Мақсаты: эвакуация туралы негізгі ұғымдарды, эвакуациялық органдарды, эвакуациялық шараларды жоспарлауды оқып-білу

Жалпы ережелер

Эвакуация – адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық кұндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде қауіпсіз жерге көшіру.

Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналастырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілерімен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.

Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді.

Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды олардың жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдыстырады.

Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен – халықты жаяу немесе көлікті барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады.

Халықты эвакуациялау үшін көліктің барлық түрін пайдалану. Жұмысшылар мен қызметшілерге орналастыратын аймақты алдынала әзірлеу.

Эвакуацияланған барлық халық маршрутта, орналастырылған пункттерде, бытыраңқы орналастырылған орындарда тіршілік қызметіне қамтамасыз етілуге тиіс. Өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған объектлер үзілсіз әрі түрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етілуге тиіс.

Осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарынын студенттері, колледждердің, мектеп – интернаттардың оқушылары, балалар үйлері тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйлерінде орналасқандар, әкімшілік пен олардың отбасы мүшелерімен бірлесе отырып) көлік жұмысының кестесін бұзбастан эвакуациялық шаралар басталғанға дейін жарым – жартылай эвакуациялауға жатады.

Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылды.

Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді.

Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пунктері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі, және солардың шешімімен (қаулысымен) бекітіледі. Осы шешімдер, (қаулылар) негізінде әрбір ұйымға ордер беріледі, оның көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады.

Жарым-жартылай эвакуациялау кезінде халықты орналастыру аудандарын (пунктерін) Республика Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Жарым-жартылай эвакуация- осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте және қызмет ету саласындағы істемейтін халықты көлік жұмысының кестесін бұзбастан эвакуациялық шаралар басталғанға дейін жарым-жартылай көшіреді.

Эвакуацияланатын халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойынша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін.

Бытыраңқы орналастыру – соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жүмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Категорияланған қалаларда соғыс кезінде жұмысын тоқтатпаған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады. Әр ұйымның жұмысшылар ауысымын жұмыс объектілеріне аз уақытта (2-3 сағаттан көп емес) барып келуіне тасымалдауды ескере отырып, темір жолға, автомобиль және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлінеді.

Наши рекомендации