Cорапты станция жұмысын реттеу

Тәжірибелік жұмыс

Тапсырма:

1) Сорапты станция жұмысын реттеу

2) Сорапты агрегаттардың жұмысындағы негізгі ақаулықтар

Қысқаша теориялық мағлұмат

Тазарту ғимараттарының құрамында, айдауға арналған сорапты станциялар болуға тиіс:

- Ластанған суларды (өнеркәсіпті және шаруашылық тұрмысты)

- Ауланған мұнайды

- Лайды (тұнбаны)

Өнеркәсіпті ластанған сулар, олардың ерекшеліктеріне сәйкес, арнайы сораптармен айдалынады. Егер ластанған судың рН деңгейі 6 төмен болса, онда кышкылға төзімді сораптарды пайданланады; егер механикалық бөлшектері көп болса, онда ластанбайтын сораптар қолданылады.

Бөлек жағдайларда бір сорапты станция мұнайды, тұнбаны және активті орталы өнімді тасмалдай алады. Осы жағдайда қабылдау қоймалары бірнеше секциялы болып келеді.

Қабылданған мұнайды және тұнбаны айдау сорапты бөлмеде орналастыру керек.

- Су қосылған мұнайды өңдеу резеруарына, одан – тауарлы сыйымдылыққа айдау сорабы.

- Құм немесе мұнай аулауыштардан тұнбаны айдауға арналған сорабы.

Егер шлам жинаушы су өз бетімен ақпаса, онда сорапты станцияда сол суды мұнай аулауышқа айдау сорабы болуы тиіс.

Лай сораптарының соратын және қысымды құбырларында, оларды сумен жуатын қондарғылары болуы тиіс. Оларды техникалық су құбырларынан алынған және лай сораптарын екі есе асатын қысымы бар, сумен жуу қолайлы.

Станциялардың сорапты қондырғылары өнеркәсіпті ластанған сулардың әрбір түріне сәйкес, бір типті болуға тиіс.

Сораптардың барлық тобына кіретін электр қозғалтқыштары баспанадағы жарылыс қауіпі классификациясына сәйкес болуға тиіс. Станциялардың жарылыс болуы қауіпті газдары бар сұйықтықтарды айдайтын электр жабдықтары, жарылыс болудан қорғалған түрі болуы жөн және міндетті түрде желдетілуі қажет.

Сорап және қозғалтқышы, бәсеңдеткішімен бірге – бір аспап ретінде саналады. Әрбір сораптың корабында ақ бояумен жазылған қатардағы нөмірі және шығарушы зауыты, зауыттың нөмірі, негізгі техникалық деректері бар металды тақтайша болуға тиісті.

Қозғалытқышында, сорапта және бәсеңдеткішінде ауналу бағытын көрсететін сілтеуіштер, ал қосу қондырғысында- "қосу" және "тоқтату" сілтеуіштері болуы тиіс.

Егер су сорапқа қысыммен берілсе немесе сораптарда бір сорғыш жолы болса, онда әрбір сораптың сорғыш құбырында ысырма болуға тиіс.

Артық қысымның мөлешрімен байлнысты (теріс санды, оң шама, ауыслады), кіру құбырдан екі метр қашықтықта үш жолды бұрандалы вакуумметр, манометр немесе мановакуумметр жалғаулы болу керек. Қысымды құбырға, шығу құбырынан екі метр қашықтықта үш жолды бұрандасы бар манометр қондырылады.

Сорапты станция баспанасының ең көрінетін жерінде қондырғыларды электр қуатымен жабдықтау схемалары және құбырлары, яғни тиісті бөлшектерімен көрсетілген аспаптардың орналасуы, ілінуі жөн. Сорапты агрегаттармен пайдалану мамандырылған қызметкелеріне тапсыру керек; олардың білімі тексеріледі және тиісті құжаттармен дәләденеді.

Әрбір сорапты агрегат қосудан бұрын мұқият тексерілуі керек, және кезекті машинстпен дайындалуы жөн; табылған ақаулықтар түзетілуі керек. Майдың құрамында лай мен құмды қоспалары болмауы керек.

Сорап агрегаты жұмыс істегенде төмендегілер қажет;

- Жүйелі түрде манометрдің көрсеткішін бақылау;

- Мойынтіректердің, сальниктердің температурасын бақылау, оны 700С асырмау;

- Май сүзгіртерін тексеру;

- Бөтен дауыс немесе тоқылдау естілсе агрегатты өшіру.

Электр қуаты берілу тоқтатылса сораптарды дереу өшіру керек, кіру және шығу ысырмаларды жабу. Сорапты агрегаттарды майлау үшін, зауыттың нұсқауларында көрсетілген майларды пайдалану жөн. Майлауды таза сауыттан және торлы сүзгіш арқылы жасау жөн. Мойынтіректердің майын алмастыруын және жууын, зауыт нұсқауына сәйкес жасау керек.

Сорапты агрегаттарды, қысымды құбырдың ысырмалары ашық немесе жабық жайына қарамай, қосуға болады. Сорапты тоқтатуды тек қысымды ысырмасы жабылған түрінде жүзеге асыруға болады.

Сорапты сорғыш құбардағы ысырмасы, оны қосқанда, пайдаланғанда және тоқтағанда, толық ашық болу тиіс. Осы ысырмамен сораптың күшін реттеуге тыйым салынады. Сорапты, егер қысымды құбырында жабық болса, сусыз қосуға және оны ұзақ жұмыс істеуге (3 минуттан астам) болмайды, бұл кезде сорап бүлінуі мүмкін.

Сорапты агрегат жұмыс істеген кезде, олардың сальниктарының күйін бақылау керек. Оларды тығыздалуы ретінде арнайы сальниктердің салманы қолдану жөн. Салманың бөле дөңгелектері бір-біріне қарай 900 бұрышпен орналастыру жөн. Сальниктерді салдырғанда, олардан су өте баяу жиілікте тамшылаған жөн.

Сорапты агрегат дірілдемей, орнықты, бөтен шусыз жұмыс істеу керек. Егер агрегаттың қалыпты жұмысы бұзылса, онда оны тоқтатып, ақаулықтарды тауып түзелту керек.

Центрден тепкіш сораптардың жиі кездесетін ақаулықтары және олардың пайда болу себептері 1-кестеде келтіріледі.

Мысалы, әрбір ақаулықтардың шығуына бірнеше себеп болуы мүмкін, осыған қарай, тіке себебін дәлелдеу үшін, сорапты жабдықтайтын, барлық өлшеуіш аспаптардың көрсеткіштерін және басқа бөлшектерін талдаудан соң айқындау керек.

Канализациялық сораптарды, егер олардың күші, әдеттегімен салыстырғанда 5-8% азайса, тазартуға тоқтату керек. Әрбір тоқтату кезінде сорапты ластанудан тазарту жөн.

Резервті сорапты агрегаттарадың жұмыс істеу қабілеттігін ең кемінде 10 күнде бір рет тексерілуі керек. Біркелкі жұмысты сипаттамалы сораптарды әрдайым кездестіру керек.

Әрбір сорапты агрегатты қатаң зауыттың нұсқауына және осы нұсқауға сәйкес пайдалану керек.

Сорапты агрегаттың жұмысы тиісті сорапты жабдықтармен пайдалану журналында жазылуы керек.

Сорапты станцияларының жұмыс істеу ерекшеліктерін еске алып, және осы нұсқаудың негізінде, жергілікті нұсқау құрастырылуы керек; нұсқауда мынадай тарамдары болуы тиіс:

- Сорапты станцияның әдеттегі жұмысы;

- Апат жағдайларында сорапты станцияның жұмыс істеуі;

- Жабдықтардың профилактикасы және жөндеуі;

- Тексеру-өлшеу аспаптарын пайдалану;

- Жылу беру және желдетуді пайдалану

- Көрету тасымалдау жабдықтарын пайдалану.

1-кесте-Сорапты агрегаттарының жұмысындағы негізгі ақаулықтар.

Бүлінулер Бүлінудің себептері
Сорап қосылғаннан соң суды щығармайды Сораптың құйылуы нашар түрінде жасалған. Пайдаланатын қысым есептелінгеннен өте жоғары. Сораты сальниктің гидраыликалық тығыздауының түтігінің бітелуі және одан ауаның сорылуы.
Жұмыс кезінде сораптың сору қабілетінің азаюы Электрмен жабдықтау жүйесінің қуатының төмендеуі себебінен сорапты агрегаттың айналыс санының азаюы. Сальниктардан сораптың қорабына ауаның сорылуы. Сораптың сору деңгейінің өсуі. Қысымды құбырдың кедергілерінің өсу. Механикалық бүлінулер: тығыздау сақиналарының тозуы, жұмыс істеу деңгейінің бүлінуі.
Сораптың жұмыс істеген кезіндегі қысымның төмендеуі Сораптың қысым жолының жарылуы. Электрмен жаюдықтау жүйесінің қуатының төмендеуі себебінен сорапты агрегаттық айналам санының азаюы. Сальниктардын сораптың қорабына ауаның сорылуы. Механикалық бүлінелер: тығыздау сақиналарының тозуы, жұмыс істеу деңгейінің бүлінуі. Пайдаланатын қысым жұмыс процесінде азаяды.    

1-кестенің жалғасы

Сорап қозғалтқышының аса жүктелінуі Сорапты қате құру. Сораптың немесе қозғалтқыштың механикалық бүлінуі. Электрмен жабдықтау жүйесінің қуатының жоғарылауы. Пайдаланатын қысым есептелгеннен төмен.
Сорап жұмыс істегенде дірілдейді, бөтен шулар естіледі Агрегаттың центрлеуінің бұзылуы. Агрегатты рамаға бекітілген бұрандамаларының босауы, біліктің қисаюы, айналатын бөлшектердің қажалуы, мойынтіректердің тозуы, сорап құбырларының бекітулерінің босап кетуі. Сораптың сору қабілеттігінің жарамайтын түрде өсуі.
Сораптың қорабының жарамайтын түрде қызуы Сорап ұзақ уақыт жабық ысырмамен жұмыс істеді.
Сальниктердің жарамсыз қызып кетуі Сальниктің қақпағы қатты немесе қисық жабылған.
Мойынтіректердің жарамсыз қызуы Мойынтіректердің саңылауларының қажалып тозуы, олардың тым шеттен тысқарылық тартылуы, майлануының сәйкессіздігі.

Сорапты станциясының баспанасында, сол станцияның технологиялық схемасы, негізгі жабдықтарының тиісті сипаттамаларымен, көрінетін жерде іліну керек.

Наши рекомендации