Бұрғылау мұнаралары негіздері, көпірлер, стеллаждар.

БҚ негіздері бұрғылау жабдықтарын және оның бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстыруы үгін арналған. Негіздер бұрғылау қондырғысын құрау мерзімін азайтуға мүмкіндік береді.

Негіздерді монтаждау мен тасымалдауға байланысты келесідей ажыратады:

- іріблокты;

- әмбебап.

Әмбебап негіздер тасымалдауды іріғ ұсақ және жеке агрегаттар ретінде атқара алады.

Негіздер биіктігі 3-8,5 м металл құрылым болып келеді. Олар бұрандалармен, тартпалармен және т.б. тез ажырағыш байланыстармен жалғанған жеке пісірлген блоктардан тұрады.

Блоктардың саны монтаждау және тасымалдау тәсілдерінен анықталады. Тасушы түйіндер швеллерден, қоставрлардан, бұрыштықтардан, құбырлардан және жапырақшалы болаттан пісіріледі.

Негіздердің құрылымы қарапайым болу қажет. Олар үнемділік талаптарына жауап беріп, жеткілікті қаттылық пен беріктікке ие бола отырып, бұрғылау және бір орыннан екінші орынға тасымалдау кезінде сенімділік пен жұмысқа қабілеттілігін қаматамасыз етуі керек. Негіздердің дірілден қорғанысы болуы керек, өйткені діріл пісірілген тігістердің, бұрандалы байланыстардың және т.б. алдын-ала бұзылуына алып келеді.

БҚ негізі мыналардан тұрады: мұнаралы, шығырлы, энергетикалық блоктар, тізбекұстағышты орналастыруға және бұрғылау ерітіндісін дайындауға арналған жабдықтарға арналған блоктар.

Билет № 16

1.Кронблоктың арналуы, құрылымы.

Кронблоктарды бұрғылау қондырғыларының басында орналастырады, және олардың құрылымы бұрғылау қондырғысының түріне байланысты. Кронблоктарды шкивтердің саны бойынша, жүккөтергіштігі және құрылымдық сұлбасына байланысты ажыратады. Ереже бойынша, кронблоктың шкивтер саны тәл блогынан 1-ге артық болады. Кронблоктың шкивтері осьтес және осьтес емес болады. Осьтес емес сұлбада жүрмелі арқанның шкив осі қалған шкивтерге перпендикуляр орналасады.

Осьтес емес орналасу тәлді механизмнің тізбек бойымен қозғалуы үшін жабдықталуының сұлбасына негізделген АКТ (автоматты көтеру тәсілі) кешенін тізбектердің механизацлияланған орналасуы кезінде қолданылады.

Кронблок рамасында шкивтер секция бойынша орналасады. Әрбір секция мойынтіректерінде шкивтер орналасқан осьтен тұрады.

Бұрғылау мұнаралары негіздері, көпірлер, стеллаждар. - student2.ru Бұрғылау мұнаралары негіздері, көпірлер, стеллаждар. - student2.ru Мойынтіректердің ішкі сауыттарының арасында ара қашықтықтық сақиналар орналасқан. Мойынтіректерді майлау стандартты түрде шкивтердің осі бойымен жүзеге асырылады.

Ең үлкен тозуға мойынтірек пен шкивтің ойықтары ұшырайды. Шкивтердің секция бойынша орнаалсуы тозудың секцияларды 180 градусқа бұру арқылы бірқалыпты таралуын қамтамасыз етеді.

Шкивтері осьтес орналасқан екі секциялы кронблок іші алынатын тіреулерінде шкивтердің екі секциясы орналасқан рамадан тұрады. Аспалы блок қосымша жұмыстарды атқару үшін қолданылады.

Наши рекомендации