НаҚаҚтан ҚҰрбан болҒандар туралы

Есіме түссе етім тітіркенед,

Істерге сол кездегі көп әрекет.

Сөйлесіп үш-төрт адам басын қосса,

Бәлеге тұтқиылдан болды кенет.

Көбейді халық жауы ұйым бар деп,

Көтерді мансапқорлар шу керемет.

Семірген бу мен дуға екі жүзді,

Ұстауға қойдай матап болды себеп.

Даңдайсып мақтанғанға теңеу таппай,

Сталин іс шешпеді ешкімді елеп.

Егерде әділетті адам болса,

Лениндік тура жолды ұстау керек.

Бар атақты өзіне иемденіп,

Лениннің де еңбегін көп елемед.

Революция жолында еңбек еткен,

Атылғанын талайдың айтқым келед.

Біреулер екі жақты ойлайт(ын) шығар,

Енді не уақыт өтті бәлен демек.

Біреудің біреуге еткен зұлымдығы,

Ғасырдан ғасыр жыр боп бара беред.

Оқиға басталған жыл отыз жеті,

Сұмдықтың болды талай кереметі.

Қуанды совет елі жауланды деп,

Фашистер капиталист елдің шеті.

Көптеген партияның адал ұлы,

Жауыздық емес демес ешкім мұны.

Жан қинап өтірікке мойындатты,

Кеткендей әкесінің сонша құны.

Шындықты адал арам айырмады,

Істі айтам(ын) әділсіздік жайындағы.

Санкция шетсіз-шексіз беріп-беріп,

Адамнан загатовка дайындады.

Тройкы НКВД приказы,

Ұрлық сот солай болды үкім қазы.

Не жөнмен, қандай іспен айыпталды,

Естірткен ешкімге де жоқ қағазы.

Көп адам өтірікке мойындады,

Жәбірі мойындамай қойылмады.

Қуанды тірілгендей әкелері,

Айтқасын айт дегенін ойындағы.

Жазықсыз кетті сонан қанша жандар,

Оқушым зұлымдықтың түрін аңғар.

Көріңдер бірқатарын мен айтайын,

Саяси деген адам қылмыстылар.

Еңбекші ел Амангелді ауданында,

Ахмет, Биян, Мұқат, Жарасқандар.

Серікбай, Қапен, Хакім, Балтабаймен,

Ыбырай, Жанұзақта не жазық бар.

Адамдар еңбек етіп жан жалдайтын,

Тағы да зұлым емес кісі алдайтын.

Көп адам қайсыбірін тауысамыз,

Момындар қой аузынан шөп алмайтын.

Зұлымдық, әділсіздік толып жатыр,

Бұда жау Сырғабаев шопан ақыл.

Қазіргі бір совхозда озат шопан,

Қандай ит сол дәуірді көрер мақұл.

Болыппыз қамалғанның бізде бірі,

Келді ғой өлмеген жан елге тірі.

Бейнетке зейнетке де тоймайтұғын,

Көрмеді дүниеде жаннан сірі.

Бізде жоқ сіңген еңбек партияға,

Еңбеккер өлді сабаз не зияда.

Бейімбет, Ілияспен, Сәкендерді,

Өзгеге өлім түгіл көз қия ма?!

Еңбегі ерлерімнің ұшан теңіз,

Туралық олар үшін болмай негіз.

Шындықты әділ шешіп, бетін ашқан,

Жасасын съездер партиямыз.

Кешуде не көрмеді тар жол тайғақ,

Шверник, Шелепиннің сөздері айғақ.

Ілияс екінші Абай десе болар,

Отырад қанып сөзі миға жайлап.

Бейімбет сақтамаушы ед бүкпелеп сыр,

Тарихын айта берсе таусылмас жыр.

Шындықты сын жолымен тура жазар,

Қайратты өткір еді қаламы өткір.

Таранда, Қарабалық туып өсті,

Білеміз халықпыз ғой қонысы бір.

Аз сөйлеп көп жазатын Сәкен ақын,

Дос түгіл дұшпанға да сақтамай кір.

Қолында жауыздардың қаза тауып,

Қапияда өксіп өтті қызық өмір.

Жазықсыз жазаланып оларда өтті,

Көрсеткен отан үшін дұшпанға қыр.

Соғысты басқарушы талай ердің,

Тауыса алмас санын адам өлгендердің.

Постышев, ................... пубнов,

Тухачев қаны кімге Плюхердің.

Өткенге пайдасы жоқ қамығудан,

Саны жоқ табы жат боп ағылудан.

Прокурор Вышинский Сталинге,

Болмады нәтижесі шағынудан.

Құзғындай қызыл көрген істі үдетіп,

Күні боп қанға жеріп жанығудан.

Сұстанған өзі патша, өзі құдай,

Кесірі жеке адамға табынудан.

Аяқсыз берген шағым қала берді,

Түрмеге топырлатып сала берді.

Түксиіп Кремлде отырып ап,

Ежовтың айтқан тілін ала берді.

Бейбіт ел бұл қалай деп таңырқасты,

Қай күні әкетед деп қорқып састы.

Оқудан, комсомолдан қудалады,

Кінәсіз әкең жау деп кілең жасты.

Тәкаппар тас мүсінге тән Сталин,

Өздері етті заңын аяқ асты.

Ежовты, Бериямен қару қылып,

Ақырда мовзолеймен амандасты.

Тарихи мәңгі жаса ұлы съезд,

Шындықтың жауыздықпен шегін ашты.

Ешқандай саясат жоқ дақпыртпенен,

Бетіне албан, қытай текке адасты.

Пиғылын олардыңда кім біледі,

Кімге дос екендігін кімге қасты.

Қарсы боп партияға ақырында,

Шағын топ фракционерлер ұйымдасты.

Партия көреген ғой асықпайтын,

Ешкімді ендіркетіп тасытпайтын.

Қатесін кімнің қандай мойындатып,

Түзетіп, тәрбиелеп машықтайтын.

Сүйрете жөнелмейді түрмесіне,

Халықты топтастырып іргесіне.

Әйгілеп ақ-қараны айырады,

Адамның кешірім ғып білмесіне.

Партия халық қамқоры рахымы кең,

Көретін заман өтті итпенен тең.

Арылтты бәрін-дағы ойымыздан,

Санаған өміріміз бүгін бе ертең.

Ол кезде кірді-шықты адам есі,

Болмады үй-семья берекесі.

Жайылып алым-салық, заң бұрмалау,

Қазірде артты жұрттың несібесі.

Шаттықта елдің іші кәрі-жасы,

Өскен соң ілгерілеп малдың басы.

Қу дала құлазыған астыққа бай,

Торғайдың тың көтерген кең алқасы.

Миллиард береріне көз жетеді,

Бұл әзір жас совхоздар бастамасы.

Бекіткен ХХІІ ұлы съезд,

Жасасын партияның программасы.

Бізде көп мақтан етер тапқан табыс,

Халыққа іс жүзінде бәрі таныс.

Сайлауы ұлы совет құрметіне,

Бақташы, малшыларда үлкен жарыс.

Шығынсыз малды қыстан алып шығу,

Қалғанын бір-бірінен көріп намыс.

Ел үшін еңбек ету ер борышы,

Өмірі коммунизм емес алыс.

Межелі коммунизм шыңы емес пе,

Аңсаған адамға арман мұң емес пе.

Партия қатарына топтанайық,

Съездің шешімдерін алып еске.

Кім дұрыс, кім турашыл, кімде әділдік,

Болмайды осы жөннен үндемеске.

Қамқорлық халыққа деген әділдікті,

Мен көрдім келгенде жас алпыс беске.

Съездің програмасын әділет заң,

Құтқару халықты ескі идеядан.

Сыналды принципсіздік екі жүзді,

Қол үзген халықпенен партиядан.

Халықпенен қарама-қарсы қойып,

Кім болды Ленин жолын бұрмалаған.

Тәпіштеп дұрыстығын бәрі де айтты,

Съездің мінбесіне шыққан адам.

Халықтың бейбітшілік бақыты үшін,

Ешкімде сөз қалған жоқ айтылмаған.

Сондықтан сөйлеушінің ұсынысын,

Қарсы алып барлық халық мақұлдаған.

Пайда жоқ құрғақ сөзден құр байытқан,

Мағына алу керек бұл жайттан.

Беріктік, ұстамдылық туралығын,

Сақта деп партияның Ленин айтқан.

Ол кезде болған шығар шпион көп,

Оларды санады ма көңілге тоқ.

Партия шын көреген бол деп айтты,

Қыра бер көрінгенді деп айтқан жоқ

Шпион арамызда жоқ емес бар,

Есірген екі жүзді мансапқорлар.

Әубәкір, Есімғали, Хакімбекпен,

Ұстаған қойдай матап міне осылар.

Олардың енді несін жасырамыз,

Шындықты шешушіге бас ұрамыз.

Әділдік партияның қамқорлығы,

Көмекті сонан күтіп асыламыз.

наҚаҚтан ҚҰрбан болҒандар туралы - student2.ru

Наши рекомендации