Атерсіз ойық жара, ойық жара малигнизациясы және асқазан рагының біріншілік-жаралы формасы
Хирургия бойынша ситуациялық есеп
1# 24 жастағы адам, ауырғанынан кейін бір тәуліктен соң жалпы әлсіздік, бас айналуы, жүрек айнуымен ауруханаға жеткізілді.
Әскерде болғаннан бері өзін аурумын деп есептейді, көктемгі және күзгі мезгілдерде оқтын-оқтын «ашыққанда» эпигастрий аймағында ауру сезімі мазалайтын. Өз бетінше емделіп жүрген. Соңғы ауруының өршуі екі апта бұрын эпигастрий аймағы ауырып бастаған, альмагель қабылдаған соң ауруы басылған. Осыдан екі күн бұрын үлкен дәреті қара май тәрізді болғанын байқаған. Обьективті жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі мен шырышты қабаттары бозарған, пульсі минутына 96 рет, ритмі дұрыс, АҚ 110/70 мм.сн.бағ. Іші кеппеген, пальпация жасағанда эпигастрий аймағы және ішінің оң жағы аздап ауырсынады. Ішек перистальтикасы жақсы, нәжісі қара түсті. Қанында Эр 2,1х10/л, Нв – 95г/л.
301бет
МКБ-10 бойынша) Негізгі диагноз: Ұлтабардың жедел қан кетумен асқынған ойық жара ауруы. (K26.0).
Асқынуы: Жедел постгеморрагиялық анемия (D62)
Дифференциалды диагностика:
1. Он екі ішек пен асқазанның симптоматикалық ойық жарасы
2. Зеллингера-Эллисон гастро-дуоденалды ойық жарасы
атерсіз ойық жара, ойық жара малигнизациясы және асқазан рагының біріншілік-жаралы формасы
https://diseases.medelement.com/disease/view/MTQxMjM%253D/fDEwfA%253D%253D
2. https://diseases.medelement.com/disease/view/MTQxMjM%253D/fDh8
3. https://diseases.medelement.com/disease/view/MTQxMjM%253D/fDEyfA%253D%253D
#
2. Науқас М., 20 жаста, стационарға түспес бұрын оң жақ мықын аймағында ауру сезімі 5 күн бұрын бірінші рет пайда болған. Тексеру барысында дене температурасы 37,6 ºС. Пальпация жасағанда оң жақ мықын аймағында дөңгелек пішіндес, қозғалыссыз, өлшемі 7,0х5,0см, орташа ауырлықтағы түзіліс анықталды. Жалпы қан анализінде Эр 2,4 х 1012/л, Нв – 125 г/л. Лейкоцитттер-18,5х109/л
1. (МКБ-10 бойынша)Негізгі диагноз: Жедел аппендицит, аппендикулярлы инфильтратпен асқынған (К35)
Дифференциалды диагностика: 1. Асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының перфорациясы
2. Жедел панкреатит
3. Меккель дивертикулы
4. Жатырдан тыс жүктілік
5. Анабез апоплексиясы
6. Кіші жамбас ағзаларының қабынуы
7. Анабез кистасының айналуы
8. Бүйрек шаншуы
9. Зәр шығару жолдарының инфекциясы
10. Жедел мезаденит
11. Ішек инфекциясы
2. https://diseases.medelement.com/disease/view/MTQxMDY%253D/fDh8
3.https://diseases.medelement.com/disease/view/MTQxMDY%253D/fDEyfA%253D%253D
#
3. 40 жастағы әйел кісі, хирургияның қабылдау бөліміне ішіндегі ұстамалы ауру сезіміне, бірнеше рет құсуға, ішінен жел шықпауы мен үлкен дәретінің болмауына шағымданып түсті. Бір жыл бұрын науқасқа жедел аппендицитке байланысты операция жасалған.
Обьективті: науқас арықтаған, терісі мен склерасы қалыпты түсті, пульсі минутына 78 рет. Тілі құрғақ. Іші кепкен, жұмсақ, төменгі бөлігі аздап ауырсынады, сол жақ бөлігінде ауру сезімі көбірек байқалады. Перитонеальді белгілері жоқ, шылпыл шуылы естіледі, сол жақ гипогастрий аймағында ішек перистальтикасы күшейген. Үлкен дәреті болмаған. Ішінен жел шықпайды.
1. (МКБ-10 бойынша)Негізгі диагноз: Механикалық ішек өтімсіздігі (Кишечные сращения [спайки] с непроходимостью)(К56.5)
Дифференциалды диагностика: 1. Жедел аппендицит
2. Асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының перфорациясы
3. Жедел холецистит
4. Жедел панкреатит
5. Ішек инфаркты
6. Бүйрек шаншуы
7. Пневмония
8. Миокард инфаркты
2. https://diseases.medelement.com/disease/view/MTM3NDU%253D/fDh8
3. https://diseases.medelement.com/disease/view/MTM3NDU%253D/fDEyfA%253D%253D
#
4. 48 жастағы ер адам, хирургияның қабылдау бөліміне ішіндегі ұстамалы ауру сезіміне, бірнеше рет құсуға, ішінен жел шықпауы мен үлкен дәретінің болмауына шағымданып түсті. Үш жыл бұрын науқасқа асқазанындағы ойық жараның перфорациясына байланысты операция жасалған.
Обьективті: науқас арықтаған, терісі мен склерасы қалыпты түсті, пульсі минутына 78 рет. Тілі құрғақ. Іші кепкен, жұмсақ, төменгі бөлігі аздап ауырсынады, сол жақ бөлігінде ауру сезімі көбірек байқалады. Перитонеальді белгілері жоқ, шылпыл шуылы естіледі, сол жақ гипогастрий аймағында ішек перистальтикасы күшейген. Үлкен дәреті болмаған. Ішінен жел шықпайды. Сол жақ мықын аймағы мен шатының үстінде перитонеальді белгілері әлсіз оң. Тік ішекті саусақпен тексергенде тік ішек ампуласы бос, саусақтағы нәжіс қалыпты түсті. Қан анализінде: Лейкоциттер – 16,2 х 10/л, Эр – 3,4 х 10/л, СОЭ 24 мм/сағ.
1. 1. (МКБ-10 бойынша)Негізгі диагноз: Жедел механикалық тоқішек өтімсіздігі. Сол жақ фланг немесе тоқ ішектің ректосигмоидты бөлімінің обтурациясы (К56.5)
Дифференциалды диагностика: 1. Жедел аппендицит
2. Асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының перфорациясы
3. Жедел холецистит
4. Жедел панкреатит
5. Ішек инфаркты
6. Бүйрек шаншуы
7. Пневмония
8. Миокард инфаркты
2. https://diseases.medelement.com/disease/view/MTM3NDU%253D/fDh8
Диагностикалық шаралар:
1. Шағымы мен анамнезін жинау (көбінесе, шағымдар үштігі: іштің ауруы, құсу, стул мен газдың кідіруі);
2. Физикалық тексеру: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта немесе ауыр,
температурасы, пульсі бастапқы кезеңдерде өзгеріссіз, тері жамылғылары мен шырышты қабаттардың құрғақ, тілдің құрғаған, ішті қарағанда операциялық тыртықты көреміз, іші кепкен, үлкейген, Скляров симптомы оң, тік ішекті саусақпен тексергенде тік ішек ампуласы бос (Обухов ауруханасы симптомы), саусақтағы нәжіс қалыпты түсті.
3. Лабораторлық зерттеу:
- Жалпы қан анализі (лейкоцитоз, таяқшаядерлі ығысу, ЭТЖ жылдамдауы, анемия белгілері);
- коагулограмма (гиперкоагуляция белгілері болуы мүмкін);
- қанның биохимиялық анализы (су-электролиттік және қышқыл-сілтілік тепе-теңдіктің бұзылысы).