Оқыту нәтижелері

Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар:

А (білуі және түсінуі). Электр энергиясын алудың негізгі әдістерін, электр станциялардың түрлері мен электр станцияларда электр энергиясын өңдіру технологиялық процестерінің ерекшеліктерін, энергияны таратудың, тасымалдаудың негізгі принциптерін, энергожүйенің электрлік бөлігіндегі қалыпсыз режимдер мен зақымдануды автоматты жою әдістерін, Қазақстан Республикасындағы тұтынушылардың құрамын, электр энергетикалық жүйенің негізгі элементтерінің негізгі жұмыс принциптері мен конструктивті орындалуын, электрлік тораптардың тағайындалуын және олардың негізгі сипатты ерекшеліктерін білуі ажет. Электр энергетикалық жүйе –электр энергиясын өңдіру, түрлендіру, тасымалдау, тарату және тұтыну үшін тағайындалған элементтердің өзара байланысы жиынтығы ретінде.

В (білгенін және түсінгенін қолдану).Электр энергиясын тұтынудың тәуліктік, мерзімдік және жылдық графиктерді тұрғызуды, электрлік станциялардың негізгі жабдықтарын пайдалануды, ішкі және сыртқы электрмен жабдықтау сұлбаларын құруды, энергожүйенің бас бағытты (магистральді) желілер мен таратушы тораптарды релелік қорғанысының негізгі қасиетін пайдалануды, энергожүйені зақымданудан және жұмыстың қалыпсыз режимдерінен қорғауды, апатқа қарсы автоматтандырылған құралдармен апаттық бұзылулардың дамуын алдын-алуды білуі қажет.

Электрлік қосалқы станциялардың негізгі жабдықтарын пайдалануды, апатқы қарсы автоматтандырылған құралдар көмегімен апаттық бұзылулардың дамуын алдын-алуды, реактивті қуаттарды компенсациялауды практикалық дағдылану.

С (өз пікірін қалыптастыру). Электр энергиясын өңдіру, түрлендіру және пайдалану әдістері, Қазақстан Республикасының негізгі тұтынушылары, энергожүйе элементтерінің жаңа сандық қорғаныс мен автоматты техникалардың, оперативті ақпаратты кешендердің (ОИК), қосалқы станцияны басқарудың интегралданған жүйесінің жетістіктері туралы өз пікірі болуы қажет.

Д (коммуникативтік қабілеттер). Жаңа технологияларды пайдалану негізінде энергияны тасымалдаудың жаңа әдістерін жобалау және дайындау сұрақтарында, энергетикалық қорларды тиімді пайдалану сұрақтарында, энергияны тасымалдау, тарату, энергожүйенің электр бөлігіндегі қалыпсыз жұмыс режимдері мен зақымдануларды автоматты жою сұрақтарында коммуникативті болуы қажет.

Е (білім алу дағдылары немесе оқуға қабілеттілігі). Қойған мақсатқа байланысты міндеттерін анықтауды және жоспарлауды, кәсіби қызметті шығармашылық қабілетпен орындай білуі, басқармада инициативті болуы, кәсіби білімінің дамуына және кәсіби қызметінің нәтижелеріне жауапкершілікпен қарауы қажет.

1.8. Пәннің постреквизиттері: «Электрмен жабдықтау жүйелерінің релелі қорғанысы».

Оқу жылының 5 семестріне күндізгі оқыту нысанындағы политехникалық факультетінің 5В071800 – «Электр энергетикасы» мамандығының 3 курс білім алушыларына арналған «Электр машиналары» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Апта Модуль және тақырып атаулары Дәріс Прак. Зертхана-лық БАОӨЖ БАӨЖ Сағат көлемі
Модуль 1. Синхронды машиналар
1. Синхронды машинаның қоздыру тәсілдері және құрылысы
2. Синхронды генераторлардың магнит өрісі және сипаттамалары
3. Синхронды генераторлардың параллель жұмысы. Синхронды қозғалтқыш және синхронды компенсатор
Модуль 2. Асинхронды машиналар
4. Асинхронды машинаның жұмыс режимдері және құрылысы
5. Үшфазалы асинхронды қозғалтқыштың магнит тізбегі және жұмыс үрдісі
6. Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс сипаттамалары және электромагнитті момент
7. Асинхронды қозғалтқыштардың параметрлерін тәжірибемен анықтау және жұмыстық сипаттамаларын есептеу
8. Үшфазалы асинхронды қозғалтқыштардың іске қосылуы және айналу жиілігін реттеу
Модуль 3. Трансформаторлар
9. Трансформатордың жұмыс үрдісі
10. Трансформатордың жұмыс үрдісі
11. Трансформатор орамасының жалғану топтары және параллель жұмысы
12. Трансформатордағы өтпелі процесстер
Модуль 4 Тұрақты тоқтың машиналары
13. Коллекторлы тұрақты тоқ машинасының әрекет ету принципі және құрылысы
14. Тұрақты тоқ машинасының якорь орамалары және магнит өрісі
15. Коллекторлы тұрақты тоқ генераторлары
Барлығы

Пәннің мазмұны

Дәріс жоспары

Апта Модуль, тақырып Сабақтың мазмұны Сағат саны
Модуль 1. Синхронды машиналар
1. Синхронды машинаның қоздыру тәсілдері және құрылысы Синхронды машины қолдану аймағы, синхронды генератордың әрекет ету принципі және қоздыру жүйесі, түрлері, олардың құрылысы
2. Синхронды генераторлардың магнит өрісі және сипаттамалары Синхронды машиналардың магнитті тізбегі және өрісі, якорь реакциясы, синхронды генератор кернеуінің теңдеуі, векторлық диаграммалары, сипаттамалары, ЭҚК тәжірибелік диаграммасы, шығындары және ПӘК-і
3. Синхронды генераторлардың параллель жұмысы. Синхронды қозғалтқыш және синхронды компенсатор Генераторлардың торапқа параллель қосылуы, бұрыштық және U-тәрізді сипаттамалары, синхронды генератордың тербелісі, синхрондану қабілеті. Синхронды қозғалтқыштың әрекет ету принципі, іске қосылуы, синхронды қозғалтқыштың U-тәрізді және жұмыстық сипаттамалары. Синхронды компенсатор.
Модуль 2. Асинхронды машиналар
4. Асинхронды машинаның жұмыс режимдері және құрылысы Асинхронды машинаның жұмыс режимдері, құрылысы
5. Үшфазалы асинхронды қозғалтқыштың магнит тізбегі және жұмыс үрдісі Асинхронды машиналардың магнит тізбегі және шашырайтын магнит ағындары. Асинхронды қозғалтқыштың кернеу теңдеуі, асинхронды қозғалтқыштың магнит қозғаушы күш және тоқ теңдеуі, ротор орамасының келтірілген параметрлері және асинхронды қозғалтқыштың векторлық диаграммасы
6. Асинхронды қозғалтқыштардың параметрлерін тәжірибемен анықтау және жұмыстық сипаттамаларын есептеу Бос жүріс, қысқа тұйықталу, дөңгелек диаграммасы, дөңгелек диаграммасы бойынша асинхронды қозғалтқыштың жұмысшы сипаттамасын тұрғызу
7. Асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамалары және электромагнитті моменті Асинхронды қозғалтқыштың шығындары және ПӘК, электромагнитті моменті және механикалық сипаттамалары, жұмысшы сипаттамалары
8. Үшфазалы асинхронды қозғалтқыштардың іске қосылуы және айналу жиілігін реттеу Фазалы роторлы және қысқа тұйықталған роторы бар қозғалтқыштарды іске қосу, айналу жиілігін реттеу
Модуль 3. Трансформаторлар
9. Трансформатордың жұмыс үрдісі Трансформатордың арналымы, қолданылу аймақтары, әсер ету приципі, құрылысы, кернеу теңдеуі, магнит қозғаушы күш пен тоқтардың теңдеуі, келтірілген трансформатордың екінші реттік орамасының келтірілген параметрлері мен алмастыру схемасы, трансформатордың векторлық диаграммасы, үшфазалы тоқтың трансформациялануы және ораманы жалғау схемалары
10. Трансформатордың жұмыс үрдісі Трансформатордың векторлық диаграммасы, үшфазалы тоқтың трансформациялануы және ораманы жалғау схемалары
11. Трансформатордың жұмыс үрдісі Трансформатордың алмастыру схемасының параметрлерін тәжірибемен анықтау және бос жүріс режимінде үшфазалы трансформатордың жұмысына орамасының жалғану схемасына әсері. Трансформатордың қысқартылған векторлық диаграммасы, сыртқы сипаттамасы, шығындары және ПӘК, реттеу кернеуі
12. Трансформатор орамасының жалғану топтары және параллель жұмысы Ораманың жалғану топтары, трансформатордың параллель жұмысы
Модуль 4 Тұрақты тоқ машиналары
13. Коллекторлы тұрақты тоқ машинасының әрекет ету принципі және құрылысы Тұрақты тоқ генератор мен қозғалтқыштың әрекет ету принципі, құрылысы
14. Коллекторлы тұрақты тоқ генераторлары және қозғалтқыштары Генератордың тәуелсіз, тізбектей, параллель, аралас қоздыру жүйесі. Қозғалтқышты іске қосу. Қозғалтқыштың параллель, тізбектей, аралас қоздыру жүйесі.
15. Тұрақты тоқ машинасының якорь орамалары және магнит өрісі Тұзақты және толқынды якорь орамалары, тұрақтың тоқ машинасының ЭҚК және электр магнитті моменті, тұрақты тоқ машинасының магнитті тізбегі, якорь реакциясы. Қоздыру жүйесі.
Барлығы

Наши рекомендации