Дәріс. Жергілікті соттардағы сот орындаушыларының құқықтықмәртебесі түсінігі

1. Жеке сот орындаушысының атқарушылық құжаттардыорындау жөніндегі қызметін қаржыландыру

2. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтатудың негiздерi менсалдары

3. Аудандық және оларға теңестірілген соттардағы сот орындаушылардың құқықтық жағдайы

Негізгі ұғымдар: Қалалық сот, аудандық сот.

1.Жеке сот орындаушысы өз қызметін дербес қаржыландырады. Жеке сот орындаушысы өз қызметі үшін төлем ретінде алған ақшадан кеңсені сатып алу (жалдау), оны күтіп-ұстау, жабдықтау, жөндеу және күзету бойынша, жұмыс орындарын ашу және қызметкерлерге жалақы төлеу, кеңсе жұмысы үшін қажетті жабдықтар сатып алу, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, кеңсе мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шығыстарды, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жарналарды төлеу жөніндегі, жеке атқарушылық қызметті дамытудың нысаналы бағдарламаларына арналған міндетті төлемдерді төлейді, сондай-ақ өз қызметін ұйымдық-шаруашылық жағынан, көлікпен және техникалық қамтамасыз етуге байланысты басқа да шығыстарды өтейді. Қалған қаражат жеке сот орындаушысының иелігінде қалады және оның қалауы бойынша жұмсалады.

Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуде оның қызметін өзін-өзі қаржыландыру қажеттігі ескерілуі тиіс.

Алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеушараларын қолдану шеңберінде жүзеге асырылатынжеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу.Жеке сот орындаушысының қызметіне бюджеттен ақы төлеу:

Мыналар:

- борышкерді іздестіруге байланысты үш және одан көп ай берешек болған;

- борышкердің тұрақты кірісінің, жұмыс орнының және өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде алименттерді өндіріп алу туралы;

- өндіріп алуды қолдануға болатын ақша және мүлкі болмаған кезде жалақыны өндіріп алу туралы істердің әлеуметтік маңызы бар санаттары бойынша жүзеге асырылады.

Жеке сот орындаушысының осы баптың 1-тармағында көзделген атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдануға байланысты қызметіне ақы төлеу мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Аумақтық органға ұсынылған атқарушылық әрекеттерді жасағаны және өндіріп алынған төлемдер туралы есеп жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу үшін негіз болып табылады.

Жеке сот орындаушысының осы баптың 1-тармағында көзделген атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдануға байланысты қызметіне ақы төлеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеумөлшерін айқындау қағидалары.Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу борышкерден өндіріп алынған қаражат есебінен жүргізіледі және он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шекті мөлшерін белгілей отырып, істердің санаты мен өндіріп алу сомасына қарай үштен жиырма бес пайызға дейінгі мөлшерде белгіленеді. Мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу айлық есептік көрсеткішпен белгіленеді.

Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу атқарушылық құжат толық немесе ішінара орындалған жағдайда ғана жүргізіледі. Егер мүліктік сипаттағы атқарушылық құжат ішінара орындалса, онда жеке сот орындаушысына оның қызмет ақысының өндіріп алынған сомаға немесе мүлік құнына пропорционалды бір бөлігі ғана төленеді.

Жеке сот орындаушысы өзінің көрсеткен қызметтерінің ақысы үшін соманы осы Заңда көзделген және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшерде ғана өндіріп алуға құқылы. Жеке сот орындаушысына өзінің қызмет ақысы сомасының белгіленген мөлшерін өзгертуге тыйым салынады.

Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Өндіріп алушы жеке және заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жеңілдіктер осы тұлғаларға атқарушылық іс-әрекеттер жасалған кезде қолданылады.

Жеке сот орындаушысының шығыстарына аванс беру. Атқарушылық іс жүргізу қозғалғанға дейін өндіріп алушы жеке сот орындаушысының нұсқауы бойынша ағымдағы шотқа атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы енгізуге міндетті. Атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезде жеке сот орындаушысы өндіріп алушы үшін осы соманы енгізудің кешірек мерзімін тағайындай алады.

Егер жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаған болса және атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы алдын ала енгізу үшін кешірек мерзімді белгілесе, онда оны белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда ол атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруына болады.

Егер атқарушылық іс жүргізу барысында ағымдағы шотқа енгізілген қаражат атқарушылық әрекеттерді одан әрі жүргізу үшін жеткіліксіз болып шықса, онда өндіріп алушы жеке сот орындаушысының нұсқауы бойынша ағымдағы шотқа қосымша соманы енгізуге міндетті.

Атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті аванстық соманы енгізуден мына өндіріп алушылар:

- іс бойынша адамға заң көмегі тегін берілген немесе ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босатылған, сот шешімі негізінде берілген атқарушылық құжатты орындауға өкілдік берілген жеке адамдар;

- қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылған, қылмыстық сот ісін жүргізуде шығарылған шешім бойынша берілген атқарушылық құжатын орындау үшін ұсынған жеке тұлғалар;

- мемлекет пайдасына өндіріп алу бойынша мемлекеттік органдар;

- алименттерді өндіріп алу туралы сот актілері негізінде берілген атқарушылық құжаттар бойынша босатылады.

Жеке сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін алдын ала енгізілген соманы, егер ол борышкерден өндіріп алынған болса, өндіріп алушыға қайтарады.

Осы бапта көзделген аванс беру шарттары осы Заңның 37-бабының 4-тармағына сәйкес жеке сот орындаушысы мен өндіріп алушы арасында жасалатын келісім (шарт) негізінде реттеледі.

Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеусомасын борышкерден өндіріп алу тәртібі.Егер орындау барысында жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жүргізілмесе, орындау жөніндегі шығыстар, өндіріп алушы енгізген аванстық жарналар өтелмесе, жеке сот орындаушысы осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген қаулыларды шығарып, оны борышкерге жібереді.

Егер атқарушылық құжат ол мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғаннан кейін орындалса, оны орындау борышкерді орындау жөніндегі нақты келтірілген шығыстарды төлеуден және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуден босатпайды.

Борышкердің атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысының қатысынсыз орындауы оны орындау жөніндегі нақты келтірілген шығыстарды төлеуден және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуден босатпайды.

Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеусомасын қайтару.Жеке сот орындаушысының өндіріп алу немесе қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау кезіндегі әрекеттерін сот заңсыз деп таныған жағдайда жеке сот орындаушысы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап он күн ішінде негізсіз алынған соманы өндіріп алынған немесе төлеген адамға қайтарады.

2.Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтатудың негiздерi менсалдары.Атқарушылық iс жүргiзу, егер:

- өндiрiп алушы өндiрiп алудан бас тартса;

- төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енсе;

- өндiрiп алушы мен борышкер бiтiмгершілік келiсiмiн жасасса және оны сот бекiтсе;

- атқарушылық іс жүргізу тараптары медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасса;

- шешiмде белгiленген талаптар немесе мiндеттер өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін қайтыс болған адамның құқықтық мирасқорына ауыспайтын болса;

- борышкерді белгілі бір әрекеттерді жасауға міндеттейтін атқарушылық құжатты орындау мүмкіншілігі (белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартыну) жоғалса;

- тиiстi органның атқарушылық құжатты бергенде негiзге алынған шешiмiнiң күшi жойылса;

- өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылған заңды тұлғаны тарату аяқталса, құқықтық мирасқоры болмаған кезде не атқарушылық құжат банкроттықты басқарушыға немесе оңалтуды басқарушыға немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясына орындау үшiн жiберiлсе;

- атқарушылық құжаттың өндiрiп алу немесе өзге де талабы толық көлемде орындалса;

- кәмелетке жасы келгеннен кейін алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болмаса;

- заттарды өндiрiп алушыға беру туралы атқарушылық құжатты орындау кезiнде өндiрiп алушы борышкерден алып қойылған заттарды алудан бас тартса;

- мүлікті тәркілеу туралы атқарушылық құжаттың орындалуы барысында борышкерде мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табысы болмаса, сот орындаушысы қабылдаған, оның мүлкін немесе табысын анықтау жөніндегі заңда көзделген шаралардың барлығы нәтижесіз болса;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 312-6-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайта құрылымдауды тоқтату туралы соттың шешімі заңды күшіне енсе, тоқтатылады.

Атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда сот орындаушысы бір тәуліктің ішінде бұл туралы қаулы шығарады. Тиісті белгісімен атқарушылық құжатты не оның көшірмесін сот орындаушысы сотқа немесе құжатты берген басқа органға жібереді.

Атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуымен бір мезгілде мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға тиіс. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1) және 7) тармақшаларының негізінде тоқтатылған, орындалғаннан кейін атқарушылық санкция, орындау бойынша шығыстар, өсімпұл және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын атқарушылық құжаттар бойынша орындалуын қамтамасыз ету шараларының күші олар өндіріліп алынғаннан кейін ғана тоқтатылуға тиіс.

Борышкер төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі және атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен интеграцияланған төлем жүйелері арқылы жүзеге асырған жағдайда, атқарушылық іс жүргізуді тоқтату электрондық нысанда түзіледі және мәжбүрлеп орындату шаралары автоматты түрде тоқтатылады.

Атқарушылық құжаттың орындауға ұсынылу мерзімін сот қалпына келтірген не сот орындаушысының іс жүргізу тоқтатылған атқарушылық құжатты орындау жөніндегі әрекеттері заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылған атқарушылық іс жүргізуді қайта бастауға болмайды.

Атқарушылық құжаттарды өндiрiп алушыға қайтару.Өндiрiп алу жүргiзiлмеген немесе толық көлемде жүргiзiлмеген атқарушылық құжат сот орындаушысының қаулысы бойынша мына жағдайларда:

- өндiрiп алушының арызы бойынша;

- мүлкін тәркілеу туралы атқарушылық құжатты қоспағанда, егер борышкердің өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табыстары болмаса және сот орындаушысы оның мүлкін немесе табыстарын анықтау жөнінде қолданған, заңда көзделген барлық шаралар нәтиже бермесе;

- егер мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжат бойынша заңда көзделген орындау жөніндегі барлық шаралар нәтиже бермесе;

- егер өндiрiп алушы атқарушылық құжатты орындау кезiнде борышкердiң сатылмаған мүлкiн өзінде қалдырудан бас тартса;

- егер өндіріп алушы жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына орындау жөніндегі шығыстарды жабу үшін қажетті аванстық сомаларды енгізуден бас тартса;

- егер атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкердің, борышкер мүлкінің жеке сот орындаушысының өкілеттіктері қолданылмайтын аумақта екені анықталса;

- осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжатты орындау кезінде борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, борыш ауысқан) жағдайда, сот орындаушысы өндіріп алушыға құқықтық мирасқорды белгілеу және борышкерді ауыстыру туралы талаппен сотқа жүгіну құқығы туралы түсіндіре отырып, атқарушылық құжатты орындамай қайтарады;

- жеке сот орындаушысынан бас тартуға осы Заңның 54-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер болса, өндіріп алушыға қайтарылады.

Атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға қайтару заңда белгiленген атқарудың ескіру мерзiмi шегiнде осы құжатты орындауға қайталап ұсынуға кедергi болып табылмайды.

Өндіріп алу мемлекеттің пайдасына жүргізілетін атқарушылық құжаттар мынадай тәртіп сақтала отырып қайтарылады:

- сот жазып берген (шығарған) атқарушылық құжат талап-арызға бастамашы болған немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырған мемлекеттік органға қайтарылады;

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысы тиісті уәкілетті органға (лауазымды адамға) қайтарылады;

- прокурордың қаулысы прокурорға қайтарылады;

- қылмыстық істер бойынша мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар сотқа қайтарылады.

- әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісті уәкілетті органға (лауазымды адамға) қайтарылады.

Өндіріп алу толық көлемде жүргізілмеген, сондай-ақ сауда-саттық жарияланған атқарушылық құжат, егер өндіріп алушы орындалуы бойынша нақты келтірілген шығыстарды өтесе, өндіріп алушыға өтініші бойынша қайтарып алады.

Атқарушылық iс жүргiзудiң аяқталуы. Атқарушылық iс жүргiзу:

- осы Заңның 48-бабында аталған негiздер бойынша атқарушылық құжат қайтарылған;

- осы Заңның 47-бабында аталған негiздер бойынша атқарушылық iс жүргiзу тоқтатылған;

- соттың немесе құжатты берген басқа органның талабы бойынша атқарушылық құжат орындалмай қайтарылған жағдайларда аяқталды деп есептеледi.

Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру немесетоқтату, атқарушылық құжатты өндiрiп алушығақайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға,оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаныңтарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердiқарау.Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердi сот орындаушысы қарайды.

Сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы қаулы шығарады, оны мемлекеттiк сот орындаушылары үшiн аумақтық бөлiмнiң басшысы-аға сот орындаушысы бекiтуге тиiс.

Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы қаулысына сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

Орындалуға жататын атқарушылық құжатты түсіндіру.Атқарушылық құжат немесе оны орындау тәртібі түсініксіз болған жағдайда, оны орындау үшін алған сот орындаушысы, сондай-ақ өндіріп алушы немесе борышкер атқарушылық құжатты беруге негіз болған шешімді немесе өзге актіні түсіндіру үшін сотқа немесе атқарушылық құжатты берген органға жүгінуге құқылы.

Атқарушылық әрекеттер жасалатын жер.Атқарушылық іс-әрекеттер ұсынылған жері бойынша жүзеге асырыла отырып, атқарушылық құжат борышкер жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша не оның тұрақты тұратын жері бойынша не жұмыс орны бойынша, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген жері не орналасқан жері бойынша ұсынылады.

Егер борышкер заңды тұлға болып табылса, онда атқарушылық іс-әрекеттер ұсынылған жері бойынша жүзеге асырыла отырып, атқарушылық құжат тіркелген жері не оның органының (құрылтайшысының) нақты орналасқан жері, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген не орналасқан жері бойынша ұсынылады.

Атқарушылық іс-әрекеттер жасалған жерде сот орындаушысы аудио-, фото-, бейнетіркеуді пайдалана алады, алынған материал кейіннен атқарушылық іс жүргізуге тігіле отырып, бұл туралы іс жүргізу құжатында белгі жасалады.

Борышкерді белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттейтiн атқарушылық құжаттарды орындауды осындай әрекеттер жасалатын жердегi сот орындаушысы жүргiзедi.

Жекелеген атқарушылық әрекеттерді жасау және (немесе) мемлекеттік сот орындаушысының өкілеттігі қолданылмайтын аумақта мәжбүрлеп орындатудың жекелеген шараларын қолдану қажет болған жағдайда, ол атқарушылық әрекеттерді жасау және (немесе) мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануды тиісті мемлекеттік сот орындаушысына тапсыруға құқылы. Тапсырма осы Заңның 10-бабына сәйкес мемлекеттік сот орындаушысының қаулысымен ресімделеді және оны аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысы бекітеді.

Егер атқарушылық іс жүргізуді орындау процесінде борышкердің атқарушылық құжат ұсынылған мекенжай бойынша жоқ болғаны, басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында екені анықталса:

- мемлекеттік сот орындаушысы бұл туралы дереу қаулы шығарады және оны шығарған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық құжат пен атқарушылық іс жүргізудің барлық материалдарының көшірмелерін борышкердің жаңа тұрғылықты жері немесе нақты тұратын жері, оның жаңа жұмыс орны, борышкер заңды тұлғаның жаңа орналасқан жері бойынша мемлекеттік сот орындаушысына жіберіп, бұл туралы өндіріп алушыға хабарлайды. Атқарушылық құжаттың көшірмесі атқарушылық іс жүргізуде қалады;

- жеке сот орындаушысы атқарушылық құжатты өндіріп алушыға қайтаруға не онымен келісу бойынша тіркелген жері бойынша борышкердің жылжымайтын мүлкін және (немесе) орналасқан жері бойынша өзге де мүлікті өткізу үшін өзінің аумақтық округінен тыс жерге шыға отырып, атқарушылық іс-әрекеттер жасауға құқылы.

Атқарушылық әрекеттер жасалатын уақыт.Атқарушылық әрекеттер жұмыс күндерiнде сағат алтыдан жиырма екі сағатқа дейін жасалады. Атқарушылық әрекеттердi осы шекте жасаудың нақты уақытын сот орындаушысы белгiлейдi. Атқарушылық iс жүргiзу тараптары атқарушылық әрекеттер жасаудың өздерiне қолайлы уақытын ұсынуға құқылы.

Демалыс және мереке күндерiнде, сондай-ақ түнгi уақытта атқарушылық әрекеттерге, кейiнге қалдыруға болмайтын немесе оларды борышкердiң кiнәсiнен басқа күндерде және осы Заңда белгiленген уақытта жасау мүмкiн болмаған жағдайларда ғана жол берiледi.

Атқарушылық iс жүргiзудегi бас тарту.Егер сот орындаушысы, жеке сот орындаушысының көмекшісі, аудармашы, маман атқарушылық іс жүргізудің нәтижесіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса немесе өзге де мән-жайлар, атап айтқанда, тараптардың, олардың өкілдерінің бейтараптығына күмән туғызатын туыстық қатынастары орын алса, олар атқарушылық іс жүргізуге қатыса алмайды және одан бас тартуға тиіс.

Бас тартуға мән-жайлар болған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар бас тартатынын мәлiмдеуге мiндеттi. Бас тарту атқарушылық әрекеттер жасау басталғанға дейiн дәлелденiп, жазбаша түрде мәлiмделуге тиiс. Егер бас тартуға негiз туындаса және ол жөнiнде атқарушылық әрекеттер жасау басталып кеткеннен кейiн белгiлi болса, оған орындау процесiнде жол берiледi.

Мемлекеттік сот орындаушысынан бас тарту туралы мәселенi аумақтық бөлiм басшысы — аға сот орындаушысы шешедi, бұл жөнiнде тиiстi дәлелдi қаулы шығарылады.

Аудармашыдан немесе маманнан бас тарту туралы мәселенi сот орындаушысы шешедi, бұл жөнiнде аумақтық бөлiм басшысы — аға сот орындаушысы бекiтетiн тиiстi дәлелдi қаулы шығарылады.

Осы баптың 1-тармағында аталған негіздер болған жағдайда жеке сот орындаушысы атқарушылық құжатты өндіріп алушыға қайтарады, бұл туралы қаулы шығарады.

Сот орындаушысынан бас тартуға қарсылық білдіру туралы қаулыға белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкiн. Шағым жасалу немесе наразылық білдіру атқарушылық әрекеттер жүргiзудi тоқтата тұрмайды.

3.Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.

Жергілікті соттарға мыналар жатады:

1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар );

2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ):

Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады.

Аудандық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі – аудандық соттар) уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастыралы және таратады.

Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік- аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік –аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.

Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.

Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңлы белгіленген тәртіппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.

Егер аудандық сотта штат бойынша бір судья (бірқұрамды сот) көзделсе,ол осы соттың төрағасы өкілеттігін атқарады.

Аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келісе отырып, облыс соттарының әкімшісі белгілейді.

Аудандық соттың өкілеттілігі

1. Аудандық сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады.

2. Аудандық сот:

1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды.

2) сот статистикасын жүргізеді;

3) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Аудандық соттың төрағасы

1.Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:

1) сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;

2) соттың кеңесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

3) азаматтарды қабылдауды жүргізеді;

4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;

5) сот статистикасын жүргізу мен талдауды ұйымдастырады;

6) өкімдер шығарады;

7) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады;

Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкімі бойснша төраға міндеттерін атқару осы сот судьяларының біріне жүктеледі.

Бірқұрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндетін атқару аумақтық уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларының біріне жүктеледі.

Наши рекомендации