Леуметтік қызметкер нені білу керек?

Әрбір кәсіби маман бойында:
-адамгершілік;
-силамдық;
-адамды ол қандай, солай қабылдау;
-кішіні құрметтеу, үлкенді қадірлеу;
-өзінің мамандығына деген қызғушылық;
-өз ісіне жауаптылық т.б қасиеттер . Себебі әлеуметтік қызметкердің қолында адам өмірі тұр . Ол өз ісіне жауапты , тұрақты болуы тиіс.
Әрбір әлеуметтік қызметкер бірден кәсіби маман болып кетпейді. Біз осыны есімізде сақтауымыз керек. Ол оның қызметінің барысында дамып, оның бойына сіңіріледі. Әлеуметтік жұмыс жеке адамға бағытталған. Тіпті ол топпен жұмыс істесе де ол олардың әр қайсысымен жеке-жеке жұмыс атқарады. Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік тұлғасы мына жағдайларда ерекше көрінеді:
-белгілі бір мәселені шешкенде, әлеуметтік қызметкердің методологиялық базасының кеңдігі;
-қызмет процесіндегі клиент пен әлеуметтік қызметкер арсындағы әлеуметтік қақтығыстарды шешуі;
-мәселені шешу кезіндегі болжау, шешу, басқару.
Әлеуметтік қызметкер кәсіби маман ретіндегі міндеті оның қызметін күрделендіреді. Әлеуметтік қызметкер міндетіне мүгедектердің үйіне немесе станционарлық жағдайда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру кіреді. Әлеуметтік қызметкердің атқаратын жұмысы әртүрлі.
Отбасына , жетімханаларға көмек көрсетуге (балаларға қамқорлық, қамқоршылық) орталықтарын ашу. Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік құндылықтары. Ұйымдастырушылық қызмет әр жерде ( аймақта , тұрғындық жерлерде ) әлеуметтік қызмет мекемелерін құрумен және басөқару мен байланысты байланысты әлеуметтік қызметкер адамдар қызығушылығын біле отырып, олардың бос уақытын ұйымдастрыуна әр түрлі ұйымдар қатыстыра отырып өткіщуге себеп болады. Бұдан басқа тікелей және жанама түрде маргиналдық тұоғындар бөлігіне қолдау көрсетеді.
Көмек сұраушымен жұмыс істегенде әлеуметтік қызметкер психиканың денсаулық факторларын қалыпқа келтіруге тиіс.
1.Адам өз өміріне жауапкершілігін сезінуге міндетті.
2.Өздік рефлексия мен өздік таңдауға қабілеттілігі.
3.Өзінің кім екенін тануы.
4.Бүгінгі күнмен өмір сүруі.
5.Жеке әлемін құру, жеке өһмірінің мәнін өз құндылықтар жүйесін құру қажеттілігімен байланыстыра ойлау.
6.Басқаларды түсінуде адамды тек жай ғана тыңдап естіп қана қоймай қоршаған социумды қабылдау деп түсіну.
7.Өмірді сол қалпында қабылдау. Әлеуметтік қызметкер міндеті жеке адамға қиын жағдайда қорғана білуге , түрлі қоқыныштардан, үрейлерден қорғана түсуге үйрету.
Әлеуметтік қызметкерлер барлық мұқтаж адамдардың проблемасын ( яғни мәселесін) шешуге көмектеседі., ең алдымен әлеуметтік жағынан қаралмағандарға. Қарттарға, мүгедектерге, дұрыс отбасы тәрбиесін алмаған балаларға психикасы бұзылған адамдарға, маскүнемдерге, нашақорларға, СПИД дертіне шалдыққандарға есепке алынған отбасыларға , және т.б. әлеуметтік қорғауға мұқтаж әлеуметтік топтарға. Сондықтан әлеуметтік жұмыс – бұл теория ғана емес, ол адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттік қарым-қатынасының өнері. Ескре кететін жағдай , біздің мемлекетімізде әлі әлеуметік жұмыстың технологиясы мен әдістері жеткіліксіз. Адамның бабын табу, әлеуметтік жұмыстың принципі ретінде адамға назарын аударту сияқты қиын мәселені өте қажет етеді. Әлеуметтік жұмыс ол – қайырымдылық іс. Яғни кез- келегн адам, кез-келген маман бойында халыққа деген жан ашушылық, , халыққа деген сүйіспеншілік қасиеттері болмаса, шын ниетпен халыққа адамгершілік, қайырымдылық қызмет көрсетуге тырыспаса ол маман клиент мәселесін шеше алмайды. Сондықтан әлеуметтің қызметкердің бойында біріншіден адамгершілік қасиеттері қалыптасуы қажет деп ойлаймын.
Әр қазақ жастарының бойында және әр болашақ әлеуметтік қызметкердің бойында адамгершілік, қайырымдылық қасиеті болса, еліміздің халқы бір-біріне жаны ашып, көмек көрсетіп тұрса бұл мемдлекетімізге тіптен де пайдалы. Осы мақсатта мен әлеуметтік қызметкерді елімізге қажетті және оны көбейтуге шақырғым келеді.
Осыған орай әлеуметтік қызметкердің қызмет түрлерін:
-Психологиялық қызмет;
-Кеңес беру қызметі:
-Мәселені шешу;
-Басқа мамандармен байланыс;
-Құжаттық қызмет;
-Үйге көрсететін қызмет;
-Әр түрлі әлеуметтік қорғау мекемесіндегі қызмет; ;
-Қоғамды реттеу қызметі;

Наши рекомендации