Пункт. тӘжірибелерді жҮргізу ережесі

Модуль 1. Энергожүйе туралы түсінік

ЭЛЕКТР ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ КЕЗІНДЕГІ

ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Зертханалық стендті пайдалануды ережеге сәйкес жүргізу қажет. Электр тоғы соғуын және өрттің шығуын алдын алуда ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

ü қорғаныс оқшалауышы жоқ немесе ақауы бар оқшалауышты электрлік сымдарды қолдануға;

ü шанышқыдағы розетканы шнурдан шығаруға;

ü еденге қағаз, шүберек лақтыруға, жеңіл тұтанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

ü стендті торапқа қосулы қалдыруға;

ü стендтағы жұмысқа бөгде адамды жіберуге;

ü оқытушының рұқсатынсыз стендте блогты принциптік сұлбаны жинауға және оны қосуға;

ü стендте орналасқан құрал-жабдықтарды, электрлік материалдарды бөлмеден алып шығуға;

ü стендтегі блогтарды оқытушының рұқсатынсыз орын ауыстыруға.

Қандай да бір жағдайда ақаулық пайда болса, оқытушыға ескерту қажет.

Ақауды өздігіңізден жоюға тыйым салынады!

Осы нұсқаулықты бұзған үшін, орнатылған университет жарғысы бойынша қолданушылар тәртіпке алынады.

Жұмыс алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары

Зертханалық стендтегі жұмысқа дайындық кезінде, қолданушы міндетті:

- жұмыс орнын дайындауға және оны бөгде заттардан босатуға;

- сырттай көз ілестіріп стендтің негізгі бөлігіндегі және қоректендіру шнурдарында, розеткаларында, корпустарында көрінетін ақаулар мен зақымданулардың жоқтығына көз жеткізуге;

- қорғаныс жерлендіргішінің сенімді қосылуы тұрғанына және оның бар-жоғын тексеруге;

- зертханалық стендтің қосылуы, электр тоғына түсуіне әкелмейтініне көз жеткізуге;

- зертханалық стендті қосқаннан кейін, оның дұрыстығына көз жеткізіп, тек содан кейін жұмысқа кірісуге.

Зертханалық стенд элементтерінің қалыпсыз жұмысы немесе ақаулықтар пайда болған жағдайда, дереу электр торабынан айырып, оқытушыға жеткізуге.

Апаттық жағдайларда қойылатын қауіпсіздік талаптары

Зертханалық стендте жұмыс жасаған кезде, білім алушы тұтынушы электр қондырғыларын эксплуатациялау кезінде электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықты және аудиториядағы өрт қауіпсіздігі ережесі бойынша нұсқаулықты сақтау қажет.

Зертханалық стендте жұмыс жасау процессінде ақаулық пайда болған жағдайда білім алушы міндетті:

1. Іске шыққан аппаратураны электр торабынан айыру қажет;

2. Өрт шыққан жағдайда оны сөндіру және 103 нөміріне қоңырау шалу шараларын қолдануға;

3. Электр тоғы соққан жағдайда электр тоғы әрекетінен зардап шеккенді босату шараларын және алғашқы көмекті (дәрігерге дейінгі) көрсетуге және медициналық көмекшінің тез келу шараларын қабылдау.

Зертханалық стендте арнайы рұқсаты жоқ адамға қандай да бір жөндеу жұмыстарын орындауға тыйым салынады.

Торапты кернеу түсу жағдайы кезінде, ақаулықты толық жойылғанға дейін айыру қажет.

Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауісіздік шаралары

Зертханалық стендте жұмыс аяқталғаннан кейін білім алушы міндетті:

1. Стендті торап көзінен айыру және аппаратуралардың айырулы тұрғанына көз жеткізу;

2. Жұмыс столындағы электр жабдықтарды, штепсельді вилканы ағыту арқылы розеткадан айыру.

Жұмыс процесінде ақаулық болғаннан кейін, оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды қайта қосуға тыйым салынады.

Электромашиналы агрегатқа мінездеме және оның техникалық сипаттамасы

Электромашиналы агрегат агрегаттың қозғалмалы бөліктерінің бұрыштық күйін және айналу жиілігін анықтайтын сигналдарды алу, айнымалы немесе тұрақты тоқ энергиясын электромеханикалыққа түрлендіру үшін тағайындалған. Ол –аралары біріккен және тұтас білікте орналасқан тұрақты тоқ машинасынан, айнымалы тоқтың машинасынан және бұрыштық орын ауыстыру түрлендіргіштен тұрады.

Тұрақты тоқ машинасы (101.2)G4

Номиналды қуаты, Вт 90

Зәкірдің номиналды кернеуі, В 220

Зәкірдің номиналды тоғы, А 0,56

Номиналды айналу жиілігі, мин-1 1500

Қозу орамасының жалғануы тәуелсіз / параллель / тізбектей

Қозудың номиналды кернеуі, В 2×110

Қозу орамасының номиналды тоғы, А 0,25

ПӘК, % 57,2

Айналу бағыты реверстік

Жұмыс режимі қозғалтқыш / генератор

Айнымалы тоқтың машинасы (102.1)М1

Статордағы фаза саны 3

Ротордағы фаза саны 3

Синхронды машина ретінде

Номиналды активті қуат, Вт 100

Номиналды кернеу, В 230

Статор орамасын жалғау сұлбасы пункт. тӘжірибелерді жҮргізу ережесі - student2.ru

cos jH  
Стратордың номиналды тоғы, А 0,26  
Бос жүрістегі қозу тоғы, А 1,6  
Қозудың номиналды кернеуі, В  
Қозудың номиналды тоғы, А 1,85  
Айналу бағыты екі жақты  
Айналудың номиналды жиілігі, мин–1  
Асинхронды машина ретінде  
Тоқтың жиілігі, Гц  
Номиналды пайдалы активті қуат, Вт  
Номиналды кернеу, В  
Статордағы орамалардың жалғану схемасы пункт. тӘжірибелерді жҮргізу ережесі - student2.ru  
Ротордағы орамалардың жалғану сұлбасы Y  
Статордың номиналды тоғы, А 0,35  
ПӘК, %  
cos jH 0,73  
Номиналды айналу жиілігі, мин–1  
Бұрыштық орын ауыстыру түрлендіргіші (104) G5  
Моделі ВЕ 178А  
Шығысты каналдарының саны  
Бір айналымдағы импульс саны  
Біліктің айналу жұмыс жиілігінің өзгеру диапазоны, мин-1 0..6000  
     
           

Функционалды блоктарға мінездеме және олардың

техникалық сипаттамалары

Кесте 1

Схемада белгіленуі Атаулары және түсінігі Түрі Өлшемдері
G1 Үшфазды қорек көзі Өндірістік жиілікті үшфазды айнымалы кернеумен зертханалық жабдықтарды қоректендіру үшін арналған. 201.2 400 В ~ 16 А
G2 Тұрақты тоқ қозғалтқышының қорек көзі Тұрақты тоқ машинаның зәкір және қоздыру орамаларын қоректендіру үшін арналған. Қоздыру кернеуі тұрақты. 206.1 Якоря тізбегі 0…250 В - 3 А Қоздыру тізбегі 200 В - 1 А
G3 Айнымалы тоқ машинасының немесе синхронды машинаның қоздырғышы Айнымалы тоқ машинасының қоздыру орамасын қоректендіру үшін арналған. 209.2 0…40 В - 3,5 А
А6, А8 Үш полюсті ажыратқыштар Электр тізбегін қолмен немесе автоматты қосуға/айыруға арналған. 301.1 400 В ~ 10 А
А10 Активті жүктеме Активті қуаттың бір фазалық және үш фазалық тұтынушыларының моделін жасау үшін арналған. 306.1 220 В, 50 Гц 3´0…50 Вт
А9 Айнымалы тоқ машинасының ротор тізбегіне арналған реостат Айнымалы тоқ машинасының ротор тізбегіндегі активті кедергіні өзгерту үшін арналған. 307.1 3´0…40 Ом / 1 А
А11 Тұрақты тоқ машинасының қоздыру реостаты Айнымалы тоқ машинасының қоздыру тізбегінің активті кедергісін өзгерту үшін арналған. 308.1 0…2000 Ом / 0,1…0,5 А
А14 Сызықтық реактор Үш фазалық/бір фазалық электр тізбегінің индуктивтілігін өзгерту үшін арналған. 314.2 0,3 Гн 0,5 А
А16 Сыйымдылықты жүктеме Реактивті қуаттың бір фазалық және үш фазалық қорек көзінің нұсқасын жасау үшін арналған. 317.2 220 В, 50 Гц 3х0…40 Вар
A12 Реттелетін автотрансформатор Өндірістік жиілікті реттелетін бір фазалық кернеуді алу үшін арналған. 318.1 220 / 0..240 В 2А
А17 Синхрондану блогы Синхронды машинаны торапқа дәлдік синхрондану немесе өздігінен синхрондану әдістері арқылы қолмен немесе автоматты қозу үшін арналған. 400 В ~ 10 А 3 индикаторлы шам, синхроноскоп
А13 Реостат Электрлік тізбектің активті кедергісін өзгерту үшін арналған. 323.2 2´0..100 Ом 1 А
А15 Индуктивті жүктеме Реактивті қуаттың үш фазалық және бір фазалық тұтынушыларының моделін жасау үшін арналған. 324.2 220 В 50Гц 3х0…40 Вар
А4 Коннектор Дербес компьютерге мәліметтерді енгізуге және шығаруға арналған. 8 аналогты диф. кіріс; 2 аналог. шығыс;8 сандық кіріс/шығыс
А2 Үш фазалы трансформаторлы топ Бір фазалық/үш фазалық тоқ энергиясына түрленіру үшін арналған. Трансформациялау коэффициенті қолмен реттеледі. 347.1 3´80 В×А 230 В/242,235, 230, 225, 220, 133 В
А3 Тоқ және кернеу өлшеуіш трансформаторлар блогы Тораппен байланыспаған өндірістік жиілікті синусоидалды тоқ пен кернеуге пропорционал қалыпты гальваникалық сигналды алу үшін арналған. 401.1 3 кернеу тр-ры 600/3В; 3 тоқ тр-ры 0,3 А/3 В
А12 Тоқ және кернеу датчиктер блогы Тораппен байланыспаған тоқ пен кернеуге пропорционал қалыпты гальваникалық сигналды алу үшін арналған. 402.3 3 кернеу датчигі ±100; 1000 В / ±5 В 3 тоқ датчигі ±1; 5 А / ±5 В
Р4 Кернеу және жиілікті өлшеуіш Өндірістік жиіліктің айнымалы кернеудегі кернеу мен жиілікті өлшеу үшін арналған. 504.2 2 вольтметр 0…500 В ~ 2 жиілік өлшеуіш 45…55 Гц; 220 В ~
Р5 Синхронды машинаның жүктеме бұрышын көрсеткіш Синхронды машинаның аналогты формада жүктеме бұрышын өлшеп кескіндеу үшін арналған. 505.2 -180°…0…180°
Р3 Айналу жиілігін көрсеткіш Электрлік машинаның аналогты формада айналу жиілігін кескіндеу үшін арналған. 506.2 2000…0…2000 мин-1
Р2 Қуаттарды өлшеуіш Бір фазалық тізбектегі активті және реактивті қуаттарды өлшеу үшін және оларды аналогты формада кескіндеу. 507.2 15; 60; 150; 300; 600 В 0,05; 0,1; 0,2; 0,5 А.
Р1 Мультиметрлер блогы Тұрақты және синусоидалды тоқ тізбегі тоқты, кернеуді және омдық кедергіні өлшеу үшін арналған. 508.2 3 мультиметр: пункт. тӘжірибелерді жҮргізу ережесі - student2.ru 0...1000 В / пункт. тӘжірибелерді жҮргізу ережесі - student2.ru 0...10 А / 0…20 МОм

ПУНКТ. ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІ

Әр зертханалық жұмыс барысында, ең алдымен мына шарттарды орындау қажет:

ü біріншіден, эксперименттік-тәжірибеде қолданылатын құрылғылардың қорек көзінен айырулы тұрғанына көз жеткізу;

ü екіншіден, тәжірибеде іске қосылатын құрылғылардың қорғаныс жерлендіргішінің ұяшықтарын " пункт. тӘжірибелерді жҮргізу ережесі - student2.ru " тізбектеп, А1 автотрансформатордың немесе G1 үш фазалық қорек көзінің "РЕ" ұяшығымен жалғау қажет;

ü үшіншіден, зертханалық жұмысты орындау барысында (аяқтай келе) іске қосылған G2 тұрақты тоқ қозғалтқышы қорек көзінің, G3 синхронды машина қоздырғышының, А1 автотрансформатордың және басқа да жабдықтардың реттеуіш тұтқасын сағат тіліне қарсы шетке дейін орнатып, тораптан айыру (қосу) қажет;

ü төртіншіден, айнымалы тоқ машинасының жылулық қорғанысының блогты принциптік сұлбасын жалғау қажет;

бесіншіден, А6 үш фазалық ажыратқыштың жұмыс режиміндегі айырып-қосқышты «РУЧН.» жағдайына ауыстырыңыз.

Осы шарттар орындалса, G1 қорек көзінің ажыратқышын («ВКЛ») кнопкасымен қосыңыз.

№1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Үшфазалы синхронды генератордың бос жүрістегіE0=f(If) және қысқа тұйықталудағыIК=f(If) режим параметрлерін экспериментті зерттеу

Жұмыстың тақырыбы: Үшфазалы синхронды генератордың бос жүрістегі E0=f(If) және қысқа тұйықталудағы IК=f(If) режим параметрлерін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: синхронды генератордың құрылысын, жұмыс принципін, бос жүріс және қысқа тұйықталу кезіндегі жұмыс режимдерін зерделеу және эксперименттік тәжірибе жасау арқылы теориядан алған білімді шыңдау, сипаттамаларды зерттеудің графо-аналитикалық әдістерін меңгеру арқылы теориялық білімді бекіту. Блогты принциптік сұлбасын зерделеу, оның электрлік сұлбасын салу және оны оқуды үйрену.

Тәжірибені орындау тәртібі:

Наши рекомендации