ШҰСҚ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау

1. Элементарлы теория бойынша өнімділіктің формуласы:

Qіф=1440Fn[SAштқұб)+225L2n2SA/1012], (4.53)

мұндағы, Ғ – плунжердің көлденең қимасының ауданы; n – бір минуттағы қосжүріс саны; SA – штанганың ілу нүктесінің жүріс ұзындығы; λшт, λқұб –сұйық бағанасының әсерінен болатын сораптық штангалар мен құбырлардың ұзаруы:

λштқұб=PcL/E∑[1/fішт + 1/fі құб], (4.54)

мұндағы, Рс = һρсҒg – плунжер үстіндегі сұйық бағанасының салмағы; L-сорап ілмесінің тереңдігі; Е=2,1*1011 Н/м2 – болаттың серпімділік модулі.

Формуланың соңғы мүшесі (4.53) инерциялы күш – δи есебінен плунжердің жүріс ұзындығының ұлғаюын есептейді:

δнсL/(E fшт)=ω2rmL/(E fшт)=π2n2SALρL / (302*2*2,06*10'' )= 3,14162*7850*n2L2SA / (90*4,12*1012)=209 n2L2SA / 1012.

Штанганың жалғастырушы муфталарының массасын есепке алып:

δн=225n2L2SA / 1012.

2. Элементарлы теория бойынша өнімділік (А.И. Адонин бойынша):

Qф=1440Fn[SA(1+mμ2/2) – ( λштқұб)], (4.55)

мұндағы, μ = ωL/a – Коши параметрі; а – штанга тізбегіндегі дыбыс жылдамдығы; m – сұйықтық бағанының инерция әсерін ескеретін коэффициент.

Мыналар үшін: Dпл ≤ 43мм, m=1 ;

Dпл =55 мм, m=1,5 ;

Dпл =68 - 70 мм, m=2,0;

Dпл =82 мм, m=4,0;

Dпл =93 мм, m=3,0;

Dпл =120 мм, m=4,0.

3. А.С. Вирновскийдің өнімділік формуласы:

Qф=1440Fn[SA/(cosμ)-( λштқұб)], (4.56)

мұндағы, SA/cosμ мүшeсі λш мен λқұб статикалық ұзаруы орын алмаған кездегі плунжердің орын алмасуын көрсетеді, яғни еркін штанганың еріксіз тербелістері үшін алынған.

Осыдан шығатын қорытынды мынадай: (4.56) формуласы кіші диаметрлі сораптар үшін (D≤43 мм және μ≤0,785) ғана қолданылады.

(4.55) формуласын μ≤0,55 болғанда, плунжердің кез келген диаметрі үшін қолдануға болады.

μ-ң үлкен мәнінде ол 9% шамасында ағаттықты береді.

4. Жоғарғы тұтқырлықты сұйықты сору кезінде немесе кәдімгі тұтқырлықтағы сұйықты үлкен жылдамдықпен соруында гидродинамикалық үйкеліс күші жоғары мәнге ие болады. Ол сұйықтағы штанганың, құбырдағы сұйықтың қозғалысынан, сондай-ақ сорап клапандарында туындайды. Бұл шарттарға сәйкес формуланы А.С. Вирновский келесі түрде тапқан:

Qф=1440Fn[SA/[(cos2μ+sh2β)] - ( λштқұб)], (4.57)

мұндағы, β = hL/a ;һ – үйкеліс тұрақтысы, с-1 (һ =0,2÷1,0 с-1 ); shβ=(eβ – e-β)/2 –гиперболалық синус.

β = 0 болғанда, (4.57) формуласынан (4.56) формуласы алынады.

5. Айдау клапанында сұйықтық ағынының кедергісінен және плунжердің цилиндрге үйкелісінен пайда болған, кедергі күштерінің жиынтығы кезінде (2.37) – (2.41) формулаларындағы λқұбшт мәндерін төмендегі түріне қажет:

λ= λқұбштсжиз. (4.58)

6. Тұтқырлы сұйықтағы штанга қозғалысына кедергіні есепке алған кездегі штанганың екі сатылы тізбегінде

Qф=1440FnSпл, (4.59)

мұндағы, Sпл (4.49) тәуелділігімен анықталады.

Терең-сораптық қондырғысының теориялық өнімділігі мына формуламен анықталады:

Qт=1440FnSA. (4.59')

ШҰСҚ-ң өнімділік коэффициенті: η= Qф/ Qт. (4.60)

Qф мәнін (4.53) формуламен анықтап, мынаны аламыз:

η=1 – PcL/(SAE) ∑[1/fішт + 1/fі құб] + 225n2L2SA / 1012, (4.61)

η =η1 + η2 .

Есептеуді жеңілдету үшін А. Ивановтың белгілі номограммасын қолдануға болады. Бұл номограмма бойынша ШҰСҚ-ң жұмыс параметрлерінің төртеуі белгілі болғанда, кез келген бесеуінің біреуін (Q, D, S, n, η) жуықтап табуға болады.

3-есеп. Әртүрлі формулаларымен ШҰСҚ-ың өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтап, оларды салыстыру қажет.

Берілгендері: Ұңғыманың тереңдігі Н=1500 м;

Сорапты түсіру тереңдігі L=1400 м;

Сораптың диаметрі Dпл =38 мм ;

Штанганың диаметрі dшт =19 мм, dтр =60 мм;

Мұнайдың тығыздығы ρм =850 кг/м3

Штанганың ілу нүктесінің жүру ұзындығы SA=2,1 м

Тербелу саны n=10 мин-1;

Оқпанды қысым Р­оқп =30 кгс/см2;

Судың құрамы nс =0,25.

Шешімі: Сұйықтың тығыздығы:

ρс = ρм (1 – nс) +ρ nс=850*0,75+1000*0,25 = 887,5 кг/м3.

Динамикалық деңгейге дейінгі ара қашықтық:

һд=H – Р­оқпcg=1500 – 3*106/(887,5*9,81) =1155 м.

Рбуф = 0 деп қарастырып, плунжер үстіндегі сұйық бағанасының салмағы:

Рс = һρсFg = 1155*887,5*0,0382*9,81 = 11399 H = 11400 H.

1. А.М. Юрчук теориясы бойынша ((4.53) формуласымен) өнімділікті анықтаймыз, [3].

Алдын - ала анықталатын шамалар:

λштқұб=11400*1400/2,1*1012 [1/2,83*10-4 +1/7,84*10-4]=0,365 м;

ƒшт=0,785*0,0192=2,83*10-4 м;

F=0,785*0,0382 =11,34*10-4 м2;

ƒқұб=0,785(0,062-0,0512)=7,84*10-4 м2;

Qф=1440·11,34·10-4·10[2,1– 0,365+225·14002·102·2,1 / 1012]=29,85 м3/тәу.

2. А.Н. Адониннің (4.55) формуласы бойынша өнімділік:

μ=ωL/a=πnL/30*5000=0,293.

Статикалық сору режимі: Dпл<43, m=1,

Qф=1440·11,34·10-4·10[2,1(1+0,2932/2) – 0,365]=29,80 м3/тәу.

3. А.С. Вирновскийдің (4.56) формуласымен өнімділікті анықтасақ:

μ=0,293*180 / 3,14=16,8o, cosμ=0,957;

Qф=1440·11,34·10-4·10[2,1/0,957-0,365]=29,87 м3/тәу.

4. һ=0,6 с-1 болғанда (4.57) формуласымен өнімділікті анықтаймыз:

β=0,6*1400/5000=0,168

shβ=eβ – e-β/2=1,182-0,846/2=0,168;

Qф=1440·11,34·10-4·10[2,1/(0,9572+0,1682)1/2 - 0,365]=29,33 м3/тәу.

5. Плунжердің қозғалысының кедергі күшін Рк=4 кН деп алып, (4.58) формуласымен өнімділікті анықтаймыз:

(4.45) формуласымен штанганың λсығ анықтаймыз:

λсығ.ш=PcL/Ef=4·103·1400/(2,1·1011·2,83·10-4)=0,094 м.

Штанганың Рк күшінің әсерінен иілу шамасын (4.48) формуламен есептесек:

λи=4·103·0,0162·195/(8 ·2,1·1011·6,39·10-6)=0,019 м,

мұндағы, Rк = (0,051-0,019)/2=0,016 м,

L сығ = Pc/qшт=4*103/[2,35(1–887,5/7850)9,81]=195 м.

(4.58) формуламен λ-ны табамыз:

λ=0,365+0,094+0,019=0,478.

(4.56) формуласымен өнімділікті табамыз:

Qф=1440·11,34·10-4·10[2,1/0,957–0,478]=28,03 м3/тәу.

Сонымен, өнімділіктердің бірінші үш формуламен табылған мәндерінің бір- бірінен айырмашылығы жоқ. Көрсеткіштердің едәуір айырмашылықтары кедергі күштерінің орын алуы және гидродинамикалық кедергінің мәні һ>0,6 с-1 болғанда байқалады.

6. Берілім коэффициентін анықтаймыз:

Q т=1440FnSA=16,33*2,1=34,29 м3/тәу.

Берілім коэффициентін (2.44) формуласымен тапсақ:

η= Qф/ Q т=29,87/34,29=0,871.

Тұтқырлы сұйықтықты есепке алғанда:

η= 29,33/34,29=0,855,

ал кедергі күшін есепке алғанда

η=28,03/34,29=0,817.

4-есеп. Штангалар тізбегін беріктікке есептеу.

Штангаларда пайда болатын кернеулерді анықтау үшін, бір циклдегі жоғары және төмен жүруінің ең үлкен жүктемелерін табу қажет. Динамикалық және өтпелі жұмыс режимінде ол жүктемелер (4.34) және (4.35) формулаларымен анықталады. Одан кейін ең үлкен цикл кернеуін (σmax), циклдік кернеу амплитудасын (σа) және келтірілген кернеуді ШҰСҚ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау - student2.ru табады.

Қондырғының статикалық жұмыс режимі кезінде жеңілдетілген формулаларды қолданылады . Оларды қорытқанда штангалардағы радиалды және шеткі кернеулерді есепке алмайды:

σа=ao/2 ∙D2/∙dш ∙∆P/(ρcg) + mортρ ш2SA/2)x, (4.62)

мұндағы, аo – аналитикалық есептеуге келмейтін, сұйық тығыздығын, үйкеліс күші мен басқа да факторларды ескеретін және меншікті салмақтың өлшеміне ие болатын тәжірибелік коэффициент. Оны 11500 Н/м 3 деп қабылдайды; х –штанганың есептелген қимасынан плунжерге дейінгі арақашықтық; D – плунжер диаметрі; dш – штанга диаметрі; ШҰСҚ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау - student2.ru Р – плунжер үстіндегі қысымның төмендеуі; ρс – сұйықтық тығыздығы; ω=πn/30–кривошиптің айналуының бұрыштық жылдамдығы; mорт – СК жетілуінің орташа кинематикалық көрсеткіші:

mорт= (mхв+ mхн)/2.

Жоғарғы (mхв) немесе төмен (mхн) жүру кезіндегі кинематикалық көрсеткіші штанганың ілу нүктесінің максималды үдеуінің сол нүктенің гармоникалық қозғалысы кезіндегі көрсеткіш мәнінің қатынасына тең, яғни элементарлы теория бойынша:

m=ωтт/ ωэт=(1+ r/Lб )/sinβ01,

мұндағы, β01 – теңестіргіш пен теңестіргіштің иінінің шеткі жоғарғы жағдайы кезіндегі бұлғақ арасындағы бұрыш; r – кривошип радиусы; Lб – бұлғақтың ұзындығы.

А.С. Аливердизаде формуласымен, [2]:

ШҰСҚ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау - student2.ru , (4.63)

мұндағы, k – теңестіргіштің артқы иіні.

Штангадағы орташа кернеу:

σорт=[D2/(2 dш2) – 1]∆P+ ρшgx, (4.64)

мұндағы, ρш – штанга материалының тығыздығы.

Орташа циклдік кернеу үшін тәуелділік, шеткі және радиалды штангадағы кернеулер, сұйықтың қозғалысы мен динамикалық күштер нақтыланады. Соңғылары 1,15-ке тең және а’о коэффициентімен есепке алынады. Нәтижесінде тәуелділік төмендегідей болады:

Бірсатылы тізбек үшін:

σорт=x(ρшc)g+ao D2/(2 dш2)∆P. (4.65)

Штанганың сатылы тізбегі үшін мынаны алуға болады:

σа =(ao/2)∙D2∆P/(dшi2ρcg )+ mорт2SA/2)∙ρш(dшi2x1+ …+dшi2x2i)/dшi2; (4.66)

σорт=(∑Рші/ ƒхі)[1 – ρc/ ρш]+ a′o∙D2∙∆P /(2∙d2шi), (4.67)

мұндағы, ∑Рші – төменде орналасқан секцияларды ескергендегі штанга тізбегінің і-ші секциясының салмағы, ƒхі – і-нші штанга секциясының көлденең қимасының ауданы.

Штанганың сатылы тізбегін қолданғанда сатының ұзындығын жоғарғы секция сатылары үшін бірдей болатындай ең үлкен σк көрсеткішін таңдайды, яғни

σmax1σа1=… σmaxiσаi.

ТС-6-2,1-2500 үшін штанганың екі сатылы тізбегін беріктікке есептеп және таңдау керек.

Берілгендері: Dпл=38 мм;

Сорапты түсіру тереңдігі – 910 м;

Динамикалық деңгей – 880 м;

Сұйықтық тығыздығы – ρс=850 кг/м3;

Буферлік қысым Рс=0,4 МПа.

Шешімі: Коши параметрін анықтаймыз.

ТС-6 үшін nmax=15 мин-1, ω=1,57 с-1,

μ=1,57*910/5100=0,283 (ω=1,57 с-1).

Режим статикалық.

Плунжер үстіндегі қысымның төмендеуін (4.43) формуласымен анықтаймыз:

∆Рсстбго .

Құбырдағы сұйық қозғалысының гидравликалық кедергісін аз деп қарастырамыз, яғни Рг=0.

Плунжер үстіндегі статикалық қысымды табамыз:

Рст=910∙850∙9,81=7,59 МПа.

Плунжер астындағы қысым:

Ро=(L-hдсg=(910-880)∙850∙9,81=0,250 МПа,

Рс=0,4 МПа.

Плунжер үстіндегі қысымның төмендеуі:

∆Р=7,59+0,4-0,250=7,736 МПа.

Тең үлестермен 16 мм және 19 мм штангаларды таңдаймыз.

Төменгі секция үшін (диаметр 16 мм) ((4.62) формуласынан):

σа1=11500/2∙(0,0382∙7,736∙106) /(0,0162∙850∙9,81) + 1,3∙7850*1,572∙2,1*455/2=30,11∙106+12,02∙106=42,13 Мпа.

(4.67) формуласы бойынша мынаны табамыз:

Pш1/f х1= ρшgx1=7850∙455∙9,81=35,04 МПа,

σорт1=35,04∙106[1-850/7850]+1,15*0,0382∙7,736∙106 /(0,0162∙2)=56,35 МПа.

Максималды кернеу:

σmax= σорт+ σа=56,35+42,13=98,48 МПа.

Келтірілген кернеу:

σк= ШҰСҚ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау - student2.ru .

Жоғарғы секция үшін (диаметрі 19 мм) (4.66) формуласы бойынша:

σа2 =11500∙0,0382∙7,74∙106/(2∙0,0192∙850∙9,81) +1,3∙7850*1,572∙2,1 (0,0162+0,0192)*455/(2∙0,0192)=21,34∙106+20,54∙106=41,48 МПа;

Рш2 = ρш f х2gx2=7850∙0,785∙0,0192∙455∙9,81=9929 Н;

Рм1= ρш f х1gx1=7041 Н.

(4.67) формуласымен анықтаймыз:

Ршшg0,785(dш12x1+dш22x22)=16970 Н;

σорт2= 16970/(0,785∙0,0192)[1-850/7850]+1,15∙0,0382/ (2∙0,0192)∙7,74∙106=71,20 МПа;

σmax2= σорт+ σа=71,20+41,88=113,08 МПа.

Келтірілген кернеу:

σк= ШҰСҚ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау - student2.ru .

Штанганың ұзындығын таңдауын σк мәнін теңестіріп жүзеге асыруға болады. Жоғарғы секцияның ұзындығын 10%-ға азайтамыз, сәйкесінше төменгіні көбейтеміз: L1=455+45=500 м; L2=410 м.

Есептеуді (4.62)-(4.67) формулаларымен жүргіземіз.

Төменгі секция (диаметрі 16 мм):

σа =30,11∙106+1,3∙7850*1,572∙2,1∙500/2=43,32 МПа;

Рш1 =7850∙500∙0,0162∙9,81∙0,785=7737 Н;

σорт1=38,5∙106[1-850/7850]+1,15∙0,0382/(2∙0,0162)∙7,74∙106=59,43 МПа.

σmax1= σорт+ σа=59,43+43,32=102,75 МПа.

Келтірілген кернеу:

σк= ШҰСҚ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау - student2.ru .

Жоғарғы секция үшін (диаметрі 19 мм) (4.66) формуласымен:

σа2=21,34∙106+1,3∙7850*1,572∙2,1(0,0162∙500+0,0192∙410)

/(2∙0,0192)=41,53 МПа.

(4.67) формуласы бойынша:

∑Рші=7850∙0,785∙9,81∙(0,0162∙500+0,0192∙410)=16685 Н;

σорт2=16685/(0,785∙0,0192)[1-850/7850]+17,80∙106=70,32 МПа

σmax =41,53+70,32=111,32 МПа.

Келтірілген кернеу:

σк2= ШҰСҚ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау - student2.ru .

4.4-кестесі бойынша диаметрі 16 мен 19 мм болатын штангалар үшін ст. 40 болат, ал параметрлері σкт =70 МПа, σт =320 МПа түрін таңдаймыз.

σт бойынша беріктік қоры:

η=320/111,32=2,86.

Наши рекомендации