Бүлдірген мен жаңғақтардың ветеринарлық - санитарлық сараптамасы

1 Ілеспе құжаттарды тіркеу

2 Орташа сынаманы ірікету

3 Органолептикалық зерттеу

4 Құрамындағы нитраттарды анықтау

5 Зерттеулер нәтижесі және сараптама актілерін беру журналында тіркеу

Жүзім 25 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы керек.

25 кесте - Жүзімді сипаттамасы және нормасы

Көрсеткіш атауы Тауарлық сорты бойынша сипаттамасы мен нормасы
бірінші сорт екінші сорт
Түйірінің сыртқы көрінісі Түйірлер тұтас, ботаникалық сортқа сипаттас Түйірлер тұтас, әртүрлі тығыздықта, шамада орналасқан, пішіндері әртүрлі
Бүлдіргеннің сыртқы көрінісі Бүлдіргендер балғын, піскен, жақсы дамыған, тұтас, қатты, таза, артық сыртқы ылғалсыз, өзгеше дәмсіз және иіссіз болуы керек
Қанттың массалық шоғырлануы 1 тамызға дейін 1 тамыздан бастап   12,0 15,0
Үзіліп түскен бүлдіргендер массадан пайызбен 7,0 15,0
Жарылған бүлдіргендер массадан пайызбен 2,0 4,0
Ұсақ бүлдіргендер пайызбен 2,0 5,0

Жүзімнің түйірлері артық сыртқы ылғалсыз, тек жаңбырдың суымен, шықпен немесе өз шырынымен ылғалданған болуы керек. Тоңазытқыштан немесе тоңазытқышы бар транспорт құралдарында жеткізілген жүзімдерде температураның өзгеруінен пайда болған ылғалдылық болғандықтан, артық сыртқы ылғал болып есептелмейді.

Күн сәулесінен пайда болған бүлдіргендердегі ампелографиялық сортқа ұқсас сұр нүктелер, сонымен қатар дақтар жүзімнің сортын төмендетуге негіз болып табылмайды.

5-тен 15-ті қоса алғандағы жинақы орналасқан түйірлер тұтас емес деп есептеледі.

15-тен көп түйірі бар және жинақы орналасқан түйірлер тұтас болып есептеледі.

5-тен кем, сонымен қатар жеке жеке түйірлер үзіліп түскен бүлдіргендерге жатады.

Қарлыған 26 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы керек.

26 кесте – Қарлығанды сипаттамасы және нормасы

Көрсеткіш атауы Талаптар мен нормалар
Сыртқы көрінісі Таза, балғын, құрғақ, сау, піскен болуы керек
Механикалық зақымдар, пайызбен
Шықпен зақымдалған, пайызбен
Әртүрлі сортты бүлдіргендер, пайызбен
Пісіп кеткен бүлдіргендер, пайызбен

Сапаны анықтау әдістері

Әрбір іріктелген қапталған бірлік таңдауына әр түрлі орындардан жемістің 10 пайызынан кем болмайтындай етіп нүктелік сынамалар іріктеледі. Нүктелік сынамаларды біріктіріп, біріккен санаманы құрайды.

Жемістің сыртқы көрінісін, піскендігін, ішінің зиянкестермен зақымдалғанын және жараланғанын органолептикалық зерттеу арқылы анықтайды.

Біріккен сынаманы зерттеу нәтижелерін пайызбен көрсетеді. Нәтижені бүкіл партияға тиесілі деп есептейді. Іріктелген таңдауды келесі зерттелетін партияға қосады.

Түйір жаңғақтар 27 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы керек.

27 кесте – түйірді сипаттамасы және нормасы

Көрсеткіш атауы Тауарлық сорты бойынша сипаттамасы мен нормасы
бірінші сорт екінші сорт
Сыртқы көрінісі Жаңғақтар тұтас, толық пісіп жетілген жеміс сабақтарынан тазаланған болуы керек
Қабығының түсі Ашық сұрдан қоңыр қызыл түске дейінгі біркелкі түс Ашық сұрдан қоңыр қызыл түске дейін
Қабығының сапасы Қабығы жұқа, тез аршылатын Қабығы тез аршылмайтын жаңғақтарға рұқсат етіледі
Аса көлденең диаметрі бойынша жаңғақтың өлшемі, мм, кем болмауы керек 25,0 (біркелкі) 20,0 (біркелкі емес)
Жаңғақтың сырты Судырлақ, аздап бұдырланған, бүйірлері аздап шығып тұрады Бұдырланған, қабырғасы арсиған
Өзектің шығуы, пайызбен, кем болмауы керек 45,0 35,0
Өзектің қабықтан бөлінуі Өзек жартысымен, ширегімен оңай алынады Өзек әр түрлі шамада әрең алынады, бірақ 1/8 кем болмауы керек
Өзектің түсі және сапасы Жылтыр сары түстен қоңыр сұр түске дейін, ақсары реңкі бар Қоңыр сұр түстен сұр түске дейін, ақсары реңкі бар
Иісі мен дәмі Түйір жаңғақтың қасиетіне сай, өзгеше дәмсіз және иіссіз болуы керек  
Өзектің ылғалдығы 10,0 10,0
Басқа қоспалар мен қабықтың болуы, массадан пайызбен 0,1 0,3
Қабығы құрғап кеткен жаңғақтардың болуы, массадан пайызбен, аспауы керек 1,0 3,0 Қабықтың құрғап кеткен бөлігі оның жартысынан аспауы керек
Зиянкестермен зақымдалған, толық пісіп жетілмеген жаңғақтардың болуы, массадан пайызбен, аспауы керек 5,0 10,0
Жаңғақ ішінде тірі зиянкестердің (шіркейлер немесе құрттардың) болуы Рұқсат етілмейді

Абылдау ережелері

Партияның ерте орындардында т үлгісін құру үшін:

партиядан 50 бірліккедейінгі қаптама, 5 бірліктен кем болмауы керек;

50-ден жоғары әрбір 20 бірлікке қосымша бір бірліктен іріктеледі.

Қаптаманың жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөлігінен салмағы 500 граммнан кем болмайтын іріктеу алынады. Партиядан алынған барлық іріктеулер мұқият араластырылып, бір тегіс етіп, шаршы түрінде жинайды. соң оны диагональмен екіге бөледі, орташа үлгідегі жаңғақтар массасы 8 кг-нан кем болмауы керек.

Орташа үлгіні екі тең бөлікке бөледі. Бір бөлігін (бақылау сынамасы) герметикалық тығындаоған ыдысқа салып, аузын бекітіп, осы партияны қабылдайтын ұйымда бір айдан асырмай сақтайды. Екінші бөлігін (талдау сынамасы) осы стандарттың барлық көрсеткіштері бойынша тексереді.

Барлық сынамалар іріктеліп, жеткізуші ұйым өкілінің қатысуымен сүргі салынады.

Сыртқы көрінісі мен түсін органолептикалық зерттеу арқылы анықтайды.

Өлшемін анықтау үшін ерікті түрде алып, аса көлденең диаметрі бойынша штангенциркульмен өлшейді.

Соң бұл жаңғақтарды жайып қойып, зиянкестермен зақымдалғандарын, толық пісіп жетілмегендерін, ішінде тірі құрттардың және басқа да шіркейлердің болуын анықтап, пайызбен есептейді.

Өзектің шығуын және бөлінуін жаңғақтардың талданатын сынамасынан іріктеу арқылы анықтайды.

Ылғалдың болуын мына формула арқылы анықтайды:

W= Бүлдірген мен жаңғақтардың ветеринарлық - санитарлық сараптамасы - student2.ru

Мұнда W ылғал мөлшері, ml құрғағанға дейінгі масса, m2құрғағаннан кейінгі масса, m0 бос қауашақ массасы болып табылады.

Наши рекомендации