Суден мұздау және осы кезде алғашқы медициналық жәрдем көрсету

Төмен температураның ұзақ уақыт әсер етуі салдарынан адам ағзасында тіндердің зақымдалуы пайда болады. Тіндердің шектелуі түрде зақымдалуы-үсу, ал ағзаға төмен температураның жалпы әсер етуі кезінде органдар мен тіндердегі терең өзгерістер-жалпы мұздау деп аталады.

Үсу-ылғал ауа, жел ылғал киім, тар және су аяқ киімі әсерінен болады. Сондай-ақ, шаршау, ашығу, қан аздық шок, тамырлардың ауруы, алкогольдік мас болуы және басқа да себептер үсудің дамуына жағдай жасайды.

Жалпы мұздаудың (қатудың) симптомдары: қалтырау, шаршау, ұйқы басу, ақырында ұйқтап кету. Дене сіресіп, тыныс алу мен жүрек жұмысы әлсірейді. Мидың қан аздығы дамып, аяғында адам өледі.

Жергілікті үсу арасында көбіне аяқтың, оның ішінде, башпайлардың үсуі жиі кездеседі. Жергілікті үсу симптомдары бойынша оның мынадай дәрежелері ажыратылады.

Бірінші дәрежелі үсу-терінің бозаруы, оның сезгіштігінің жоғалуы, жылытқан кезде терінің ашып, ауыруы, қызыл күрең түске боялып, ісінуі және ауыруы. Екінші дәрежелі — жоғарыда көрсетілген өзгерістерден басқа іші сұрғылт қан түсті сұйықтыққа толған күлдіректер пайда болады. Үшінші дәрежелі - барынша ауқымды және терең өзгерістер тән; тіндер сезгіштігін жоғалтады, қара көк түске еніп, өлектіктік белгілері пайда болады. Төртінші дәрежелі - үсіген тіндер терең өлі еттеніп, сезгіштік жойылады. Аяқ-қол суып, бозарып, көгереді.

Үсудің әр түрлі дәрежелері қабаттасып келуі жиі кездеседі, мысалы: үшінші дәрежелі үсу екінші және бірінші дәрежелі үсу учаскелерімен; аяқтан басқа қол, мұрын, құлақ, бет және мандай үсуі мүмкін.

Жеңіл үсіктер қайталанғанда немесе суық ұзақ уақыт әсер еткенде (аязда немесе ылғалды, суық көктемгі - күзгі уақытта) қалтырау болуы мүмкін: жан ауыртар домбығу, көгеру, салқындау байқалып, тері қышиды ("қаз терісі"); ол терінің ашық жерлерінде, қол саусақтарында, құлақ калқанында, кейде аяқ басында байқалады.

Алғашқы медициналық жәрдем.

Зардап шегушіні жылы бөлмеге орналастыру керек. От немесе ыстық пеш жанында жылытуға болмайды. Жылыта отырып ауруға ыстық шай, кофе, шарап немесе арақ беруге болады. Жалпы қату кезінде зардап шегушіні шешіндіріп, денесін спирт немесе арақпен сылайды, есін жинатқызып, сусын береді, жылы етіп қымтайды. Егер зардап шегуші дем алмаса, онда жасанды тыныс алдырады, тері астына камфора немесе кофеин, қажет болса, эфедрин, кордиамин енгізеді. Содан кейін ауруды жібереді. Клиникалық өлім белгілері байқалғанда реанимация іс-шараларын жүргізеді. Жергілікті үсу кезінде жалпы жылыту, үсіген бөлікті жеңіл түрде уқалау ұсынылады. Бұл кезде суықтан ағарып кеткен бөлікті таза жуылған, ылғал қолмен сылап ысқылайды, жылытатын таңғыш қояды. Ең жақсысы, үсіген жер қызарып, жылынғанша спирт немесе арақпен ысқылау қажет. Үсіген жерді қармен ысқылауға болмайды.

Үсудің алғашқы кезінде, ең алдымен, аяқ-қолды жылы су ваннасында (су температурасын 20-дан 37°-қа дейін ақырындап көтере отырып) жеңіл массаж жасай отырып жылыту керек. Ысқылағаннан кейін мақтаның қалын қабатымен таза (ең жақсысы, стерильді) таңғыш салу керек, аяқ-қолды жоғары көтеріп, дәрігерге жіберу қажет. Үсіген бөлік домбығып іссе немесе күлдірек пайда болса, ысқылауға болмайды. Ең дұрысы, үсіген бөлікке мақтаның қалың кабатымен стерильді таңғыш салады, аяқ-қолды жоғары қалыпта ұстайды және зардап шегушіні дәрігерге жібереді.

Жалпы қату (жедел) және жергілікті үсу (бірінші дәрежелі үсуден басқасы) кезінде госпитализациялау ұсынылады. Үсуді емдеу антибиотиктер, әр түрлі жақпа-майлар (мазь) сіңдірілген таңғыш салу, физиотерапевтік процедура (құрғақ) ауа ванналары, кварц қолдану, ал қажет болса, оперативтік емдеу (өлеттенген тіндерді алып тастау) жүргізіледі. 2,3,4 дәрежелі үсулер кезінде сіреспеге қарсы сарысу мен анатоксиннің профилактикалық дозасы енгізіледі. Қан айналымының жақсаруы үсуге кедергі келтіретінін атап ету керек. Мысалы, үсу немесе қату пайда болғанға дейін суықтағы қозғалыс (тез) жүру, жүгіру қан айналымды жақсартады, денені жылытады, сөйтіп, суықтың зиянды әсеріне қарсы тұрады, мұның профилактикалық мәні зор.

Наши рекомендации