Автоматтық өрт сөндіру қондырғылары
Өрт сөндіру ойдағыдай нәтижелі болу үшін оның басталуы туралы тез арада хабар алып, от сөндіргіш құралдарды дереу іске кіргізу керек. Бұл жағдай автоматтық өрт сөндіргіш қондырғыларын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Олар шыққан өртті ең басында сөндіруді керек ететін өрт қауіпті өндірістерде қолданылады.
Қандай от сөндіргіш зат пайдалануына байланысты бұл қондырғылар сулы, көбікті, газды, ұнтақты және аралас түрлеріне бөлінеді. Өртке тигізетін әсеріне қарай олар бөлінеді: беттік әрекетті (от сөндіргіш зат бөлменің барлық ауданына біркелкі беріледі), көлемдік әрекетті (от сөндіргіш зат бөлменің барлық көлемін толтырады), жергілікті әрекетті (технологиялық жабдықтарды, аппараттарды, арнайы зоналарды т.с.с жеке дара қорғайды).
Іске кірісу уақытына қарай автоматтық өрт сөндіргіш қондырғылары болады: инерциясыз түрі - өте тез әрекетті (іске қосылу уақыты 0,1 с кем), аз инерциялы түрі – тез әрекетті (іске қосылу уақыты 30 с дейін), орташа инерциялы түрі (іске кірісу уақыты 31-60 с), инерциялы түрі (іске кірісу уақыты 60 с артық).
Өндірісте өрт сөндіруге көбіне сулы автоматты өрт сөндіру қондырғылары қолданылады. Оларға жатады: спринклер және дренчер қондырғылары.
Спринклер қондырғысы өндіріс бөлмесінің жоғары жағында орналасқан құбыр (труба) жүйесінен және онда қондырылған спринклер бастарынан (головкаларынан) тұрады. Спринклер головкасы дегеніміз өрт кезінде ауа температурасының көтерілу салдарынан су берілсін ашатын автоматтық аспап.
Әдеттегі жағдайда спринклер головкасының су ағатын тесігі тығынмен бітелген, ал тығын тез балқитын дәнекермен жапсырылған пластинкалармен бекітілген болады. Бөлме ішінде өрттен ауанын температурасы белгілі мөлшерге көтерілген мезгілде дәнекер балқып, пластинкалар түседі, содан тығын ашылып, тесіктен су ағып, жанған отты басады. Бір галовка еденің 9-12м3 ауданын суландырады. Оның жұмыс істеуімен бірге өрт туралы белгі (сигнал) беріледі. Спринклер головкасының әрекеттігі мына температураларға белгіленеді: 72, 93, 141, 1820С.
Спинклер қондырғыларының үш түрлі жүйесі болады: сулы, сусыз және аралас. Сулы жүйеде трубаларда әрқашан су болады, ол тек жылы бөлмелерде ғана қолданылады. Сусыз жүйеде трубалар сығылған ауамен толтырылады, ал су оның арғы жағында болады. Спинклер головкасы жұмыс істеген кезде ең алды ауа шығып, содан кейін су ағады. Бұл қондырғы суық, температурасы төмен бөлмелерде орнатылады. Аралас жүйенін трубалары жылы мезгілде сумен толтырылып, суық мезгілде сығылған ауамен толтырылады. Спринклер өрт сөндіргіш қондырғылары тек автоматтық әдіспен жұмыс істейді
Дренчер головкасы спринклер головкасы сияқты, бірақ оның айырмашылығы – тесігі әрқашан ашық болады. Өрт шыққан кезде су басқа жерден кранды ашу арқылы беріледі. Дренчер бөлменің барлық ауданын бір мезгілде суландырады. Дренчер өрт сөндіргіш қондырғылары қолмен және автоматтық әдіспен жұмыс істейді.
Бұл қондырғыларда от сөндіргіш зат ретінде судан басқа заттарды да пайдалануға болады, мысалы, көбікті, инертті газдарды, ұнтақтарды т.б.
Рт сигнализациясы
Шыққан өртті аз шығынмен, ойдағыдай тез сөндіру үшін оның ошағын дер кезінде анықтап, дереу ол туралы өрт бөліміне хабарлау керек. Ол әртүрлі байланыс құралдармен орындалады.
Өрт туралы қалалық телефон байланысы арқылы хабарлауға болады. Өрт қауіпті кәсіпорындарында өрт бөлімімен тікелей қосылған арнайы телефон байланысы болады. Кейбір обьектілерде ультрақысқа толқынды радиостанциямен өрт туралы хабар беруге болады.
Бірақ өрт туралы байланыс әдістерінің ішінде ең қолайлысы электр өрт сигнал жүйесі болып есептеледі. Ол өрт туралы қолмен немесе автоматты түрде шыққан жерін көрсетіп, өрт бөліміне дреу сигнал беруді қамтамасыз етеді.
Электр өрт сигнал жүйесінің құрамы:
1) сигнал беруші аспаптар (хабарлағыштар) – олар өрт туралы хабар береді:
2) сигнал қабылдау станциясы – ол хабарлағыштардан өрт туралы сигналдар қабылдайды:
3) байланыс сымдары – олар хабарлағыштарды қабылдау станциясымен жалғастырады.
Хабарлығыштарды станциямен жалғасу формасына қарай электр өрт сигнал жүйесінің екі типі болады: сәуле тәрізді жүйе және шеңбер (шлейф) тәрізді жүйе (14, 15 - суреттер).
Сәуле тәрізді жүйеде әр хабарлағыш қабылдау станциясымен екі сыммен байланысады: біреуі тура, екіншісі кері қарай тартылған. Бұл жүйенің жұмыс істеу сенімділігі жоғары. Оның барлық хабарлағыштардан бір мезгілде өрт туралы сигнал алуға мүмкіндігі бар, хабарлағыштардын конструкциясы күрделі болмайды.
Кемшілігі – байланыс сымынын көп мөлшерде жұмсалуы. Сондықтан мұндай өрт сигнал жүйесі обьектілердің өрт бөліміне жақын болған жағдайда қолданылады.
Шлейф тәрізді жүйеде барлық хабарлағыштар қабылдау станциясына бірімен-бірі тізбектеліп жалғасады. Бұл жүйеде байланыс сымы аз кетеді. Бірақ бір мезгілде станция бір хабарлағыштан ғана сигнал алады, байланыс сым бір жерден үзілсе барлық жүйе істен шығады, бір шеңберде 50 артық хабарлағыш болмаған жөн. Әр хабарлағыштың басқалардан ажырату үшін өзінің белгісі (коды) болу керек, сондықтан оның конструкциясы біршама күрделі болады. Шеңбер тәрізді жүйені өрт бөлімінен алыс обьектілерде орнатуға болады.
Іске кірісу әдісі бойынша өрт хабарлағыштарының қолды әрекетті және автоматты әрекетті түрлері болады. Қолды әрекетті хабарлағыштармен өрт сигналын беру кнопканы басу арқылы орындалады. Сондықтан мұндай хабарлағыштар әрқашан адамдар болатын өндіріс бөлмелерінде орнатылады.
4.8-сурет. Өрт сигнализация сұлбасы: а- сәулелі; б- шлейфті; 1- сәуле; 2- қабылдау аппараты; 3- қабарлағыштар; 4- шлейф
Автоматтық хабарлағыштардың әрекеті өрт кезінде қоршалған ортанын параметрлерінің өзгеруіне негізделген. Олар адамдар аз не олар болмайтын бөлмелерде орнатылады. Барлық автоматтық хабарлағыштар өрттің қай параметрімен әрекеттесуіне байланысты жылулық, түтіндік, жарықтық, ультрадыбыстық және аралас түрлері болады.
Жылу хабарлағыштары өрт кезінде ауа температурасынын көтерілуіне әсер етеді. Температура белгілі мөлшерге жеткенде хабарлағыш жұмысқа қосылып, өрт туралы сигнал береді. Оның жұмысқа кіру уақыты 2 мин дейін, бақылау ауданы 15-30 м3 .
Түтін хабарлағыштары шыққан түтінге әсер етеді. Оның жұмыс істеу принципі түтіннің камера ішіндегі ионизациялық тоққа әсер етуіне негізделген. Ол тоқты – сәулесі шығарады. Жұмысқа кіру мезгілі 5 с, бақылау ауданы 100м2 .
Жарық хабарлағыштары өрттін ашық от жалынына әсер етеді. Жұмыс істеу принципі жалынның инфроқызыл сәулесіне әсер етуіне негізделген. Жұмысқа кіру уақыты 5с, бақылау 500-600м2 .
Ультрадыбыс хабарлағыштар жалынның қозғалысына әсер етеді. Бұл аспап өте шашпаң жұмысқа кіріседі, бақылау ауданы 1000м2 дейін.
Аралас хабарлағыштар өрттің екі факторына әсер етеді: жылуға және түтінге. Бір хабарлағыш 100м2 ауданды бақылайды.