Сұрақ. Жүктердің табиғи азаюы

Жүкті сақтау және тасымалдау кезінде олардың массасы азаяды. Барлық тасымалдау операцияларын толық және дұрыс көлемде орындалғанменен де, бұл құбылыстың алдын алу мүмкін емес. Құбылыс жүктің физикалық-химиялық қасиеттері мен тиеп-түсіру жұмысының шарттарына байланысты және жүктің азаюын алдын алуының техникалық құралдарының жоқтығынан пайда болды.

Жүктің табиғи азаюының 5 түрі бар: шаң болып шашырауы (распыление), тиеп-түсіру кезіндегі азаюы (раструска), саңылаудан төгілуі (утечка), ұшып кетуі (улетуивание), кебуі (усушка).

Шаң болып шашырауы – себілмелі және ұнтақ жүктер бөлшегінің шаң көтеріп шашыруынан жүктің азаюы.

Тиеп-түсіру кезіндегі азаюы – тиеп- түсіру кезінде жүктің ұсақ бөлшектерінің тиелмей қалып қояынан жүктің азаюы.

Төгілуі– құйылмалы жүктің, себілмелі жүктің вагонның, цистернаның, қораптың, тараның ақаулықтары және саңылаулары арқылы және дұрыс бітелмеуінен себіліп, төгіліп шашырауы. Жүктің азаюы диффузия арқылы да болуы мүмкін, яғни (май,шырын,т.б сұйық жүктер)ағаш бөшкеде тасмалданатын жүктер ағаш құрамына сіңіп өз массасын елеулі шамаға азайтады. Бұл азаюды тек қана герметизация арқылы ғана алдын алуға болады.

Ұшып кетуі кейбір жүктердің физикалық-химиялық қасиеттерінің зардабынан жүктің азаюы. Ұшып кету қасиеті бар құйылмалы жүктерге мұнай өнімдері, сығылған газдар, химиялық өнімдер, спирт, эфир жатса, ал құрғақ жүктерден нафталин, корица ваниль жатады.Ұшып кетудің алдын алу үшін оны герметикалық тарада тасымалдау керек.

Кебуі –жүктің құрамындағы ылғалдың буланып ұшып азаюы. Кебу құрамында су бар жүктерде (көкеніс,жемістер,бидай) болатын процесс.

Сақтаудың және тасымалдаудың қалыпты технологиялық процесі кезінде табиғи факторлардың әсерінен жүк массасының азаюы жүктің табиғи азаюы (естественный убыль груза) деп аталады.

Жүктің табиғи азаюының нормасы бірнеше факторларға тәуелді:

· тасымалдау қашықтығына;

· жүкті қайта тиеудің санына;

· тара түріне;

· жыл мерзіміне;

· көлік түріне;

· тасымалданатын және сақталатын жүк түріне.

Теміржолдық жүктік тасымалдау бойынша халықаралық келісім-шартында (Соглашением о международном железнодорожном грузовом сообщении (СМГС)) жүктің табиғи азаюының келесі нормалары көрсетілген:

1.Құйылмалы жүктер, жемістер, көкеністер, ет және басқалары - 2 %;

2.Ағаш материалдары, тұздалған балық және басқалары -1,5%;

3.Темір рудасы, сабын, мұздатылған ет, сүрленген ет және басқалары- 1%.

Осы жүктерді аралық станцияда қайтадан тиеу орындалса, онда алдындағы пайызға 0,3 қосымша пайыз қосылады.

Ең жоғары табиғи азаюдың нормалары тез бүлінетін жүктерге бекітілген.

Сұрақ. Жүктерді кодтау жүйесі

Теміржолмен көлігімен тасымалданатын жүктер Жүктердің үндестірілген номенклатурасымен (Гармонозированная номенклатура грузов - ГНГ) кодталынған. ЖҮН-сы енгізілмей тұрып, Бірыңғай тарифтік-статистикалық жүктердің номенклатурасы (Единая тарифно-статистическая номенклатура грузов - ЕТСНГ) қолданылды.

Кодтық жазба алты саннан тұрады да және келесі құрылымды болады: алғашқы екі сан – жүктің тарифтік тобы; 3 сан – тарифтік топтағы жүк позициясының нөмірі; 4,5 сан – тарифтік позициядағы жүктің реттік нөмірі, 6 сан – бақылау саны.

Тарифтік топтағы жүктердің тізімі, позициясы, позициядағы жүктің реттік нөмірі, жүктердің алфавиттік тізімі №10-01 «Теміржолдық жүктік тасымалдаудағы тарифтер» прейскурантында жазылған.

Бақылау саны «Модуль 11» тәсілімен есептелініп, есептелу кезінде, 123454678910123 бақылау қатары қолданылады.

Мысалы, сорттық болаттың бақылау санын анықтайық, жүк коды – 324188.

Ол үшін алғашқы 5 санды бақылау қатарына көбейтеміз,

3 2 4 1 8

х

1 2 3 4 5

3 4 12 4 40

Шыққан мәндерді бір-біріне қосамыз да, 11-ге бөлеміз. 3+4+12+4+40=63/11=5, қалдық 8 тең. Бөліну қалдығы біздің анықтап жатқан бақылау саны.

Енді, қателескен жағдайдағына қарастырамыз. Жүк кодын беру кезінде 2 және 3 санының орны ауысып кетті. Тексеру кезінде

3 4 2 1 8

х

1 2 3 4 5

3 8 6 4 40

Шыққан мәндерді алдыңғыдай бір-біріне қосамыз да, 11-ге бөлеміз. 3+8+6+4+40=61/11=5, қалдық 6 тең. 6 саны біздің алтыншы бақылау санына тең емес. Яғни ақпаратты енгізу кезінде қателік кеткендігі анықталды.

Жүктердің кодталуы ЭЕМ-сымен жүкті тиеу, түсіру, тасымалдау есептемесін жүргізу кезінде қолданылады.

Наши рекомендации