АЗАҚ БАС СӘЛЕТ -ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар

Пән: Экономикалық теория негіздері  
2 кредит  
Тәжірибе № 14: Қаржылық жүйе және мемлекеттің фискалдық саясаты.    

Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдерде салықтардың үлесі 90 процент. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар жатады. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.

Салық мәлімдемесі салық төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.

Табыс салығының қатарына мүлік салығы және капиталды пайдаланумен байланысты атқарылған істер салығы да жатады. Бірінші жағдайда салық мүліктің құнына қарай ( жер, құрылыс ) әрбір адамнан және заңды тұлғалардан алынады. Тікелей табыс салықтарымен қатар жанама салықтар да маңызды роль атқарады. Олар тауарлар немесе қызмет көрсету бағаларына қосылады.

Жалпы қаржы дегеніміз – бұл қоғамда қалыптасқан экономикалық қатынастар жүзіндегі ақша құрылымының қалыптасуы, бөлінуі және қолданылуы. Сонымен қатар қаржылық жүйе - бұл заңмен бекітілген нормативтер негізінде тиісті институттар мен мекемелер арқылы ақшалай қорын жасаумен жасалау қоры арқылы қарым-қатынас. Қаржылық жүйелер қаржылық саясат деп аталады. Қаржылық қатынастардың тұлғалары болып мыналар табылады:

· Мемлекет

· Фирма

· Түрліше ұйымдар

· Бірлестіктер және жеке азаматтар

Осылардың арасындағы байланыс ақша қорын пайдалануға бірнеше топтарға бөлінеді.

Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды роль атқарады.

Мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің мемелекеттік құрылымымен байланысты. Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден- мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден тұрады. Федеративтік мемлекеттерде штаттардың (АҚШ), жерлердің(ФРГ) өз бюджеттері болады, соған сәйкес әкімшілік ұйыадары қызмет етеді.

Фискалды саясат – табыс табу мен жүзеге асырудың қаржылық тұтқалары арқылы экономиканы реттеу. Экономикалық теория фискалды саясаттың мынадай типтерін бөліп көрсетеді:

1) Дискребциялық (белсенді) фискалды саясат – тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, мемлекеттік трансферттер мен салықтар арқылы жүзеге асырылады. Олардың көлемінің өзгеруі шығындар жиынтығының өзгеруіне әкеледі. Дискребциялық фискалды саясат сипатына экономиканың жағдайы да әсер етеді. Құлдырау кезеңінде әдетте ынталандырудан фискалды саясат жүзеге асырылады. Ол артық сұраныс жағдайында тежегіш сипатта болады. Дискребциялық емес фискалды саясат – мемлекеттік шығындар мен салықтар көлеміндегі өзгерістер автоматты түрде енгізілген саясат (автоматты стабилизатор).

2) Автоматты стабилизатор құлдырау кезеңінде сұраныстар жиынтығын ынталандыруға бғаытталады ешқандай шешімсіз болғандықтан қаржы – бюджет саясатында болатын өзгерістер.

2. Бюджет тапшылығы және оның себептері.

Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын баланстайды, теңестіреді. Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде дерлік мемлекеттің шығыстары оның кірістері мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себептері көп, олардың ішіндегі ең бастылары өмірдің сан түрлі салаларындағы мемлекет рөлінің үздіксіз артуы, оның экономикалық және әлеуметтік қызметінің кеңеюі, мемлекет аппараты көлемінің өсуі және т.б. себептер. Бюджеттік шығындардың көбеюі салық түсімдерімен сәйкес келмейді , сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды.

Мемлекеттік бюджеттердің тұрақты тапшылығының негізінде көптеген себептер жатыр. Оның қатарында жоғарыда көрсетілген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметінің ұлғаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюіне байланысты. Артық өндірудің циклдық дағдарыстары кезінде бюджетке түсетін салықтар азаяды. Ал, мемлекет болса әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындарды көбейтуге тиіс (жұмыссыздарға көмек және т.б.), сонымен қатар экономиканың белгілі секторларын қолдауға, жалпы мемлекеттік Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын баланстайды, теңестіреді. Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде дерлік мемлекеттің шығыстары оның кірістері мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себептері көп, олардың ішіндегі ең бастылары өмірдің сан түрлі салаларындағы мемлекет рөлінің үздіксіз артуы, оның экономикалық және әлеуметтік қызметінің кеңеюі, мемлекет аппараты көлемінің өсуі және т.б. себептер. Бюджеттік шығындардың көбеюі салық түсімдерімен сәйкес келмейді , сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды.

Мемлекеттік бюджеттердің тұрақты тапшылығының негізінде көптеген себептер жатыр. Оның қатарында жоғарыда көрсетілген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметінің ұлғаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюіне байланысты. Артық өндірудің циклдық дағдарыстары кезінде бюджетке түсетін салықтар азаяды. Ал, мемлекет болса әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындарды көбейтуге тиіс (жұмыссыздарға көмек және т.б.), сонымен қатар экономиканың белгілі секторларын қолдауға, жалпы мемлекеттік маңызы бар салаларға инвестиция көлемін сақтауға да қаражат керек. Бюджеттік тапшылық мемлекеттік қаржылардың терең сәйкессіздігінің салдары. Сонмен қатар олар ақша айналысының айтарлықтай берекетсіздігімен де байланысты. Бюджеттік тапшылықтарды реттеу қазіргі мемлекеттің экономика саласындағы ең күрделі проблемасына айналды.

Наши рекомендации