Оғамдық өндіріс факторлары және нәтижелері

Кез-келген ұлттық экономикалық жүйе екі саладан: материалдық өндіріс аясындағы салалардан және материалдық емес салалардан қалыптасатын экономиканың сала­лық құрылымдарының жиынтығынан тұрады. Бірінші топтағы салаларға мыналар жатады: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік пен байланыс, сауда мен қоғамдық тамақтандыру және т.б. Екінші топқа кіретіндер: мәдениет, білім және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.

Функционалдық және салалықтан өзге аймақтық немесе аумақтық экономикалық құрылым болады. Нақ­ты аймақтық экономика ел аумағындағы бүкіл экономи­калық объектілердің жиынтығын білдіреді. Экономикалық аудандар, мысалы: Орталық Қазақстан (Қарағанды), Шы­ғыс Қазақстан (Өскемен), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) және өзге аудандар экономикалық аудандар болып саналады.

Экономикалық аудандар құрылымына, нақтылы ауданның жекелеген сала кәсіпорындарының, оның табиғи ресурстарымен, жол қатынастарымен және экономикалық-географиялық жағдайларымен үйлесетін шаруашылық кешендерін немесе аумақтық-өндірістік кешендерін құрайды. Макроэкономикалық мақсаттарды шешетін экономи­калық өсу негізінде қоғам мүшелерінің өмірлік қызметінің оңай жағдайларын қамтамасыз етуі ұлттық экономиканың мақсаты болып саналады.

Макроэкономикалық мақсаттар ұзақ мерзімдік неме­се қысқа мерзімдік болуы мүмкін, оған қол жеткізу үшін мемлекет саяси құралдар жиынына иелік етуі тиіс. Оған елдің бюджет, салық, несие, ақша, валюта жүйелері жатады,олар саясаттың монетарлық және фискалдық екі түрі арқылы көрінеді. Бірінші, ақша-несие және валюта жүйесі тұтқаларын пайдаланумен байланысты, ал екіншісі - салық жүйесін манипуляциялау жүйесі арқылы байланысады.

Бұрынғы және қазіргі ұрпақтардың еңбегімен жинақталған материалдық игілік ұлттық саясатты бағалаудың басты өлшемі болып саналады. Байлық - бұл адамдар нені бағалайды, соның барлығы, яғни материалдық қана емес, сонымен бірге материалдық емес: табиғи ресурстар, кәсіптік білім, адамның қабілеті, бос уақыт болып саналады. Қоғамдық байлықты заттай және ақшалай формада көз алдыға елестетуге болады. Қазіргі уақытта адамдардың байлығын бағалау өзгеруде. Бұл көпшілік жағдайда, нормативтік категория және қандай да бір байлықты бағалау адамның пайымдауынан тыс өзге байлық өмір сүрмейді. Былай деп айтуға болады: байлық - бұл адамның таңдауын кеңейтетіннің барлығы немесе оның балама мүмкін­дік­тері. Төсекте сал болып ауырып, жатқан миллион­ер­ді бай деп айтуға бола ма, жоқ па?

Халықтың жан басына шаққанда қоғамдық өнімнің өсу қарқыны макроэкономикалық даму көрсеткіштерін бағалаудың басты өлшемдері болып саналады. Дәл осы экономикалық өсудің қарқынынан, қоғамдық өнімді көбейту және қарқынын арттырудан ұлттық экономиканың тиім­ділік деңгейі көрініс табады,демек, аталмыш қоғамның эко­­но­микалық дамуының таңдап алынған моделдері, түрлері мен әдістері көрініс табады.

Ұлттық экономиканың жұмыс істеуінің нәтижелері, белгілі бір кезеңдердегі материалдық-заттық, интегралдық немесе жалпы нәтижелер, көп жылдық нәтижелер - ұлттық экономиканың жинақталуы болып саналады.

Ұлттық экономиканың материалдық-заттық нәтижелері - қоғамдық жиынтық өнім (ҚЖӨ) - белгілі бір кезең­дегі бүкіл кәсіпорындар өндірген материалдық игіліктер (өнімдер). Бұл жерде басты орынды ұлттық жалпы өнім (ҰЖӨ) алады.

Ұлттық жалпы өнімнің құрамына өндірістің өндірілген бүкіл құралдарының, тұтыну заттары мен қызмет­тері­нің құны, сондай-ақ шетел аумағында аталмыш ел субъек­тілерінің өндіріс факторларын пайдаланудан алған кірістері кіреді.

Ұлттық жалпы өнімді дұрыс өлшеу үшін оған шетелде өндірілген өнімдер құны (салықтар мен басқа төлемдерді алып тастағаннан кейінгі) - түпкі өнімдер кіреді. Түпкі қоғамдық өнім (ТҚӨ) - бұл тікелей тұтынуға арналған.

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) - амортизациялық аударымдар­ды шегеріп тастағандағы, жаңадан жасалған құнына сәйкес барлық салалар өнімдерінің жиынтығы.

Одан жанама салықтарды шегеріп тастағаннан кейін­гі (сатудан салықтар, акциздер, мүлік салығы, лицензиялық төлемдер мен кеден баж салықтары) таза ұлттық өнім сомасы ұлттық табысты (ҰТ) білдіреді. ҰТ - бұл өндіріс факторының иелеріне жататын: жер, капитал және еңбек, жеке тұтынуға жұмсалатын шығындар - жиынтық табыс. Ол сондай-ақ бюджетке түсетін табыс салығы, өндірістік емес салалардағы қызметтерге жұмсалатын шығындар, корпора­цияның пайдалары, әлеуметтік сақтандыруға арналған жарна­лар түрінде қайта бөлінеді. Ұлттық табыстың акция­лар мен трансфертке дивиденттер мен жиынтықтағы қалған бөлігі ғана жеке табысты құрайды және ол тұтынуға пайдаланады.

Экономикалық әдебиеттерде адам қажеттіліктерін бастапқы (төменгі) және қайталама (жоғары) (Американ экономисі А.Маслоу және оның пирамидасы) қажеттіліктерге бөлу жиі пайдаланылады. Бірінші қажет­ті­ліктерге жататындар - тамақ, сусын, киім, түс және т.б.

Екіншіге - адамның рухани, жеке қызметімен байла-нысты қажеттіліктер - өзін-өзі айқындау, білім беру, өнер-дегі, ойын-сауықтағы, қоғамдық құрмет қажеттіліктері.

Адам, қоғам қажеттіліктері өзгеріссіз қалмайды, олар адамзат өркениетінің эволюциясымен қоса дамып отырады және қоғамдық өндіріс құрылымы - материалдық және материалдық емес деп айқындайды. Шектеулі ресурс­тардан жасалған материалдық және материалдық емес байлықтар бір тауарды, бір қызметті, бір өндіріс түрін таңдауды білдіреді. Сондықтан да экономикада не сатып алынады сол ғана талданбай, сонымен бірге неден бас тартады (өндірілмейді) солар да талдауға жатады.

Ресурстардың шектеулігі жағдайында адамдардың, кәсіпорын мен қоғамның әл-ауқат деңгейі бірқалыпты болу үшін қолда бар ресурстарды тиімді жұмсауға мүмкіндік беретін дұрыс таңдау жасау маңызды болып саналады. Бұған әрбір мүмкін варианттардан алынатын пайданы салыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Баламалы пайда варианты баламалы құнды құрайды.

Сөйтіп, қандайда бір формадағы пайда қоғам­ның әл-ауқат деңгейін қамтамасыз етеді. Әл-ауқат деңгейі - ел азаматтарының тауарлармен және қызметтермен қамта­масыз етушілік дәрежесін, сондай-ақ жайлы және қауіпсіз өмір сүруге қажетті өмір жағдайларымен қамтамасыз етушілік дәрежесін көрсетеді.

БҰҰ сарапшылары былай деп санайды, әл-ауқат деңгейі үш негізгі көрсеткіш:

1. Өмірдің орта параметрі;

2. Сауаттылық деңгейі;

3. Халықтың жан басына шаққандағы кірістері-нен тұратын адам дамуының индексімен сипатталады.

Өмір сапасы - материалдық игіліктер мен қызмет­тер­ді тұтыну деңгейі, білім алу, мәдениетке мүмкіндігі, дәрігерлік қызмет көрсету дәрежесі және қоршаған орта жағдайын енгізе отырып, адамдар өмір сүретін жағдай­лар­дың кешенді сипаттамасы.

Сөйтіп, адам қажеттіліктері абсолютті және салыс­тырмалы, бастапқы және қайталама, жоғары және төмен, тікелей және жанама, нағыз және болашақтағы болып бөлінеді.

4. Өндіріс және ұдайы өндіріс. Экономикалық игіліктердің үздіксіз айналысы.

Экономикалық даму - бұл өзіне сандық және сапалық өсуді біріктіретін экономикалық, әлеуметтік, саяси және өзге де факторлардың тұтастай кешенінің өзара байла­нысты әрекеті. Қазіргі экономика ХІХ ғасырдың соңын­дағы экономикадан өзгеше көрінеді, өйткені меншік қатынастарында ұлттық табысты бөлуде маңызды өзгеріс­тер болды, әлеуметтік қорғау саясаты мен ұлттық эконо­миканы мемлекеттік реттеу саясаты пайда болып қалыптасты.

Экономикалық даму процесін дұрыс түсіну үшін экономиканың барлық өзара байланыстарымен және өзара алмастырушылықтарымен, яғни ұдайы өндіріс про­цесі­мен байланысын қарастыру қажет. Қоғамдық ұдайы өндіріс өзінің дамуында төрт сатыдан тұрады: өндірістің өзінен, бөлуден, айырбас пен тұтынудан. Бұл сатылар бір-біріне жалғасып қана қоймай, уақыт ағыны сияқты болып тұрады.

Өндіріс нақты заттай өнім жасайды: өндіріс құрал­да­ры және тұтыну заттары. Бұл - машиналар, құрал-жабдық­тар, нан, ет, маталар, киім, яғни адамның өмір сүруіне және дамуына қажеттердің барлығы.

Жыл ішіндегі өнімдерді бөлу сол елде үстемдік ететін меншік қатынастары мен экономикалық жүйеге сәйкес жүзеге асырылады. Мысалы: нарықтық механизм арқылы немесе орталықтандырылған түрде бөлу арқылы.

Айырбас (айналым) еңбек бөлінісі және мамандану негізінде жүзеге асырылады, сондықтан да, бұл біртұтастық бір формада өзінің еңбек нәтижесін қажетті өнімдер үшін екінші формада берудің мүмкін жолдары болып табылады. Бұл - «ақ­ша-тауар» немесе «тауар-ақша» схемасы бойынша сатып алу - сату актісі болып саналады. Экономика дамуының бұрынғы, сол сияқты қазіргі кезеңдерінде «тауар-тауар» (баспа-бас айырбас) айырбасы болуы мүмкін.

Тұтыну - кез келген өндірістің түпкі мақсаты, оның шыңы, онсыз кез келген өндіріс пен шаруашылық қызметі өзінің мағынасын жоғалтады. Тіпті, егер олар тұтынуда көрініс таппаса, кез келген ашылған жаңалықтар, оны қолданысқа енгізу мен дамытудың өзінің мағынасын жоғалтады.

Тұтынудан соң оны жаңамен толықтырып отыру, яғни өндіру заңды болып табылады. Өндіріс - бөлу-айырбас-тұтыну тізбегі ешқашан да үзілмейді.

Осы төрт фазаның барлығы бір мезгілде жүзеге асырылады, өйткені осы фазаның біреуінің тоқтауы тізбектің ажырауына және қоғамның құлдырауына әкеледі. Ұдайы өндіріс процесі төмендегі 4.1 кестеде көрсетілгендей жүзеге асырылады:

4.1 кесте

Қоғамдық ұдайы өндірістің жалпы кестесі

Оғамдық өндіріс факторлары және нәтижелері - student2.ru

Кестеде көрініп тұрғандай, бөлу фазасы мен тауарлар айырбасынан соң олардың барлығы тұтынылмайды, яғни әдеттегідей тауарлардың бір бөлігі резерв, қосалқы қор түрінде жинағыштарда сақталады және қажеттіліктің туындауына қарай пайдалануға түседі.

Наши рекомендации