Сабақтың толық психологиялық-педагогикалық талдауы

1. Сабақ құрылымын оның нақты мақсат-міндеттерімен байланыста психологиялық тұрғыдан бағалау.

1) Сабақ тақырыбы, мақсаты мен міндеттері. (білімдік, тәрбиелік, оқушылардың танымдық қызығушылығын, интелектісін, еркін, эмоцияларын дамыту міндеттері);

2) Сабақтың түрі, құрылымы және оның психологиялық мақсатқа сәйкестігі. Оқытудың негізгі принциптерін жүзеге асыру және психологиялық тұрғыдан негіздеу.

3) 2. Сабақ мазмұнын психологиялық тұрғыдан бағалау.

1) Оқу материалының сапасы қандай (сипаттама немесе түсіндірме,көрнекілік дәрежесі, нақтылығы, абстрактілігі мен жалпыламалығы)?

2) Бұл оқу материалын қабылдау оқушылардың танымдық іс-әрекетінің қай жағын жандандыруды талап етеді (бейнелік немесе сөздік-логикалық ес, абстрактілік ойлау, елестету)? Ол қандай эмоция тудыруы мүмкін?

3) Берілген материал оқушылардың танымдық әрекетінің жас ерекшелігіне, олардың өмірлік тәжірибесіне, білім деңгейлеріне сай келе ме?

4) Күрделі оқу ақпаратын мұғалім сол жастағы оқушы қабылдауынатүсінікті, қызықты етіп қалай жеткізеді (баяндаудың анықтығы мен қарапайымдығы, айқын салыстырулар, ұқсастырулар, мысалдардың болуы, көрнекі құралдарды қолдануы, өмірмен байланысы)?

5) Оқылатын материалдың тәрбиелік ықпалы қандай (моральдық, эстетикалық және т.б.)? Оның тәрбиелік мүмкіндіктерін мұғалімқаншалықты тиімді жүзеге асырады?

3.Оқушылардың танымдық әрекетінің сабақтағы көрініс табуы және оны басқару.

1) Зейінді ұйымдастыру(шоғырландыру).

Сабақтың барлық кезеңдерінде зейінді ұйымдастырудың жолдары (оқушылардан зейіндерін аударуды, өткізіліп отырған жұмыстың маңыздылығын белгілеп отыруды сұрау, нақты міндеттерді қою, көрнекілік қағидасын қолдану т.б.).

Сабақтағы зейін түрлері және оның жекелеген оқушыларда көріну формасы. Оқушылар зейінін бір жұмыстан екінші жұмысқа аудару тәсілдері. Оқытушы ұсынған күрделі тапсырма түрлерінің қандайында оқушылар зейінін ерекше шоғырландыру керек болды және олар тапсырмаларды қалай орындай алды?

2)Қабылдауды ұйымдастыру және оның сипаты.

Оқушылар қабылдауының объектісі не болып табылады (мұғалім сөзі, оқулық мәтіні, түрлі көрнекі құралдар)? Қабылдау материалының сапасы.

3)Есті жандандыру және оны дамыту.

Сабақта естің қандай түрлері болды (көрнекі-бейнелік, сөздік- логикалық, эмоционалдық, ниет етілген, ниет етілмеген, механикалық, логикалық)? Мұғалім баяндалған мәліметті еске жақсы сақтаудың қандай тәсілдерін қолданды (материалды логикалық өңдеу, түрлі ассоциацияларды белгілеу, іс-әрекетке қосылу, қайталау, эмоциональдық жүктеме және т.б.)? Сабақта жекелеген оқушылардың еске сақтау үрдісі қалай көрінді (еске сақтау, білу, қабылдау, ұмыту)?

4) Оқушылардың ойлау әрекеттерін жандандыру.

Мұғалім оқушыларда ғылыми ұғымдарды қалай қалыптастырды? Бұл реттекөрнекі құралдарды қалай қолданды?Ол ұғымдар арасындағы қандай байланыстарды орнатты және қандай пайымдаулар жасады?

Ол оқушыларды қайсыбір түсініктер мен пайымдауларды меңгерудің қандай жолдарымен жетеледі (индуктивтік және дедуктивтік)?

Мұғалім оқушыларда берілген түсініктерді меңгеруге деген сұранысты тудыра алды ма (теориялық маңызын ашты ма, практикада қолданылуын көрсетті ме, өмірмен байланыстырды ма және т.б.)?

Оқушылардың сабақтағы ұғым-түсініктерді меңгеру деңгейі және ұғымдарды ажыратудағы қателіктері қандай?

Мұғалім оқушылардың өзіндік шығармашылық ойлауларын қалай жандандырды? Сабақ проблемалық құрылымымен ерекшеленді ме? Проблемалық ситуация қандай жолдармен жасалды? Жауап іздеуде олар белсенді болды ма? Оқушылар тарапынан қойылған мәселенің шешімін іздеуде қандай нақты ойлау әрекеттері туды (бір мысал)?

Проблемалық оқытуға сынып қандай дәрежеде дайындалған (дамудың жалпы деңгейі; қажетті білім мен икемдердің болуы; сүраққа жауап беру кезіндегі белсенділік көрсеткен оқушылар саны)?

Мұғалім балаларды рациональдық ойлаудың дайын тәсілдеріне үйретті ме?

Сабақ тұтасымен алғанда қаншалықты үйлесімді, қисынды, жүйелі құрылған?

Мұғалім оқушылардың жеке ерекшелігін есепке алуды қалай жүзеге асырды?

4. Мұғалімнің кері байланысты ұйымдастыруы.

1. Сабақтың қай кезеңінде мұғалім оқушылармен байланысқа түсті және қандай мақсатта (сұрау кезінде, жаңа материалды беру кезінде, бекіту кезінде)?

2. Сабақта оқушылардың білімді меңгеруінің қандай деңгейлерін анықтауға болады?

3. Кері байланыс тексеруші сипатта ғана емес, үйретуші сипатта да бола алды ма? Ол неден көрінді?

4. Оқушылар сабақта алған бағаларын қалай қабылдады?Оқушылар жауабы мұғалімнің кейінгі сөзі мен әрекетіне ықпал етті ме, яғни ол өзінің әрекетін кері ақпаратқа байланысты қалай қайта құрды?

5. Мұғалім жеке тұлғасының тәрбиелік ықпалы және оның сабақтағы әрекеті.

1. Мұғалім жеке тұлғасының тәрбиелік ықпалы: оның сырт бейнесі, сөзі, мәнері, оқушылармен қарым-қатынас сипаты. Балалардың оған деген қатынасы. Сабақтағы эмоциональдық климат.

2. Мұғалімнің талап қоюы және оның оқушы жеке тұлғасында құнды моральдық және ерік сапаларын қалыптастырудағы маңызы. Бұл талаптарға оқушы қатынасы?

3. Сабақта қолданылған оқытудың әдістері мен тәсілдерінің тәрбиелік маңызы.

4. Мұғалім оқу еңбегі техникасына қалай үйретті? (түсіндіргенді қалай жазып отыру керек, кітаппен жұмыс, өзін-өзі бақылау және т.б.).

5. Сабақ нәтижелері.

6. Сабақ мақсатына жетт ме? Бұл туралы қандай психологиялық көрсеткіштерге қарап айтуға болады? Оқушылардың жалпы дамуы үшін сабақ неберді?

Студент-практиканттың қолы:

Осымша 13

Наши рекомендации