Еңбек қорғау саласында қадағалау және бақылау

ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕР

ЖАЛПЫ ПРАВОЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

Еңбек қорғау курсының мағынасы

«Еңбек қорғау» курсы оқу орындарында 1965 жылдан бастап іске енгізілді. Бұған дейін бұл курс «Қауіпсіздік және өрттен сақтану техникасының негіздері» деп аталған. Ең алғашқыда қауіпсіздік техникасы курсы 1904 жылы Санкт-Петербург технологиялық институтінде жүргізілген, ал міндетті түрде бұл курс барлық техникалық оқу орындарында 1929 жылдан бастап өткізіліп келеді.

«Еңбек қорғау» пәні өндірісте еңбек жағдайларын толық қауіпсіздендіру, зиянсыздандыру және жеңілдету мәселелерін теориялық және практикалық жолдармен зерттейтін ғылыми пән болып есептеледі.

Еңбек қорғау мәселелерінің мақсаты - өндірістік жағдайларда жұмыскерлердің организміне жағымсыз әсерін тигізетін зиянды факторларды толығымен жою.

Бұл курс төрт бөлімнен тұрады:

1. Еңбек қорғау жөнінде жалпы мәселелер;

2. Өндіріс санитариясы;

3. Қауіпсіздік теориясы;

4. Өрт қауіпсіздігі.

Бірінші бөлімде қауіпсіздік қызметін ұйымдастыру, еңбек қорғау жөнінде жауапкершілік, сәтсіз оқиғаларды тексеру, жарақаттануды талдау тағы басқа мәселелер туралы түсінік беріледі.

Екінші бөлімде өндірістік зияндылықтар және олардан қорғану шаралары туралы баяндалады.

Үшінші бөлімде әр түрлі технологиялық процестерді жүргізу барысында және машиналар мен механизмдерді пайдаланғанда қолданылатын қауіпсіздік шаралар жөнінде сөз болады.

Төртінші бөлімде өндірісте өрт шығуына мүмкіндік бермеу және өрт сөндіру құралдары туралы мәліметтер келтіріледі.

Бұл курстың мақсаты – студенттерді еңбек қорғау мәселелерінің ғылыми негіздерімен таныстыру және оларға еңбек жағдайларын жақсарту проблемасын шешуге ынтасын арттыру.

Өндірісте болатын қауіптілік пен зияндылықты алдын ала байқап, жарақаттануды болдырмау үшін осы курста келтірілетін еңбек қорғау мәселелерін терең көңіл бөліп, ұқыппен оқу керек.

Еңбек қорғау жөнінде ғылымның маңызы

Еңбек қорғау мәселелерін әрі қарай дамытып, жетілдіру үшін ғылымның маңызы өте зор. Бұған көптеген ірі ғалымдар мен мамандар үлкен үлес қосты. Ломоносов М.В. өзінің еңбектерінде тау-кен өндірісінде қауіпсіздік ережелерін негіздеген. Орыс ғалымдары Ползунов И.М. пен Фролов К.Д. жүк көтеруде, су төгуде және транспортты механикаландыруда қауіпсіздік техникасы жөнінде көп еңбек жасаған. Ладыгин В.И. мен Яблочков П.Н. әлемде бірінші электр қызу шамын жасап шығарған, бұл қауіпсіздік техникасы мен өндіріс санитариясы үшін үлкен жетістік болып есептеледі.

Дәрігер Никитин А.Н. өз жұмыстарында гигиена мәселелерін көтерген, ал дәрігер Рудановский П. Ресейде бірінші болып өнеркәсіпте травматизмді зерттеген.

Профессор Хлопин Г.В. кәсіби аурулар мен улануды білу және жою жолдарының теориялық негіздерін анықтаған. Академик Зелинский И.Я. дүниеде бірінші фильтрлық противогазды ойлап тапқан. Физиолог Сеченов И.М. еңбек процестерінің физиологиясын зерттеп, адамның еңбек әрекетінде нерв жүйесі мен сезім мүшелерінің маңызын анықтаған.

Еңбек қорғау жөнінде басқа ғалымдардың да еңбектері көп: академик Скочинский А.А. – көмір өнеркәсібінде жарылу мен өртті болдырмау мәселесі, академик Семенов Н.Н. – газдар мен булардың жану және жарылу теориясы, профессор Стекольников И.С. – найзағайдан сақтану, академик Вавилов С.И. - өндіріс жарығын жақсарту мәселелері. Өрт қауіпсіздігі жөнінде химик Лоранның еңбекетрін атауға болады. Ол дүниеде бірінші болып өрт сөндіруге көбікті қолдануға болатының айтқан (1904 жылы).

Қазіргі кезде біздің елде және ТМД көлемінде еңбек қорғау саласында көптеген ғылыми мекемелер жұмыс істейді. Олар мыналар:

1. Еңбек қорғау ғылыми-зерттеу институттары (Москва, Петербург, Тбилиси, Екатеринбург, Иваново, Казань).

2. Еңбек физиологиясы және гигиенасы ғылыми-зерттеу институттары.

3. Салалық ғылыми-зерттеу институттарының еңбек қорғау лабораториялары.

4. Жоғарғы оқу орындарының еңбек қорғау кафедралары.

5. Өрттен қорғану ғылыми-зерттеу институты (Москва).

Еңбек қорғау саласында қадағалау және бақылау

Өндірісте еңбек қорғау саласында қадағалау мен бақылаудың түрлері қолданылады: мемлекеттік қадағалау, ведомстволық бақылау. Бұл қадағалау мен бақылаудың мақсаты - өндірісте еңбек қорғау заңдарының барлық талаптарын бұлжытпай орындау болады.

Мемлекеттік қадағалау.

Еңбек қорғау заңдарын орындау жөнінде мемлекетік қадағалауды мынандай ұйымдар (органдар) жүзеге асырады:

А. Еңбек қорғау департаменті (еңбек министрлігінің құрамында), жергілікті жерде еңбек қорғау басқармасы – мемлекеттік еңбек қорғау инспекциясы бар. Бұл органның басты функциясы – еңбек қорғау мәселелерін жан-жақты басқару және еңбек жағдайларын жақсарту жұмыстарын үйлестіру болып табылады.

Б. Мемлекеттік кентехника қадағалауы (Госгортехнадзор) өндірісте жұмыстарды қауіпсіз жүргізу және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитеті. Бұл орган Министрлер кабинетінің құрамына кіреді. Ол мынандай қадағалауды жүргізеді: кентехникалық қадағалау, газ жөнінде қадағалау, қазандық бақылау қадағалауы.

Кентехникалық қадағалаудың объектілері: тау-кен, химия, металлургия тағы басқа өнеркәсіп өндірістері.

Газ жөнінде қадағалаудың объектілері: газдарды және мұнай заттарын шығару, өңдеу және пайдаланумен байланысты өндірістері.

Қазан бақылау қадағалауының объектілері: қысыммен жұмыс істейтін және жүк көтергіш қондырғыларды пайдаланумен байланысты өндірістер.

В. Мемлекеттік энергетика қадағалауы (Госэнергонадзор). Бұл қадағалау органы энергетика және отын ресурсы министрлігіне кіреді. Ол электр қондырғыларын жасау және электр мен жылу қондырғыларын пайдалану барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды қадағалайды.

Г. Мемлекеттік санитария қадағалауы (Госсаннадзор). Бұл қадағалау органы денсаулық сақтау министрлігіне кіреді. Санитариялық қадағалау органы өндірісте еңбек жағдайларын жақсарту және айналадағы табиғи ортаны ластанудан сақтау шараларын жүргізуді қадағалайды.

Д. Мемлекеттік өрт қадағалауды (Госпожнадзор). Бұл орган Ішкі істер министрлігіне кіреді. Өрт қадағалау органы кәсіпорындар мен мекемелерде өрт шығуына жол бермеу және өрт сөндіргіш құралдарын күй-жағдайын байқап отырады.

Е. Мемлекеттік автоинспекция (МАИ). Бұл орган Ішкі істер министрлігінің құрамына кіреді. Ол жылжымалы автокөлік составтардың техникалық күйін, олардың қауіпсіз пайдалану жағдайларын және жолда жүру ережелерін бұзбауды қадағалайды.

Ж. Бас прокурор және прокуратураның жергілікті органдары еңбек қорғау заңдарын өндірісте бұлжытпай орындауға жалпы қадағалау жүргізіп отырады.

Наши рекомендации