Адам мен адамзаттардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері

Адам құқығы Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы — адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. Адам құқығына мынадай белгілер тән:

· олар қоғамда өмір жағдайының үнемі өзгеріп отыруына байланысты, адамның табиғи және әлеуметтік мәнділігі негізінде туындайды және дамиды;

· объктивті түрде қалыптасады және мемлекеттің мойындауына тәуелді емес;

· туғанынан беріледі;

· табиғи (су, жер, ауа, т.б. сияқты) қажеттілік болып табылады, ажыратылмас сипатта болады;

· тікелей әрекетті болып табылады;

· ең жоғары әлеуметтік құндылық болып танылады;

· құқықтың кажетті бөлігі ретінде адамның өмір сүруінің нақты бір түрпатын білдіреді;

· жеке адамның өз калауынша әрекет жасауына мүмкіндік жасайтын, сейтіп нақты бір игіліктер алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастарды тұжырымдайтын кағидаттар мен нормаларды білдіреді;

· оларды мойындау, сақтау және корғау — мемлекеттің міндеті.

Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер бар. Біріншіден, адам құқығы мемлекеттік мойындаудан және заңдық бекітулерден оның кандай да бір мемлекетке қатынасына қарамай тәуелсіз өмір сүреді. Азаматтың құқығы өмір сүріп жаткан мемлекеттің қорғалуында болады. Екіншіден — әлемде көптеген адамдардың азаматтық мәртебесі (азаматтығы жоқ тұлғалар) жок, яғни олар формалді түрде адам құқығының иегері болып табылады, бірақ азаматтық құқығы жок.

Азаматтық дегеніміз— адамның мемлекет арасындағы өзара құқықтық саяси байланысы.

Азаматтық ұғымызаң бойынша үш элементтен тұрады:

1. Адамның мемлекет пен байланысының уақытша емес, тұрақты болуы.

2. Адамның мемлекетпен байланысының саяси құқықтық сипатта болуы.

3. Мемлекет пен азаматтың арасындағы өзара құқық пен міндеттердің белгінелуі.

Азаматтық мәселесі Қ.Р.- ның 2011 жылғы 16 тамыздағы қабылданған Қ.Р.- ның азаматтық туралы заңымен реттеледі.

Қ.Р-даазаматтық мынадай төрт жағдайда беріледі:

1. Тууы бойынша.

2. Қ.Р. азаматтығына қабылдануы нәтижесінде.

3. Қ.Р. халықаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша.

4. Қ.Р. азаматтығы туралы заңда қаралған немесе өзге де негіздер бойынша.

Азаматтықтан айыру:

1. Қ.Р. мемлекет аралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда,адамның басқа мемлекетте әскери қызметтке, қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет пен басқару органдарына орналасу салдарынан.

2. Қ.Р.- ның азаматтығын жалған мәліметтер немесе жалған құжаттарды табыс етуі нәтижесінде алынса.

3. Қ.Р. мемлекет аралық шарттарында көзделген негіздер бойынша.

4. Қ.Р. – нан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсіз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тіркелмесе азаматтығынан айырылады.

Азаматтық мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау Қ.Р. – сы президентінің өкілеттілігіне жатады. Қ.Р-сы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен және республикалық азаматтық туралы заңмен реттеледі.

Конституцияда азаматтық туралы қағидалар барлық азаматтардың теңдігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кепілдігі және мұндай бостандықтардың шектелуіне жол бермейтіндігі, азаматтықтан айырлуға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол бермейтіндігі туралы қағидалар енгізілген.

Ал азаматтық туралы заңда қандай адамдардыңҚ.Р-сының азаматы болып табылатыны, олардың құқықтары, азаматтық алу, тоқтату тәртібі, ата- аналардың азаматтығы өзгерген, азаматтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігі, азаматтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігі, азаматтық мәселелер бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібі, шешімдерге шағымдану тәртібі сияқты мәселелер қарастырылады. Азаматтыққа қабылдау кезінде қарсылық білдіру негізі қолданылады. Ол дегеніміз егер азамат еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы қылмыс жасаса, республика аумағының тұтастығын бұзса, мемлекеттік тілдің қызметіне қарсылық әрекет жасаса, терорлық әрекеті үшін сотталған болса,т.б. Осындай құқық бұзушылық негіздері болғанда онда азаматтыққа қабылданбайды. Сондай- ақ қос азаматтық танылмайды. Қ.Р-ның азаматтығы азаматтық туралы қарастырылған жағдайда тоқтатылады.

Наши рекомендации