Сурет 2. Катализатордың қозғалмалы қабаты бар бензинді каталитикалық риформинглеу қондырғысының схемасы

Р-1 – гидротазалау реакторы; Р-2/1 – Р-2/4 – риформинг реакторының секциялары; П-1 – гидротазалау блогының пеші; П-2/1 – П2/4 – риформинг реакторы пешінің секциялары; П-3 – тұрақтандыру бағанасының төменгі жағына жылу жеткізу пеші; РК-1,2 – тұрақтандыру бағаналары;

СО – газдарды күкіртсутектен тазарту сатысы; ГЗ-1,2 – катализатор ағынындағы гидроқақпақ; ПП – пневмокөтергіш; БРК – катализаторды регенерациялау блогы; Б-бункер; Е-1,3,4 – жоғары қысым сепараторлары;

РБ – ребойлер; Т – жылуалмастырғыштар; Н – сорғылар;

Х – тоңазытқыштар; К – компрессорлар; КХ – конденсатор-тоңазытқыштар.

Ағындар: I – бензин 85-1800С; II – сутекті газ; III – катализаттың сұйық фазасы; IV, XI – көмірсутекті газ; V – сутекті газды үрлеу; VI – күкірттен тазартылған бензин; VII – риформинг катализаты; VIII – ыстық сеператордан шыққан сұйық фаза; IX – ыстық сеператордағы сутекті газбен қоспадағы бу фазасы; X – суық сеператордан шыққан сұйық фаза; XII – сұйытылған газ; XIII – тұрақты жоғары октанды бензин; XIV – тауарлы сутекті газ; XV – кокстелген катализатор; XVI – регенерацияланған катализатор.

Тұрақтандырылған катализат риформинг процесінде түзілген қанықпаған қосылыстардан арнайы саздармен немесе қосымша реакторда гидрлеу арқылы тазартылады.

Катализатор шикізат буын П-2/2 пешіне, әрі қарай П-2/3-ке және жеткілікті қыздырылу үшін П-2/4-ке бағыттайтындай етіп, реактор секциясына қайта толтырылады. Катализатор гидроқақпақ құрылғысы арқылы Р-2/2 секциясына, әрі қарай Р-2/3 пен Р-2/4-ке бағытталады. Катализатор барлық секциядан өткен соң, Р-2/4 төменгі секциясынан регенерацияға жіберіледі. Ол үшін катализатор гидроқақпақ арқылы өтіп, катализаторды регенерациялау блогына түседі. Бұл жерде катализатордың бетіндегі кокс ауа құрамындағы оттекпен жағылып, әрі қарай хлорсутек қышқылымен өңделеді. Катализаторды регенерациялау блогынан пневмокөтергіш арқылы катализатор бункерге көтеріледі де, гидроқақпақ арқылы Р-2/1 жоғарғы секцияға түседі.

Қондырғының шамамен жұмыс істеу тәртібі:

Температура, 0С:
Гидротазалау реакторында
П-2/1 пешінен шыққанда
П-2/2 пешіне кіргенде
П-2/4 пешінен шыққанда
Қысым, МПа:
Р-2/4 астында 0,8
Е-4 сеператорында 2,5
Катализаторды циркуляциялау циклінің ұзақтылығы, тәулік 3,0
Катализаторды реактор секцияларына орналастыру арақатынасы 1:2:3,5:5
Сутекті газдағы сутек:көмірсутек арақатынасы 2,5
Катализаторды регенерациялау жылдамдығы, кг/сағ
Тұрақты катализаттың октан саны (зерттеу әдісі)

Шет елдерде R-134 немесе CR-401 типтегі катализаторларды үздіксіз регенерациялау арқылы каталитикалық риформинглеу процесі кеңінен қолданылады. Бұл реактордағы қысымды 0,7 МПа-ға дейін төмендетіп, арендердің шығымын 48%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Қысым 0,5 МПа болса, арендердің шығымы 65%-ға артады. «INSTITUT FRANCAIS DU PETROLE» процесінде АR-405 типтегі арнайы механикалық берік, қозғалысы жеңілдетілген катализатор қолданылады.

Соңғы жылдары шет елдерде өте төмен қысымда (0,35МПа), катализаторды үздіксіз регенерациялау арқылы жұмыс істейтін каталитикалық риформинг қондырғылары өндірісте пайдалануға енгізілді және бұл қондырғылар жеңіл бензинді изомерлеу мен бензолды бөліп алу процестерімен біріктірілген.

Негізгі әдебиет 2[318-322], 3[48-80]

Қосымша әдебиет 10[203-213]

Бақылау сұрақтары:

1. Каталитикалық риформинг технологияларының түрлері.

2. Риформингтің өндірістік катализаторлары.

3. Катализаторды үздіксіз регенерациялау арқылы каталитикалық риформинглеу.

4. Бензол, толуол және ксилолдарды қолданудың негізгі бағыттары.

Лекция №5. Арендерді бөліп шығару және бөліп алу. Риморфинг катализатынан арендерді экстракциялық бөліп алу. Орташа дистиллятты мұнай фракцияларынан арендерді экстракциялау.

Арендерді бөліп шығару және бөліп алу.

Арендер өндірісіне арналған негізгі шикізат көздері – мұнай мен тас көмір. Мұнай мен көмірден арендер алуда қолданылатын маңызды процестер – тура айдау бензинін каталитикалық риформинглеу, бензин мен жоғары температурада қайнайтын фракцияларды пиролиздеу, тас көмірді кокстеу. Аталған процестер нәтижесінде алынған өнімдердің типтік құрамы 4-кестеде көрсетілген.

Кесте

Наши рекомендации