Тігін өндірісіндегі қолданылатын маталардың жаңа түрлері
Өнеркәсіпппен шығарылатын маталар, трикотажды және таспа емес маталар өте алуан түрлі. Алып қарайтын болсақ, тоқыма өнеркәсібі маталардың 3500 астам түрлерін шығарады (басқаша айтқанда, ең болмағанда бір көрсеткішің бойынша ерекшеленетін – ені, тығыздығы және т.б. жеке түрлерін), соның ішінде мақтақағаздылар – шамамен 1000 артикул, ленді – 350 астам, жүнді – 1000 астам және жібекті 1100 артикул, ал мата еместер 100 артикул.
Олардың өндірісін одан ары арттыру және тұрмыстық маталардың спасын жоғарылату химиялық талшықтар және жаңа түрдегі жіптерді, табиғи талшцықтардан жасалған иірім жіптерді, кешенді химиялық текструирленген ирім жіптерді, өрілген иірім жіптерді және фасонды өрімдегі иірім жіптерді, түрлі түсті жіптерді; одан басқа безендірудің жаңа түрлерін және т.б. әдістерді пайдаланумен жүзеге асырылады.
Талшықтардың әртүрінен жасалатын тоқыма жіптер барлығын жалпы алғанда 1986 жылы 12,3 млрд м2 өндірілген. Олардың ішінде мақтақағазды маталар пайыздық түрде: 63,2, ленді – 6,7, жүнді маталар 5,4, жібекті маталар 15,9; және мата емес типтегі маталар 7,8 құраған.
ХХVІІ съезді шешімімен маталар өндірісін 1990 жылға қарай 14-15 млрд м2 дейін жеткізу жоспарлануда, мұнда жүнді маталар өндірісін безендіре отырып 1,7 есе арттыру, жібекті жаңа құрылымдағы маталарды және жіптерді 2 есе, тұрмыстық маталарды 2,3 есе арттыру қарастырылған.Қазіргі заманғы маталар яғни ,Альпака-Чили және Перуде тұратын ламалардан алынады.Жүні жұмсақ, жіңішке, жібекті жылтыр, жоғары сапалы қоспаларға қолданылады. Альпака иірімін оңтүтік америкалық түйе тектес жануарлардың бір түрінен алады.Зефир –жұқа нәзік жүн мата.ОЛ жұмсақ және төгіліп тұрады.Бұл матадан жейделер және блузкалар тігіледі.Кашгора-Бұл жаңа Зеландияда өсірілетін кашгор ешкісінің жүнінен алынатын мата.Мата өте берік, кашемирдің жеңілдігі мен жұмсақтығына ие.
Тоқыма маталар әртүрлі жіптерді пайдалана отырып әртүрлі әдістермен өндіріледі.
Қолданылу саласына байланысты оларды үй шаруашылығы заттары және киімдерін жасау үшін пайдаланылатын тұрмыстық; өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін арналған техникалық және арнайы мақсаттағы деп бөледі. Тұрмыстық маталар тоқыма маталардың жалпы өндіріс көлемі ішінде ең жоғары орынға ие.
59. іш киімге арналған трикотаж жаймалары .Ішкиімдік трикотаждың жаймалар жейде ішкөйлек, майка, трусиктер, шомылғы костюмдер, балалар еңбектемесі, ж.т.б. бұйымдарды жасауға арналған.Ішкиімдік жаймалар өңдеу кезінде қайнатылады, ағартылады, боялады немесе айшықталады. Ішкілік құрамына байланысты олар әртүрлі ішкиімдік жаймалардың көп бөлігін мақта мақталық жайма құрайды. Көбінесе оларды қисықтоқылған өрімді түрде жасайды және тегіс түкте және плюшті түрде шығарады. Тегіс жайма өрімдерге гладь және двуластик (интерлок), сонымен қатар ластик 1+1, 2+2 ж.т.б. Ластик өрімімен жасалған ішкиімдік мақтаматалық трикотаж жаймалары көбінесе балалар киімінде қолданылады. Тегіс ішкиімдік жайма шығаруда сызықтық тығыздығы 11,5 тен 18,5 текске дейінгі мақтаматалық иірім жібі қолданылады. Бұл жаймалардың беттік тығыздығы 140-200 г/м2.Түкті мақта трикотаж жаймалары жылы ішкиім жасауда қолданылады. Олар беттік тығыздығы 270-400 г/м2 түрде шығарылады.Плюшті ішкиімдік жаймалар плюштік өріммен шығарылған, және оларда беттік ілмектері болады.Аралас иірімгіштіктен жасалған ішкиімдік трикотаждық жаймалар құрылысы бойынша аналогиялық мақтаматалық. Терістемесі мақтаматалық иірім жіптен және оң жағы вискозды жіптен тұратын жаймалар көп таралған.Жоғары дәрежелі ішкиімдік трикотаж тарақты аралас (мақтаполинозды, мақталавсанды, нитронполинозды) жүреді. Аралас, жүнді иірім жіптен жасалады.Жасанды жіптен және иірім жіппен жасалған. Ішкиімдік жайма негізінен әйел ішкиіміне арналған.Олардың арасынан 6,6-13 текс сызықтық тығыздықты трико және сукно өрімді вискозды жіптер және 5,8-13 текс сызықтық тығыздықты ацетатты және үшацетатты жіптер көп бөлігін құрайды. Бұл жаймалардың беттік тығыздығы 120-200 г/м2. вискозды жаймалар ацетаты және үшацетатты жаймаларға қарағанда бірқатар қасиетке ие олар алға сіңіргіш және тозуға төзімдірек болады. 8,4-22,2 текс сызықтық тығыздықты жіптен жасалған вискозды ішкиімдік жаймалар әдемі сыртқы түрімен ерекшеленді.Жасанды жіптен жасалған трикотажды жаймалар кейде ластик және двуластик жасалған трикотажды жаймалар кейде ластик және двуластик өрімде жасалады. Бірақ бұл жаймалар ескіруге жеткіліксіз тұрақты қатты созылады, одан бұйымның формасы тұрақты емес.Жасанды жіптерден жасалған комбинирленген ашурлы өрімді жаймалар тегіс жаймаға қарағанда жеңілірек олардың беттік тығыздығы 100-160 г/м2 аралығында табады. Жасанды жіптерден трико-шарме өрімінен жасалған сапалы жайма жасалады, шарме өрімімнен өңдегенде жеңіл түктелетін ирім жіп алынды. Бұл жайма жылы ішкиім үшін қолданылады.Синтетикалық жіптерден және иірім жіптерден жасалған ішкиімдік трикотажды жайма көбінесе капрондық, хлоринді комплексті жіптерден, сонымен қатар текстурленген химиялық жіптерден жасалады. Капронды жіптерден ішкиімдік жаймалар негізтоқылымдық әдіспен трико-сукно, трико-трико, рельфті ажурлы және ірі өрнекті өрімде шығарылуда. Сызықтық тығыздығы 1,7-5,0 текс капрондық жіптер қолданылады.Капрондық жіптерден жасалған жаймалардың беттік тығыздығы 35-125 г/м2. олардың өзгеше қасиеті ескіруге жоғары тұрақтылығы болып табылады. Ажурлы жаймалар әйел ішкиімін өңдегенде қолданылады.Біртексіз жаймалар мақтаматалық және жүн иірім жібінен, вискозды, ацетатты жіптерден шығарылады. Оларды көбінесе қабықты тегіс немесе түкті (футерлі өрім) түрде шығарады. Қабықты тегістікті шығаруда арналуына байланысты әртүрлі грунтты және қабықты жіптер, мысалы үшін мақталы иірім жіптерден грунтты және жүннен қабықты жайма, қолданылады. Спорттық ішкиім үшін грунт – жүнді, қабық-мақтаматалы иірім жіптер шығарылады.Түкті біртексіз ішкиімді жайма футерлі жіп ретінде жартылай жүнді иірім жіптен шығарылады. Төменде айрым трикотажды ішкиімдік жаймалардың қысқаша мінездемесі келтіріледі. Сызықтық тығыздығы 11,8-текс мақтаматалық иірім жіптен және 8,3 текс вискозды жіптен жасалған.Ішкиімдік жайма трикосукно өрімімен шығарылады, беттік тығыздығы 130 г/м2. олар ақ және тегісбасылған түрде шығарылады әйелдер ішкиімі үшін қолданылады.Сызықтық тығыздығы 13,3 текс вискозды жіптерден жасалған ішкиімдік жайма трико-сукно өрімімен шығарылады, беттік тығыздығы 205 г/м2. Тегісбоялған, ақ және сурет басылған түрде шығарылады. Майка, сорочка, ішкөйлек жайма гладь өрімімен жасалады, беттік тығыздығы 280 г/м2.
60. Іш киімдік және корсеттік бұйымдарға арналған материалдарды конфекционерлеу.Ішкиім - адамның денесіне тікелей киілетін бұйымдар болып табылады. Бұған төменгі және түнгі жейделер, пеньюарлар, пижамалар, төменгі юбкалар, майқалар, кальсондар, панталондар, спорттық фуфайкалар, тельняшкалар, ползункилер, распашонкалар т.б. жатады.Адамның денесімен тікелей әсерлесіп және дененің 80%-ін жауып ішкиімдер терінің температурасы мен ылғалдылығына едәуір әсер етеді.Ішкиімдер, әсіресе, балалар бұйымдарына арналған. Бұйымдарды конфекционирлеу принципі эргономикалық және эксплуатациялық талаптармен анықталады.Ішкиім өзінің гигиеналық функциясын қамтамасыз ету үшін, яғни киім астындағы денені ауамен қамтамасыз ету үшін ішкиімдік және корсеттік материалдардың ауа өткізгіштігі жоғары болу керек. Ал гигроскопиялығы мен ылғал сыйымдылығы жоғары болу қажет. Олар тамшылы сұйық ылғалдың, яғни тердің шығуы мен булануына кедергі жасамау керек.Ішкиімге сіңірілген ылғал сыртқы ортаға оңай шығарылуы қажет. Материалдардың электрленгіштігі төмен болуы қажет Іш киімдік материалдар эксплуатациялау кезіндегі төзімділік талаптарына сәйкес келу қажет: көп рет жууға ( 70-80) төзімді; жазықтық бетімен үйкелісуге төзімді (мысалы, жібек маталары үшін – 500 циклдан төмен болмау қажет); жіптердің тігісте жылжығыштығына төзімді болу қажет. Іш киімдік мақта маталарының отыруы арқауы бойынша 3,5% және желісі бойынша 2,0%; зығыр үшін – арқауы бойынша 5,5% және желісі бойынша 3,0%; трикотаж жаймалары үшін – 3-12% болу қажет. Ағартылған мақта маталарының ағару дәрежесі 82%-тен, ал зығыр маталарының - 80%-тен кем болмау қажет.Іш киімдер материалдарының ассортиментіне мақта, зығыр және жібек маталары, химиялық талшықтар қосылған маталар; мақта, вискоза, ацетат, полиамид, полиамидті-вискозді(50/50) - трикотаж жаймалары кіреді.Корсеттік бұйымдардың ассортиментінде 3 топ бар: бюстгалтерлік (бюстгалтер, жартылай грация, грация); белдік (бел, жартылай карсет, бел-шолақ дамбал, бел-панталондар) және комплекттер (бюстгалтер-комбинация, бюстгалтер және шолақ дамбал, бюстгалтер және юбка).Корсеттік бұйымдарды өңдегенде қолданылады: корсеттік кездемелер, шілтелі трикотажды жаймалар, негіз тоқылған трикотажды жаймалар, эластикалық трикотажды жаймалар, дублирленген маталар, эластикалық таспалар.Корсеттік кездемелерді атласты және ірі өрнекті түптеу арқылы істеп шығарады. Осы кездемелер жоғары берікті, тозуға төзімді, тығыз және форматұрақты болады. Олардың ассортиментіне дөрекі тығыз геометриялы немесе өсімдік өрнектермен (дамассе және дамассе шілтелі) корсеттік кездемелер кіреді.Корсетті бұйымдардың көп бөлігін мына кездемелерден жасайды: грация (10%мақта), «Дамассе» (50% вискоза және 50% мақта), «Шілтелі дамассе», «Мара», «Айя», «Виоллы» саржа, «Знедите» атлас, «Мулине». Перкалиде , биязыда және модаполамада жасалған корсеттік кездемелер тобы тұтынуда үлкен бағалы екен.