Білімалушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері

Университетте білімалушылар (студенттер, тыңдаушылар, курсанттар) құқылы:

-Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының толық көлемде білімдерін осы стандартқа сәйкес жеке оқу жоспары бойынша, жеделдетілген білім алу курстарында алады;

-жоо Жарғысында қаралған тәртіп бойынша кітапхана базасындағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді еркін және тегін пайдалануға;

-университеттің басқару органдарының жұмысына қатысуға;

-өзінің ойын және көзқарастарын еркін білдіруге;

-кафедра ұсынысы бойынша факультативтерді (осы мамандыққа қатысты емес) және баламалы курстарды ( міндетті түрде) таңдауға;

-жоо стандартына, оқу жоспарына сәйкес және тәжірибелік дағдыларды меңгеруге, оқу мен тәжірибе сабақтардың барлық түріне қатысуға. Осы құқық білім алу және кезекті еңбекке орналасуына қолдауға бекітілген студентпен физикалық немесе заңдық тұлға арасындағы шарттың келісіміне шек қойылады.

-Жарғы тәртібіне сәйкес университетте берілетін пәндерді, оқу пәндерінен басқа, таңдалған мамандық бағытына қарай, сонымен қатар басқа жоо берілетін пәндерді ( басшылық келісімі бойынша) меңгеруге;

Оқу жоспарына байланысты мамандық бойынша оқу пәндерін деканатпен кафедралардың келісімімен алу, сонымен қатар университетте өтетін әртүрлі қосымша оқу сабақтарына қатысу;

-ректор мен деканның алдында оқу материалдарының сапасын ойдағыдай қамтамасыз етпейтін, оқу кестесін, тағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ережесін бұзатын оқытушыны ауыстыруға;

-университет қызметіндегі маңызды мәселелерді, сонымен қатар қоғамдық ұйымдар және басқару органдарымен шешуге және талқылауға қатысуға;

-университет Жарғысының тәртібіне сәйкес университет құрылымдарының оқу, ғылым, емдеу және басқа қызметтерін пайдалануға;

-ғылыми – тәжірибелік жұмыстардың барлығына, конференцияларға, симпозиумдарға қатысуға;

-келісім шарт негізіндегі ақылы білім алудан ақысыз білім беру бөліміне университет Жарғысының тәртібіне сәйкес ауысуға;

Университетте білімалушылар басқа білім беруші мекемелерге, білім беру бағдарламасының деңгейіне сай, осы мекеменің келісімімен және ойдағыдай аттестациядан өткен жағдайда ауысуға құқылы:

-университетке қабылданғандар білімалушылардың этика және ар-намыс Кодексін сақтауы керек;

- білімалушыларды ауыстыру және қайта қабылдау ҚР БҒМ №638 бұйрығына сәйкес жүргізіледі;

- білімалушыларды ауыстыру және қайта қабылдаудың міндетті талаптары бірінші академиялық мерзімдегі жұмыс оқу жоспарының барлық талаптарын орындау және аралық аттестацияны тапсыру болып табылады;

-егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компонент бес оқу пәнінен артық болмаса, сол курсқа ауыстыру және қайта қабылдау жүргізіледі;

-пәндердің жұмыс оқу жоспарындағы айырмашылықты жою және білімалушылар қатарына қайта қабылдау, тек қана ақылы негізде жүргізіледі;

-бір мамандықтан басқа мамандыққа ауыстыру тек қана ақылы негізде жүргізіледі.

Кітапхана

Кітапхананың анықтамалық – библиографиялық аппараты туралы мәліметтер:

Каталогтар және сілтемелер

Алфавитті каталог

Қазақ тіліндегі басылымдардың алфавитті каталогы

Ағылшын тіліндегі басылымдардың алфавитті каталогы

Жүйелік каталог

Электронды каталог

Жүйелі каталогқа алфавитті-пәнді сілтеме

Авторефераттар және диссертациялар каталогы

Картотекалар

Баяндамалардың жүйелі картотекасы (СКС)

Уақытша сақталатын кітаптардың картотекасы

Семей қаласы ММУ ғалымдарының еңбектерінің картотекасы

Кітапхананы қолдану ережесі

Кітапхана қорында жоқ ақпаратты оқырмандарға интернет арқылы алуды кітапхана ақпарат орталығы міндетіне сәйкес ұсынады. Қорда жоқ ақпаратты интернет арқылы алу.Интернет жаһандық компьютерлік желі, ол динамикалық ақпараттық қормен алмасуды және беруді қамтамасыз ету қарым қатынасты жеңілдетеді.Қазіргі уақытта Интернеттен әр тақырыпқа тәжірибелік ақпарат алу мүмкіндігі өте зор: мәтіндік, графикалық, аудио- және бейне. Интернеттегі ақпараттың мазмұнына, дәлдігіне және сапасына кітапхана өз жауапкершілігіне алмайды, пайдаланушылардың қандай ақпаратқа сүйенетінін бақыламайды. Кітапхана Интернет- мекенжайларды ұсынады Барлық оқырмандарға кітапхана басқа кітапхана қорларына Интернет арқылы енуді қарастырады.

Наши рекомендации