Күн және ыстық өту туралы түсінік, олардың алдын алу және алғашқы медициналық жәрдем көрсету
Күн өту — тікелей күн сәулесінің ұзақ уақыт әсерінен немесе ыстық, нашар желдетілген бөлмеде, жоғары температура жағдайында жұмыс істеу салдарынан дененің қызып кетуі.
Күн өтудің негізгі белгілері - жалпы әлсіздік, бейжайлық, естен тану немесе естен айырылу күйі, құсу, жүрегі айну, дене температурасының көтерілуі. Кейде мұрыннан қан кетуі, жүрек қызметі әлсіреуі және тіпті кома күйіне түсуі мүмкін.
Зардап шегуші, ең алдымен, шұғыл көмекке мұқтаж болады, оны таза ауаға, көлеңкеге шығарып, киімін шешу керек. Содан кейін салқын сусын береді, басына суық компресс қояды, суық су құяды немесе суық нәрсеге орайды.
Зардап шегушінің жағдайына және қолда бар мүмкіндіктерге сәйкес емдеу құралдары қолданылады. Мысалы, жүрек жұмысы әлсіреп, артериялық қан қысымы төмендегенде кофеин ерітіндісін (20 пайыз ерітіндінің 1 мл), комфора (20 пайыз ерітіндінің 20 мл), лобелин ерітіндісін (0,5-1 мл немесе венаға 1 мл) жібереді. Тыныс алу тоқтап қалғанда немесе қатты бұзылғанда, жасанды тыныс алдыру, оттегі, корбоген пайдаланылады.
Алғашқы жәрдем көрсетілгеннен және зардап шегушіні ауыр жағдайдан алып шыққаннан кейін ауруханаға жатқызады.
Ескерту. Күн өтудің патогенетикалық тұрғыда ыстық өтуден айырмашылығы - күн өткенде дененің қызып кетуімен бірге күн сәулесі тікелей әсер етеді (күн сәулелік қызаруы бар тері күйіктері, уытты гистомин тәріздес заттар түзіледі).
Дененің қызып кетуі, әдетте, дене жұмысы кезінде, әсіресе шеруде байқалады. Дененің қызып кетуіне себепші болатындар: ауаның ылғалдылығы және желсіз болуы, бұл тердің булануын қиындатады, сондай-ақ сұйықтықты тым аз қолдану. Ең әуелі продромольді белгілер дамиды - тері күрт қызарады, тер бөлінісі күшейеді, шырышты қабықша құрғайды, күрт шөлдейді, тыныс алу мен тамыр соғуы жиілейді, сондай-ақ қан коюланады, жүрегі айнып, жұтыну қиындайды. Қызып кету (ыстық өту) процесінің үш формасын ажыратады:
1) жүдеу (титықтату) (бұлшық ет әлсіздігі, бас айналу, тамыр соғуының төмендеуі мен жиілеуі, терінің қызаруы
және құрғауы, дене температурасының 39-39, 5°С-қа дейін
көтерілуі, қан айналымының жеткіліксіздігі - терінің
бозаруы (қуқылдануы) және мұздауы;
2) асқын қызыну формасы (ыстық өту) - дене температурасының 39-40°С-қа дейін көтерілуі, жалпы әлсіздік, бейжайлық, бастың ауруы; команың дамуы – терінің қуқылдануы және құрғауы, пульстің жиілеуі және
төмендеуі, тыныс алудың жиілеуі, бұлшық еттің жыпылықтауы; тартылып құрысу, көз қарашығының үлкеюі, тізе рефлексінің жоғалуы; елестету – нерв жүйесінің қозуы; қан айналымының жеткіліксіздігі — тыныс алудың төмендеуі, ционоз, өкпе ісігі;
3) бас ауыру формасы немесе жедел гастроэнтрит белгілері бар форма (құсу, жүрегі айну, іші өту).
Қызару кезінде теріні майлау керек, күлдіректер пайда болса, калий, марганец қышқылының әлсіз ерітіндісінен (0,1 пайыз) компресс қою керек; қалтырау, бас ауыру және жалпы әлсіреу кезінде аспирин, пирамидон, кофеин беру керек.
Электр жарақаты кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем және осы кездегі қауіпсіздік ережелері.
Электр жарақаты - найзағай немесе жоғары кернеулі электр тоғы әсер етуі кезінде электр тоғымен зақымдану. 100 Вт-тан жоғары кернеулі тоқ әсері қауіпті, ал 500 В жоғары тоқ әсері апатқа соғады (өлімге) деп есептелінеді.
Электр жарақатының жиі кездесетін себептері -қауіпсіздік техникасы ережелерін және жеке қорғану ережелерін сақтамау, электр құралдардың, аппараттардың істен шығуы. Бірқатар жағдайлар: терінің ылғалдылығы, су киім немесе аяқ киім, шаршау, жүдеу зақымдалуға себепші болады. Тоқ әсері нәтижесінде ауырлығы жағынан әр түрлі термикалық (күйіктер), тіндердің химиялық және механикалық зақымдалуы болады.
Тоқпен жарақаттану белгілері:
- жалпы құбылыстарға: естен тану, артериялық қан
қысымының төмендеуі, аритмия, есінен айырылу, тыныс
алудың тоқтауы, шок, құрысып-тырысу, сал болып қалу;
- жергілікті белгілерге: термикалық күйік түрінде
(көбіне 3 дәрежелі) тіндердің бұзылуы, терідегі тармақталған ағаш түріндегі қызыл немесе ақ сүр түсті жолақтар түріндегі тоқ белгісі немесе найзағай белгісі.
Тоқпен ауыр жарақаттанғанда адам жүректің сал болып қалуынан дереу өліп кетуі мүмкін. Бірақ көбінесе клиникалық өлім байқалады.