Субтропикалық және тропикалық жемістердің ветеринарлық - санитарлық сараптамасы

1 Ілеспе құжаттарды тіркеу

2 Орташа сынаманы ірікету

3 Органолептикалық зерттеу

4 Құрамындағы нитраттарды анықтау

5 Зерттеулер нәтижесі және сараптама актілерін беру журналында тіркеу

Лимондар 21 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы керек.

21 кесте – Лимондарды сипаттамасы және нормасы

Көрсеткіш атауы Сипаттамасы мен нормасы
Сыртқы көрінісі Жемістер балғын, таза, кейіпті, механикалық зақымсыз, зиянкестермен зақымдалмаған, түбі түзу кесілген болуы керек. Түпкі сабағы түскен, бірақ жұлынбаған жемістерге рұқсат етіледі
Иісі мен дәмі Өзгеше дәмсіз және иіссіз, лимонға тән қасиеті болуы керек
Түсі Ақшыл жасыл түстен, сары немесе қызғылт түске дейін болуы керек. Аздап жасылы бар лимондарға рұқсат етіледі.
Аса көлденең диаметрі бойынша өлшемі, мм, кем болмауы керек 42 мм
Рұқсат етілетін ауытқулар - қаптамада қысылғандар, өсу кезеңінде зақымдалып, шабылғандар; - басылған домалақтың іздері, жеміс сыртының 1/4 бөлігінен аспауы керек
Жасыл, үскен және шіріген жемістер Рұқсат етілмейді

Мандариндер 22 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы керек.

22 кесте – Мандариндердың сипаттамасы және нормасы

Көрсеткіш атауы Сипаттамасы мен нормасы
Сыртқы көрінісі Жемістер балғын, таза, кейіпті, механикалық зақымсыз, зиянкестермен зақымдалмаған, түбі түзу кесілген болуы керек. Түпкі сабағы түскен, бірақ жұлынбаған жемістерге рұқсат етіледі
Иісі мен дәмі Өзгеше дәмсіз және иіссіз, лимонға тән қасиеті болуы керек
Түсі Ақшыл қызғылт түстен қызғылт түске дейін болуы керек. 3/4 бөлігі жасыл болған лимондарға рұқсат етіледі.
Аса көлденең диаметрі бойынша өлшемі, мм, кем болмауы керек 38 мм
Рұқсат етілетін ауытқулар Қаптамада қысылғандар, өсу кезеңінде зақымдалып, шабылғандар
Зиянкестермен зақымдалып, шабылған, сонымен бірге түп сабағы зақымдалған жемістердің болуы, массадан пайызбен, аспауы керек

Апельсиндер 23 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға cәйкес болуы керек.

23 кесте – Апельсиндердың сипаттамасы және нормасы

Көрсеткіш атауы Сипаттамасы мен нормасы
Сыртқы көрінісі Жемістер балғын, таза, пішіні мен түсі бойынша аталған помологиялық сортқа типтес, тропиктерде өсірілген, механикалық зақымсыз, артық ылғалсыз, түбі түзу кесілген болуы керек. Түпкі сабағы түскен, бірақ жұлынбаған жемістерге рұқсат етіледі
Иісі мен дәмі Өзгеше дәмсіз және иіссіз, лимонға тән қасиеті болуы керек
Түсі Ақшыл қызғылт түстен қызғылт түске дейін болуы керек. 3/4 бөлігі жасыл болған лимондарға рұқсат етіледі.
Аса көлденең диаметрі бойынша өлшемі, мм, кем болмауы керек 60,0 мм
Жемістің қалыптасу барысында пайда болған, жемістің сапасына әсерін тигізбейтін қабық сыртындағы аса үлкен кемшіліктер (кішігірім шабылған ойықтар, жырықтар, сұрғылт қоңыр дақтар, күнннің өтуі), қабық сыртындағы жалпы аумағы, аспауы керек 3/4
Ашық сұрғылт дақтардың болуы, см2, аспауы керек 2,0
Қоңыр жасыл түсті, шіріген, үскен, езілген жемістердің болуы Рұқсат етілмейді

Анар, құрма, банандар 24 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы керек.

24 кесте – Анар, құрма, банандарды сипаттамасы және нормасы

Наши рекомендации