Тақырып 1.6 Асқабақ көкөністерінің сараптамасы
Мақсаты: 1. Қияр, қарбыз, қауын, асқабаққа қойылатын негізгі талаптар мен нормаларды зерделеу. 2. Асқабақ көкөністерін ветеринарлық - санитарлық сараптау әдістерімен танысу.
Жұмыс мазмұны:
Қиярдың ботаникалық сорттары жеміс өлшемдері бойынша мынадай жіктерге бөлінеді:
- қысқа жемістілер;
- орташа жемістілер;
- ұзын жемістілер.
Балғын күйде қолдану үшін ашық және қорғалған жерден алынған қысқа жемісті, орташа жемісті және ұзын жемісті қиярларды пайдаланады; тұздау үшін ашық топырақтан алынған (осы мақсаттағы сорттар үшін пайдаланылатын жерлер) қысқа жемісті қиярлар пайдаланылады.
Балғын күйде пайдаланылатын қиярлар 7 кестеде көрсетілген сипаттамалар мен нормаларға сәйкес болуы керек.
7 кесте – Қиярлардың сипаттамасы және нормасы
Көрсеткіш атауы | Сипаттамасы мен нормасы |
Сыртқы көрінісі | Жемістер балғын, тұтас, кейіпсіз емес, сау, ластанбаған, механикалық зақымсыз, түпті және түпсіз, пішіні мен түсі жағынан ботаникалық сорт типтес болуы керек. Муромский 36, жергілікті Ржавский, Призыв 238 гибриді сорттарында жоғарғы жағы аздап сарғайған, Нежинский типтері мен Сигнал 235, Успех 211 гибриді сорттарында сабақ жақтары аздап қоңырланған тамырлы жемістерге рұқсат етіледі. Ұзын жемісті және орташа жемісті қиярлар үшін иілген (иілуі 0,2 аспаған) жемістерге рұқсат етіледі. Сабағы жұлынып, түптері сынған (зақым диаметрі 1,0 см-ден аспауы керек) жемістерге рұқсат етіледі. |
Иісі мен дәмі | Аталған ботаникалық сортқа сәйкес, бөгде иіссіз және дәмсіз болуы керек. |
Ішкі құрылысы | Жұмсағы тығыз, дәндері судырлақ, қабықтанбаған, толық пісіп жетілмеген болуы керек |
Жеміс өлшемі, см | 11,0-25,0 |
Әрбір өлшемдік топтың массадан пайызы, аспауы керек: ұзындығы бойынша белгіленген өлшемнен 3,0 см артық аспайтын, аздап ысқыланған, ластанған, қысқаннан пайда болған аздап қараюлар, бірақ езілмеген, қабығы жырылған және аздап солған жемістердің болуы, жиынтықпен: ашық топырақтан, соның ішінде қысқаннан пайда болған қараюлары бар жабық топырақтың, шіріген, буланған, бұдырланған, ірі қабықталған дәндері бар сары жемістердің болуы | 10,0 10,0 5,0 3,0 Рұқсат етілмейді |
Жемістерге жабысқан топырақтың болуы, массадан пайызбен, аспауы керек: ашық топырақтан жабық топырақтан | Рұқсат етілмейді 0,5 |
Сапаны анықтау әдістері
Сынаманы іріктеу әдістері
1 Ұзындығы 14 см - ден артық емес қиярлар партиясы үшін жәшіктің әр қабатынан (жоғарғы, ортаңғы, төменгі) нүктелік сынамалар іріктеледі.
2 Әрбір нүктелік сынаманың салмағы 1 кг-нан кем болмауы керек.
3 Біріккен сынамаларды өлшеп, тексеріп кестеде көрсетілген көрсеткіштер бойынша фракцияларға сорттайды.
Сыртқы түрін, иісін, түсін, шіріген, буланған, үскен, солған, бүртпелі, зақымдалған және ірі қабықтанған дәндері бар сарғыш түсті тамырлы жемістердің болуын органолептикалық, ал өлшемін сызғыш, өлшеу дөңгелектері және штангенциркульмен өлшеу арқылы анықтайды.
Әрбір фракция жемістерін өлшеп, біріккен сынаманың қатысы бойынша олардың құрамындағы үлесі есептеледі.
Сақтау
Ауа температурасы 10-нан 14оС-ты қоса алғандағы қорғалған топырақта және ауа температурасы 7-ден 10оС-ты қоса алғандағы ашық топырақта өсірілген қиярлар 85-тен 95 пайызға дейін қатысты ауа ылғалдылығында 15 күннен асырмай сақталады.
Қарбыздар 8 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы керек.
8 кесте – Қарбыздардың сипаттамасы және нормасы
Көрсеткіш атауы | Сипаттамасы мен нормасы |
Сыртқы көрінісі | Жемістер балғын, тұтас, кейіпсіз емес, сау, ластанбаған, механикалық зақымсыз, пішіні, түсі және жылтыр қабығы жағынан ботаникалық сортпен типтес болуы керек. Дұрыс қалыптан ауытқыған, бірақ кейіпсіз емес, кесіліп, жырылып, қабықтары зақымдалған жемістерге рұқсат етіледі. |
Піскендігі | Жұмсағы піскен, бірақ қатты пісіп кетпеген, шырынды, босамаған, түсі және дәндері осы ботаникалық сортқа сәйкес болуы керек. |
Аса көлденең диаметр бойынша жемістің өлшемі, см, кем болмауы керек. ерте піскен және орташа піскен орташа піскен және кеш піскен Амур облысы шектерінде әзірленіп, жеткізіліп, іске асырылатын Огонек, Стокса 647/649 сорттары үшін | 13,0 17,0 Белгіленбеген |
Аздап қысылған жемістердің болуы, массадан пайызбен, аспауы керек: Тиеу жерлерінде Тағайындау және іске асыру жерлерінде | Рұқсат етілмейді Шектелмеген |
Езілген, жарылған, мыжылған, піспеген, пісіп кеткен, зиянкестермен зақымдалған, аурулармен жараланған, шіріп бастаған және шіріген жемістердің болуы | Рұқсат етілмейді |
Үйілмемен транспортталатын қарбыздар сапасын тиеу және жүктеу барысында массасы 5 тоннаға дейінгі партияның 3 пайызын, 5 тоннадан жоғары болған жағдайда әрбір келесі тоннаға 10 кг-нан кем болмайтындай етіп, әр қабаттан (жүктеу кезінде жарамсыз деп танылуға тиісті жарылған, езілген, мыжылған, аурумен жараланған, шіріп бастаған және шіріген жемістерді қоспағанда) жемістер іріктеледі.
Қауындар пісу мерзіміне қарамастан, ерте піскен, орташа піскен және күзгі - қысқы болып бөлінеді.
Қауындар 9 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы керек.
9 кесте – Қауындардың сипаттамасы және нормасы
Көрсеткіш атауы | Сипаттамасы мен нормасы |
Сыртқы көрінісі | Жемістер балғын, тұтас, кейіпсіз емес, сау, ластанбаған, артық ылғалсыз піскен, пішіні және түсі жағынан ботаникалық сортпен типтес болуы керек, ерте және орташа піскен сорт жемістері сабақты немес сабақсыз, күзгі-қысқы сорт жемістері сабақты болады. Дұрыс қалыптан ауытқыған, бірақ кейіпсіз емес, кесіліп, жырылып, қабықтары зақымдалған жемістерге рұқсат етіледі. Күзгі-қысқы сортты тағайындау орындарында сабақты және сабақсыз, бірақ оның бекітілген орны зақымдалмаған жемістерге рұқсат етіледі. Бір партияға бір мезгілде піскен бірақ сорттары әр түрлі ботаникалық сорттарды жалпы массаның 10 пайызынан асырмай қосуға рұқсат етіледі. |
Иісі мен дәмі | Аталған ботаникалық сортқа сәйкес, бөгде иіссіз және дәмсіз болуы керек. |
Піскендігі | Қабығы мен жұмсағы әр түсті, жуандығы, шырындылығы және балғындығы осы ботаникалық сортқа сәйкес болуы керек. Дәнді ұяшығы піскен болып, дәндері оңай алынуы керек, жұмсағы әр түрлі тығыздықта, бірақ пісіп кетпеген және осы ботаникалық сортқа сәйкес болуы керек. |
Аса көлденең диаметр бойынша жемістің өлшемі, см, кем болмауы керек. ерте піскен және майда жемісті орташа піскен және күзгі-қысқы сорттары үшін | 10,0 15,0 |
Кесілген жерлерінде ауытқулары бар және аздап қысылған жемістердің болуы, массадан пайызбен, аспауы керек: сонымен бірге тиеу жерлерінде, тағайындау және іске асыру орындарында қысылғаннан пайда болған жеңіл зақымдары бар жемістердің болуы | 5,0 5,0 |
Езілген, жарылған, мыжылған, піспеген, пісіп кеткен, антрикоздармен жараланған, шіріп бастаған және шіріген жемістердің болуы | Рұқсат етілмейді |
Асқабақ сапасы бойынша 10 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы керек.
10 кесте – Асқабақтың сипаттамасы және нормасы
Көрсеткіш атауы | Сипаттамасы мен нормасы |
Сыртқы көрінісі | Жемістер балғын, тұтас, кейіпсіз емес, сау, ластанбаған, артық ылғалсыз піскен пішіні және түсі жағынан ботаникалық сортпен типтес болуы керек. Дұрыс қалыптан ауытқыған, бірақ кейіпсіз емес, кесіліп, жырылып, қабықтары зақымдалған жемістерге рұқсат етіледі. Бір партияға бір мезгілде піскен бірақ сорттары әр түрлі ботаникалық сорттарды жалпы массаның 10 пайызынан асырмай қосуға рұқсат етіледі. Аталған ботаникалық сортқа сәйкес, бөгде иіссіз және дәмсіз болуы керек. |
Аса көлденең диаметр бойынша жемістің өлшемі, см, кем болмауы керек. ұзын қалыптағы сорттар үшін дөңгелек және жолақтары бар сорттар үшін | 12,0 15,0 |
Езілген, жарылған, мыжылған, жемістердің болуы | Рұқсат етілмейді |
Талдау әдістері
1 Сыртқы көрінісі, аурумен жараланғаны, зақымдануы, басқа сорттардың қоспасы көзбен шолып, өлшемі сызғышпен өлшеу арқылы анықталады.
2 Қарбыздарды кесіп, піскендігін көзбен шолып, піскен, піспеген және пісіп кеткен деп сорттау керек.
3 Сауда желілерінде сату барысында қарбыздардың піскендігін анықтау үшін әрбір қарбызда кішкене ойық кесіледі.