БуындардыҢ патофизиологиясы мен остеопатиялар бойынша аҚпараттыҚ - дидактикалыҚ бӨлік

Сүйек тіні органикалық және бейорганикалық құрамбөлшектерден тұрады.

Органикалық құрамбөлшек (остеоид) коллагенді қалыптан және коллагенді емес нәруыздан тұрады. Остеоидтың негізгі бөлігі коллагеннің,I түрінен тұрады, ол оның жалпы көлемінің 90%-дан көбін құрайды. Коллагенді емес нәруыздардың ішінде жиі кездесетіндері: остеокәлцин, остеонектин, остеопонтин, сиалопротеин. Гидроксилапатит - бейорганикалық құрамбөлшек, ол біріншіден кәлций фосфатының Са[Са3(РО4)2]3(ОН)2 тұзы ретінде органикалық қалыпта тұнбаға түседі, содан соң апатиттің кристалына айналады.

Сүйек тіні негізінен остеобласт, остеоцит және остеокласт жасушаларынан тұрады. Остеокласттар (өмір сүру ұзақтығы 2 апта) – көп ядролы жасушалар, қанның моноциттерінің бірігуі кезінде құралады. Остеокластар Н+ және протеолиздік ферменттер (катепсин, коллагеназа және т.б.), сонымен қатар қышқыл фосфатазаны бөлу арқылы сүйектің минеральды және органикалық құрамбөлшектерін ерітеді

Остеобластардың (өмір сүру ұзақтығы 3 ай) негізгі қызметі – остеоидты өндіру (сүйек қалыбын) және оның минералдануы. Минералдану үрдісі іске асу үшін остеобластардың сілтілік фосфатазасы қажет.

Сүйек тіні in vivo (өмір сүру барысында) ешқашан метаболизмдік тыныштық жағдайында болмайды. Механикалық сызығы бойымен сүйек тінің қалыбы минералдық қоры қайта құрылады. Қаңқаның құрылымдық бүтіндігі сүйек түзілу және кері сорылу секілді сүйек тінін үздіксіз қайта үлгілеу немесе қайта құрылу үрдістері арқылы ұсталынып тұрады.. Бұл үрдістер бір-бірімен тығыз байланысты және остеокласттар мен остеобласттардың бір-бірімен жасушалық өзара әсерінің нәтижесі болып табылады. Қаңқаның белгілі бір жеріндегі қайта үлгілеудің келесі кезекті кезеңдерінің аралығы 2-5 жыл болады. Қайта үлгілеудің қорытындысы болып сүйек тінінің өзін-өзі жаңартуы есептеледі. Орта жаста қаңқаның жаңару жылдамдығы жылына сүйек тіні салмағының шамамен 2 - 10% құрайды, яғни 10 – 20 жылда қаңқаның жартысы жаңарады. Сүйек тінінің қайта үлгілеу жылдамдығын микросынықтар мен механикалық күштемелер, кәлцитриол, өсу гармоны паратгормон, тироксин жоғарылатады, кәлцитонин, эстрогендер төмендетеді.

Қаңқа салмағының шамамен 20%-н құрайтын кеуекті сүйек 80%-ға қайта үлгіленеді, ал қаңқа салмағының шамамен 80%-н құрайтын компактты сүйек тіні тек 20%-ға ғана қайта үлгіленеді. Осыған байланысты қайта үлгілеудің тепе-теңдігі бұзылысымен көрінетін остеопороздың бірінші кезекте және көбінесе кеукті сүйекте неге пайда болатыны анықталды.

СҮЙЕК ТІНІНІҢ ҚАЙТА ҮЛГІЛЕНУІН РЕТТЕЙТІН ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІК ЖАЙТТАР

ЖҮЙЕЛІК ЖАЙТТАР

1.Паратгормон (қалқанша маңы безі, паратиреоидты гормон)

Нысана ағза Әсерлері Салдары
Сүйек тіні Остеокласттардың санын және белсенділігін жоғарылатады Кері сорылудың жоғарылауы → боркеміктік (остеопороз), сүйектердің сынуы; қанда кәлций деңгейінің жоғарылауы.
Бүйрек - кәлцийдің кері сіңірілуінің жоғарылауы - фосфаттардың кері сіңірілуінің төмендеуі - D3 витаминінің белсенді түрінің - 1,25(ОН)2D3 түзілуінің түрткіленуі Гиперкәлциемия, гипофосфатемия, фосфатурия
Ішек - D3 витаминінің (1,25(ОН)2D3 ) қатысуымен кәлций сіңірілуінің күшеюі Гиперкәлциемия

2. Кәлцитонин (қалқанша безінің С – жасушалары өндіреді )

Сүйек тіні - остеокласттар белсенділігі және түзілуін тежеуші   Қайта сорылудың тежелуі Гипокәлциемия
Бүйрек - зәрмен кәлций, фосфаттар шығарылуының күшеюі Гипокәлциемия

Наши рекомендации