Газлифтті қондырғылардың классификациясы

Үзіліссіз
газлифтті қондырғылардың классификациясы - student2.ru

2.14-сурет. Газлифтті қондырғылардың классификациясы

Газлифтті әдіспен өндіру негізінен үздіксіз және периодты болып бөлінеді (2.14-сурет). Жұмыстық агенттің ұңғыға берілуі бойынша газлифт компрессорлы және компрессорсыз болып бөлінеді. Жоғары қысымды газдың көзі ретінде жоғары қысымды газ мұнай өндіретін ұңғыдағы қабаттан алынатын болса, онда газлифт ішкіұңғылы компрессорсыз болып табылады (2.15-сурет).

газлифтті қондырғылардың классификациясы - student2.ru

2.15-сурет. Компрессорсыз лифт кезіндегі қондырғының сұлбасы

Ұңғыдағы (1) газ үлкен қысымда (15-20 МПа) тазарту орнына (құрғату) (2) жеткізіледі де, сонан соң ол гидроциклонды сепаратор және конденсат жинағыш арқылы өтеді. Тазарту пунктінен кейін газ жалынсыз қыздырғыштарға (3) түседі де, ары қарай газ үлестіргіш батареяға (4) беріледі. Газ 80-90 0С градусқа дейін қыздырылады. Газды қыздыру – тасымалдау және редуциялау кезіндегі гидрат құрылуынан сақтайтын өте тиімді әдіс. Батареядан кейін газ реттеуші штуцер (5) арқылы пайдаланушы мұнай ұңғыларына (6) бағытталады. Сұйық көтерілген соң газ газайырғышқа (7) түсіп тазаланып, сонан соң отын желілеріне және газ - бензин зауыттарына бағытталады. Газайырғаштардан алынған сұйықты ыдысқа (8) жібереді.

Мұнайды компрессорлы әдіспен өндірген кезде қондырғының жалпы үлгісі 2.16-суретте көрсетілген (пунктирмен компрессорлы станцияның қондырғысы көрсетілген).

Газ құбыры (3) арқылы түсетін газ компрессор станциясындағы газ дайындайтын торабқа (4) келіп түседі, бұл жерде газ механикалық қоспалардан, ылғалдан тазартылып қажетті бастапқы қысымды алады. Одан кейін газдың бір бөлігі қысым реттеушіден (5) компрессор қозғалтқышына түседі (әдетте, 8 ГК немесе 10 ГК). Газдың негізгі бөлігі компрессордың (6) бірінші сатысының цилиндріне барады. Бірінші сатыда сығылған газ майбөлгіштерге (7) және тоңазытқыштарға (8) түседі, ол жерден ылғалды бөліп алуға арналған сепаратор (9) арқылы екінші сатыдағы сығу цилиндріне түседі. Бұдан кейін газ тағы да бірінші сатыдағыдай өңдеуден өтеді. Бөлінген ылғал конденсатқа арналған ыдысқа (10) түседі де, ары қарай сораптық бөлмеге (11) түседі. Екінші сатыда сығылғаннан кейін тазартылған газ компрессор станциясының (12) үлестіру аймағына түседі, ол жерде оның қысымы мен мөлшері тіркеледі. Компрессор станциясының аумағында суды салқындату жүйесі болады (13) (әдетте бұл градирня). Газды және қозалтқышты суыту үшін су өте көп мөлшерде қолданылады. Одан басқа компрессор үлкен май қорын қажет етеді (2), бұл жерде компрессорды майлап жағуға жұмсалынатын май сақталып тазартылады. Қуаты үлкен компрессорларды іске қосу үшін алдын ала сығылған ауа керек, ол қосалқы компрессорлардан (1) келеді. Компрессордан кейін газ кәсіпшілік торапқа түседі, ары қарай қажеттіліктерге байланысты қыздырғыштардан (14), ылғалбөлгіштерден (15), газүлестіруші батареядан өтіп пайдалану ұңғыларына (17) жіберіледі.

Газлифтті қондырғылардың негізгі екі түрі болады – ашық және жартылай жабық типті.

Ашық типті ұңғыларды қолданған кезде СКҚ тізбегі ұңғыға пакерсіз түсіріледі. Ашық типті газлифтті қондырғы негізінен үздіксіз газлифт кезінде қолдануға арналған.

Бұл типті қондырғылардың кемшіліктері:

- құбыр сыртындағы кеңістікте сұйықтың деңгейінің тербелуі. Бұл кезде газ енгізетін нүктеден төмен орнатылған клапандардың, ал кей кездерде тіпті жұмыстық клапандардың да тозуы байқалады.

- ұңғылардың жұмысын тоқтату кезінде құбыр сыртындағы кеңістікте қалыпқа келген сұйық бағанын сығып, төмен түсіру қажеттігі, бұл да клапандардың тозуына әкеледі.

газлифтті қондырғылардың классификациясы - student2.ru

2.16-сурет. Ұңғыларға газды дайындаудың және берілуінің үлгісі

Жартылай жабық газлифт қондырғысы ашық типті қондырғыдан тек пакердің орнатылуымен ерекшеленеді, себебі бұл пакер құбыраралық кеңістікке ұңғы жұмысқа кіріскен соң қабат сұйығының өтпеуін қамтамасыз етеді.

Сұйықтың динамикалық деңгейі төмен терең жоғары шығымды ұңғыларды қолданған кезде газлифтті және сораптық мұнай өндіру әдістерін комбинациялаған дұрыс. Газлифт сорап үстіндегі қысымның азаюына және де қондырғының өнімділігінің өсуіне мүмкіндік береді. Жұмыс істеу технологиясы келесідей: белгіленген тереңдікке орнатылған пакері бар батырмалы электрлі ортадан тепкіш сорап ұңғыға түсіріледі. Пакер құбыр сыртындағы кеңістіктің жоғары және төменгі бөліктерін ажыратады. Пакердің үстіне жұмыстық муфта немесе газлифтті клапандар орнатылады. Батырмалы ортадан тепкіш сорап және сақиналық жүйелі газлифттің көмегімен ұңғы іске қосылады.

Наши рекомендации