Лекция. ЖҰМЫС ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ТОПТАҒЫ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС

Ынтымақтастық оқу дегеніміз не?

Ынтымақтастық оқу –өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.

Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Барлық жағдайларда адамдар топтарға бірлескен кезде ынтымақтастық адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып жұмыс істеу тәсілін ұсынады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билікпен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген.

Бірлескен оқудың мәні

Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады.

Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратынбелсенді үдеріс болып табылады.

2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық аясын құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады (Smith and MacGregor, 1992).

Мұғалімдер үшін маңызы

Оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысу кезінде тиімділікпен оқиды. Зерттеушілер оқитын пәніне қарамастан, басқа оқу форматында ұсынылған сол ақпараттан гөрі, шағын топтарда жұмыс істейтін оқушылар, әдетте, оқытылатын нәрсе туралы көбірек біліп, соның нәтижесінде алған білімін ұзақ сақтайтындығын дәлелдеп отыр. Сонымен қатар ынтымақтастық топтарында жұмыс істейтін оқушылар өзінің сыныптарымен анағұрлым қанағаттанатын сияқты болып көрінеді.

ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ

Заманауи түсінік

Қазіргі кезде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:

• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

• басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

• оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

Сыныпта өтетін көптеген әңгімелерді ұйымдастыруда мұғалімнің әңгіме барысын, оның тақырыбын, өзектілігі мен мәнділігін, ұзақтығы мен орындылығын бақылап отыруы маңызды. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шектелген. Мәселен, оқушының мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деген сияқты ойларын айтады деп күтуге болмас. Зерттеулерден көрініп отырғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды.

Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді әзірлеу және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады

Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал.

Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға әртүрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады.

Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады.Ол субъектіге тартылатын әңгімелесудің үш түрін құрайды:

• Әңгіме-дебат

• Кумулятивтік әңгіме

• Зерттеушілік әңгіме

Әңгіме-дебат барысында: 1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады; 2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады; 3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады; 4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған. Кумулятивтік әңгімебарысында байқалатын жайлар: 1) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі; 2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы; 3) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
Зерттеушілік әңгімежүргізілу үстінде: 1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады; 2) әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі; 3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды; 4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»; 5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (оларкелісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).

Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрібасымдыққа ие болады.

Наши рекомендации