Ндірістік жарақаттану, оны талдау
Өндірісте болған сәтсіз оқиғаны талдау мақсаты – осы оқиғаны тудырған себептерді айқындау және де осындай оқиғалардың қайталанбауына бағытталған шараларды әзірлеу.
Өндірісте жарақаттану және кәсіби аурулармен маңызды күрес жүргізу үшін кәсіпорындарында болған сәтсіз оқиғаларды мұқият тексеріп отыру керек.
Арнайы ережеге сәйкес қай жұмыста болмасын жұмыскерлермен болған сәтсізоқиғалар міндетті түрде тексерілу және тіркелу керек. Тексерілу мен тіркелуге жататын сәтсіз оқиғалар: зақымдар, улану және кәсіби аурулар, ыстық соғу, күйіктер, үсіну, суға кету, найзағай түсу тағы басқа өндірісте болған оқиғалар.
Өндірісте әр сәтсіз оқиға, егер ол бір жұмыс күні бойы және одан артық мезгілге жарақаттанған адамның жұмысқа жарамсыздығы немесе оны басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіншілігі туғызса, ауырлығы нәтижесі бойынша әр жараланған адамға Н-1 актісі жасалынады.
Сәтсіз оқиғаларды әділдікпен, дер кезінде тексеріп, материалдарын дайындап тіркеу; адамның денсаулығына тиген зиянның есесін төлеу; оған жеңілдіктер мен компенсация беру; сәтсіз оқиғалардың себептері мен зардабын жою жөнінде шаралардың орындалу жауапкершілігі кәсіпорны бастығына жүктеледі. Ал осы мәселелердің міндетті түрде шешілуін еңбек қорғау департаментінің мемлекеттік еңбек қорғау инспекциясы мұқият бақылап отырады. Ол жұмысын басқа мемлекеттік, ведомстволық және қоғамдық қадағалау және бақылау органдарымен бірлесіп жүргізіледі.
Кейбір сәтсіз оқиғалар өндірісте тіркеленуге жатпайды, егер олар пайда болса:
а) қылмыс жасау кезінде;
б) мас болу немесе наркотик заттарды қолданған жағдайда;
в) өзіне өзі әдейі зақым келтірсе;
г) өзінің мүддесі үшін әрекет жасаған кезде;
д) өндіріске қатысы жоқ қауіпті және зиянды факторлардың әсерінен болса.
Сәтсіз оқиғаларды тексеру тәртібі. Сәтсіз оқиға туралы жарақаттанған адам өзі немесе оны көрген адам бөлімше (жұмыс) бастығына дереу хабарлау керек. Бөлімше бастығының міндеті:
а) жарақаттанған адамға дереу бірінші медициналық көмек ұйымдастырып, оны емдеу мекемесіне жеткізу;
б) тексеру басталғанша оқиға болған жұмыс орнын жағдайын және жабдықтардың күйін бұзбай сақтау;
в) сәтсіз оқиға туралы кәсіпорын бастығына және кәсіподақ комитетіне хабар беру;
Кәсіпорын бастығы сәтсіз оқиға туралы дереу хабарлайды:
а) мемлекеттік еңбек қорғау инспекциясына;
б) еңбек қорғау жөніндегі мемлекеттік және ведомстволық қадағалау және бақылау органдарына (егер объектілер олардың бақылауында болса);
в) жоғарғы шаруашылық органына;
г) мемлекеттік санитария қадағалау органына (кәсіби ауру немесе улану болса).
Бір кісілік, ауыр емес сәтсіз оқиғаны тексеруді кәсіпорын бастығы немесе оның тапсырмасы бойынша жөн білетін адам, ебек қорғау қызметінің мамандары және басқа қызмет адамдары жүргізеді, әрине кәсіподақ комитетінің өкілінің қатысуымен.
Басқа кәсіпорыннан келген жұмыскерлермен болған сәтсіз оқиғаны оларды жіберген кәсіпорынның өкілдерінің қатысуымен оқиға болған кәсіпорынның бастығы тексереді.
Дер кезінде хабарланбаған немесе еңбекке жарамсыздықты бірден туғызбаған сәтсіз оқиға ол туралы арыз берген күннен бастап 1 айдын ішінде тексерілуі керек.
Тексеріс нәтижесі бойынша керекті мөлшерде (4 данадан кем емес) акті (форма Н-1) жасалынады. Оны кәсіпорын бастығы бекітіп, мөр басып растайды.
Арнайы тексеріске жатады:
а) тобымен (көп кісілік) болған сәтсіз оқиға (бір мезгілде жарақаттанған адамдардың саны 2 не одан артық);
б) ауыр нәтижелі сәтсіз оқиға (мүгедектік жағдай сәтсіз);
в) өлімді (қазалы) сәтсіз оқиға;
г) ауыр кәсіби ауру (улану).
Осы сәтсіз оқиғалар туралы кәсіпорын бастығы дереу хабар береді:
а) мемлекеттік еңбек қорғау инспекциясына;
б) жоғарғы шаруашылық органға;
в) прокуратураға;
г) жергілікті мемлекеттік және ведомстволық қадағалау және бақылау органдарына (егер объектілер олардың бақылауында болса);
д) кәсіподақ комитетіне;
е) мемлекеттік санитария қадағалау органдарына (ауыр кәсіби аура немесе улану болса);
Бұл сәтсіз оқиғалардың арнайы тексеруін комиссия жүргізеді, оның құрамы мынадай:
а) төрағасы – мемлекеттік еңбек қорғау инспекторы;
б) мүшелері – жоғары шаруашылық органыныңбастығы (оның орынбасарлары), кәсіпорын бастығы, кәсіподақ органдарының өкілі.
Көп кісілік сәтсіз оқиғаны, егер 3-5 адам өлсе, арнайы тексеруді еңбекті қорғау Департаменті сайлаған комиссия жүргізеді, ал егер өлген адамдардың саны 5 артық болса, тексеруді Қазақстан Республикасының үкіметі сайлаған комиссия жүргізеді.
Сәтсіз оқиғаларды арнайы тексеру нәтижесі бойынша ерекше формада акті жасалынады. Бұл актіден басқа әр жарақаттанған адамға Н-1 формасы бойынша акті жасалынуы керек.
Егер кәсіпорын бастығы Н-1 форма бойынша акті жасаудан бас тартса немесе жарақаттанған адам тексеріс материалдарымен келіспесе, оның кәсіподақ органдарына шағым жасауға хақысы бар. Керек жағдайда ол адам сотқа арыз бере алады.
Тексеріс аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде мемлекеттік еңбек қорғау инспекторы арнайы тексеру материалдарын прокуратураға жібереді, ал тобымен өлімді болған сәтсіз оқиғалардың материалдары еңбек қорғау Департаментіне де жіберіледі.
Сәтсіз оқиғалардың тексеру материалдары кәсіпорнында 45 жыл бойы сақталынады.
Әр болған сәтсіз оқиғаның тексерілу нәтижесін кәсіпорын бастығы мен кәсіподақ комитеті барлық кәсіпорын ұжымына хабарлайтын болу керек.
Ақпаратты дер кезде есепке алып, өндеу үшін өндірістік жарақаттануға талдау жүргізіледі.
Жарақаттану мен кәсіби ауруларды талдау міндеті – сәтсіз оқиғалар мен сырқаттанудың пайда болуын туындаған себептері және заңдылықтарын айқындау. Сәтсіз оқиғаның алдында ылғида өндірістік үрдістің қалыпты жүрістен ауытқуы болады.
Еңбек жағдайларының қауіпсіздігі мен зиянсыздығы негізінде себептердің екі тобы анықтайды: өндірістік – техникалық (ұйымдастырушылық, техникалық, өндірістік ортаның факторлары) және психофизиологиялық.
1 топ - өндірістік – техникалық.
Ұйымдастырушылық себептер: нұсқаудың жоқтығы немесе оны қанағаттанарлықсыз жүргізілуі; жұмыстарды өндіру жобасының жоқтығы; қауіпсіздік техникасы бойынша; жұмыстарды басқару және қадағалау бойынша нұсқаулардың жоқтығы; еңбек ету және демалудың қанағаттанарлықсыз тәртібі; жұмыс орнын, адамдар мен көліктің жүруін дұрыс ұйымдастырмау; арнайы киімнің, жеке қорғаныш құралдардың болмауы, тозуы немесе жұмыс жағдайларына сәйкес келмеуі.
Техникалық себептер конструкторлық, технологиялық және қанағаттанарлықсыз техникалық қызмет көрсету болып бөлінеді.
Конструкторлық себептер: құрылыс конструкцияларының, технологиялық жабдықтардың, көліктік және энергетикалық құрылғылардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі; құралдар конструкцияларының жетілмегендігі; оқшаулау құрылғыларының және басқа да қауіпсіздіктің техникалық құралдарының болмауы немесе жетілмегендігі.
Технонлогиялық себептер: жабдықтарды, көтергіш құралдары мен механизация құралдарын дұрыс тандау, технологиялық үрдісті бұзу.
Қанағаттанарлықсыз техникалық қызмет көрсету: жоспарлық профилактикалық тексерулердің болмауы, жабдықтарды техникалық жағынан күтпеу және жөндемеу; қол және жылжымалы механизирленген құралдарының ақаулығы.
Өндірістік ортаның факторлары: жағымсыз метеорологиялық жағдайлар; жағымсыз жарықтандару; шу мен дірілдің жоғары деңгейі; жұмыс аймағындағы ауада зиянды заттардың жоғары шоғырлануы; зиянды сәулеленулердің болуы.
2 топ – психофизиологиялық себептер: еңбек жағдайларына адам анасының анатомия – физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің сәйкес келмеуі; ұтымдағы жағымсыз психологиялық жағдай; алкогольдік масаю және т.б.
Жарақаттануды талдау әдістері. Сәтсіз оқиғаларды туғызатын себептерді жою үшін кәсіпорындарда өндірістік жарақаттану мен кәсіби аураларды зерттеп, талдап отыру керек. Талдаудың бірнеше әдістері болады: статистикалық, топтау, топографиялық, монографиялық техникалық, экономикалық әдістері.
Статистикалық әдіс.
Бұл әдіс тіркелген сәтсіз оқиғаларды талдауға негізделген олардың жалпы санын көрсетеді және жарақаттанудың деңгейін сипаттайтын орташа көрсеткіштерді пайдаланады. Статистикалық әдіс қай өндірісте және оның қай бөлімшелерінде сәтсіз оқиғалар жиі болады, олардың қандай ерекше себептері бар және қажетті шараларды қолдану жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Статистикалық талдау әдісіне мынандай көрсеткіштерді пайдаланады:
Сәтсіз оқиғалардың абсолюттік саны С;
Травматизмнің жиілік коэффициенті Кж;
Травматизмнің ауырлық коэффициенті КА;
Жалпы жарақаттану көрсеткіші КТ;
Мүгедектік және өлімді сәтсіз оқиғалардың көрсеткіші КМӨ.
Сәтсіз оқиғалардың абсолюттік саны өндірісте белгіленген уақыттың ішінде қанша адам жарақаттанғаның көрсетеді. Бірақ бұл көрсеткіштен өндірісте жарақаттанудың нақты жағдайын білуге болмайды, өйткені сәтсіз оқиғалар саны өндірісте жұмыскерлердің санымен байланысты, ал жұмыскерлер саны әр кәсіпорында әртүрлі және әр уақытта өзгеріп отырады. Сондықтан жарақаттанудың салыстырмалы мәліметтерін алу үшін басқа көрсеткіштерді қолдану керек.
Жарақаттанудың жиілік коэффициенті деп белгіленген уақытта бір мың жұмыскерлерге келетін сәтсіз оқиғалардың саның айтады.
Мұнда С – белгіленген уақыттағы сәтсіз оқиғалардың саны;
Ж – сол уақыттағы жұмыскерлердің орташа саны.
Бұл коэффициент қай кәсіпорында, қай жұмыстарда сәтсіз оқиғалар жиі болып тұратаның көрсетеді.
Бірақ бұл көрсеткіште жарақаттану жөнінде толық мәлімет болмайды. Өйткені өндірісте зақымдар көп болса да жеңіл болуы немесе аз болса да ауыр мүмкін.
Сондықтан жарақаттануды толық бағалау үшін басқа коэффициенттерді қолдану керек.
Жарақаттанудың ауырлық коэффициенті деп бір сітсіз оқиғаға келетін еңбекке жарамсыздық күндерінің санын айтады
Мұнда К – еңбекке жарамсыздық күндерінің жалпы саны (белгіленген уақыттың ішінде)
Ж – сол уақыттағы сәтсіз оқиғалардың саны.
Бірақ ьұл көрсеткіште жарақаттанудың ауырлығын толық сипаттай алмайды өйткені ол жарақаттанудың мүгедекті және өлімді сәтсіз оқиғаларын есептемейді, мұндай сәтсіз оқиғалар бөлек есепке алынады. Сондықтан жарақаттанудың толық жағдайын анықтау үшін мүгедектікті және өлімді туғызатын ауыр сәтсіз оқиғалардың саның көрсететін көрсеткіштерді қолданады.
Мұнда СМӨ - мүгедекті және өлімді сәтсіз оқиғалардың саны;
С – сәтсіз оқиғалардың жалпы саны.
Жалпы жарақаттану көрсеткіші бір мың жұмыскерлерге қанша еңбекке жарамсыздық күн келетінін көрсетеді.
Сонымен өндірісте травматизмді жиілік коэффициенті КЖ сандық жағынан, ауырлық коэффициенті КА сапа жағынан, жалпы көрсеткіш КТ экономикалық жағынан сипаттайды.
Жалпы науқастық көрсеткіш деп белгілі уақыттың ішінде 100 адамға келетін ауру-сырқаудың санын айтады.
Мұнда А – ауырған адамдардың саны.
Бұл көрсеткішті басқаша анықтауға болады.
Топтау әдісі.
Бұл әдіс біркелкі жағдайларда болған сәтсіз оқиғалардың қайталану жиілігін анықтауға арналған. Мұнда сәтсіз оқиғалар кейбір белгілермен бірнеше топтарға бөлінеді (стаж, мамандық, себептер, адам жасы, уақыт бойынша тағы басқалар). Бұл әдіс сәтсіз оқиғалардың жалпы санының ішінде әр топтың үлесін көрсетеді (пайызбен). Мұнда жарақаттанудың ауырлығы есепке алынбайды.
Топографиялық әдіс.
Бұл әдіс сәтсіз оқиғалардың пайда болу орындарын зерттеуге негізделген. Жеке бөлімшелердің жоспарында таңбалармен жұмыс орындарында сәтсіз оқиға болған желерді белгілейді. Қай жерде көп таңбалар қойылса, сол жұмыс орны қауіпті деп есептелінеді. Бұл сол жұмыс орындарында қауіпсіздікті көтеру үшін қажетті шараларды қолдануды көрсетеді. Бұл әдістің артықшылығы оның көрнектілігі.
Монографиялық әдіс.
Бұл әдіс жұмыс барысында пайда болатын қауіптілік пен зияндылықты анықтау үшін жұмыс орындарын, машиналарды, құралдарды, өндіріс бөлмелерін, технологиялық процестерді, өндірістік ортаны, тағы басқаларды мұқият тексеруге арналған. Бұл әдіс өндірістік жарақаттанудың себептерін терең түрде талдауға мүмкіндік береді, сондықтан оның нәтижелерін қауіпсіздік тезниканың құралдарын жасауға пайдаланылады нұсқау, ереже, плакаттар және т.б.
Техникалық әдіс.
Бұл әдіс өндірісте жағымсыз факторлардың қауіптілігі мен зияндылығын (шуыл, вибрация, шаң, газ, радиация тағы басқалар) анықтауға қолданылады.
Экономикалық әдіс.
Бұл әдіс өндірістік жарақаттанудан болатын шығындарды анықтауға негізделген.
Қазіргі кезде еңбек қауіпсіздігін ғылыми тұрғыда болжау әдісі қолданылып жүр. Бұл әдіс жарақаттанудың динамикасын ықтималды түрде бағалауға, жаңа өндірістік технологиялардың жағымсыз факторларын алдын-ала болжауға, олар жқнінде қажетті қауіпсіздік шараларды анықтауға негізделген.