Кәсіби сөздер туралы жалпы түсінік

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................2

1.1. Кәсіби сөздер туралы жалпы түсінік...........................................3-5

1.2. Диалектизм және кәсіби сөздердің айырмашылығы................6-10

1.3. Арнуалы лексика: термин сөздер мен кәсіби сөздер.............11-12

Қорытынды.......................................................................................13

Пікір...................................................................................................14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................15

Кіріспе

Лексика деп әдетте тілдегі барлық сөзқорын атады. Қазақстанның жер қандай кең, қаншалықты бай болса, мұндағы кәсіп пен шаруашылықтың түрін де соншалықты көп. Халқымыздың ежелден ата кәсібі болған мал мен егінді, дәнді дақылдарды атамағанның өзінде республиканың бір жерінде марал, бір жерінде балық, бір жерінде күріш, бір жерде марал, бір жерде ағаш, бір жерінде қызылша мен темекі, бір жерінде бау бақша жеміс жидек өсіріп, бір облыс екінші облыстан, бір облысқа енетін әрбір аудандардың өздері де бір бірінен ерекшеленіп отырады. Соның нәтежиесінде кәсіптің әр түріне байланысты кәсіби сөздер пайда болған. Менің бүгінгі курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақ тілі лексикасындағы кәсіби сөздер және оның жасалуы» деп аталады. Кәсіби сөздерде ешқандай балама кездеспейді. Кәсіби сөздер белгілі бір территорияны мекендеуші халықтың бәрі білсе, терминдері әр жерде тұратын бір маман ғана қолданады. Сонымен қатар кәсіби сөздер әдеби тілдің құрамына кіреді. Кәсіби сөздердің терминнен де, диалектіден де өзіне тон ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар екендігін зерттедім. Сондықтан да бұлар өз алдына жеке лекискалық тон құрайды. Қазақ тілінде кәсіби сөздердің мынадай түрлері бар: мақта шаруашылығына қатысты кәсіби сөздер, қызылша шаруашылығына қатысты кәсіби сөздер, темекі шаруашлығына қатысты кәсіби сөздер, балық шаруашылығына қатысты сөздер, бау-бақша және сурамалы егіс шаруашылығына қатысты сөздер. Осы тәрізді шаруашылықтың түр-түріне байланысты сөздер тізімін бұдан ары жалғастыра беруге болады. Қазақ тілінің лексикасыныңқұрамы бұл айтылғандармен шектелмейді.

Азақ тілі лексикасындағы кәсіби сөздер және оның жасалуы

Кәсіби сөздер туралы жалпы түсінік

Кәсіби сөздер (профессионализмдер)- тілдің сөздік құрамының үлкен бір саласы- кәсіби сөздер яғни профессионализмдер. Мұндай сөздер белгілі бір мамандық, шаруашылық т.б. қатысты болып келеді, көп жағдайда терминдермен қабысып жатады. Мәселен, Қазақстанның кен- металлургия, көмір кәсіптерінде лава, забой, штрек, шлак, скат, мартен пеші, проводник, кондуктор, стреолчник, шпал т.б. сөздер орыс тіліндегідей қолданылып жүр; лебедкашы (қыз), механикалған, темір қиқымдары, науа жолы, ұшпыршы, штрекші, крепшелер т.б. осы сияқтылар қазақ тілі қосымшаларды қосылу арқылы қалыптасты.

Арнаулы сөздердің бір түрі – кәсіби сөздерге жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі кәсіп я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында ғана айтылып, соларға ғана түсінікті сөздер мен сөз тәркестері жатады.

Үлкен өзен-көлі жоқ жердің қазақтары сазан, шортан, шабақ, карас тәрізді балық ат-атауларлардың біраз түрін ғана білетін болса, Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан өңіріндегі балықшылар лексикаоны аса бай. Бірақ олардың білетіндері басқа жер тұрғындарына бимәлімдеу болғанымен, жалпы қазақ тілі лексикасына еншілес, ортақ байлық.

Жамбыл, Талдықорған облыстары деріндегі- қызылша, Шымкент жағындағы- мақта өсіруге, Қазақстанның оңтүстікіндегі – жеміс-жидек, Қызылорда төңірегіндегі күріш, қауын-қарбыз баптап кетуге байланысты сөздер т.б. кәсіби немесе профессионалдық лексика қатарына жатады.

Бір тілдің сөздік құрамындағы бір сөз бір кәсіп – мамандық өкілінің лексиконында – бір мағынада, екінші бір топ сөздік қорында – екінші бір мағынада, былайынша айтқанда, белгілі бір сөз жалпыхалықтық тілдегі семантикасынан басқашарақ мағынада қолданыла беруі мүмкін. Мәселен, полиграфистер лексиконында полоса – терілген бет, шапка – бірнеше мақалаға ортақ ат, шахтерларда выдать на-гора-шахта астынан жер үстінде (бетінде) көмір беру, ал моряктарша камбуз – кемедегі кухня т.б. Мәселен жүгері түрлері: дүмбүл, бөз жүгері, пәшік, сота, шобық, шіңгіршек т.б. қауын аттары: әңгелек, жәмше, басыбалды, жегелек, күләбі, кемпір қауын, торлама, әміре қауын т.б.; қызылша шаруашылығына байланысты: қызылша, қылша, түбір, өркен, түбіртек, жом, көмбе, кәпеш т.б. ; балыққа байланысты: бәкіре – мекіре (осетр), тісті кокала, көксерке (судак), ақбалық, ақмарқа, марқа (жерех), құарагөз, көкмойын, қылауыш (вобла), ағауыз, айнакөз, ақтуша, қаяз (усач), жалтай, жыланбалық, көкбас (маринка), көглақ, майбалық, мөңке, табав (карась), тақаз сельд), т.б кәсіби лексикаға қатысты сөздер. Бұлардың бәрі ауыз екі сөйлеу тілінде де, әдеби тіл стильдерінің барлық түрінде де актив лексика қатарында қолданыла береді.

Орыс тілі лексикасында да профессионалимздер белгілі бір кәсіп өкілінің сөз қолданыстары айтарлықтай орын алады. Мәселен моряктар тілінде көк – повар, шахтерларда на-гора-үйіп төгіп, таудай ғып көмір өндіру; аңшылар тілінде полено – қасқырдың құйрығы (хвост волка); бал арасын өсірушілерде матка, трутень, рабочая плчела сияқтылар қолданылады; жеңіл өнеркәсіп орындарында красильная, отбивная, стиральная деген тәрізді болып келетін 10 шақты машина атауы, неміс шеберлері лексиконында балтаның 6 түрлі ат-атауы, балғаның – 5, араның – 10 түрлі ат-атауы бар екен, орыстың ат бапкерлері (коневод) жылқының 40-тан астам түр-түсін (вороная, соловая), қазақтар жирен, қаракер, құла т.б. деп атай береді.

Қазақ тіліндегі кәсіби сөздерді ғалымдар үлкен екі салаға бөледі:

1. Әр түрлі шағын кәсіпке (ұсталық, тоқымашылық, зергерлік, т.б.) байланысты сөздер: тарақ балта (жүзді кедір-бұдыр балта), керме ара (жүзінің ортасында тірегіші бар ара) , шербек ара (үлкен ара), кемпірауыз (балықауыз), атауыз (шеге суырғыш).

2. Ірі кәсіпшілікке (мал, астық, балық, аңшылық, бу-бақша, күріш, мақта, темекі, қызылша шарушашылығына) байланысты сөздер: қоза (мақта өсімдігі, шиіт (мақтаның тұқымы), ақ шиіт (түгі алынбаған түбіитті шиіт), терімші (мақта теруші), арам шақа (мақта бермейтін бұтақ), балдақ (мақтаның сабағы), көсек (мақтаның дәнінің қабағы), өсім су (мақтаған берілетін екінші су), ызғар су (мақтаға берілетін бірінші су), шиіт майы (мақта майы).

Наши рекомендации