Гидропоршеньді сораптық қондырғыларды қолдануғаарналған ұңғылық жабдықтар
Гидропоршеньді сораптар гидрожетекшеушінің барлық ерекшеліктеріне және мұнайды механикалық өндіруге арналған басқа қондырғыларға қарағанда көптеген артықшылықтарына ие болады. Оларды қолдану механикалық энергияны беруші қатынастарды қажет етпейді (штанга, канат, кабельдер, т.б.); кез-келген қисық сызықты ұңғыны қолдануға мүмкіндік береді; сұйықтың алым мөлшерін реттеуге және бірнеше ұңғыға ортақ гидрожетектеушіні қолдануға болады. Одан басқа еркін-лақтырылғыш (свободно-сбрасываемого) типті сорапты қолдануға; тереңдік аспаптарын гидропоршеньді сорап сұйық ағынымен бірге тасымалдауға; өндірілген сұйықты алғашқы өңдеу үшін химиялық реагенттерді қолдануға болады. Сорапты ауыстыру кезінде ұңғының жұмысын бастырмай (тоқтатпай) жасалынуы мүмкін.
ГПСА-ның (ГПНА) құрылыс сұлбасы 3.17-суретте көрсетілген.
Гидропоршенді сорапты қондырғылар келесі түрде классификацияланады:
- жұмыстық сұйықтың циркуляциясының принципиальды сұлбасы бойынша – ашық немесе жабық жүйелі;
3.17-сурет. ГПСА-ның структуралық сұлбасы:
1-энергияны механизм арқылы берілісі; 2-энергияның сұйық арқылы берілісі.
- ұңғылық сораптың жұмыс істеу принципі бойынша – бірлік, қосжүрісті немесе дифференциалды жүрісті;
- гидроқозғалтқыштың жұмыс істеу принципі бойынша – қос немесе дифференциалды жүрісті;
- батырмалы агрегаттың түсіру әдісі бойынша – СКҚ тізбегімен түсрілетіндер, фиксацияланған немесе еркін – ұңғыға тасталынатындар;
- бір жерлік қондырғысымен жұмыс істейтін ГПСА-лардың (ГПНА) саны бойынша – индивидуальды немесе топтық.
Мұнай өндіргіш ұңғыларда жұмыс істеу үшін золотникті реттеушісі және поршеньді гидравликалық қозғалтқышы бар тереңдік поршеньді сораптар қолданылады.
Ұңғылық жабдықтардың құрамына мыналар кіреді: ұңғылық сорапты агрегат; СКҚ тізбектері; әртүрлі ұңғылық аспаптар – пакерлер, якорьлер, центраторлар; ажыратқыш клапандар, т.б. Ұңғылық сораптық агрегаттың құрамында плунжерлі және поршеньді гидравликалық қозғалтқыштар болады. Сонымен бірге, сораптың плунжері штоктың көмегімен гидравликалық қозғалтқыштың плунжерімен байланыстырылған. Жоғары беттен гидравликалық қозғалтқышқа күштік (силовые) сораптар арқылы қысыммен жұмыстық сұйық беріледі (бұл механикалық қоспалардан тазартылған және газ бен судан ажыратылып, арнайы дайындықтан өткізілген өндірілген мұнай болу мүмкін). Золотник-реттеуші немесе гидравликалық қозғалтқыштың ауыстырып қосушысы (переключатель) жұмыстық сұйықты кезекпен оның поршенінің астына және үстіне орналасқан қозғалтқыш цилиндрінің штокті және жұмыстық қуыстарына жібереді. Қозғалтқыш поршені қайтымды-ілгерілмелі қозғалысқа жіберіліп, шток арқылы бұл қозғалысты сораптың плунжеріне береді. Золотниктің жұмысы тереңдік агрегатының поршеньдерін қосатын штокпен немесе арнайы басқару жүйесімен басқарылады.
Сорап өндірілген сұйықты жоғарыға көтереді. Қозғалтқышта жұмыс жасап шыққан жұмыстық сұйық көтергіш құбырларға бағытталады, бұл құбырлар арқылы ұңғыдан өндірілетін сұйық бірге жүреді де, жоғары бетке олардың қоспасы шығады.
Бетте жұмыстық сұйықты ұңғылық агрегатқа беретін сорап және жұмыстық сұйықты дайындайтын жүйе орналасқан. Ұңғыдан көтерілген сұйықтың бір бөлігі өнім жинаушы кәсіпшілік жүйеге (НГДУ) бағытталады, ал бір бөлігі жұмыстық сұйықты дайындайтын ашық жүйеге бағытталады. Ол жерде сұйықтан бөлінген су және газ кәсіпшілік жүйеге бағытталады, ал тазаланған жұмыстық сұйық беттік сорапқа барады (3.18-сурет).
Жұмыстық сұйықтың ашық циркуляциялау және оны дайындау жүйесінде тұндырғыштар, сепараторлар, реагентті беруші құрылғылар (мысалы, тұрақты эмульсияларды айыру үшін) және кей кезде жылытқыштар болады. Әдетте, жоғарғы бетте орналасқан күштік сораптар плунжерлі болады, бірақ жоғары тегеурінді ортадан тепкіш сораптар да қолданылу мүмкін.
Жұмыстық сұйықтың жабық циркуляциялы сұлбасы да қолданады. Бұл жағдайда, ұңғыда қосымша үшінші құбыр болу керек, бұл құбыр бойынша қозғалтқышта жұмыс істелінген жұмыстық сұйық өндірілген сұйықпен араласпай жоғары көтеріледі. Сондықтан жұмыстық сұйықты дайындау операциясы жеңілдейді. Бұл кезде сұйықтан негізінен тек қана механикалық қоспаларды айыру керек (қажалған бөлшектердің тозу өнімдері, құбырдың қабыршақтары, т.б.). Беттік қондырғылар едәуір оңайлатылады, бірақ ұңғыға үш құбыр түсірілетіндіктен бұл барлық жағдайларда мүмкін емес, ал кей жағдайларда мүлдем іске аспайды.
3.18-сурет. Гидропоршеньді қондырғының сұлбасы:
1-ұңғылық сорап; 2-батырмалы қозғалтқыш; 3-жұмыс істелінген сұйық және ұңғының өнімін көтеру үшін арналған канал; 4-жұмыстық сұйықты батырмалы агрегатқа жеткізуші канал; 5-беттік күштік сорап; 6-жұмыстық сұйықты дайындау жүйесі.
Қатар қолданылатын бірнеше ұңғыларға бір ғана қуаты жоғары қондырғы сұйығын дайындайтын беттік жүйені қолдану тиімді болады ( 7-40 ұңғыларға). Сонымен бірге, ұңғылық гидропоршеньді сораптардың бірнеше типтік өлшемдері болуы мүмкін. Бұл жағдайда қызмет көрсету жұмыстары жеңілдейді және қондырғылардың саны азаяды. Мұндай қондырғылар топтық деп аталады, ал индивидуальды қондырғыларда әрбір қолданылатын ұңғының жанында беттік сорап және жұмыстық сұйықты дайындау жүйесі болады.