Тақырып 3.15 Аралардың инвазиялық ауыруы кезіндегі ара шаруашылығы өнімдерін Ветеринариялық-санитариялық бағалау

Мақсаты: аралардың инвазиялық ауруларын зерделеу.

Жұмыс мазмұны:

Акарапидоз (кенелі ауру) үлкен аралардың қанаттарының негізінде және кеңірдегінде паразиттелетін Acar apis микроскопиялық кішкене ара кенесімен келеді. Тек тірі араларда өмір сүреді, гемолимфамен қоректенеді. Кенемен зақымдалған кеңірдек пен қанат негіздерінде сары, кейін сұр және қара дақтар пайда болады – бұл жансызданған қабат. Ауру аралар ұша алмайды және өледі. Ара өліктерінде, кәрездерде, ұя қабырғаларында және сыртқа ортада кенелер қырылады.

Олар инвазияланған аралардан сауларына қарай таралады. Ара денесінде бір жыл ағымында болуы мүмкін, бірақ аса қатты зақымдалу қыста, ал төмен зақымдалу – жаз ортасында байқалады.

Аурудың негізгі белгісі – қанат ассиметриясы (бір қанаты зақымдалған), салдарынан аралар ұша алмайды. Ұшып жүрген аралар секіргіш жәндіктерге ұқсайды. Қос қанаты да зақымдалу жағдайлары кездеседі.

Диагноз аралардың алдыңғы жұп кеірдектерін клиникалық қадағалап, зертханалық зерттеу зерттеу негізінде қойылады. Зертханаға ұшуға қабілетсіз қанаттары ассиметрияланған 50 ауру араны жібереді.

Ветеринариялық-санитариялық бағалау және шаралар. Акарапидоз және басқа да кене аурулары бойынша қолайсыз омартадағы ара отбасыларын көктемде фольбекс немесе тедион аэрозолімен өңдейді.

Негізгі алдын алу шарасы – араларды ұстаудың Ветеринариялық-санитариялық ережелерін орындау болып табылады.

Варроатоз (варрооз). Varroa jacobsoni кенесімен келетін аралардың эктопаразитарлық ауруы. Кене биологиясы толық зерттелмеген.

Кенелерді араларда, әсіресе қаптал еттерінде, сегментаралығындағы мүшелерінен сирек жағдайларда табылады. Өлген аралар мен кенелерді аралар ұядан лақтырып тастайтындықтан, ұя астындағы қоқысқа қараудың пайдасы жоқ. Кенелерді қарусыз көзбен немесе микроскоппен табуға болады. Ұя түбіне ақ қағаз төсеп, отбасыны қандай да бір акарицидпен, мысалы фенотиазинмен өңдейді. Ұяда болған бірен саран кененің өзі де қағазға келіп түседі.

Варроатоз бойынша қолайсыз омарталарға карантин жорамалдап, Ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар өткізеді. Сонымен қатар 5-10 км радиуста орналасқан омарталарды да қадағалайды.

Варроатозды емдеу кезінде фенотиазин, кельтан, фольбекс, варроатиз, эфирсульфонат, нафталин, қымыз қышқылының ерітіндісі және т.б. қолданады. Бірақ бұлардың көбісі улы дәрі-дәрмектер және балға сіңеді, сондықтан да оларды бал жинаудан бір ай бұрын пайдалануға болады.

Браулез. Қоздырғыш – ара мен аналық денесінде паразиттелетін ара биті немесе браула. Үлкен браулалар – ұзындығы 1,3 мм, ені 1 мм, қызыл сұр түсті, домалақ пішінді, жүнді жәндіктер. Ұрғашылары бал кәрездерінің қақпақтарына немесе ашық ұяшықтың қабырғаларына ақ сары сопақша жұмыртқаларын қалдырады. Шыққан балапан құрттар балтозаң және балмен қоректенеді, кейде қуыршақталған ара өліктерін де жейді.

Браулезді ерекше мазасызданған аралар мен аналықтарды тексеру негізінде диагностикалайды. Браулалар қарусыз көзбен де жақсы көрінеді. Аналықтарда кейде олардың тынысын тарылтатын бірнеше ондаған паразмиттерге дейін табылады. Жұмысшы араларда ондайлар аз болады, көбіне кеудеде немесе қанат араларында кездеседі. Паразит құрылысы ерекше және бұл микроскоппен ұлғайтып көру барысында анық байқалады. Диагнозды растау үшін зақымдалған араларды жақын маңдағы зертханаға жібереді. Барлық ауру отбасылар бақыланады.

Ветеринариялық-санитариялық бағалау және шаралар. Ара мен аналықтарды, сонымен қатар ара шаруашылығының өнімдерін басқа шаруашылық пен аудандарға сатуға тыйым салынады. Омартада паразит пен оның құрттарын жою бойынша іс-шаралар өткізу қажет.

Брауладан басқа араларда басқа да паразиттер: сенотаинии трикуспис шыбын құрттары, мелае тегіндегі қоңыздардың құрттары, балауыз қара күйесі және т.б. кездесуі мүмкін.

Бақылау сұрақтары

1 Аралардың инвазиялық ауруларын сипаттау.

Тақырып 3.16 Аралардың жұқпалы емес аурулармен ауыруы кезіндегі ара шаруашылығының өнімдерін Ветеринариялық-санитариялық бағалау

Мақсаты: аралардың жұқпайтын ауруларын сипаттау.

Жұмыс мазмұны:

Аралардың жұқпайтын ауруларына азықтық токсикоздар, аштықпен, төмен температураның әсерінен келетін аурулар жатады. Азықтық токсикоздарды тозаңды, шірнелі, шірелі және химиялық деп бөледі.

Мамыр ауруы (тозаңды токсикоз) аралардың улы өсімдіктердің: аконита, живокости, томар дәрі, басты пияз және т.б. тозаңымен улану нәтижесінде немесе қоректендіруші аралардың ашық өрбуі мөлшерінің бұзылуы салдарынан туындайды. Улы емес өсімдіктердің тозаңы да егер оларда у тудыратын микроорганизм дамыған болса, сонымен қатар уландыру мүмкін.

Тозаңды токсикоздың алғашқы белгілері – жас аралардың өлуі. Араларға ас қорытуға қажет болатын су жеткіліксіздігі мен тозаң көп жиналған жағдайда ауру үдей түседі.

Кейбір аудандарда аралардағы токсикоз мамыр айында бақыланады. Ауру басында аралар аздап қобалжып, кейін күштерін жоғалтады және солып қалады. Өлімнен алдын олар жан таласа жұлқынады, ауру және өлген аралардың көк еті ұлғаяды.аралар 10-13 тәуліктік жасында қырылады. Зертханалық жағдайларда диагнозды нақтырақ қояды.

Ветеринариялық-санитариялық бағалау және шаралар. Тозаңды токсикоз өсімдіктің гүлдену кезінде туындайды. Бұл уақытта тозаң жинауды тоқтатып, ұядан араларды шығармау керек. Ол жағдайда ара отбасын 33 пайыз қант шәрбатымен қамтамасыз ету керек, сонымен қатар ара отбасын басқа жерге көшіруге де болады.

Созылмалы ағыс кезінде ұяларда балтозаң рамасын ауыстырады, өйткені ауру ара отбасыларының балтозаңын тағамға пайдалану ұсынылмайды.

Шірнелі (өсімдік) токсикоз құрамында улы қосылымдары бар улы және зиянды өсімдіктердің шірнесімен келеді. Қатты уланған кезде жинағыш-аралар тез өледі, кейде ұяларына да жете алмай қалады. Мұндай шірнеден алынған бал улы болады. Ауру көбіне гүлдеумен және шірне жинаумен сәйкес келеді. Аралар солып, ұя жанында баяу жорғалайды немесе түбінде жатады. Көбісі ерекше сауығып кетеді. Алколоид беленамен уланған кезде аралар қызбалыққа салынып, адамдар мен жануарларға шабуыл жасайды. 7-10 тәуліктен кейін аралар жаппай қырыла бастайды.

Құрамында андромедотоксин улы заты бар рододендрон шірнесінен алдымен ұшқыш аралар, кейін жас ұядағы және басқа аралар мен құрттар өледі. Ауру аралардың тік ішегі созылып, аралар үшін улы болып саналатын ашық сары сұйықтықпен толады.

Ветеринариялық-санитариялық бағалау және шаралар. Негізгі алдын алу – улы өсімдіктері жоқ аймаққа уақытша көшіп-қону.

Шірнелі токсикоздың орташа белгілері кезінде улы шірненің аз мөлшері болса да барлық кәрездерді жояды. Оларды азықтық мақсатта пайдалануға болмайды.

Ветеринариялық-санитариялық шаралар тозаң токсикозына арналған шаралармен бірдей болып келеді.

Шірелі токсикоз – шірелі балмен келетін ауру. Клиникалық көрсетілуі осылай. Шірелі бал ара немесе олардың құрттарының ішегіне түсе отырып, асқорытуды, кейін барлық ағзаны бұзады. Аралар қырылады. Ауыру кезінде олар ұя қабырғаларына және тіпті кәрездерге қоңыр сұр бөліністер шығарады. Жазғы уақытта ауру аралар әдетте жерде және ұя алаңында жорғалайды, көк еттері ұлғаяды. Ортан ішегі болбырап, қоңыр сұр немесе көкшіл қоңыр түсті болады. Шірелі балдың улылығы ондағы бактерия және қара күйелермен бөлінетін қорытылмайтын көмірсулардың, алкалоидтердің, гликозидтердің, сапониндердің, тері илейтін заттардың, минералды тұздар мен токсиндердің мөлшеріне байланысты болады.

Диагнозды ауру аралар мен өліктерді клиникалық қадағалап, сонымен қатар аралар ұяда қоректенген кәрезді балды зертханалық зерттеу негізінде қояды. Жарқын жарықта шірелі бал ашық сары фонда қоңыр сұр арал түрінде ерекшеленеді. Бірақ дәмі бойынша гүлді балға ұқсайтын мөлдір бал да кездеседі. Сондықтан да балдың сапасын тек зертханалық зерттеу арқылы нақты анықтауға болады.

Ветеринариялық-санитариялық бағалау және шаралар. Зерттеу үшін зертханаға әртүрлі рамадағы аралар отбасынан 80 г бал алып, таза шыны ыдыспен қаптап жібереді. Шірнелі балы бар барлық кәрездерді алып тастап, жақсы гүлді балы бар кәрездермен ауыстырады. Бал жеткіліксіз болған жағдайда қант шәрбаты пайдаланылады.

Егер қандай да бір себептермен аралар артық шірнелі немесе гүлді-шірнелі балмен қыстауға қалатын болса, араларға арнап күшейтілген суат ұйымдастыру қажет. Осы мақсатта оларға жылы су немесе 40оС-қа дейін жылытылған сұйық қант шәрбатын беру керек. Аралардың ерте көктемде сапалы азыққа ұшып шығуын жіті бақылау өте маңызды.

Химиялық токсикоз әртүрлі химиялық улы заттармен келеді. Ауылшаруашылық зиянкестерінің әсер ету сипатына қарай пестицидтерді төрт топқа бөледі: түйіспелі, жүйелі, ішектік және фумиганттар.

Ауру белгілері іс-әрекетінің сипатына және шірне мен тозаң құрамында болатын улы химиялық заттың қосылымына қарай анықталады. Күшті әсер ететін пестицидтерден аралар тез өледі, кейде тіпті ұяларына жете алмай да қалады. Улану қимыл әрекеттерінің координациясы бұзылумен немесе сал болумен айқындалады.

Наши рекомендации