Шаруашылық туралы жалпы мәлімет. Көкөзек атындағы колхоз, үш колхоздың қосынды нәтежесінен

Көкөзек атындағы колхоз, үш колхоздың қосынды нәтежесінен, 1953 жылы ұйымдасып, ауданның солтүстік шығыс бөлігінде орналасқан.

Өндірістік кооперативте жерді пайдалану үнемі пайдаланатын учаскелерден құралған, олар бірегей массивті құрайды. Негізгі учаскенің шығыс жағынан Жиек учаскесі қосылады, ал солтүстік шығыс жағынан Сасай және Түлей учаскелері орналасқан. Ауданның батыс жағында сызық аралық Күделі учаскесі орналасқан.

Барлық елді-мекендер территорияның негізгі учаскелерінде шығарылған: Фрунзе, Ақжар және Қарасу.

Аудан орталығы Сарыкемер ауылынан 25 км, облыс орталығынан 36 км қашықтықта орналасқан. Ақшолақ теміржол станциясынан 20 км қашықтықта.

Ауылшаруашылық өнімдерін өткізу орталығы Тараз қаласы немесе Ақшолақ станциясы болып табылады.

Аудан және облыс орталықтарымен, сонымен бірге елді мекендерімен транспорттық байланыс асфальт жолдарымен іске асады. Барлық елдімекендерге мемлекет тарапынан электор және радиожелілері жүргізілген. Аудан және обылыс орталықтарымен телефон байланыстары қамтылған. Негізгі өндірістік бағыттары-қызылша өндірісі, ал қосымша шаралары ірі қара сүт өнімдерімен қой шаруашылығы.

Климаты

Шаруашылықтың климаттық жағдайлары Тараз метеостанциясымен бақыланады. Климаттық жағдайы қатал және температурасы жылдам көтеріледі, әсіресі ол жыл мезгілдерінде байқалатын құбылыс. Орташа температурасы 9 градус болса, ең ыстық шілде айының температурасы +23,3 градус. Абсалюттық максимумы 44 градыс болса, ал абсолюттық минимумы -41 градус. Жаз айларында ауа ылғалдылығы өте төмен. Ылғалды күндер саны 30%-дан төмен, яғни 116 күн. Ал көктемгі үсіктер, сәуір айының екінші он күндігінде аяқталады.

Көктем үшін температураның күрт өсуі және оның ауытқуының ұлғаюы сипатты, қар еру орташа ақпанның үшінші оңтүстігінде басталады. Қар еру шамамен наурыздың бірінші он күндігінде аяқталады. Ең соңғы аяз түсу сәуірдің үшінші он күндігінде байқалған.

Жалғасы қараша айының бірінші он күндігінде басталады. Үсіксіз мерзім ұзақтығы 161 күн. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 303 мм, оның көбісі көктем мезгілнде жауады. Әсіресе наурыз, мамыр айларында жылдық өлшемнен 40%-дайы, ал жауын-шашымның аз түсетін айлары шілде және қараша. Ол жылдық өлшемнің 8% құрайды.

Қыс кезеңі басқа мерзімдерге қарағанда, едеуір бұлтты болумен сипатталады. Ең суық ай қаңтар айы, оның орташа температурасы -6,3 0С құрайды. Кейбір жылдары қыста аяз 40 0С –қа барады. Тараз метеостанциясының бақылау деректері бойынша ауаның орташа жылдық температурасы +8,9 0С құрайды. Тұрақты қар қабаты бар кезең ұзақтығы 60-100 күн аралығында, ашық жерлердегі қар қабатының биіктігі 20-30см. Қыста кейде күн жылып кетеді, соған орай қар қабаты тұрақсыз. Соңғы он жылғы дерек бойынша аязсыз кезең ұзақтығы 172- ден 207 күн аралығында ауыиқып, орташа 187 күнді құрайды. Оң таңбалы температуралар сәуір – қазан айларында байқалады, 10 0С-тан жоғары оң температуралар қосындысы (1967-76ж) орташа 3646 0С –ты құрады. Гидротермиялық коэфициент көлемі 0,5 құрайды. Көк шөп тұрақтайтын жайылым кезеңі қой шаруашылығында 26- наурызда, ал сүтті ірі қарада 26 сәірден басталады. Ірі қара үшін жайылымнық кезеңнің аяқталу мерзімі 3 қазанда аяқталады. Қар қабатының жатуы орташа есеппен 132 күн. Қар қабатының орташа биіктігі 16 см. Жыл ішіндегі жел ауқымының бағыты солтүстікке және оңтүстік шығысқа қарай тұрады. Қатты жел тұратын күндердің саны 49, ал шаңды боранмен 5 күн.

Мойынқұм құмдарында орналасқан учаскелердің климаттық жағдайлары қатал (температураның күрт жоғарлауы мен төмендеуі, желдің шапшаң соғуы т.с.с сипаттамалары).

Сонымен шаруашылықтың климаттық жағдайларына байланысты бұл жерге тек жүйелі суғаруы арқылы егін шаруашылығымен айналысуға болады. Ал тәлімді жерлерде тек дәнді дақылдар мен көпжылдық шөптерді егуге болады. Сонымен қатар шаруашылықтың климаты мал шаруашылығын жүргізуге қолайлы. Анығырақ айтсақ қой шаруашылығымен.

Оңтүстік жақтан жел басым тұрады. Олардың қайталанғыстығы жалпы бақылау мөлшерінің 21,5% құрайды. Жылдамдығы жоғары желдер (орташа 3м/с) батыс және шығыс (2,6м/с) бағыттан тұрады. Жел өте күшті болатын күндер саны 10-11.

Жер бедері

Шаруашылық территориясының рельефы бойынша, үш ауданға бөлінеді:

1) Көне аллювиалдық жазықтық-Талас өзенінің су жайылмасы;

2) Құмды жазықтық;

3) Мойынқым құмдары.

Көне аллювиалдық жазықтық, Қарасу жылғаларымен құмды жазықтықтың арасындағы территорияны алып жатыр. Жер бедері солтүстікке қарай көлбеу орналасқан. Бұл учаске егістік массивінң көп жерін алып жатыр. Жоспарлы жұмыстардың жоқ болуына байланысты микро реьефі айқын корініп тұр. Құмды жазықтығы, Мойынқұм құмдарымен көне аллювиалдық жазықтығының арасындағы кішкене бөлігін алып жатыр. Жер бедері аздап солтүстік шығысқа қарай адыр-бұдырлы бөктерге дейін толқынданған. Бұл жерлер жайылым ретінде қолданылады.

Мойынқұм құмдары, рельефі бойынша адыр-бұдырлы бөкті аймақ. Құмды жоталы үлкен сайлары мен ұласып жатыр. Олар шабындық ретінде қолданылады.

Екі учаске беткейінің биіктігі 1-3 градустан аспайды.

Мойынқұм құмдарында жел эрозиясы байқалады. Жел эрозия процессін тоқтату үшін міндетті түрде жайылым айналымдарын енгізіп және де малды белгілі бір мөлшерде жаю керек.

Топырағы

Жер пайдаланушының ауданындағы топырақ бедері өзінің әртүрлігімен сипатталады. Топырақ бедерінің ала-құлалығы негізінен топырақ құрушы жыныстардың төменде орналасуы, жер асты суының төменде жатуы мен олардың тұздық дәрежесімен байланысты. Алыдыңғы топырақ зеріттеушаруашылықтың жерінде 1987 жылы 1:10000 масштабта суармалы егістік, 1:25000 масштабта тәлімді егістерде жүргізілген еді. Осы өткен уақыт аралығында ауыл шаруашылық топырақтарының құрамында бірталай өзгерістер болды, оның басты себебі біраз егістер жайылымдыққа ауыстырылса, енді біразы суармалы егістіктерден тәлімді егістіктерге ауыстырылды (трансформация жасалды).

Топырақ зеріттеуді алдымен бастағанда фотопланшеттерге егістік жерлерді тексеру мәліметтерін түсіріп алады.

Корректировка нәтежесінде топырақ картасына толықтырулар жасалады.

Егістік жерлердің топырақ бедері, олардың айырмашылығы төменде келтіріліп отыр.

1. Орташа құмайтты, орташа қиыршықты кәдімгі сұр топырақтар;

2. Суармалы кәдімгі сұр топырақтар;

3. Ауыр құмайтты шалғынды сұр топырақтар;

4. Ауыр құмаитты шалғынды суармалы сұр топырақтар;

5. Орташа құмайтты шалғынды суармалы сұр топырақтар;

6. Жеңіл құмайтты шалғынды суармалы сұр топырақтар;

7. Суармалы шалғынды сұр топырақтар, аздап төмеділігі сортаңды 10% -ға дейін ауыр құмайтты топырақтар;

8. Суармалы шалғынды сұр топырақты аздап төмендеп сортаңды 30%-ға дейін орташа құмайтты;

9. Суармалы шалғынды сұр топырақты аздап төмендігі сортаңды 10%-ға дейін ауыр құмайтты;

10. Суармалы шалғынды сұр топырақты аздап сортаңды аздап құмайтты;

11. Аздап сортаңды (10%) шалғынды сұр топырақты орташа құмайтты;

12. Аздап сортаңды жеңіл құмайтты суармалы шалғынды сұр топырақ;

13. Аздап сортаңды жеңіл құмайтты, суармалы шалғынды сұр топырақ;

14. Шалғынды сұр топырақ және аздап (10%) суармалы шалғынды сұр топырақ;

15. Шалғынды сұр топырақты орташа сортаңды жзеңіл құмайтты;

16. Шалғынды сұр топырақты өте сортаңды және орташа (30%) сортаңды орташа құмайтты;

17. Шалғынды сұр топырақты аздап және орташа (30%) сотаңды ауыр құмайтты;

18. Шалғынды сұр топырақты сармалы, аздап сортаңды, орташа құмайтты;

19. Шалғынды сұр топырақты, аздап сортаңды (30%) жеңіл құмайтты;

20. Шалғынды сұр топырақты орташа және күшті сортаңды 10%-ға дейін ауыр құмайтты;

21. Шалғынды сұр топырақты, суармалы орташа және қатты сортаңды 10%-ға дейін ауыр құмайтты;

22. Сұр топырақты-шалғынды суармалы жеңіл топырақты;

23. Сұр торырақты-шалғынды суармалы ауыр құмайтты;

24. Сұртопырақты-шалғынды суармалы жеңіл құмайтты;

25. Сұртопырақты-шалғынды суармалы аздап (жеңіл) сортаңды орташа құмайтты;

26. Сұртопырақты-шалғынды суармалы жеңіл сортаңды ауыр құмайтты;

27. Сұртопырақты-шалғынды орташа сортаңды, жеңіл құмайтты.

28. Шалғынды, өте сортаңды, жеңіл құмайтты;

1. Кәдімгі сұртопырақты орташа қиыршықты,орташа құмайтты. Жалпы ауданы 94,4 га.

Бұл топырақтың түрі «Ақ-шолақ» учаскесінде кеңінен таралған. Жер бедері талқынды. Топырақ құру жыныстары қиыршықты құмайттар, олар біртіндеп қиыршықты шөгіндіге ауысады. Жер асты сулары өте тереңде болғандықтан, топырақ құрамына аз әсерін тигізбейді.

Топырақтың құрамына эфемерлі жасанды өсімдіктердің қалдығынан пайда болатын, бұл жерде ылғал жеткіліксіз. Гумостың мол жері өте аз. Марфологиялық кескіндері гумос қабатынан топырақ құру жынысына қарай ауысып отырады.

Жер бетінде және жазықтың кесінділеріне қарай қиыршықтар ұлғая бастайды. Гумос қабаты (А+В) 35-39см құрайды. Орта бөлігінде карбонат таңбалары кездеседі.

Бұл құрылымды №5 топырақ зеріттемесінен байқауға болады. Зеріттеме шұңқыры далалық жол бойында 700м қашықтықта жасалған. Жер бедері аздап толқымалы жазықтықта орналасқан. Жер еңкістігі СБ (солтүстік батыс). Танабы –тәлімді егістік. Топырақ құру жынысы-қиыршықты құмайт, астыңғы қабаты-қиыршықтар.

An белдеуі 0-24см сұр, орташа құмайтты, нығыздалған, қиыршық қабаттарының алмасуын оның байқауға болады.

В1 белдеуі 24-39см-қоңырқай, сұр түсті аралас, құрғақ орташа, құмайтты, қабаттары тығыз, қиыршықтан аз алмасуы оның көрінеді.

В2 белдеуі 39-53см-қоңырқай, орташа құмайтты, тығыз, қиыршықты карбонат таңбалары білініп тұрады. Ауысуы кезектесіп отырады.

Вс белдеуі 53-90см-сарғыш қоңырқай,тығыз қабаты орташа құмайтты, карбонат (Са) таңбалары кездесіп отырады. Одан арғы төменгі қабаты қиыршықталған құмайттан таза қиыршыққа ауысады. Гумус құрамы айдау белдеуінде 1,47%-ға,ал В1 белдеуінде 1,08%-ды құрайды.

Гумустың азайуы тереңдеген сайын өзгеріп отырады, осыған байланысты топырақтағы азот мөлшері де өзгереді, егер айдау жерде 0,105% балса, одан төменгі қабатта 0,070% болады.

Жылжымалы фосфор түрлері 0,170% болса, жылжымайтын қабатта әрбір 100г топырақта 0,79мгр.Жылжымалы калий ұлесі 100г топырақта 50мгр құрайды.

Бұл топырақтар негізінен тұзы аз, механикалық құрамы орташа құмайтты. Тас, қиыршық араласуына байланысты топырақтың су мен ылғалды аз бойында ұстауы төмендейді.

Кәзіргі кезде бұл аудан жыртылып егістікке пайдалануда агро бағалау бойынша 4-ші топқа жатады.

2. Кәдімгі сұртопырақты суармалы орташа қиыршақты, орташа құмайтты. Жалпы ауданы 53,4га.

Бұл топырақ түрі Ақ-шолақ учаскесінде кездеседі. Жер бедері аздап толқымалы жазықтық. Жердің негізгі еңкіштігі солтүстік батыс, жері жақсы тегістелген. Гумустың қабаты (А+В) 36-38см құрайды, мұндай жоғары болуы суаруға байланысты болып отыр.

Марфологиялық құрылымының мінездемесі №2 далалық топырақ кесіндісінде келтірілген.

Бұл топырақ кесіндісі ұңғымадан батысқа 160м, ал жолдан 100м ара қашықтықта алынған.

Топырақ құру жынысы қиыршықты құмайттар-пайдалану бағыты суармалы егістік, өсірілетін дақылы-Мақсары (Сафлор).

Аn белдеуі 0-21см сұр түсті, орташа құмайтты, тығыздалған қиыршықты, өсімдік тамыры аздау, біртіндеп ауысып отырады.

В1 белдеуі 21-34см-сұр тұсті қиырқайбелгілерге ауысады, орташа құмайтты карбонаттың кездесуі таңба түрінде болады, өсімдік тамырлары да аздау.

В2 белдеуі 34-46см-қоңырқай түсті, орташа құмайтты, құрғақ, қиыршықты, топырағы тығыз, карбонаттар таңба түрінде кездеседі.

Вс белдеуі 46-60см сарылау-күлгін түсті, орташа құмайтты, тығыз, карбонатты таңба түрінде кездеседі. Төменгі қабаты қатты қиыршықталған құмайттар.

Айдау қабатындағы гумус 1,47% құраса, В1 белдеуінде 1,03%, гумустың азайуы тереңдікке байланысты. Жалпы азоттың мөлшері 0,098% тең, ал В1 белдеуінде 0,070%.

100гр топырақта фосфордың үлесі 0,140%,ал жылжымалы түрі-0,89%. Жалпы бұл топырақтардың құнарлығы төмен, бірақ тұздылығы жоқ.

Механикалық құрамы бойынша-орташа құмайтты. Тастақ фракциясы 7-9%, ылғал ұстау қабілетінашарлау. Физикалық топырақ құрамы жоғарғы белдеуде 33%, ал шөгінділер қабатында 10-13%. Барлық дақылдары егуге пайдаланылады.Топырағы үшінші агро бағалау тобына жатады.

3. Шалғынды-сұртопырақты, ауыр құмайтты. Жалпы ауданы 217,1га.

«Ақ-шолақ» учаскесінде таралған. Жер бедері аздап толқымалы жазықтық. Топырақ құру жынысы аралас құмайтты. Топырақ құрылымына жер асты суының жақын жатуы ( 5-6м) өз әсерін тигізеді.

Топырақ құрылымына жер асты суының жақын жатуы (5-6м) өз әсерін тигізеді.

Өсімдік дүниесі құрылымы-жантақ, жусан, ажырық, дәндік бірлестіктерден тұрады. Өсімдік қалдықтарының тұздалуы өте жай жүреді, сонықтанда топырақ қабатында гумус көп қараланады. Карбонаттар жекелеген түрде және көгерген таңба ретінде кездеседі, гумустың қабат өзінің түрі бойынша қаралығымен ерекшеленеді.

Морфологиялық сипаттамасы №9 кескінде беріледі. Кескін далалық жолдың батысында 100м қашықтықта алынды. Жер бедері аздап толқымалы жазықтық. Арам шөптер құрамы-жантақ, жусан, атырың және жабайы дәндібірлестіктер.

Топырақтың бағыты-тәлімді егістік.

Топырақ құрылым жыныстары-ауыр құмайттыжолақы белдер.

An белдеуі 0-26см. Қаралау-сұр түсті, нығыздалған, ауыр құмайтты, аздап өсімдік тамырлары тастақты шығымдылардан тұрады.

Сімдік жамылғысы

Өсімдік қабаты рельефпен, климатпен, жер асты суларының жатуымен және олардың минерализатциялануымен тығыз байланысты. Жер асты суларының жоғарылауы байқалатын учаскеде, өсімдік шұрайлылғының басым бөлігін: шошқа, жантақ, костер, басқада солянкалы шөптері басым. Бір гектардан алынатын өнімнің таза салмағы 4-10 центнерге дейін. Бұл жерлер мал шаруашылығының жыл бойғы жайылуын қамтамасыз етеді.

Мойынқұм массивіндегі егістікке жарамды жерде орналасқан шабындықтар бұталы-эфимерлі, бұталы-дақылды, бұталы-қамысты бірлестіктермен сипатталады. Гектарынан алынатын өнімділігі 3 центнерден 6 центнерге дейін. Бұл жайылымдар күзгі, қысқы, көктемгі қой және жылқы азығын қамтамасыз етеді.

Жер бедері рельефінің төменгі жағында жер отын сыпырғы, қамыс, осака, шошқа, костер және тағы басқалары құрайды. Орташа өнімділігі 15-20 центнер (құрғақ массасын ескере отырып). Бұл жерлер күрделі мал азығын жасауға қолданылады.

Күделі учаскесіндегі жайылымның өсімдік қабаты көбіне, эфимерлі-ебелекті, жантақты-ебелекті бірлестіктер. Орташа өнімділігі, гектарынан 2-3 центнерді құрайды. Бұл учаске малды жазғы азығымен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Ақ-шолақ учаскесінде, көбіне жантақты-дақылды өсімдіктері өседі. Олардың кептірілген орташа таза салмағы 6 центнерден 10 центнер аралығында. Бұл учаске ірі қара малдың жаз айларындағы азығын қамтамасыз етеді.

Наши рекомендации