмыстарымен шұғылданса, маңызсыз қателіктерді жіберсе немесе маңызды қателіктер жіберсе, студенттер өздері оны түзетсе, оқытушының көмегімен бағдарламаларды жүйелей алса..

4. «қанағаттанарлық» баға С+ сәйкес келеді, оның сандық эквиваленті 2,33 және пайыздық мөлшері 70-74%, С, оның сандық эквиваленті 2,0 және пайыздық мөлшері 65-69%, С-, оның сандық эквиваленті 1,67 және пайыздық мөлшері 60-64%, Д+, оның сандық эквиваленті 1,33 және пайыздық мөлшері 55-59% және Д, оның сандық эквиваленті 1,0 және пайыздық мөлшері 50-54%.

Бұл баға қойылады,егер, студент бағдарламалық материалды 50%-дан төмен үлгермесе, бақылау және лабораторлық жұмыстарды,үй тапсырмасын орындаған кезде оқытушының көмегіне жүгінсе, үй тапсырмаларында оқытушыға жүгінсе, коллквиум тапсырғанда дәлсіздікке, маңызсыз қателіктерге жол берсе, зерттеу жұмыстарында белсенділік танытпаса,тек оқытушы көрсеткен оқулық әдебиеттерімен шектелсе, материалды жүйелеуде көп қиындыққа душар болса..

5.«қанағаттанарлықсыз» баға F –ке сәйкес келеді, оның сандық эквиваленті 0 және пайыздық мөлшері 0-49%. Бұл баға қойылады,егер, студенттеннегізгі материал бойынша білімінен кемшіліктер табылса,көзделген бағдарламадан, пән бағдарламасынан жартылай үлгерсе, жауап беру барысында маңызды қателіктер жіберсе,кейбір тапсырма бөлімдерін,көзделген ағымды,аралық, және қорытынды бақылау түрлерін орындамаса, көзделген бағдарламадағы негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаса.

Студент білімін бағалау

Бағасы Әріп эквиваленті % бойынша рейтинг балы Балл бойынша
Үздік А 95-100
А- 90-94 3,67
Жақсы В+ 85-89 3,33
В 80-84
В- 75-79 2,67
Қанағат С+ 70-74 2,33
С 65-69
С- 60-64 1,67
D+ 55-59 1,33
D 50-54 1,0
Нашар F 0-49

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МІНІСТРЛІГІ

КАСПИЙ УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ (ФАКУЛЬТЕТ)

«МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ»

Оқу бағдарламасы – (110100 «Мейірбике ісі»)

Оқыту түрі – күндізгі

Дәрістер жинағы

Пән:«Медицина ұйымындағы инфекциялық бақылау»

Пән коды: IKМО 3236

Сабақ сағатының саны (кредит): 135 (3)

Соның ішінде: дәрістер - 15

Курс: 3

Семестр: 6

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №1

25 тамыз 2015 ж.

Каф. меңг.__________________

2016 ж.

КРЕДИТ

Дәріс

Тақырыбы: «Инфекциялық бақылаудың даму тарихы»

Мақсаты: Студенттерді инфекциялық процесстің даму тарихымен таныстыру.

Инфекциялық аурулар жайлы ұғым ғасырлар бойы бой алып келген. Оба, шешек, тырысқақ сияқты аурулар жайлы ой пікірлер ежелгі халықтарда – ақ бой алған: біздің эрамызға дейін көп уақыт бұрын жұқпалы ауруларға жоламау жөнінде көптеген қарапайым шаралар қолданылған. Бірақта бұл тек қана бақылаулар мен әртүрлі ой пікірлер болған болатын.

Ежелгі Грецияның кейбір философтары, айтарлық Фукидид, инфекциялық аурулардың тірі қоздырғыштары жайлы өзінің ойын айтқан болатын, бірақ бұл ғалымдар өздерінің жорамалдарын анық түрінде растай алмаған.

Ежелгі әлемнің атақты дәрігері Гиппократ эпидемияның тегін “миазм” әрекетімен – жұқпалылардың жоғалуымен, жәнеде олар аурулар шақыратынын түсіндірген.

Адамзаттың озық ақыл ойы орта ғасырдың схоластикалық кезеңінің өзінде де, жұқпалы аурулардың қоздығыштары туралы идеяны әділ түрде растаған.: мысалы итальян дәрігері фракасторо (1478-1553) контагия аурулары және олардың өзінің классикалық еңбегінде таралуын дамытқан болатын, яғни оның еңбегі “Контагия және контагиозды аурулар туралы ” деп аталады.

Голландиялық табиғи зерттеуші Антоний Ван Левенгук (1632-1723) XVII ғасырдың аяғында аса маңызды ашылу жасады, ол микроскоп астында тістің шырышында, өсімдіктердің тұрып қалған суы және тұнбасында көптеген микроорганизмдер тапқан болатын. Міне, осылай адам көзіне көрінбейтін микробтар ашылған болатын, бұлардың көбісі көптеген аурулардың қоздырғышы болуы мүмкін. Өзінің бақылауын Левенгук “Антоний Левенгукпен ашқан табиғат сырлары” атты еңбегінде сипаттап берген болатын. Бірақ осыдан кейінде көптеген инфекционды аурулардың қоздырғышы деп қарастырған микробтар, өзіне қажетті растауын ала –алмады.

Көптеген онжылдыққа созылған инфекциялық аурулардың эпидемиясын бақылауда, көптеген адамдарды зақымдаушы ретінде де, осы аурулардың жұқпалы екеніне көз жеткізген болатын.

Ағылшын ғалымы Эдуард Дженнердің (1749-1823) еңбегінде аса маңызды практикалық мағына болған, ол жоғары әсер ететін әдісті табиғи оспаны ойлап тапқан.

Аса көрнекті дәрігер –эпидемиолог Д.С. Смайлович (1744-1805) обаның ауру адаммен өте жақын болғанда жұғатынын дәлелдеп, осы ауруға қарапайым дезинфекциялардың тәсілдерін ойлап тапты.

Француз ғалымы Луи Пастердің танымал ашылулары (1822-1895) микроорганизмдердің сенделу және іріңдеу рөлін дәлелдеген болатын.

Сыра қайнату өнеркәсібінің талаптарына сәйкес Пастер сыра және шарап болатын ауруларды ескертетін тәсілдерді ойлап тапқан.

Пастердің еңбектері инфекциялық аурулардың шынайы пайда болуын түсіндірген, олар асептика және антисептика ережелерінің экпериментальды негізі болған, олар яғни Н.Н. Пи-роговтың, Листердің хирургиясында жақсы ойлап табылған.

Патсердің инфекциялық ауруларға қарсы алдын алу үшін арналған вакцинасы жақсы бағаланады:

Пастер сібір жарасына және құтыруға қарсы егулерді алған болатын. Пастердің ұлы еңбегі адамзат үшін әлемнің ғылыми тарихында мәңгі сақаталады.

Неміс ғалымы Леффлер 1897 ж. Ящур қоздырғышы фильтрланған вирустар тобына жататынын дәлелдеген.

Көптеген инфекционды аурулар, атап айтсақ “безгек ” “Қалтырау ” сияқты аурулар өткен ғасырдың ортасына дейін деференцияланбағанын атап кетсек болады. Тек 1813 ж. Француз дәрігері Бретанно іш сүзегі ауруы жайлы өз болжамын айтқан болатын, ал 1829 ж. Шарль Луи осы аурудың клиникалық сипатын берген болатын.

1856 ж. “Қалтырау ауруларының” ішінен іш сүзегі және бөртпе сүзек ауруларына анық мінездеме берілген болатын. 1865 ж. Бастап инфекциялық аурудың бөлек формасы қайтару сүзегін қабылдады. Осы аталған барлық аурулар С.П. Боткиннің және а.А. Остроумовтың клиникалық лекцияларында аталған аурулар жөнінде жақсы, толық мағына бар.

Әлемдік ғылым орыстың атақты клиницист-педиатры Н.Ф. Филатовтың еңбегін жақсы бағалайды, ол яғни, балалардың инфекциялық аурулары жөніндегі зерттеулері болып табылады, сонымен қатар Д.К. Заболотников (1866-1929) аса қауіпті аурулардың эпидемиологиясын бақылаған болатын. Н.Ф. Гамалейдің (1859-1949) еңбегінде инфекциямен иммунитеттің маңызды сұрақтары қарастырған.

Қызылшаның аса маңызды белгісі – ауыз қуысының шырышты қабатының қабыршықтануы – 1890 ж.мәскеулік дәрігер А.П.Вельский және одан тәуелсіз 1895 ж Ф.Филатов ашқан болатын.

Инфекционды аурулардың патогенезімен, дамуын және пайда болуын дұрыс түсіну үшін патологоантомиялық зерттеулер өз септігін тигізген болатын, яғни олар инфекционды аурулардың мінездемелік өзгерістері, яғни ұлпадағы спецификалық жасушалардың пайда болуымен сипатталады, мысалы бөртпелі сүзектен өлген дағдайда “(1875) туберкулез, (1883)сап,(1886)инфекционды гранулеманы ең алғаш сипаттаған Л.В. Поповтың еңбегін атап өтсе болады”- периваскулярлы түйіндердің адамдардың бөртпе сүзегінде қайтыс болғанда миында болуы сияқты.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап медициналық биология тез дами бастады. Ал біздің ғасырдың бас жағында этиология жайлы, инфекционды аурулардың жұғу механизмі мен таралу жолы туралы ой пікірлер анық сипатқа ие болады және осы аурулардың алдын алу үшін гигиеналық шараларда мүмкін болды.

Орыстың ұлы физиологі И. П. Павлов (1849-1936) өткен ғасырдың және осы ғасырда микробиологияның жеткен жетістіктерін аса құрметпен қабылдап, және осы ғалымға болашақта адамзаттың патологиясын ашуға үлесін қосатынына кәміл сенген.

И.М.Мечниковтың (1845-1916) және 80 ж. Өткен ғасырда басқа да зерттеушілер инфекциялық ауруларда иммунитет жөнінде сұрақтарға рұқсат ала бастаған болатын және ағзаны жасушалық және гуморальдық қорғаудың маңызды рөль атқаруы жөнінде қарастырған болатын. Иммунитетті зерттеуде өздерін аса маңызды үлестерін қосқан В.К. Высоковия және Борде сияқты ірі тұлғалар.

Инфекционды ауруларды клиникалық зерттеулермен қатар ХІХ ғ.аяғында лабораторлы яғни зертханалық әдістерде қолданылған болатын.

Инфекциялық ауруларды лабораторлы дигностикада серологиялық зерттеулерде қолданылған, және оны Мечников, В.И. Исаев, Ф.Я.Чистович, Видаль, Уленгут сияқты ғалымдар ашқан болатын.

Инфекционды ауруларды зерттеуде экспериментальды инфекцияларда маңызды болған, және олар жануарлардың жұғуы арқылы болған.

Пастерлің зерттеулерінің алдында С.С. Андреевский (1786) қайтпас іскерлігімен ауру жануардан сібір жарасының карбункулын алып өзіне егу арқылы, адамдар мен үй жануарларының сібір жарасын бірдей себептер шақыратынын дәлелдеген болатын.

Одессаның қалалық ауруханасында О.О. Мочуткозский және Г.Н. Минх сияқты дәрігерлер 70 жылдары бөртпелі және қайтпалы сүзектің жұқпалы бастамасы науқастың қанында болатынын дәлелдеу үшін, науқастардың қанын өздеріне тері астына құйып сол аурумен ауырған.

Инфекциялық аурудың маңызды бөлімі ол-оларды белсенді емдеудегі әдістері.

Безгек ауруын емдеу үшін бұрыннан бері хин қабығының тұнбасын қолданып келген, ал 1821 ж бастап химиотерапевтикалық заттардың ішінен 1 ші-хинин алколоиды, ол яғни синтетикалық жолмен алынған хинин безгекті емдеу үшін және профилактика үшін кеңінен қолданылып кетті. Бірақта химиотерапияның дамуы ұзаққа созылды. Тек 1909 ж.емдеу тәжербиесінде мышьяк препараттары пайда бола бастады.(алдымен арсацетин, кейін сальварсан, неосальварсан) олар Германиядан алынған, кейін осы препаратты қайтпалы сүзекте, сифилисте, сібір жарасында және т.б.инфекционды ауруларда қолданыла бастады.

Кейінірек висцеральды лейшманиозды емдеуге сурьма препаратын қолдана бастады, ол өте әсерлі болған.

30 жылдары біздің ғасырдың сульфаниламид тобына жататын синтетикалық препараттар (стрептоцид, сульфазол, және т.б.)кейін –антибиотиктер (1941 ж.-пенициллин, стептомицин, 1948 ж-хлоромицетин, хлорафеникол және олардың аналогтары, кешірек –биомецин, террамицин, альбомицин,тетрациклин,колимицин, мицерин, бициллин, нистатин және т.б.

1871 ж. Атақты орыс ғалымы В.А. Манассеин және соның соңынан А.Т. Полотебнов жасыл саңырауқұлақтардың құрамдас бөліктерін зерттеп, оның кейбір бактерияларға антогонисті әсерін байқаған болатын.

Ағылшын микробиологі Флемингтің (1881-1956) бақылауды маңызды рөль аттқарған, ол 1929 ж.жасыл саңырауқұлақтан сорпалы фильтраты стафилококк және басқа да грамм оң бактерияларының өсуіне кедергі келтіретіні анықталған.

Осы дәлелдерге сүйене отырып Флори 1941 ж.пенициллин антибиотигін алған болатын.

Кейіннен пенициллин және басқа да антибиотиктерді терапевтикалық тәжербиеде кеңінен қолданыла бастады.

Қазіргі кезде антибиотиктерді көптеген инфекционды ауруларды емдеуде кеңіенен қолданылуда, ал басқа жаңа антибиотиктерді іздеп тауып оларды тәжербиеден өткізу жұмыстары жалғасуда.

Малярияны химиопрофилактикадан өткізу үшін, науқстарға хининді аз дозада (0,15-0,25 г күніне) қолдануды орыс әскери дәрігері А. Яссинский (1858) жасаған, ал кейін дәл осы химиопрофилактиканы М.Н. Моноцков Туркменияда сәтті қолданған, ал шетелде –неміс ғалымы Кох

Германиядағы берингпен Франциядағы Рудың еңбектерінің арқасынгда 90 ж басында ақ кейбір инфекционды ауруларда антитоксикалық және антибактериалды сұйықтықтарды қолдана бастады: басында оларды дифтерияда қолданған болатын, кейін басқа да сұйықтықтар шығып, оларды ботулизмге, сібір жарасында және т.б. қолдана бастады. Кейінгі кезде иммунды гамм-глобулиндерді қолдана бастады.

Рессейдегі ең алғашқы инфекционды аурулар кафедрасы, бастығы С. Боткин болған- ол атақты терапевт С.П.Боткиннің баласы болған, ал 1898 ж Ф.Я. чистович 1896 ж.Петербург әскери – медициналық академиясында пайда болған.

Оның басында М.П. Киреев деген профессор отырған, кейіннен инфекционды аурулар кафедрасы басқада медицина факультеттерінде және институттарында да ашыла бастады.

Инфекционды аурулар жөнінде сабақ беру барлық медицина факультетерімен училищелерде жалғасқан медициналық кадрларды даярлау жөнініде барлық жүйе тыңдаушылардың сәтті зерттеуі болуы тиіс.Оқушылардың негізгі міндеті-инфекционды аурулармен күрестегі теориямен тәжірибиені тереңірек меңгеру болып табылады.

Литература:

1. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие/ под ред. В.Л.Осиповой. – М., 2009.

2. Шкатова Е.Ю., Морозкова О.А. Инфекционная безопасность в ЛПУ. Феникс, 2008.

Бақылау:

1. Гиппократтың эпидемиясының дамуын түсіндіру.

2. Голландық табиғаттанушы Антоний Ван Левенгуктің ашылулары.

3. Эдуард Дженердің маңызды тәжірибиелік еңбегінің маңыздылығы.

4. Басқа ғалымдар еңбегі.

Дәріс

Тақырыбы: «А.І.И және зоонозды инфекция туралы түсінік»

Мақсаты: студенттерді А.І.И және зоонозды инфекция туралы түсінікпен таныстыру.

Ауруханаішілік инфекция ( ауруханалы, госпитальды, нозокомиальды)-микробтың нәтижесінде пайда болатын кез келген клиникалықауру, яғни науқас ауруханаға түскен кезде немесе көмекке келген кезде науқасты зақымдайды, және осы аймақта жұмыс істейтін адам, яғни ол ауруханада болғанда немесе жазылып шығып кеткенде пайда болатын симптомдарға тәуелді емес.

А.І.И жататын көптеген аурулар медициналық араласумен тығыз байланысты. Мысалы 85% іріңді септикалық аурулар, 15% қатерлі жұқпалы инфекциялар.

Госпитальды инфекция қазіргі таңда барлық хирургиялық араласудың 30% құрайды, олар кез-келген 12-ші науқастың өліміне алып келеді, олар яғни аураханада өледі. Науқастың төсекте жатуы 12-18 күнге созылады. Кейбір дамыған елдерде науқастардың 5% А.І.И нәтижесінде қайтыс болады.

Инфекция – микроорганизммен қоздырушының күрделі биологиялық ара қатынасы, ол арнайы жағдайларда, ішкі орталарда болады. Бұл жерлердің негізгі белгісі макроорганизмнің ішкі ортасының тұрақтылығының және оның жасырын бұзылысы.

Макро және микрооргизмдердің ара қатынасына байланысты инфекцияның 3 формасы ажыратылады.

Инфекционды ауру – клиникалық көріністі инфекция. Оның ішкі белгілері ағзаның өмір тіршілігінің бұзылысы болып табылады, яғни функциональды бұзылыстар, морфологиялық зақымданулар, қоздырғыштың сыртқы ортаға шығуы кіреді. Жануарлардың инфекционды аурамен ауырған науқастарда имунитет пайда болады, яғни ( стерильді, стерильді емес).

Микроб немесе вирус тасмалдаушылар -инфекция, ол жануарлардың алдыңғы ауруыымен байланысты емес. Оның қоздырғыштары паталогиялық жағдаймен иммунологиялық жағдайға ағзаның әсер етпейді. Макро және микроорганизмдардың ағзасындағы тепе - теңдік соңғысының табиғи резистент ілік факторымен байланысты болады.

Иммунизациялаушы субинфекция -бұл макроорганизмнің оған кірген қоздырғыштары морфологиялық және функциональдық ағзаның және ұлпаның өзгерістерінің шақырмайтын жағдайы.

Инфекционды аурулардың қоздырғытары сапрофиттерден пайда болған. Олар патогендігін және тірі организмді паразиттау және ағзада инфекционды процессті шақыру қабілеттерін ұзақ эволюция нәтижесінде меңгеріп алады. Микробтың 2 түрін ажыратады олар факультативті және облигатты.

Факультативті микробтар (эшехия, сальманелла, срепто және стафилакокктар және т.б) сыртқы ортада көбейеді, сонымен қатар жануар ағзасында және оның тұрақтылығы төмендегенде инфекционды процессті шақырады. Патогенді микробтар жартылай немесе толықтай сыртқы ортада көбеюі қабілетін жоғарлатқан. Олардың негізгі тіршілік ортасы тірі организмдер болады. Бұл микроорганизмдарда макроорганизмге тері арқылы ену қабілеті пайда бола бастады, яғни олар ас қорыту жолының шырышты қабаты, тыныс алу ағзаларының, көздің плацентаның шырышты қабаттары болып табылады. Олардың ену жерін инекция қақпасы деп атайды. Қоздырғыштың кейбір ағзаға белгілі инекция қақпасы арқылы енеді, ал кейбіреулері әртүрлі жолмен енуі мүмкін.

Инвазиті (агрессивті) – ол микроорганизмдердің қорғаныс барьерлерінен микробтардың өту, сонымен қатар ұлпаларына ену, дамуы мен көбею қасиеті болып табылады. Ол микробтардың көбею қасиеті болып ұлпалардың өткізгіштігін және агрессинді заттарды жоғарлатушы, фагацитозды және бактериолизді тексеруші қасиеттерге ие.

Токигенділік – ол микробтардың улызаттар яғни токсигендерді өндіру қасиеті. Токсигендердің экзо және эндотоксин атты түрлерін ажыратамыз. Экзотоксиндер – микробтардың сыртқы ортаға шығуы және метоболизм өнімі ол қатты улы зат, ол спецификалық, таңдаулы әсер ететін антигендік қасиетке ие. Экзотоксиндер қыздыруға тұрақсыз ол жарықтың асқорту ферментінің әсерінен бұзылады. Оларды фармалинмен тазалағанда өздерінің улы қасиетінен айырылады, бірақ антигенділер сақтап қалады. Анатоксиндер деп аталатын залалсыздандырылған экзотоксиндер, инфекциялық ауруларға профилактикалық мақсатта қолданады.

Эндотоксиндер – ол микробты жасушалармен тығыз байланысты у болып табылады. Олар термотұрақты, антиген сияқты белсенді емес, бірақ организм оған спецификалық емес, экзотоксиндерге қарағанда әлсіз әсер етеді.

Вирустардың патогенді әсері қабылдайтын жануарлардың жасушаларындағы репродукцияға сүйенген. Вирустардың нуклеин қышқылының әсерінен жасушалардың құрамдас жасушаларында көптеген вириондар жасалынады. Нәтижесінде иесінің жасушасы өз қызметін жоғалтады.

Вирустар мен микробтардың вируленттілігі жағдайға байланысты өзгеріп отырады мысалы жоғары температуралы қоздырғышқа, антибиотиктерге және көптеген химиялық заттарға әсер еткенде төмендейді немесе түгелімен тежеледі. Инфекцияның түрлері мен дамуы қоздырушының организмдерге лимфогенді, гематогенді және нейрогенді жолдармен таралады, сонымен қатар зақымдалған ағзамен сау ағзаның ара қатынасында. Қоздырғыштардың инфекцияның алғашқы ошағынан қанға енеді, бірақ ол жерде көбеймейді, тек көптеген ағзаларға қан арқылы тасмалданады, сол жерде көбейеді, оны бактеремия деп аталады. Зақымдаушылардың алғашқы ошағында көбейетін кейбір қоздырғыштар, ағзалармен ұлпаларда екіншілік іріңді ошақтың пайда болуына әкеледі. Бұндай инфекция пиемия деп аталады. Зақымдалу ошағынан қанға қоздырушының токсигендері ғана түседі. Ол септициемия деп аталады. Пиемия мен септициемияның қосылысы аралас инфекция – септикопиемия деп аталады.

Ауру кезінде қоздырғыштар ену кезінде ған көбейеді, ал олардан бөлінетін экзотоксиндер қан жүйесіне сіңіп токсинемияны шақырады. Пайда болуына байланысты инфекционды аурулар эзо және эндогенді болып бөлінеді 1 жағдайда қоздырғыш ағзаға сырттай енеді де, 2- жағдайда ағзада комменсал түрінде тіршілік ететін шартты патогенді микробтар арқылы енеді.

Қоздырғыштардың түрінің санына байланысты, инфекцияны қарапайым инфекция ол қоздырғыштың 1 түрімен, екіншілік инфекция біріншіліктен соң бірден болады. Инфекция болып және ағзаның содан босап шығып, дәл сол патогенді микробты жұқтырғанда ауру қайталанады, ол реинфекция деп аталады.

Инфекционды процесстің ұзақтығына байланысты аса жедел, жедел, жеделге дейін және созылмалы болып бөлінеді. Микроорганизмнің төмен резистенттілігі кезінде инфекция болады. Ол өнімге әкелуі мүмкін. Инфекционды процесс тез аяқталған жағдайда, ауру барысын жеңіл деп аталады.

Ауру формасы типті және атипті болуы мүмкін. Ауру формасы жиі паталогияның процесстің лаколизация деп аталады.

Инфекцияның таралуы мен дамуы ағзаға түскен патогенді микробтарды вируленттілігімен мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар микроорганизмнің жағдайына және реактивтілігінеде байланысты болады.,

Толық емес рацион, сыртқы ортаның төмен немесе жоғары температурасы жануарлардың резистенттілігін және инфекционды аурудың дамуына әсерін тигізеді. Жануарлардың аштығынан жеке ғана емес, сонымен қатар түрдік имунитетін жоғалтады.

Мысалы, кептерлер қалыпты жағдайда сібір жарасымен ауымайды, бірақ аштық жағдайда сол ауруға жақын болады. Ағзаға ақуыздың жетіспеушілігінде иммунды глобулиндер жасап шығарылуы бұзылады, фагациттердің белсенділігі төмендейді. Сонымен қатар жануарларды концентраттармен емізгенде оларда ацидоз дамиды, қанның бактериоцитілігі төмендейді.

Минералды заттардың жетіспеушілігінде су алмасу және ас қорыту жүйесі зақымдалады. Гиповитаминоз кезінде терінің және шырышты қабаттың барьерлі функциясы төмендейді.

Зооноздар—табиғи жағдайларда адам және жануар үшін жалпы болып табылатын инфекциялар . Медициналық әдебиетте зооноздар – адамның инфекцияның резервуарымен кӛзі ретінде әртүрлі үй және жабайы сүтқоректілер мен құстар болып табылатын жұқпалы және инвазиялы аурулар тобы. Олар қоздырғыштың биологиялық түр ретінде ӛмір сүруін қамтамасыз етеді.

Сібір жарасы-Bacillus anthracis қоздырғышымен шақырылатын, клиникасында терінің серозды геморрагиялық қабынуымен, лимфа түйіндерінің ұлғаюымен, қызба және интоксикациямен сипатталатын жедел бактериальды зоонозды инфекциялық ауру.

Бруцеллез- Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін , клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру.

Листериоз -Listeria monocytobenes-s шақырылатын, әр түрлі жолымен жұғатын мононуклеарлы фагациттердің зақымдануымен жүретін, жедел тұрде қызбамен, жалпы интоксикациямен өтетін ангиозды, септикалық, жүйелік түрлерінде өтетін зоонозды инфекция.

Әдебиет:

1.Внутрибольничная инфекция: учебное пособие/ под ред. В.Л.Осиповой. – М., 2009.

2.Шкатова Е.Ю., Морозкова О.А. Инфекционная безопасность в ЛПУ. Феникс, 2008.

Бақылау:

  1. «Инфекция» және «А.І.И» анықтама беріңіз.
  2. Инфекционды аурулардың маңызы.
  3. «Иммунозациялаушы субинфекция» дегенім не?
  4. Микробтардың микроорганизмдердің қорғаныс барьерлерінен өту қасиеті.
  5. Микробтардың метаболизм өнімі-экзотоксиндер және энотоксиндер
  6. Инфекциялық аурулардың формасы, түрлері және дамуы.
  7. Зоонозды инфекция жайлы түсінік және АІИ маңызы.

Дәріс

Тақырыбы: «Эпидемиологиялық қадағалау. Түрлері»

Мақсаты:Эпидемиологиялықлық қадағалау және оның түрлерімен студенттерді таныстыру.

Наши рекомендации