Ауаның және ауа алмасу жиілігінің есептік параметрлері

Кіріспе

Желдету дегеніміз қызмет көрсететін аймақта рұқсат етілген метеорологиялық жағдайлар мен ауа тазалығын қамтамасыз ету мақсатымен жылудың, ылғалдың, зиянды және басқа да заттардың молдылығын жою үшін бөлмелердегі ауаны алмастыру.Бөлмелер ішінде адамның іс-әрекеті нәтижесінде және оның ішінде адамдар жәй болған жағдайда ауаның физикалық құрылымы және химиялық құрамы өзгереді.Оның нәтижесінен оның температурасы,ылғалдылығы,көмірқышқыл газдың құрамы көбейеді,жағымсыз иіспен жеңіл ұшатын органикалық заттар пайда болады.Ауаның сапасына әртүрлі тұрмыстық және өндірістік үрдістер өте жоғары әсер етуі мүмкін.

Мұндай жағдайды, яғни жылытушы аспаптарды қолдану әсерінен (газды плиталар,электрлі тастар,үй пештері,электрлі аспаптар) ауа температурасының жоғарылуын айтуға болады.Тұрмыстық газдарды жаққан кезде сол бөлменің ауасында көмірқышқылды газ пайда болады, ал жартылай жанған кезде көміртегі тотығы пайда болады.Ас дайындайтын және жуынатын бөлмелердегі ауа ылғалдылығының жоғарылауы ыдыс жуу,адамдар суға түсу және кір жуу кезінде түзілген сулы будың әсерінен пайда болады.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды міндетті түрде мезгіл-мезгіл желдетіп тұру қажеттігін көрсетеді. Қолайлы ықшамклимат жағдайын қалыптастыру үшін желдету қолданылады, яғни табиғи және жасанды (механикалық) ауаны сорып әкелетін және сорып шығаратын түрлерге бөлінеді.Ауаны сорып әкелетін желдету түрі бөлмеге сырттан таза ауамен қамтамасыз етеді, ал сорып шығаратын түрі-бөлмеден лас ауаны сыртқа шығарады.

Табиғи желдету кезінде негізгі ауа алмасу сыртқы және ішкі ауаның температурасының әртүрлілігіне,сонымен қатар желдің жылдамдығына байланысты газдардың диффузиясы есебінен жүреді.Ауаның аз көлемдегі алмасуы бөлменің тығыздалмаған терезелер мен есіктері арқылы жүзеге асады,бірақ олар терезе және фрагмулар арқылы желдету кезінде жұмысы күшейеді.Жасанды желдету кезінде ауаны сорып әкелу және ауаны сорып шығару механикалық ортаны қоздыру арқылы(желдеткіштер) жүреді.

Желдету жүйесіне санитарлық бақылауды ҚР ҚНмЕ “Жылыту,желдету және ауаны баптау” құжатымен,сонымен қатар ҚР ҚНмЕ “Тұрғын ғимараттар” және ҚР ҚНмЕ “Қоғамдық ғимараттар және имараттар” құжаттары негізінде жүзеге асады.

Ауаның және ауа алмасу жиілігінің есептік параметрлері

Бөлмелер Жылдың суық кезеңіндегі ауаның есептік температурасы, С Ауа алмасу еселігі немесе бөлмеденшығарылатынауаның саны
Құйылуы Сорылуы
Пәтерлер немесе жатақханалардың тұрғын бөлмелері 18(20) --- Тұрғын бөлмелердің 1м-3м/c на
Пәтер және жатақхана асханасы электрплиталы куб Газ плиталы   --- 60м/с-тан кем емес, 2конфорлы плиталарда 75м/с-тан кем емес,3 конфорлы плиталарда
      90м/c-тан кем емес,4конфорлы плиталарда
Ванна --- 25м/c
Жеке дәретхана ---
Біріктірілген дәретхана және ванна бөлмесі   ---  
Жатақханадағы киімді тазалау және үтіктеуге арналған киімілгіш бөлмесі және жатақханадағы жуынатын бөлме   ---   1,5
Жатақханадағы вестибюль, ортақ дәліз,баспалдақ торы   ---  

Сорып шығару құрылымы нормаланған бөлмелер үшін алып кетілетін ауаны бөлме ішіне түсетін ауаның көлеміне сәйкес келеді,сондай-ақ сол пәтердің басқа бөлмелерден келетін ауаның есебіне сәйкестенеді.Пәтерлер мен жатақханалардың тұрғын бөлмелеріндегі сорып шығаратын желдету жүйесі ас дайындайтын,әжетхана, ванна(душ) және кептіру шкафтарының сорып шығару каналдары арқылы жүзеге асады. Ас дайындайтын бөлмелерде газды су жылытқыш қондырғыларын орнату кезінде қосымша сорып шығару каналдары қарастыру қажет.

Бір пәтердің жергілікті желдету каналдарын құрамалы желдеткіш каналдарға оларды қызмет көрсететін бөлмелерден 2м кем емес бір деңгей жоғарыдағы құрамалы каналға жалғап қосу арқылы біріктіруге болады.Асханалардан,әжетханалардан, ванналардан, азық-түлік сақтайтын қоймаларынан тартылған желдеткіш каналдарды әр пәтерлік желдету жылу генераторлары бөлмелерінен,гараждардан тартылған желдеткіш каналдарымен біріктіруге болмайды.

Тұрғын ғимараттарға қосып салынған қоғамдық бөлмелерде жылыту және желдетумен қамтамасыз етілуі қажет.Ауа баптау жүйесін құру қажеттілігі тиісті нормативтік құжаттармен қарастырылады.

Қосылып салынған нысандардың желдетуі дербес болуы қажет бір пәтердің габаритындағы бөлмелердің-нотариалдық кеңселердің ,заң кеңестері,балалар бөлмесінің,тұрғын-үй пайдалану ұйымдары кеңселерінің,жинақ банкілердің,баспасөз одағының дүңгіршіктерінің өрт жарылғыштық қауіпті заттары жоқ және зиянды қалдықтар нормаланған мәндерден аспайтын өзге де қосылып салынған бөлмелердің көлемінде орналасқан сорғыш желдеткішті тұрғын үйдің жалпы сору жүйесіне қосуға рұқсат етіледі.

Жылы шатырлы ғимараттарда шатырдан ауаны айдап шығару үйдің әр бөліміне соңғы қабаттың ара жабынынан биіктігі 4,5м-ден кем емес сорғыш шахта қою арқылы қарастырылуы қажет.

Мұнда -40С-тан төмен неғұрлым суық температуралы 5күндікті климаттық ауданда биіктігі 3қабатты және одан да көп тұрғын ғимараттарда,сыртқы ауаны қыздыратын құятын желдеткішпен жабдықтауға рұқсат етіледі.

Оқу бөлмелерінде,механикалық қоздырғыш бар немесе ауаның сол бөлмелерге тікелей құйылуына бағытталған ауа шығарылуын жобалағанда,ауаның сырттан табиғи сорылуы және есеп бойынша бір сағатта бөлмедегі ауаның алмасуы қамтамасыз етілетіндей болуын қарастырылуы керек.Оқу бөлмелерін ауамен жылытқанда,онда ауа сорып шығару жолдарын жобаламаса да болады.

Мектеп асханаларында ауа алмасу жұмысын есептегенде ас үйіндегі технологиялық жабдықтардан бөлінетін қосымша жылуды да ескеру керек.Тамақ бөлмелер тобының өндірістік бөлмелеріне сырттан құйылатын ауаны түстік зал арқылы қарастыруға болады.Түстік залда берілетін ауаның көлемі бір орынға 20м/c кем болмауы қажет.Оқушылардың саны 200-ге дейін болатын мектептерде желдету құрылғыларын сырттан ұйымдасқан механикалық түрде құйылатын ауа ағынысыз қарастыруға рұқсат етіледі.

Жасанды қоздыру арқылы желдетуді жобалау кезінде қарастыру қажет.

ü Егер метеорологиялық жағдаймен ауаның тазалығы табиғи қоздырғышы бар желдетілумен немесе бөлмені жүйелі түрде желдету кезінде нәтиже бермеген жағдайда;

ü Табиғи желдетуге мүмкіндігі жоқ бөлмелер үшін және сыртқы қабырғадағы аэрозиялық ойындылары немесе ашылатын терезелері 30м аса қашықтықта болатын қоғамдық бөлмелер үшін немесе басқа нормативтік құжаттарда бекітілген қашықтықтағы бөлмелер үшін;

Ауаны алып келетін немесе алып кететін жартылай қолданылатын табиғи қоздырғышы бар аралас желдету жүйесін жобалау рұқсат етіледі.

Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігердің бөлме желдетілуін бағалау кезіндегі міндеттері:

Ø Белгілі бір бөлме үшін қажетті желдету жүйесін таңдау;

Ø Бөлме ауасының сапасын нормалау үшін қажетті ауа алмасу жиілігін бекіту;

Ø Бөлменің ықшам климатын қалыптандыру үшін қажетті ауа алмасу жиілігін бекіту;

Ø Қажетті жағдайда желдету тиімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар енгізу;

Наши рекомендации