Бұрғылау шығырының қосымша тежегіштері.
Гидродинамикалық және электромагниттік тежегіштер қосымша реттегіш тежегіштерге жатады. Оларды әдетте шығырдың білігімен муфта арқылы жалғап, тізбектерді 200-300 м тереңдіктен бастап және салмағы 100-200 кН тізбекті түсірген кезде қосады. Реттеуші тежегіш жеткілікті түрде қуатты болу керек, өйткені түсіру кезінде қысқа уақытт үлкен қуат бөлінеді (2-5 кВт-қа дейн). Осындай тежегіштер ретінде ротанционды типті гидродинамикалық және эле Бұрғылау шығырларында қолданылатын электромагнитті тежегіштер индукционды және ұнтақты болып бөлінеді.
Бұрғылау қондырғысы жетектерінің түрлері, таңдалуы.
Қазіргі заманғы БҚ негізгі және көмекші жетектермен жабдықталған. Негізгі жетектерге бұрғылау шығырының, сорабының және ротордың жетектері жатады. Олардың қуаты 6000 кВт және одан жоғары болады. Жетек қозғалтқыштан, күштілік берілістен және басқару аппаратурасынан тұрады.
Көмекші жетектер компрессорларға, дірілдеткіштеге, сазараластырғыштар мен қашауғаберіліс беру автоматына, майлау сораптарына, көтеріп-түсіру операциясын механизациялаушы агрегаттарға және бұрғылау қондырғысының басқа да механизмдеріне арналған. Оның суммарлық қуаты 400 кВт-тан аспайды.
Қолданылатын қозғалтқыштарына байланысты бұрғылау қондырғыларының жетектері дизельді, газотурбиналы және электрлі болып бөлінеді.
Билет № 7
Бұрғылау қондырғысының қозғалтқыштары, оларды таңдау принциптері.
Қолданылатын қозғалтқыштарына байланысты бұрғылау қондырғыларының жетектері дизельді, газотурбиналы және электрлі болып бөлінеді.
Дизельді және газотурбиналы жетектер – автономды – электр желісі жоқ шалғай жерлерде барлау және пайдалану бұрғылауларында қолданылады. Кей жағдайларда оның электрлі жетекке қарағанда экономиялық тиімділігіне байланысты жекеменшік компанияларда кеңінен қолданылады.
Электрлі жетектер – автономды емес және оларды тек электр желісімен жабдықталған бұрғылау орындарында ғана қолдануға болады. Бірақ қазіргі кезде электрлі жетектердің дамуына байланысты дизелді-электрлі және сұйық жанармаймен, табиғи және ілеспе газбен жұмыс істейтін газотурбиналы электрстанциясы кеңінен қолдау тауып отыр.
Топтасқан жетекте бұрғылау қондырғысының шығыры, сорабы және роторы сәйкес берілістерді жалпы қозғалтқыштан алады. Сонымен бірге саны және қозғалтқыш қуаты азаяды.
Жеке жетектердешығыр, ротор және бұрғылау сораптарының жеке қозғалтқыштары болады.
Аралас жетек дизелді топтасқан жетектердің күші екінші бұрғылау сорабының жұмысына жеткіліксіз болғанда қолданылады. Бұл жағдайда ротор, шығыр және бұрғылау сораптарының біреуі топтасқан жерекпен, ал екінші бұрғылау сорабы жеке жетекпен жабдықталады.
Электрлі бұрғылау қондырғыларында аралас жетектер кеңінен қолданылады, ротор мен шығыр топтасқан жетекке, бұрғылау сораптары жеке жетекке жабдықталады.
Бұрғылау ерітіндісін тазартуға арналған жабдықтар.
Бұрғылау ерітінділерін дайындау және өңдеу құрылғылары әсер ету принципі бойынша механикалық және гидравликалық болып бөлінеді.
Механикалыққа:
- сазалмастырғыш (МГ2-4, Г2-П-2);
- фрезерлі-ағынды диірмендер (ФСМ-3, ФСМ-7) жатады.
Гидравликалықтарға:
-гидроэжекторлы араластырғыштар (БПР);
-гекторлы-гидромоторлы араластыру құрылғылары (УПР-Р-2);
-гидравликалық араластырғыштар (ГДМ-1);
-гидравликалық диспергаторлар (ДГ-1).
Шегендеу тізбегінің құрылымы, түрлері.
Ең алдымен ұңғыманың құрылымын жобалау керек, яғни ұңғымаға неше шегендеу құбыры, қандай тереңдікке түсіріледі, олардың диаметрлері, қашаудың диаметрлері, сақиналы кеңістіктегі цементтің көтерілу биіктігін анықтау керек.
Ұңғыманы құрастыру жоғарыдан төменге қарай жасалады. Түскен сайын оның диаметрі кішірее береді.
Бірінші кезекте ең үлкен диаметрдегі шегендеу құбырының орнына – бағыттаушы (І) деп аталатын интервал бұрғыланады. Кейін келесі кіші диаметрдегі тізбекті – кондукторды (ІІ)түсіру үшін интервал таңдаймыз, одан кейін аралық (ІІІ) деп аталатын шегендеу тізбегінің орнын, одан кейін келесі тізбек (соңғы) – пайдаланудың (ІV) орнын бұрғылаймыз.
Билет № 8