Тек емшек сүтімен емізу туралы түсінік және оның бөбектердің шетінеуін төмендетудегі маңызы.

Сәбиге 6 айға дейін не су, не шырындар немесе басқа сүт және сүт қоспаларын бермеу керек, тек күні түні баланың талабы бойынша тәулігіне емшек емізу, 8 реттен кем болмау керек

Тек емшек сүтімен емізудің маңызы – лактация ұзақ уақыт сақталады, сүт жеткіліксіздігі болмайды, емізік, шөлмек, су және басқа тағамдар арқылы баланың организіміне бактериялар ену қаупі жоқ.

16. Қосымша тамақтар бойынша кеңес беру алгоритмі:

Нұсқалар бойынша сұрақтар қойылады. Қойылатын сұрақтар тағамның берілетін жиілігі, мөлшері, қоюлығы, әр алуандығы, қауіпсіздігі, белсенді тамақтандыру туралы.

17. Қосымша тамақтардың дұрыстығы принциптері туралы түсінік. Балалардың ауырғыштығын және шетінеуін төмендету жолында жан ұяларды балаға қосымша тамақтарды дұрыс беруге үйретудің маңызы. Дұрыс қосымша тамақ бұл:

1. Уақытында (тек 6 айдан бастап, ерте де, кеш те емес)

2. Бір тамақ қабылдауға мөлшері мен тамақтандыру жиілігі жеткілікті болуы)

3. Қоюлығы бойынша дұрыс (қасық баяу бататындай қоюлығы жеткілікті болуы)

4. Әр алуан - бір тамақтың құрамында 3 түрлі тағамнан кем болмау керек, міндетті түрде (ерекше ет, көкөністер, жеміс-жидектер, бұршақтектестер)

5. Қауіпсіз

Қосымша тамақтың шетінеу жиілігін төмендетудегі маңызы – 6 айдан кейін емшек сүті бала организіміне қажет энергия мен микроэлементтерді қамтамасыз ете алмайды. (ерекше темір, йод, цинк), ана сүті жеткілікті болса да. Қосымша тамақ балаға жеткіліксіз энергия, микроэлементтер, витаминдердің қажет мөлшерін толықтырып, ол оның иммунитетін қалыпты жағдайда ұстап және денсаулығы мықты болып, өсуге мүмкіндік жасайды.

18. Ауру кезінде қосымша сұйықтық беру бойынша кеңес беру алгоритмі. Балалардың шетінеуін төмендетуде жанұяны қосымша сұйықтық беруге үйретудің маңызы:

Кеңес беру кезінде памятка міндетті түрде қолданылады. Анасы сұйықтықты қалай беру керектігін түсіндіріп тұрғанда, оны қолында ұстап тұруы керек. Суретте және мәтінде анаға кез келген ауруда немесе диарея кезінде қандай сұйықтық беру керектігі түсіндіріледі. Ауру кезінде қосымша сұйықтық беру интоксикация, дене қызуын төмендетіп, тәбетін жақсартады, госпитализациялау мұмкіндігін азайтады.

19. "Қашан тез қайта келу" белгілері бойынша кеңес беру. Балалардың шетінеуін төмендетуде жанұяға "қашан тез қайта келу" белгілерін үйретудің маңызы:

Кеңес беру кезінде памятка міндетті түрде қолданылады. Анасы қашан тез қайта келуді түсіндіріп тұрғанда, оны қолында ұстап тұруы керек. Суретте және мәтінде анаға қандай жағдайда тез қайта келу қандай да болмасын ауру, жөтел, диарея кезінде түсіндіріледі. Жанұяның қашан тез қайта келу белгілерін білуі, дәрігерге кеш келуді, бір тәулікке дейінгі өлім, үйде көз жұмуды азайтады. Жанұя алдын ала және қабылдауда, науқас балада қандай белгілер пайда болуы мүмкін, қашан (түнде немесе күндіз, кез келген уақытта) медицина қызметкеріне қайта келу керектігіне үйретіледі. Медицина қызметкері тек қана осы белгілерді білуді үйретіп қана қоймай, осы белгілер пайда болған жағдайда жанұя хабар беріп, жолығатындай телефон немесе мекен жайы туралы мәлімет қалдыруы, көлік мүмкіндігін қарастыруы керек, т.т.

20. Балалардың шетінеуін төмендетуде жанұяға балаларды ойнату және баламен қарым-қатынасқа үйретудің маңызы (ерекше (әсіресе) жарақаттан және жазатайым жағдайлардан, уақытылы медициналық жәрдем сұрап келу, балаға тиімді күтім жасау):

Бала туылғаннан бастап, жасына және дағдыларына сәйкес ойнату және баламен қарым-қатынас дұрыс болу, бала мен күтушінің арасындағы қатынас және бір-біріне байланысты бекітеді. Күтушілерде (әкесіне, анасында) сезімталдық және қайырымдылық, баланың жан дүниесін сезу, баланы жарақаттанудан қорғауға, баланың тамаққа, сұйықтыққа қажеттілігін түсіну, эмоционалдық қажеттілік, ауру кезінде тиімді күтім көрсету, аурудың белгілерін уақытылы анықтау және медициналық жәрдем сұрау.

21. Шамалы сусызданумен бала қайда емделу керек, қандай жағдайда госпитализация қажет:

Ауыз арқылы регидратация пунктінде Б жоспары бойынша ем қабылдауы тиіс. Госпитализацияланады, егер:

• балада шамалы сусызданудан басқа қызғылт қатардағы кез-келген басқа ауыр жіктелу.

• Б жоспары бойынша қайта ем қабылдағаннан соң (2 рет 4 сағаттан) нәтиже жоқ.

• ем жүргізу барысында ауыр дәрежедегі сусыздану белгілері пайда болады.

22. Ауыз арқылы регидратация пунктінің қызметіне қойылатын талаптар:

Ауыз арқылы регидрация пунктінің жұмыс уақыты амбулатрияның жұмыс уақытымен сәйкес келеді, ерте жбылмайды.

Қажет жабдықтары бар - су көзі, сабын, сүлгілер (қолды уып сүрту үшін), балаға арналған кереует, анасына арналған арқа сүйеп отыратын орындық, регидрон ерітіндісін дайындауға және анасына үйретуге арналған үстел, тумбочка, (балаға дайындаған ерітінді бар ыдысты қоятын), сағат, горшок, баланың нәжісін жоятын орын.

Регдрон ерітіндісін дайындау үшін: күн сайын ауыстыратын қосымша қайнаған су, қақпақпен жабылған, ұзын тұтқасы бар ожау, "1 литр" нақты шекарасы белгіленген литрлік ыдыс, ерітіндіні араластыратын ас қасық, қосымша регидрон ұнтақтары, қайшы, кеселер, шай қасықтар, бала ұйықтап жатқанда сұйықтық ішкізетін шприцтер, (инесіз).

Балада диарея болған кезде қалай сұйықтық ішкізу, регидронды еріту, диареяны үйде емдеуге үйрету бойынша аналарға арналған ақпарат қабырғада ілінген.

Наши рекомендации