Жарақат процессінің патогенезі, ағымын анықтайтын факторлар, Жара регинерациясы.фазасы.

Жарақаттық процесс- тіндердің зақымдануына және инфекцияның енуіне жауап ретінде дамитын ағзаның жергілікті және жалпы реакциясының күрделі комплексі.

Жарақаттық процесс 3 кезеңнен тұрады:

1. Жарақаттық ісіну. Шамамен 2-3тәулік жалғасады, 3тәулікте азаяды, 4 тәулікте мүлдем жойылады. Жарақат алғанда қан тамырларының салдануынан жергілікті қан айналым бұзылады. Нәтижесінде зақымданған тіндер көлемі ұлғаяды және гипоксияның туындауына алып келетін жарақат өзегінің тамырлары қысылады. Сонымен қатар некроздық процесстердің өршуі болуы мүмкін.

2. Гидротация кезеңі. 4тәулікте жарақаттық ісік басылған соң, демаркационды сызықтың пайда болуымен көрінетін , қабыну процессі басталады. Бұл кезеңде грануляциялық тін дамуы мен жараның биологиялық тазалануы жүреді.

3. Дегидратация кезеңі.Бұл кезеңде жараның эпитализациясы ( тыртықтану ) болады.

Жарақаттық процестіңпатогенезіағзаның тін зақымдануына жергілікті және жалпы реакциясы позициясынан қарастырылады.Жалпы реакция белгілі бейімделу синдромымен көрінеді. Жарақат алғаннан кейін 1-4 күнде ол өмірлік функциялардың жоғарылауымен корінеді: температураның көтерілуі, негізгі зат алмасумен, дене салмағының азаюымен, ақуыз ,май , көмірсу ыдырауы күшеюмен, клеткалық мембранасы өткізгіштігінің төмендеуімен, ақуыз синтезі мен регенерацияның тежелуімен көрінеді.Аталған механизмдердің негізін десимпатоадреналды жүйе функциясының күшеюі мен гликоген қорының мобилизациясына және оның ыдырауын күшейтетін, гликолиз стумуляциясына, тромб түзілуіне алып келетін, қан тығыздығы мен ұюын күшейтетін «өрт гормоны» -адреналиннің өндірілу күшеюінде жатыр.

Жалпы реакцияның II сатысында (4-10күн) парасимпатикалық жүйесіне жататын гормондар мен медиаторларының әсері жатады, олар:минерало-кортикостироидтар, альдестерон, ацетилхолин. Дене салмағы жоғарылаған ақуыз алмасуы мен регенерация процессі қалпына келеді. Жарақаттық процесстің жергілікті симптомдарына назар аударсақ , онда да ағзаның ішкі ортасын қорғауға және жарақат асқынуларын жоюға бағытталған реакциялар көрінеді. Жарақат алғаннан кейін дамитын ісіну қан тамырлардың қысылуы мен қан кетуді тоқтатады, сонымен қатар лимфа тамырларын да қысып, ағзаға токсикалық заттардың енуін төмендетеді. Экссудацияның дамуы токсиндердің көбеюіне , некротикалық элементтердің еруіне және ағзадан шығуына алып келеді. Соңында жара орнында зақымданған тіндердің шектерін берік жалғайтын және ішкі ортаны сыртқы теріс әсерлерден қорғайтын дәнекер тінді тыртық пайда болады.

Регенерация -өлі тіндердің орнын басатын, тіндердің құрылымдық элементтерінің қалпына келуі.Бұл құрылымының қалпына келумен қатар,фнкциясы да қалпына келеді.

Регенерацияның жүруіне ісер ететін факторларға жатады: жалпы ( жасы, зат алмасу қарқындылығы, қан түзілу және иммундық жүйенің жағдайы,т.б) және жергілікті (тамырлардың жағдайы, нейротрофиктер, лимфа айналымы, мүшелер мен тіндердің құрылымдық-функцияналды ерекшеліктері, жарақаттану ерекшеліктері)

Регенерация классификациясы:

-Регенерация дәрежесі ойынша:молекулярлы, клеткалық, субклеткалық, тіндік, мүшелік, жүйелік.

-Формасы бойынша жасушалық, аралас, жасуша ішілік.

-Регенерация түрі бойынша:физиологиялық, репаративті, патологиялық.

Жарақаттық процесс белгілі бір кезеңділікпен жүреді және 3фазасынажыратады:

I фаза-қабыну фазасы (1-5күн)

II фаза-регенерация фазасы (6-14күн)

III фаза-тыртықтық және эпителизация фазасы (15 күннен 6айға дейін)

1фаза –қабыну фазасы.2 кезеңге бөлінеді.

А – тамырлық өзгеріс кезеңі. Б – жараның тазалау кезеңі.

Жарақаттық процесстің 1фазасында

1.Экссудацияға алып келетін тамыр өткізгіштігінің өзгерісі.

2.Лейкоциттер мен басқа клеткалық элементтердің миграциясы.

3.Коллагендер ісінуі мен негізгі заттардың синтезі.

4.Оттегі жетіспеуінен болатын ацидоз.

1фазада экссудациямен қатар токсиндердің , бактериялардың және тіндердің қалдық өнімдердің сіңірілуі болады. Жарадан сіңірілу оның грануляциямен жабылуына дейін болады Кең таралған іріңді жараларда токсиндер резорбциясы ағзаның интоксикациясына алып келеді, резорбтивті қызба дамиды.

2фаза – регенерация фазасы-бұл грануляцияның, яғни жаңа түзілген капиллярлармен жұмсақ дәнекер тінінің қалыптасуы.

3фаза – жұмсақ дәнекер тінінің тығыз тыртыққа айналады, ал эпителизация жара шектерінен басталады,тыртық жіне эпителизация қалыптасу фазасы.

№3 сұрақ

Наши рекомендации