Басқару аппараттарын монтаждау.
Монтаждау алдында іске қосқыш аппараттарды мұқият қарайды, олардың бөліктерінің түгелдігін тексереді, түйіспелерінің тазалығын және реттелгендігін байқайды, қосылуының және ажырауының жеңілдігіне көз жеткізеді. Іске қосқыш аппараттарды негізгі қабырғаларға, колонналарға не пісірумен арнайы дайындалған құрылмаларға орналастырады. Оларды мүмкіндігінше электр қозғалтқыштарға жақынырақ орналастырады, сондай-ақ оларды күтіп қараудың, жөндеудің не алмастырудың ыңғайлы болуын ескереді.
Аппараттарды орналастыру биіктігі 1,3 ... 1,8 м шамасында болуы керек. Қосқыштарды тік бетке монтаждайды. Қосқыштар вертикальдан 50 ауытқуы болғанда сенімді жұмыс істейді. Қосқыштардың іске қосатын және ажырататын тұтқаларын және бастырмалы басқару орындарын еденнен 1,5 ... 1,7 м биіктікте орналастырады. Сондай-ақ, қосқыштардың электр қозғалтқышпен бірдей температуралық жағдайда болуын ескереді, себебі бұл жағдайда қозғалтқыштың жылулық қорғанышы жақсарады.
Басқару орнын кез келген жерде де орналастыруға болады. Бірақ, оператор қосу және ажырату кезінде қозғалтқышы және онымен қозғалысқа келетін механизмді көріп тұрғаны ыңғайлы. Техникалық эксплуатациялау ережелеріне сәйкес электр қозғалтқыш қозғалысқа келтірілетін механизмнен 5 м-ден атын қашықтықта не олар әртүрлі бөлмелерде орналасқанда, электр қозғалтқышты тоқтату үшін қозғалатын механизмнің жанына “стоп” бастырмасы не ажыратқыш қойылады.
Жарықтандыру тартымдарынан бөлек күштік тартымдар үй-жайлардың төменгі жағынан жүргізіледі. Сондықтан оларды барлық жағдайларда да механикалық зақымданудан қорғау қажет. Қосқыштардағы сымдар мезханикалық жүктеме әсерінде болмауы керек, ал түтіктердегі сымдарды созып тартуға болмайды. Түтіктердің ұштарында төлкелер болуын қадағалау керек, ал сымдардың қосқыш қабықшасынан өткен жерінде пластмасса, сақина не резенқе түтікше қойылуы тиіс. Аппараттың схемасын толық жинағаннан кейін, электр қондырғының барлық металл бөліктері қосқыштың, басқару орнынының қабықшалары, болат түтіктер нөлге не жерге қосылады.
Дәріс тақырыбы: Қоректендіргіш және топтық щиттерді монтаждау. Электрэнергиясын санағыш құралдарын монтаждау. Қоректендіргіш және топтық щиттерді монтаждау. Электр энергиясын санағыш құралдарын монтаждау.
Дәрістің мақсаты: Қуатты бақылау және электр энергияны есепке алу. Электр энергияны есептеу құралдарды қондыру пункті. Тарату құралдарды монтаждау. Кернеу трансформаторың және ток трансформаторың монтаждау.
9.1 Қоректендіргіш және топтық щиттерді монтаждау.
Көтерме алушыларға жіберілетін немесе электр энергияны тұтынушыларға төлемен есептесу және өндірілген есепті - саудалық электр энергияның есебі деп аталады.
Электр қуатың тұтынуың және өндеу графикті орындау үшін бақылау мен ағымды бақылауды, бақылау қуаты деп атайды.
Саудалық есептеу санағыш – занды түрде тіркеліп, қуатты бақылау және электр энергияны саудалық есептеп қолдану үшін арналған, техникалық құрал.
Активті электр энергияның есебі энергия саның анықтамасымен қамтамасыз ету керек.
Электрмен жабдықтау ұйымдармен немесе оған беретін тұтынушылардан алатын реактивті электр энергияның саның анықтауын, реактивті электр энергияның есебі қамтамасыз ету керек.
Автоматандыру саудалық есеп жүйесімен жабдықталған электр станцияларда, көрсетілген жүйелерді орталық саудалық және электр энергияны техникалық есептеу үшін қолдану керек.
1 МКт-қа дейін қуатты электр станцияларда, активті электр энергияның саудалық санағыштарды, орта кернеулі трансформаторлар мен генераторларға немесе өтпелі сызықты генераторларға орнатуға рұқсат беріледі.
Саудалық ретінде қолданатың электр энергияның санағышы Қазақстан Республикасының өлшемін бірлікпен қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік жүйенің реестіріне, кіріліп және сертифиқаталу болу керек.
Санағыштарды, кедергісіз жерде, құрғақ бөлмелерде қол жетерлік жерде орналастырылады.
Жалпы өнеркәсіптік орындаулы санағыштарды өндірістік жағдай бойынша температура +40° С-дан жоғары және агрессивті орта болған бөлмелерде орнатуға тиім салынады.
Еденнен санағыштардың қысқыштарының қораптарына дейінгі биіктік 0,8 -1,7 м шектікте болу керек. Биіктік 0,8 м кем емес, бірақ 0,4 м төмен болмау керек.
Тарату қондырғыларды монтаждау.
Тарату қалқандар сақтандырғыштарды ауыстырып және қарау үшін, қол жетерлік жерде, тұрмыстық бөлмелерде 1,5 – 1,8 м биіктікте, ал өндірістік бөлмелерде 1,2 – 1,4 м арнайы қуыстарда орналасу керек.
Қалқандарды шыны немесе болаттан жасалынған есіктермен болат жәшіктерге орналастырады.
Қалқандар орналасқан жәшіктердің резервтік кірме тесіктері тығындағышпен жабылған болу керек.
Қалқандарды терезе және есік орнындарына орнатуға тиім салынады.
Қалқандармен тарату шкафтардың монтаждауың, құрылыс жұмыстар барысында алдын-ала дайындалған ірге тас рамасында орнатуын бастайды.
Шкафпен қалқандар, зауыт-жасаушы нұсқауы және жобаға сәйкес болып, қабырғаға, рамаға, немесе басқа құралдарға тік және берік орналасқан болу керек.
Ірге тастарға жермен қосу контурдан, қалқанға баратын жермен қосу шина сенімді жалғанған болу керек.
Ток тансформаторын монтаждау екі операциядан түрады: орнату және орнату алдында ревизия жүргізу.
Ток тансформаторын монтаждау алдында, алдын-ала монтаждық шеберханаларда тексеріп алады; сол жерде трансформаторлардың орамдарын кептіреді.
Егер орамдардың оқшауының кедергісі 1 МОм – нан жоғары болса, ток трансформаторларың жылу ауа үрлегішпен немесе кептіру шкафтарда кептіреді, онда ауаның температурасы 90 °С жоғары болмау керек.
Кернеу трансформаторларың камераларда бекітпей немесе құрылыстарға бекітіп орналастырады.