Орытынды бақылау: емтихан сессиясы кезеңінде
ПӘН БОЙЫНША РЕЙТИНГ ЖҮЙЕСІ
Атауы | Қойылатын балл мөлшері | Барлығы |
Дәріс | ||
Практикалық сабақ | ||
Сабақтан қатыспаған жағдайда | - 2 | - |
Студенттің сабаққа белсенді қатысуы | ||
СӨЖ | ||
Жазба жұмыс | ||
Үй тапсырмасы | ||
ОСӨЖ | 17/17 | |
Аралық бақылау | ||
Қорытынды емтихан | - | |
Барлығы | 300 балл |
Тест тапсырмаларын бағалаудың 10 балдық жүйесі
30 сұрақ бойынша: 30=10 27-29 = 9 26-24=8 23-21=7 20-18=6 | 17-15=5 14-12 = 4 11-9=3 8-6=2 5-3=1 3-1=0 | 10 сұрақ бойынша: 10 = 10 9-8=8 7-5=6 4-2=4 2-1=2 |
Курс саясаты:
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Оқытудың кредиттік жүйесі ережелеріне» сәйкес студент:
· сабаққа дайын болып келуге, сабақта белсенді болуға;
· аудиторияға оқытушыдан соң кірмеуге;
· өзара және оқытушымен қарам-қатынаста сыпайы болуға;
· сабақта ұялы телефонын өшіруге;
· өзгеден көшірмеуге (көшірілген жұмыс қабылданбайды);
· тапсырманы белгіленген мерзімде тапсыруға (белгіленген мерзімнен себепсіз кешіктірілген жұмыс үшін қойылған баға 50 %-ға төмендетіледі)
· сабақтан қалмауға міндетті.
· «Оқытудың кредиттік жүйесі ережелерінің» 7.14 - тармағына сәйкес сабақтың 20%-ына қатыспаған студент сабақтан босатылады және оған «AW» бағасы қойылады.
Студент:
· пәнге қатысты туындаған барлық мәселелер бойынша оқытушыдан кеңес алуға;
· қатыспаған сабақтарындағы қарыздарын, тапсырылмаған жұмыстарын офис сағатта толықтыруға;
· оқу процесін жақсартуға қатысты өз ұсынысын айтуға;
· әрбір модуль бойынша ағымдағы өз үлгерімі нәтижелерін білуге;
· белгілі бір себептермен аралық бақылауға келе алмаған студент оны тапсыру үшін кафедра меңгерушісінің өкімімен рұқсат алуға;
· белгілі бір себептермен қорытынды бақылауға келе алмаған студент емтиханды тапсыру үшін оқу ісі жөніндегі проректордың өкімімен рұқсат алуға;
· қорытынды емтиханда қойылған бағаға қанағаттанбаған жағдайда аппеляцияға беруге құқылы.
Есте сақтаңыз!
1) Ешқандай себепсіз сабақтың 20% -на қатыспаған студентке «Қанағаттанарлықсыз» -«F (Fail)» қойылады.
2) 1 және 2- аттестация қорытындысы бойынша 100-ден төмен балл жинаған студент емтиханға жіберілмейді.
3) Емтиханда 20 балдан төмен жинаған студентке (1 және 2-аттестация балы қанша болса да) «Ғ» қойылады.
Силлабус құрастырушы:--------------------------------Рахметова Р.С.
Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының
меңгерушісі: ----------------------------------------- Дәулетбекова Ж.Т.
Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасы жиналысының 2015 жылғы № хаттамасымен бекітілді.
Курс саясатымен таныстым, оны сақтауға міндеттенемін».
№ | Студенттің аты-жөні | Факультеті, курсы, тобы | Қолы |
Қосымша:
Студент орындайтын СӨЖ/ ОСӨЖ / және жазбаша жұмыс пен үй тапсырмасына қойылатын бағалау критерийлері
СӨЖ-1
- синтаксистің салалары бойынша түзілген картотеканы талапқа сай дайындауы;
- картотекада авторыдың аты-жөні, кітаптың аты, шыққан қаласы, баспасы, жылы, баспа табағының көрсетілуі;
- ұғымдардың глоссарийі түсінікті әрі қысқа болуы шарт;
- дайынглосарийлер есептелмейді.
СӨЖ-2
- сөз тіркесінің өзіне тән ерекшеліктері, түрлері, формалары, қатынас түрлерін толық қамтуы;
- концептауалдық кестеге қойылатын талаптардың сақталуы (семантикалық байланыстың болуы, ұғымдардың бірін-бірі толықтыруы, өзара сабақтастықта өрілуі).
СӨЖ-3
- еңбектегі материалдың толық қамтылуы;
- ондағы басты идеяның анықталуы;
- өзіндік көзқарасын білдіре алуы;
- екі еңбектің өзіндік ерекшелігі мен ұқсастығын айқындап көрсете алуы.
СӨЖ-4
- екі еңбектің көтеріп отырған мәселесін анықтай алуы;
- еңбектердегі негізгі ойды тұжырымдап жеткізе білуі;
- салыстырмалы талдау жсау арқылы қажетті ақпаратты анықтай алуы.
СӨЖ-5
- құрмалас сөйлемнің (салалас, сабақтас, аралас) жасалуының қамтылуы;
- салалас құрмаластың жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің жіктелуі;
- сабақтас құрмаластың түрлерінің жасалуы, түрлерінің қамтылуы;
- құрмалас сөйлемге байланысты қойылатын тыныс белгілердің мысалдар арқылы көрсетілуі.
СӨЖ-6
- сабақтас және салалас сөйлемдердің мысалдар арқылы салыстырыла берілуі;
- мысалдардың көркем әдебиеттен алынуы;
- авторлардың аты-жөнінің берілуі;
- негізгі ұқсастықтар мен айырмашылықтарын көрсете алуы.
СӨЖ-7
- аралас құрмаластың зерттелуін толық қамтуы;
- ғалымдардың еңбектеріндегі негізгі идеяны тауып, анықтай алуы;
- өзіндік көзқарасын тұжырымдап жеткізе алуы.
СӨЖ-8
- Р.Сыздықтың тыныс белгілері туралы тұжырымын жинақтай алуы;
- Тыныс белгіліренің қойылу себептерін мысалдар арқылы дәлелдеп көрсетуі;
- бұқаралық ақпарат құралдарындағы тыныс белгілерінен кеткен кемшіліктерді жинақтап көрсете білу.
ЖЖ-1
- мысалдың көркем әдебиеттен алынуы;
- автордың аты-жөні, кітаптың аты және бетінің көрсетілуі;
- сөз тіркесінің түріне, байланысу тәсіліне, синтаксистік қатынас түріне, формасына қарай толық талдануы;
- басыңқы сыңарының қай сөз табынан жасалуы, құрылымы, синтаксистік қатынасы.
ЖЖ-2
- мысалдың көркем әдебиеттен алынуы;
- автордың аты-жөні, кітаптың аты және бетінің көрсетілуі;
- жай сөйлемнің айтылу мақсатына, құрамына, типіне қарай талдуы;
- сөйлем мүшелеріне қарай толық синтаксистік талдауы.
ЖЖ-3
- мысалдың көркем әдебиеттен алынуы;
- автордың аты-жөні, кітаптың аты және бетінің көрсетілуі;
- сөйлемнің темасы мен ремасын анықтай алуы;
- тема мен реманың сөйлемнің коммуникативті мүшесі болып табылатын дәлелдеп бере алуы;
- сөйлемдегі тема мен реманың орналасу ретін көрсете алуы.
ЖЖ-4
- мысалдың көркем әдебиеттен алынуы;
- автордың аты-жөні, кітаптың аты және бетінің көрсетілуі;
- сөйлемге толық синтаксистік талдау жасауы.
ЖЖ-5
- мысалдың көркем әдебиеттен алынуы;
- автордың аты-жөні, кітаптың аты және бетінің көрсетілуі;
- құрмалас сөйлемнің түрін ажырта алуы;
- оның жасалу жолын дәлелдеп көрсете алуы;
- құрмалас сөйлем компоненттерінің аналитика-синтетикалық және синтетикалық (грамматикалық), семантика-грамматикалық тәсілдерді көрсете алуы.
ЖЖ-6
- мысалдың көркем әдебиеттен алынуы;
- автордың аты-жөні, кітаптың аты және бетінің көрсетілуі;
- құрмаластарды архетипіне қарай талдау жасау;
- құрмалас сөйлемдерді құрамына, семантика-грамматикалық сипатына және байланыстырушы амалдарына қарай талдау.
ЖЖ-7
- мысалдың көркем әдебиеттен алынуы;
- автордың аты-жөні, кітаптың аты және бетінің көрсетілуі;
- аралас құрмалас сөйлемнің түрін ажырта алуы;
- оның жасалу жолын дәлелдеп көрсете алуы;
- компоненттер арасындағы функционалдық және семантикалық қатынасты ажыратып талдай алуы.
ЖЖ-8
- мәтіннің көркем әдебиеттен алынуы;
- мәтін байласымы, тұтастығы ұғымдарын анықтай алуы;
- мәтінге синтаксистік талдау жасай білуі
Т-1
- синтаксисін ілімін зертеген ғалымдардың суретін және еңбектің сыртқы бетін ұтымды қолдануы;
- фотоколлаж дайындаудағы өзіндік стилінің болуы;
- сауатты әрі көркем дайындалуы.
Т-2
- мысалдың көркем әдебиеттен алынуы;
- автордың аты-жөні, кітаптың аты және бетінің көрсетілуі;
- сөйлемдің жасалу жолын дәлелдей алуы;
- бір негізді және екі негізді сөйлемдерді ажырата алуы.
Т-3
- құрмалас сөйлемдерді қарастырған ғалымдардың еңбектерімен толық танысуы;
- ойталқыда өз ойларын жүйелі жеткізе алулары;
- ойкөкпарға қойылатын талаптарды қатаң сақтаулары.
Т-4
- бөгде сөздің түрлерін кестеде қамтуы;
- көркем әдебиеттен алынған мысалдар арқылы дәлелдеп көрсетуі;
- тыныс белгілерінің қойылу себептерін мысалдар арқылы көрсете алуы.